Қазақстан республикасы мәдениет және спорт


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет11/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


    1. Дильманов С.Д. Исправительно-трудовые лагеря НКВД-МВД СССР на территории Казахстана (30-е – 50-е годы ХХ века). –Алматы: «Кітап», 2002. - 344 с.

    2. Тимофеев В.Г. Уголовно-исполнительная система России: цифры, факты и события. Учебное пособие. - Чебоксары, 1999. - 206 с.

    3. Астраханские лагеря//https://astkraeved.livejournal.com/11657.html.

    4. Прорвинский ИТЛ (Прорвлаг) //http:// old. memo.ru/history/nkvd/gulag/r3/r3-287. htm

    5. Ресей Федерациясының Астрахан облысы Ішкі істер басқармасының архиві (алда РФ АОІІБА). 87 қ., 1 т., 27 іс

    6. 23 января 1935 г. - Справка начальника ГУЛАга НКВД М. Бермана об использовании контингентов исправительно-трудовых лагерей НКВД // http://istmat.info/node/28732

    7. РФ АОІІБА. 87 қ., 1 т., 75 іс

    8. Кораблев А. Забвение – страшнее смерти // ksors.kz.› 2020/06/01 › zabvenie-strashnee-smerti

    9. Приказ ОГПУ СССР № 1114 от 03.12.1932 //

http://nkvd.memo.ru/index.php

    1. РФ АОІІБА. 87 қ., 1 т., 157 іс

    2. АстраханЛаг в Гурьеве: новые страницы истории // http: // pricom.kz/gorod/astrahanlag-v-gureve-novyie-stranitsyi.html

12Система исправительно-трудовых лагерей в СССР // old.memo.ru/history/nkvd/gulag/r...

ӨЛКЕТАНУДЫҢ ЖАРШЫСЫ – МҰСТАЖАП НАМАЗҒАЛИЕВ


А.Қ.Ахмет - т.ғ.д., қауым. профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Мәңгілік Ел» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Мектептерде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану» пәні оқытылады. «Өлкетануды» оқытудағы басты мақсат – жастарға туған өлке тарихы, әдебиеті, табиғи қазба байлықтар мен рухани қазыналар туралы жан-жақты білім беру. Сонымен бірге жас


ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру. Келешек жас ұрпақты Отанды сүюге баулып, тәрбиелеуде өз туған жерінің, өлкесінің тарихын зерттеп, білуге, оны құрметтеуге үйретудің ерекеше маңызы бар.
Тарих сабақтарында әрбір тақырыпқа байланысты жергілікті өлкетану материалдарын ұтымды пайдаланып, ұштастыру оқушылар мен жастардың дүние танымдылығын арттырады, өмірмен байланысын күшейтеді.
«Өлкетанудың» өзге мектеп оқулықтарынан басты ерекшелігі – белгілі бір өлке жайлы, оның тарихы, әдебиеті, географиясы, табиғаты және мәдениеті жайлы жан-жақты айтылатындығында. Өлкетану жастарға өмір сүріп жатқан өлкенің рухани әрі материалдық байлығы мен тарихын қалыптастырған адамдардың өнегелі өмірі мен үлгілі істері туралы мол мәлі- меттер береді. Өз кезегінде мектептегі «Өлкетануды» оқытудағы басты тұлға – мұғалім.
... Өлкемізде сонау өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастау алатын өлкетану бағытының басы-қасында, туған өлкесінің тарихын жанындай сүйген азаматтың бірі де бірегейі қарапайым ауыл мұғалімі Мұстажап Намазғалиев тұратындығы белгілі. Ол Абай атындағы педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Ғұмырын жас ұрпақ санасына ұлттық тарихымыздың мәйегін сіңіруге арнаған ардагер ұстаз.
Көне Сарайшықтан табылған жәдігерлерді жинап, 1971 жылы мектепте тарихи музей бұрышын ұйымдастырды. Осы бір тынбай ізденістер мен қажырлы еңбекқор жанның ұшан теңіз еңбегінің нәтижесінде музей бұрышы ауылдық музейге, облыстық музейдің бөлімшесіне айналды. Көп жылдар бойы жинақталған жәдігерлерді толықтырып, 1999 жылы 3 қыркүйекте көне Сарайшық қаласының тарихын, жалпы ХІ-ХVІІ ғасырдағы қазақ халқының тарихына арналған «Хан Ордалы Сарайшық» музейі қорығы ашылды.
Туған жерінің киелі тарихын насихаттауда өлшеусіз үлес қосқан азаматтың асқақ арманы жүзеге асып, музей қорықтың ашылуы кең байтақ еліміз үшін тың серпіліс, тарихи оқиға болды. Бүгінгі «Хан Ордалы Сарайшық» кешеніндегі музей қорындағы жәдігерлердің дені ағамыздың қажырлы еңбегімен жинақталған.
Мұстажап ағамыз көне қала туралы «Сарайшықтың сыры көп» (1969),
«Өскен ауыл» (1972), «Тағы да көне Сарайшық жөнінде» (1977), «Көне Сарайшық жөнінде не білеміз?» (1993) атты мақалалар жазып, көне қаланың өткені мен бүгінгі ауыл тарихынан сыр шертті. «Тағы да көне Сарайшық жөнінде» мақаласында тарихшы-өлкетанушы жазылған деректерді саралай келіп «... Сарайшықтан тіке жолмен шыққаннан кейін Отырарға елуінші күні жететін... Отырардан әрі Алмалыққа дейін 45 күн есептеледі. Бұл келтірілген үзінділерден орта ғасырлық Сарайшықтың едәуір маңызды қала болғандығын түсіну қиын емес. Есік обасы көне Алмалық қаласынан да көп қашық болмаса керек. Олай болса К.Ақышев жолдастың Есік обасы мен
Отырардан табылған көне дүние көздерінің Сарайшық экспонаттарына ұқсас болуы заңды да», - деген өзіндік пікір білдіреді.
1969 жылы аудандағы білім саласына байланысты өткен мәжілісте Сарайшық орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі М.Намазғалиев оқушыларды туған өлкені сүйе білуге тәрбиелеуде тарих пәнінің роліне тоқталады. Осыған орай мектепте жасалған өлкетану музейінің оқушыларға жақсы әсер қалдырып келе жатқандығын атап өткен. Ол өлке тарихына қатысты сан алуан тақырыпта мақалалар жазды.
1974 жылдың көктемінде Сарайшықта болған КСРО Ғылым Академиясы археология институтының ғылыми қызметкері Л.Л.Галкин М.Намазғалиевпен кездесіп, көне қала орнындағы қазбалар жасалған жерлермен танысып, тың мәліметтер алған. Сол жылдың күзінде археолог- ғалым Москва қаласынан бандероль жібереді. Келген хатта: «Қымбатты Мұстажап! Сізге қажет-ау деген бірнеше кітапты жолдап отырмын. Өзімнің жұмыстарымнан тек біреу ғана қалған екен, оны да жібердім. Бұлар сенің кітапханаңның қымбат қазыналары болады деп сенемін. Құрметпен Галкин. 10.VІ. 1974 ж.», - делінген [1].
Л.Л.Галкин жіберген еңбектердің ішінде ірі ғалым Б.Н.Заходердің 1962 жылы Москвадағы «Шығыс әдебиеті» баспасынан шыққан «Шығыс Европа туралы Каспий шежіресі» («Каспийский свод о Восточной Европе») және сол жылы жарық көрген Амин аль-Холидің «Нил мен Волганың байланысы» (Связи между Нилом и Волгой») атты кітаптары бар болатын. Бір қызығы археолог ғалым КСРО Ғылым Академиясының баспасынан жарық көретін
«Советская археология» жинағының 1963 жылғы №4 санын да жолдаған екен. Осы жинақтағы «Жаңа Сарайдан табылған шоқпар» атты өз мақаласында жолдаған. Бұл мақалада Сарайшықтан табылған бір ескерткіш жөнінде айтылады. Аталған еңбектердің барлығы да біздің өлкеміздің ертедегі тарихынан аса құнды мәліметтер беретіндігі.
Ал 1976 жылдың қараша айында Л.Л.Галкин бастаған бір топ ғалымдар Сарайшықта тағы да болады. Ғалымдар мектеп оқушыларымен кездесіп, өздерінің Саратов облысы аумағындағы көне қорғандарға археологиялық қазба-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын әңгіме барысында атап өтеді. Ғалымдар өз тараптарынан мектеп музейіндегі жинақталған археологиялық жәдігерлермен танысып, кейбірін фотоға түсіріп алады. Келесі жылы көне қаланың кейбір нүктелеріне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарларының барлығын да атап өтеді. Кездесу барысында археолог-ғалым мектеп музейіне М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті баспасынан шыққан көрнекті ғалым Г.А.Федоров-Давыдовтың «Кочевники Восточный Европы под властью золотоординских ханов» және өзінің «Одно из древнейших практических приспособлений скотоводов» атты кітабын сыйға тартқан. Бұл кездесу туралы Мұстажап ағамыз: «Ғалымдармен кездесу мектеп оқушыларының
туған жердің тарихи және мәдени мұраларын қастерлеп, оны құрметтеуге, жинақтауға деген құштарлығын арттыра түсті», - деп жазды [2].
Көне Сарайшықты қорғау туралы мәселені осыдан 40 жыл бұрын көтерген де сол ағамыз. 1977 жылы белгілі өлкетанушы былай деп жазды: «Жайық өзені өзінің арнасын жиі ауыстырып отырғандықтан, көне Сарайшық қаласының негізгі орны су астында қалған. Тек қаланың шет жағындағы кен балқыту, қыш ыдыстар құятын шеберханалар мен өте ертедегі бейіттердің орындары ғана қалған-ды. Жылма-жыл су тасуы кезінде өзен жарының құлауы нәтижесінде енді аз жылда бұл орындар да мүлдем жоқ болатын түрі бар. Жергілікті органдар бұған көңіл бөлсе демекпіз. Мәдени ескерткіштерді қорғаудың аудандық қоғамы осы мәселе төңірегінде ойланып, белгілі шара алса игі іс болар», - дейді [3].90-жылдарың ортасында жазылған келесі бір
«Көне Сарайшық жөнінде не білеміз?» мақаласында «Көне Сарайшықтың аты күні бүгінгі Сарайшық селолық округі мен сондағы орта мектептің атында ғана сақталған. Қазір ескі Сарайшықтың жайы қыл үстінде тұр. Бір кезде гүлденген қаланың болмашы шет-пұшпақтарынан қалған археологиялық экспонаттарды жинап, өзім құрастырған осындағы тарихи- өлкетану мұражайы бар. Алайда оның да болашақ тағдыры белгісіз. Оны
«біресе облыс орталығындағы мұражайға, біресе аудан орталығына аламыз» деп оқтын-оқтын әңгіме жасап қояды. Біздің пікірімізше, бұл жердегі
«Сарайшық» атауы жойылмауы керек, қайта кеңейтіле түскені жөн. Ал тарихи-өлкетану мұражайы шағын штат пен мемлекеттік дербестік құқығына ие болса дейміз», - деп дабыл қаққан. Туған өлкенің тарихына жанашарлық осындай болса керек-ті. Ағамыздың мақсат-тілегі орындалды. Қазір үкімет тарпынан көне қала орнына ерекше назар аударылып отырғандығы белгілі.
Өлкетанудың жаршысы – М.Намазғалиевтің келешек ұрпақ үшін атқарған өлшеусіз еңбегін бүгінгі ұрпақта, болашақ жас ұрпақ өкілдері де мақтаныш етеді. Ұлтымыздың ұлыларын ұлықтамай, халықтың тарихи санасы дұрыс қалыптаспай, ел егемендігі орнықты бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет