126
3-тапсырма. Бос орынға қазақтардың ұлттық киімдерінің атауларын
жазыңыз
Қазақ халқы ұлттық киімдерін шұғадан, жүн және жібек маталарынан,
киізден аң терісінен тікті. Ер адам мен әйелдің негізгі киімі ...........мен ...............
болды. Көктем мен күзде қазақтар көбінесе аң терісімен жиектелген дөңгелек
............киді. Қысқы бас киім.................деп аталды. Әйел баскиімдерінің ішінде
ең құнды той киімі........................болды. Сәбиі дүниеге келісімен жас келіншек
ақ матадан тігілген.......................киді. Жазғы ұлттық киімдерден қазақ әйелдері
шәйі көйлек, .........., қамзол, ер кісілер жұқа шапан, көйлек, ....................т.б
киген.
Бөрік
Кимешек
Сәукеле
Шапан
Тымақ
Қамзол
Желек
Жарғақ шалбар
Дұрыс жауап
Қазақ
халқы ұлттық киімдерін шұғадан, жүн және жібек маталарынан,
киізден аң терісінен тікті. Ер адам мен әйелдің негізгі киімі шапан мен қамзол
болды. Көктем мен күзде қазақтар көбінесе аң терісімен
жиектелген дөңгелек
бөрік киді. Қысқы бас киім тымақ деп аталды. Әйел баскиімдерінің ішінде ең
құнды той киімі сәукеле болды. Сәбиі дүниеге келісімен жас келіншек ақ матадан
тігілген кимешек киді. Жазғы ұлттық киімдерден қазақ әйелдері шәйі көйлек,
желек, қамзол, ер кісілер жұқа шапан, көйлек, жарғақ шалбар т.б киген.
4-тапсырма. Киіз үй жиһаздарының атауларын суретпен сәйкестендіріңіз.
Киіз үй жиһаздары
1. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.
2. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз.
3. Асадал. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы
4. Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.
5. Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.
6. Сандық. Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан, металдан жасалатын
үй жиһазы.