120
дәлелдемелермен дәйекті қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл
оқушылардың дайын тұжырымдалған материалдарды зерделеуге қарағанда
іздену арқылы өздерінің жеке тұжырым жасауы,
зерттеушілікке деген
қызығушылығын арттырады. Оқу пәндерін тарихи концептілер негізінде
оқытуда
оқушылар өздерінің зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларын
дамытады және тарихи үдерістер мен оқиғаларды түсінуді үйренеді.
Білім алушылар:
- болжамдарды ұсынады;
- зерттеуге арналған сұрақтарды құрастырады;
- тарихи зерттеуді жоспарлайды және жүзеге асырады;
- тарихи фактілерді зерттейді және бағалайды;
- тарихи зерттеудің
нәтижесін талқылайды, дәйектерді нақтылайды және
қорытынды шығару үшін пайдаланады. Сондықтан
әр сабақты жоспарлауда
тақырыпқа сәйкес тарихи концептілерді таңдай білу,
оны оқу тапсырмаларын
әзірлеуде қолдана білу қажет.
Оқу пәні бойынша тапсырмаларда білім алушының өз бетімен орындауына
мүмкіндік беретін тапсырма түрлері ұсынылған.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру және дамыту үшін оқу тапсырмалары кешенін
құру бойынша әдістемелік ұсынымдама
Достарыңызбен бөлісу: