Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет8/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

Әдебиеттер тізімі


  1. Кипиев М. жеке қорынан. «Среднеазиатско-турецкие надписи на глиняном кувшине из Сарайчика» А.Самойлович. СПБ. 11 октябрь 1911 г

  2. Пацевич Г.И. Раскопки на территории древ. г. Тараз в 1940 г. //Труды ИИАЭ. Том1.Археология. -Алма-Ата,1956. -С-70-80.

  3. Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Ақтөбе қаласынан табылған сынапкөзелер//ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары.Қоғамдық ғылымдар сериясы. -2011.-№3(282).-мамыр- маусым. -53-56 б.

  4. Ғалымқызы К. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының әдіскері // Ана тілі. -2017. - 27 наурыз

  5. Ермұратов Н.«Саздың саналуан сыры» // Егемен Қазақстан. 21 наурыз 2015.



МЕКТЕПТЕГІ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ


А.Г. Беккалиева - тарих пәні мұғалімі, Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектеп Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс» деген болатын [1, 4 б].


Оқушыларда туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында тарих пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс және өлкетану жұмыстарын мұғалімдердің басшылығымен жоғары сынып оқушылары жүргізеді.
Туған өлке материалы оқушыларды туған жеріне, өлкесіне деген қызығушылықтарын арттыру үшін қажет.
Мектептегі өлкетану жұмыстары оқу – тәрбие жұмысының жоспарымен бірлесе отырып құрылған жоспарға сай жүргізіледі. Сафон ауылының тарихын оқып білуде мына бағыттарда ізденіс жұмыстарын жүргізіп отырмыз:

  1. Азамат соғысы жылдарындағы тарих беттері.

  2. Ұжымдастыру кезеңі.

  3. 1941 – 1945жж. сафондықтардың Ұлы Отан Соғысына қатысуы.

  4. Қасиетті жандар, киелі жерлер.

  5. Топонимдер – өткен заманның куәгерлері.

  6. Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме тарихы.

  7. Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің тарихы.

Тарихи өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда тарихи оқиғаларға қатысушылардың естеліктері, өлке тарихын баяндайтын баспасөз материалдары, кездескен куәгерлердің естеліктері, өлкетану музейлеріне экскурсия жасағанда жинақталған материалдар басшылыққа алынады.
Сафон ауылы табиғаты әсем, әйгілі ақын Әбу Сәрсенбаев жырға қосқан Қиғаш өзенінің бойында орналасқан. Ауылдың негізгі шаруашылығы балық кәсіпшілігі. Сондықтанда оқушылар үшін өлкемізде балық кәсіпшілігінің өсіп- өркендеу жолдары туралы мәліметтер өте қызықты. Балық аулайтын құралдардың атаулары, жасалу жолдары болашақ үшінде қажетті дүниелер. Сафон тарихын оқып білуде ең құнды дереккөздері ХХғ 60 жылдарының екінші жартысында мектебімізде тарих пәнінен ұстаздық еткен «Дала академигі» атанған, белгілі өлкетанушы Мақсот Жолжановтың зерттеулері. Мақсот Жолжановтың тұлғасын оқып – үйрену мақсатында «Жолжановтану» оқуларын ұйымдастырдым.
Оқушылар ғалымның «Тарихы бай село», «Село тарихын зерттеу» мақалаларын оқып, зерделеді [3, 27,29 б.].
Ізденіс нәтижеінде Қиғаш бойын мекен еткен көрші Утера ауылы жайлы жазған «Исторический очерк о селе Утеры и о колхозе» «Кзыл – Тан» (с некоторыми сведениями о крае с XVIII века 1858 – 1970гг) деп аталатын қолжазбасының көшірмесін таптық. Ғалымның бұл еңбегі орыс тілінде 1970 жылдың ақпан айында жазылған екен. 91 беттен тұрады. Еңбек ардагері Қабиев Рапих атамыздың айтуынша бұл еңбек сол кездегі «Қызыл – Таң» колхозының басқарма төрағасы Философ Лазаревич Котельниковтың арнайы тапсырмасымен, Астрахань архив материалдарын пайдалана отырып жазылған еңбек екен. Бұл еңбектін құндылығы сол, осы Қиғаш бойы жағалай орналасқан балық колхоздарының тарихынан мол мәліметтер береді.
Нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарымыз бұл Ұлы Отан Соғысының 75 жылдық мерекесіне орай жүргізілген жұмыстарды айта аламын.
«Туған тарихын тану» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдері Хайруллина Армангүл, Жупаргалиева Айнагүлдің жетекшелігімен
«Еріктілер» тобы құрылып, Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер жайында көптеген мәліметтер жинақталды. Қазіргі Қашықтан оқыту жайында «Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды» атты өнеге сағаты өткізілді. Өнеге сағатында «Ардагерлер өскелең ұрпақ жадында» атты соғыс ардагерлерінің фотосуреттер шеруі ұсынылды. «Естелік» тобының мүшелері соғыс ардагерлері ұрпақтарымен онлайн сұхбат өткізді. Сұхбатқа Шамар Камзаевтің ұлы Сабыр ағамыз, Башай Сейтековтің қызы Мақпал апай қатысып майдангерлер өмірінен әсерлі мағлұматтарға қанықты. «Біз батырдың ұрпағымыз» майдангерлердің немерелері жасаған естелік
бейнероликтері, «Желбіре, жеңіс жалауы!» ерлік сабақтарының тарихи тағылымдары мол шаралар болды.
Ізденіс жұмысының барысында Сафон ауылынан соғысқа аттанып, хабарсыз кеткен Баянов Ибрай Саламатович (1924 – 1943ж) жайлы дерек таптық. Баянов Ибрай Саламатович Ресейдің Белгород облысы, Прохоров ауданы, Карташевка селосының бауырластар зиратында жерленгенін әлеуметтік желі арқылы таптық.Ағайын-туыстарымен байланыс орната отырып Астрахань облысы,Краснояр ауданында тұратын ағасының қызы Салимова Куляштан майдангердің суретін алдық. «Естелік» тобының жұмысы тағы да бір тың мәліметпен толықты.
Ауылымыздың жер – су атаулары Сафон, Затон, Жаңа ауыл, Үлкен Сафон, Кіші Сафон, Қиғаш, Дамбы, Мальцев, Новинск, Кәмшәт. Құтыми өзегі суы балыққа толы құтты мекен. Суында құты балығы кездеседі. Жергілікті халық құты балығының атауымен осы жерді «Құтыми» деп атап кеткен болуы керек. «Булгачи», қазақтар «Білгәши» атап кеткен жерде кезінде үлкен елді мекен болған. Балық сақтайтын пункт болған. Бұл күнде елді мекен көшіп кеткен, шағын аралға айналған. Бұл жерде Дамбыға қарай үш бағытта бұлғақтап ағып жатқан су арнасы бар. Осы «бұлғақтап» деген сөзден жер атауы шыққан болуы керек. Белгілі өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев ағамызбенде өлке тарихы жайында пікірлесіп отырамын. Өзек – түркі тілді «өзен», «өзінше». Қ.қалп. «өзен», «сала», «жазықтағы ағын» тув.
«ө» «зен тарамы», «сай», қаз. «созылып жатқан өзекше», тат. «өзен саласы». [3,43б].
Болашақтағы мақсатымыз осындай жұмыстарымыздың нәтижелерін жинақтап мектебімізде өлкетану мұражайын ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет