Алферов И.Н., Яковенко Н.В. Водопользование в бассейне реки Урал: современное состояние и геоэкологические проблемы // Бюллетень Оренбургского научного центра УрО РАН. 2015. № 2. С.1
Атлас Атырауской области / Главный редактор, д.г.н., проф. Медеу А.Р. Алматы, 2014. 301 c.
Атлас природных и техногенных опасностей и рисков чрезвычайных ситуаций в Республике Казахстан. – Алматы, 2010. – 264 с.
Ахметов С.К. Влияние колебаний фонового уровня моря на гидролого- морфологические процессы в устьевых областях рек (на примере устьевой области р.Урал) // Автореф. дис. Канд. географ.наук. Москва, 1989. – 19с.
Ахметов Е. Ахметов К. учебник географии. Увалиев Б. «учебные пособия» географии 5-9 кл Исследовательские работы проделанные организацией ОЦДЮТиЭ Фомина В.П., 2011г
Каспийское море. Палеография и геоморфология Каспийского региона в плейстоцене.- М.:Наука,1991.- 156 с.
Каспийское море / Под ред. А.Д. Добровольского, А.Н. Косарева, О.Е. Леонтьева.- М,: МГУ, 1969.- 263 с.
Магрицкий Д.В., Кенжебаева А.Ж. Закономерности, характеристики и причины изменчивости годового и сезонного стока воды рек в бассейне р. Урал // Наука. Техника. Технология (политехнический вестник). 2017. №3. С.39-61.
Интернет-ресурс РГП «Казгидромет» Министерства энергетики Республики Казахстан https://kazhydromet.kz/ru/.
Ұ.Т.Ахметова - т.ғ.д., доцент,
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК аға ғылыми қызметкері
Ә.Қ.Мұқтар- т.ғ.д., профессор,
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры
Кеңес Одағының саяси қылмыстарының бірі мыңдаған адамдардың еңбекпен түзету лагерьлеріне қамалуы болып табылады. Қазақстанда олар Қарағанды еңбекпен түзету лагері (Карлаг), Гурьев облысына қарасты Провлаг еңбекпен түзету лагері (Провлаг), Ақтөбе облысына қарасты Кемпірсай еңбекпен түзету лагері (Кемпірсайлаг), 1943 жылы 9 қыркүйектегі Гурьевтегі Гурьев-Куйбышев мұнай құбырын салу үшін ашылған Гурьев еңбекпен түзету лагері (Гурлаг) (ол 1943 жылы 11 наурызды жабылды),
Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты (Степлаг), Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері (Алжир) және Лагерьлердің бас басқармасының (Гулаг) т.б. лагерлер тарихымен көрініс табады. Лагерлер елдегі репрессиялау және түзету функцияларынан басқа, тұтқындардың еңбегінің арқасында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту аймағы болды. Еңбекпен түзету лагеріне қамалғандар өздерінің әлеуметтік жағдайына және жасаған қылмысына қарай 3 категорияға бөлінген. Олар: біріншіден, революцияға қарсы қылмысы үшін емес алғаш рет үш жылдан бес жыл аралығында сотталған, сотталғанша сайлау құқықтарын иеленген еңбеккерлер (жұмысшылар, шаруалар, қызметкерлер); Екіншіден, осы бағыттағы топтар, тек бес жылдан жоғары үкімге кесілгендер; Үшіншіден, революцияға қарсы қылмыс жасаған тұлғалар және еңбек етпеген элементтер. Үшінші категорияға жататындар лагерлерде әкімшілік- шаруашылық лауазымдарға ие бола алмады. Лагерлерде режимнің үш түрі болды. Олар бастапқы, жеңілдетілген, арнайы жеңілдіктері барлар.
Жалпы алып КСРО тарихында еңбекпен түзету лагерлерін құру бастамасы 1929 жылы салынады. Зерттеуші С.Д. Дильмановтың анықтауынша КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің 1929 жылғы 11 шілдедегі қаулысы бойынша КСРО-ның шет аймақтарын және елдің табиғи байлықтарын игеру мақсатында ұсталғандардың еңбегін пайдалану шешімі қабылданды. Содан 1930 жылы Қазақстан территориясында Қазақстан еңбекпен түзету лагері (Казлаг) құрылады. Лагерде ұсталғандар Түркісіб үшін ағаш, кірпіш тастар дайындаумен шұғылданады. Кейін Қазақстандағы еңбекпен түзету лагерлері басқармасы Қарағанды көмір бассейінін игеруге назар аударады. Осылайша 1931 жылы 17 қыркүйекте ОГПУ-дың №527/285 бұйрығы бойынша Гигант совхозы орнында еңбекпен түзету лагері (Қарағанды лагері) құрылады.
Міне осыдан кейін КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы 1932 жылдың 5 қыркүйекте №858/с бұйрығымен Каспий теңізіндегі Прорва аралында Прорва еңбекпен түзету лагерін құру туралы шешімін қабылдайды [1, с.67-69]. Провлаг Кеңестер Одағындағы 14 лагер болатын [2, с.32].
Прорва еңбекпен түзету лагерінің басқармасы және бөлімшелерінің көпшілігі бастапқыда Гурьев территориясында болғанымен, Төменгі Еділ Біріккен мемлекеттік саяси басқармасына, КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы - Ішкі Істер Халық комиссариатына, Астрахань Ішкі Істер Халық комиссариаты басқармасына бағынышты болады. Еңбекпен түзету лагерінің бір бөлімі басқармадан 800 шақырым жерде Арал теңізінде де орналасқан. Лагерь Астрахань қаласы арқылы қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп отырған [3].
Тұтқындардың контингенті көбінесе Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы аудандарда және Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысында балық аулау үшін, ал бір бөлігі лагерьдің жеке қажеттіліктері үшін азаматтық құрылыста пайдаланылады.
Провлагерде есепке алынған контингенттер санына назар аударсақ 1932 жылы желтоқсанда 2000, 1934 жылы 1 қаңтарда - 7780, 1935 жылы
қаңтарда - 10 342, 1936 жылы қаңтарда - 10 345, 1937 жылы қаңтарда - 7717,
1938 жылы қаңтарда - 6953, 1938 жылы 1 желтоқсанда — 5328, 1939 жылы -
4877, 1940 жылы - 5044 тұтқын болғанын байқаймыз. 1938 жылғы 1 қазандағы еңбек лагерінде ұсталған 5328 тұтқынның ішінде, 774 адам революцияға қарсы қылмыстары үшін (РСФСР Қылмыстық кодексінің 58- бабы 1926 ж. өзгертілген), 362 адам қоғамға қауіпті және қоғамға зиянды элемент ретінде сотталған [4].
1934 жылы 1 маусымда Провлаг бөлімшелері ретінде Прорва, Астрахан, Бурунчук, совхоз, жинақталған рота, Бірінші мамыр совхозы, №1, 2, 3 Шаланд, ВОХРжәне жол көрсетіледі.Оларда 9347 ер, 843 әйел адам тіркелген. Соның ішінде Прорвада 2974 ер, 187 әйел адамдар, Астраханда 2229 ер, 214 әйел адамдар есепке алынған [5, 15 п.].
1935 жылдың 23 қаңтарындағы Лагерьлердің бас басқармасының басшысы М. Берман өз есебінде Прорва лагерінде 10583 адам болғанын анықтап жазады [6]. Осы жылдары Гурьевтегі тұтқындарды әкелу және әкету Астрахань теңіз жолы арқылы еңбекпен түзету лагерінің пароходтары арқылы жүргізілген. Лагерде сотталған саяси қылмыскерлер жалпы контингенттің 10-15%-ын құраған.
Лагерьде үш жағалау және төрт жүзбелі балық зауыты, сонымен қатар, барлауға, балық аулауға, тасымалдауға, балықты өңдеуге және өздігінен жүретін флотқа қызмет көрсетуге арналған 500 кеме жинағы тіркелген. Ал еңбекпен түзету лагерінің басқармасында балық аулау және қызмет көрсету флотын құрылыс және жөндеу жұмыстары үшін екі кеме жасау мен жөндеу зауыты болды.
30-шы жылдары Провлаг қауіпсіздік жүйесін қалыптастыра алмаған. Лагер елден қашық теңіз жағалауында болғанымен көптеген тұтқындардың жалғыз немесе топтасып қашып отырғаны байқалады. Тұтқындарды айналада темір жолдардың болмауы да тоқтата алмаған. Оның үсіне оларды іздестіру де көп жағдайда нәтиже бермегендей. Астрахан архиві деректері бойынша 1934 жылы ұстаудан П.А. Беспалов, А.И. Деряби, С.Құспанов, 6 маусымда Прорвадан А.В. Тушканов босатылса, Қ. Қамзаев, Ж. Кукаев, Азан Куванов, Муташ Куванов, Қ.Назартовтар, 7 маусымда тағы да 20 адам қашқан. Кейін Сатен Хамзин, Қожақбай Кокшиев 6 адам болып, 20 маусымда Буран Беркалиев, №1 Шаландттан Жапай Иргалиев, №1 Шаландттан Т.Искалиев қашып шығады [5, 7-10 п.]. Неге екені белгісіз олардың барлығы қамаудан босағандар тізіміне енгізілген. Мәселен, 1936 жылы Мұрат Аспеновтың жеке ісінде «1909 жылғы, Жылқоса ауданынан, 1936 жылы 13 қаңтарда 5 жылға сотталған. Босайтын уақыты 1941 жыл 13 қаңтар. 162 статья», «Боштан Тілепов, 1896 жылғы, Гурьев ауданы, 10 жылға сотталған. 24 маусымда қайтыс болды» делінген [7, 1-10 п.]
1940 жылдың 17 сәуірінде Прорва лагері Астрахань еңбекпен түзету лагері болып өзгертіліп, түрме басқармасы дәл осы соғыс басталар шақта Астраханға ауыстырылған. Оның себебін тарихшы С.Д. Дильманов Прорва аралындағы лагердің өндірістік қызметінің тоқтауына байланысты деп есептейді [1, с.69]. Лагердің жабылып Астараханға көшірілуіне байланысты қызықты мәліметті Атыраулық өлкетанушы А.Кораблев ұсынады. Ол лагерде ұсталған В.П. Корельскийдің «Годы неволи» еңбегінен қызықты мәлімет келтіреді. В.П. Корельский еңбегінде: «Меня повезли в местную тюрьму. О том, что это может быть лагерь смерти —ПрорваЛаг, старались не думат. Я стал готовиться к худшему: ходили слухи, что из Прорвы живыми невыходят. Но тут оказалось, что к моему прибытию этот лагерь прекратил свое существование. Весь контингент (говорили — семь тысяч бедолаг!) вымер от голода и какой-то эпидемии. Лагерь смерти захлебнулся собственной смертью…» деп жазылған екен [8]. Бұл ақпарат толық тексеруді қажет етеді.
Кейін Сталинград майданындағы шайқас қызған шақта, 1942 жылы 17 тамызда НКВД бұйрығымен түрме басқармасы Гурьев қаласына кері ауыстырылады. Гурьев қаласында АстраханЛагтың үш бөлімшеден тұратын №1 лагерьлік бөлімі орналасқан [9].
1942 жылы лагердің Гурьевке көшірілуі белгілі дәрежеде қиындықтар туғызған. Мәселен флоттың көпшілігі қыста Гурьевте тұрақтаса, оның материалдық-техникалық базасы – ағаштар, түрлі құрылыс материалдары т.б. Астраханда қалды [10, 157 іс]. Осы жылы Лагер Баку—Гурьев—Кандыағаш мұнай құбырын салуға жұмысшылар да дайындауға кіріседі.
Өлкетанушы В. Горбунов пікірінше, Гурьевке көшірілген АстраханЛаг бүгінгі Атырау қаласындағы медколледж территориясында орналасқандай. Сол жылдардағы құжаттарда лагер адресі ретінде «Гурьев, п/я 249», ОШ-1-1 және ОЛПа №1 көрсетілген. Ол турасында В. Горбунов Атырау медколледж сайтында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Паличеваның:
«училище «АстраханЛагтың» 2 ғимаратында тұрақтады. Осында жұпыны оқу орны Авангардта орналасты. Авангард шынында, Гулагтың орны еді. Кейін жаппай ақталу кезеңінде барак үйлер бұзылды» деген пікірін еске алады [11]. Олай болса лагерь басқармасы төмендегі фотодағы ғимаратта орналасқандай.
1943 жылы соғыстағы жағдай реттелген тұста наурыз айында лагер басқармасы қайтадан Астраханға көшіріледі.
1944 жылы АстраханЛаг балық аулау, оны өңдеумен айналысуды жалғастырады. Лагерде 1944 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша 3062 адам ұсталған. Лагерде 3 бөлімше болған. Олар: 1-сі Гурьев қаласында, 2-сі Астрахан қаласынан 8 км жердегі Астрахан бөлімшесі, 3-шісі Астрахан қаласынан 80 км жердегі Мумра поселкесінде. Осы тұста негізгі өндіріс орны Мумра болып есептелетін. Өйткені 1943 жылы ол балық аулауды 46 600 центнерге жеткізсе, Гурьев 12 400 центнер орындаған. Гурьев бөлімшесі негізінен балықты өңдеу және дайын өнімді жіберумен айналысқан [10, 157 іс].
1945 жылы қазан айында АстраханЛагта 3 бөлімше жұмысын жалғастырған. №1 бөлімше Астраханнан 370 км қашықтықта орналасқан Гурьев болатын. Гурьев 3 лагер участогінен тұрды. Ал Мумра поселкесіне әр жылдарда үштен жетіге дейін лагер пункттері болған. Олар: Оранжерейный, Мумра, Камызяк, Табол т.т.
КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының шешімімен Прорва лагерін Н.В. Теплов (1932 жылдың 3 желтоқсандағы №1114 бұйрығымен) [8], кейін Е.А. Зальмарсон, А.И. Соколов, В.А. Балашов т.б. басқарды [4].
АстраханЛаг 1950 жылдың 9 ақпанында КСРО Ішкі істер басқармасының №00107 бұйрығымен жабылған. Осы аралықта лагерде 1940 жылы 1 шілдеде 5353, 1941 жылы 1 қаңтарда
5265, 1941 жылы 1 шілдеде 6105, 1942 жылы 1 қаңтарда
7865, 1942 жылы 1 сәуірде 5915, 1943 жылы 1 қаңтарда 6550, 1944 жылы 1
қаңтарда 4695, 1945 жылы қаңтарда 5150, 1947 жылы 1 қаңтарда 5289,
1948 жылы 1 қаңтарда 4932, 1949 жылы 1 қаңтарда 4517, 1950 жылы 1 қаңтарда 3920 ұсталған екен [12]. Лагерлерде әйелдерге арналған бөлімше бөлек болған. Оларда 300-ден 500-ге дейін адамдар ұсталған. Олар шаруашылық жұмыстарға салынып, жылы киімдер тіккен. Сонымен бірге лагерде балалар үйі де болған.
Қазіргі таңда лагерге қатысты тарихи деректерді жариялау маңызды мәселеге айналды. Бұл бағытта «Сарайшық мемлекеттік мәдени-тарихи музей-қорығының» ғылыми қызметкерлері 2019 жылдан шұғылданып келеді. Олар алдымен 2019 жылы мамырда арнайы экспедиция жасақтап Прорва аралында болып, оның құландыларын зерттеді. Төмендегі фотосуреттер сол жерлерде түсірілді.
фото Прорва аралына ұйымдастырған ғылыми экспедиция суреттерінен.
фото
Кейін музей қорықтың ғалымдары Астрахан архивтерінде еңбек етіп, архив құжаттарын елге әкелді. Алда Прорва еңбекпен түзету лагері, оның тарихын ғылыми зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсаты тұр.