Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет28/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

 
Қазақстан тарихы 5-сынып 
1-тапсырма. 
(Қазақстан тарихы. 5-сыныпқа арналған оқулық. Б.Е.Көмеков.- Алматы: 
Атамұра, 2017) оқулығындағы 45-46 параграф,115-119 беттердегі мәтінді оқып, 
«Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары» бойынша кестені 
толтырыңыздар. 
Мемлекет /тайпалық одақ 
Қарым-қатынас 
сипаты 
Нәтиже 
Жауап үлгісі 
Мемлекет /тайпалық одақ 
Қарым-қатынас 
сипаты 
Нәтиже 
Дунху
әскери 
Мөде шаньюй дунхуларды талқандады 
Қытай 
әскери 
«Тыныштық пен туыстық туралы шарт» 
деп аталатын бейбіт келісім жасалды 
Юечжи
әскери 
Юечжи жеңіліске ұшырап, Солтүстік 
Үндістан мен Ауғанстанға қашуға мәжбүр 
болды. 
2.Тақырып: «Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы, Аттила және оның 
жаулаушылық жорықтары»
Керекті сөздерді пайдаланып сөйлемдерді толықтыруға арналған 
тапсырма үлгісі.
1. Ғұн мемлекеті өзара ішкі талас-тартыстар мен сыртқы қысымдардың 
әсерінен күйреуге ұшырап_________________ және________________болып 
екіге бөлінді. 
2.Мемлекеттің оңтүстік бөлігін________________солтүстік 
бөлігін_________________________басқарды. 
Керекті сөздер: Б.з.б.55 жылы; солтүстік; оңтүстік, Хуханье; Чжи-
Чжи 


122 
6-сынып 
«Қазақстан тарихы» оқу пәні «Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар 
қарсылығы» тақырыбы бойынша 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» 
оқулығының «Жоңғар шапқыншылығына карсы күрес.Жәңгір хан» атты 47-
параграфын (185-188бб.) оқып, «Орбұлақ шайқасы әлемдік әскери өнер 
тарихында ерекше орын алады» тақырыбында эссе жазу тапсырмасы 
Тапсырма: «Орбұлақ шайқасы әлемдік әскери өнер тарихында ерекше орын 
алады» 
«ПТМС формула» әдісі бойынша эссе жазу. 
Позиция – мен солай ойлаймын............... 
Түсіндіру – себебі................ 
Мынадай дәлелдер келтіремін .................... 
Салдары– 
айтылған 
ақпараттар 
бойынша 
мынадай 
қорытынды 
жасаймын.......................... 
«ПТМС формула» әдісі бойынша эссе жазу критерийлері. 
№ 
Өзін-өзі бағалау критерийлері 
Белгі (V) 

Орбұлақ шайқасына қатысты ойымды білдірдім. 

Себебін түсіндірдім. 

Тарихи оқиғаға қатысты екі дәлел келтірдім. 

Оқиғаның тарихи маңызын анықтап,
3-5 сөйлеммен қорытынды шығардым. 
Тақырып: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 
Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау, қызметтерін 
сипаттауға арналған тапсырмалар. 
1-тапсырма.Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарын анықтамаларымен 
сәйкестендіріңіз 
Керекті сөздер:
Қожалар, бай, ақын, құл, батыр, ақсүйек, хан, қарасүйек, би. 
Қазақ қоғамындағы мемлекет басшысы. 
Ислам дінін насихаттаумен, оқу-ағарту ісімен айналысты 
Шыңғысханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. 
Қазақ қоғамының негізгі және көп санды бөлігі 
Олардың ешқандай құқығы да еркі де болмаған. 
Ру мен тайпа басшылары, әкімшілік және сот істерін атқарған 
лауазым иесі 
Ірі малдарының көптігімен ерекшеленді. 


123 
Атақ ретінде қаһарманның есіміне қосылып айтылды. 
Поэзиялық туындыларды ауызша айтып не жазып шығаратын 
суырып салма сөз шебері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет