«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқылым тапсырмаларының үлгілері:
Білім беру жүйесін жаңартуға әсер еткен басты факторлардың бірі –
функционалдық
сауаттылықты
қалыптастыру.
Мектепте білім беру
бағдарламаларындағы басымдық білім алушылардың өзгерістерге үнемі бейім
болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға бағытталған.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың
бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және
коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері
мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін
тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп
шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің
қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие
болады.
Оқу бағдарламалары функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп
құрастырылды және оқушылардың пән туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық
мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған
білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге
тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік
міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер
оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа
тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және
бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін
шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру
қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы,
байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу
мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және
дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында
шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға
ынталандырады.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары
білім алушыларды креативті ойлауға, өз ойын дәлелдер келтіре отырып, еркін
жеткізуге қолдау көрсетіп, білім алушылардың гуманистік көзқарасын
қалыптастыруға бағытталған. Мысалы, «7.1.2.1. Әдеби шығармадағы тұлғалық
болмысты гуманистік тұрғыдан талдау» деген мақсатты алып қарастырайық. Бұл
мақсатты жүзеге асыру барысында, ең алдымен, оқушылардың ойын гуманизмге
аудартамыз. Гуманизм деген не? Сол туралы анықтама беріп өтеміз. Гуманизм –
адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа
құштарлығы мен талпынысын, адамның құқы мен жауапкершілігін, арын,
намысын, мейірбандығы мен қайсарлығын, адамның жасампаздығын - яғни
адамның барша адами қасиеттерін ұлықтайтын, даралығы мен дамуын
92
дәріптейтін идея. Содан кейін, яғни оқушы гуманизмнің не екенін түсінгеннен
кейін кейіпкердің тұлғалық болмысын талдатамыз. Білім алушылар «тұлғалық
болмыс» дегеннің өзін түсінбеуі мүмкін, сондықтан бұл туралы да айтып кеткен
жөн. Тұлға – жеке адамның өзіңдік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық
қ
ырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-
жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы,
қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату
арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Болмыс
– бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін
білдіретін философиялық категория. Оқушы толық түсінік алғаннан кейін
тапсырма беруге көшу керек.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқылым тапсырмаларының үлгілері:
медиақұралдардағы материалдарды оқу арқылы ақпараттар мен
дәлелдемелерді түсіну, түрлі көзқарастарды талдау және салыстыру;
күрделі және көлемді шығармалардағы кейіпкерлердің психологиялық
көңіл-күй өзгерісіне автордың көзқарасы мен себебін оқу және дәлелдеу;
шығарманың бөлімдерін түсініп оқу, ақпаратты зерттеу және синтездеу;
жоспарлар, тезис, конспект, қысқаша мазмұндау, сұхбат, репортаж,
эсселерді сын тұрғысынан оқу, жазу және редакциялау;
ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, әлем әдебиетінің
құндылықтары туралы зерттеу жүргізу және сыни тұрғысынан ойлау арқылы
сын пікірлер айта білу;
әдеби шығармаларды, БАҚ материалдарын және интернетті өз бетімен
оқу және түсіну.
Түсіну және жауап беру дағдысы бойынша «6.1.1.1 әдеби шығарманың
жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау» деген оқу мақсатын игертуде оқушыға
ең алдымен жанр, фабула, сюжет ұғымдарын түсіндіріп, әдеби-теориялық түсінік
беріп өткен жөн. Сәйкестендіру тәсілімен оқыған білімдерін еске түсіріп,
ұғымдарды қайталап өтсе, оқу мақсатын игеруге арналған негізгі тапсырмаларды
түсініп, жасай алары сөзсіз.
Үлгі ретінде ұсынылатын тапсырмалар:
5-сынып
Сабақ тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры.
Оқыту мақсаттары:
Т/Ж4. көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу,
жатқа айту;
А/И1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-
қарсы суреттеулерді табу;
Т/Ж3 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы
образын ашу.
Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма
Жыр мазмұнын өз түсінігің бойынша проза жанрына айналдырып,
дәптерге жазып шық.
93
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
“Тату көршілер” әдісі арқылы жыр мазмұнын жұпта әңгімеле.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3-тапсырма
Тыңда. Өзіңе ұнаған бөлігін жатқа айт.
4-тапсырма
Cен өзің Қобыланды батырға қай мінезіңді ұқсатар едің? Таразылап көр.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5-тапсырма
Жырды әсірелеу үшін қандай әдістер қолданылған?
Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді, Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы Саз балшықтай
иледі.....................................................................................................
…Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады,
Бір төбенің тозаңын Бір төбеге қосады.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6-тапсырма
Жырда өзіңе ерекше әсер қалдырған кейіпкерге мінездеме бер. Өзіңнің
елестетуің бойынша суретін сал.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі.
Оқыту мақсаты:
5.Т/Ж3. көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы
образын ашу;
5.А/И1. әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен
қарама-қарсы суреттеулерді табу.
94
1-тапсырма
Өмірмен және шығармамен байланыстырып, сараңдық пен жомарттық
туралы өз ойыңды жеткіз.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Атымтай Жомарт өзі есепсіз бай бола тұра, үстіне ескі-құсқы киіп, отын
кесіп, жұмыс жасауын түсінбей сұрағандарға Атымтай Жомарттың берген
жауабы қандай? Саралап шық.
«Төрт түрлі себебі бар:
1.
Біріншіден, ________________________________________
2.
Екіншіден, ________________________________________
3.
Үшіншіден, _______________________________________
4.
Төртіншіден, ______________________________________».
3-тапсырма
Сенің айналаңда бас кейіпкердің мінезіне ұқсайтын адамдар бар ма? Егер
бар болса, Атымтай Жомартпен салыстыра отырып әңгімелеп бер.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4-тапсырма
Атымтай Жомарттың жасап жүрген іс-әрекеттерімен келісесің бе?
Неліктен?
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5-тапсырма
Шығармадағы негізгі ойды қорытындылайтын 4 жолды өлең шығар.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6-тапсырма
Шығарма желісі бойынша рөлдерге бөлініп, қойылым қойыңдар.
Сабақ тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»
Оқыту мақсаттары:
5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы
образын ашу;
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
95
1-тапсырма
Тыңдалған материал бойынша оқиғалар тізбегін құра.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Жолай кездескен досы қалай байыған екен? Оған оңай болды ма? Тыңдаған
мәтінің бойынша көзқарасыңды дәлелдейтін кем дегенде екі дәлел келтір.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3-тапсырма
Әңгіменің желісіне сүйеніп, Антонды кедей еткен және бай еткен не нәрсе
екендігін екі бағанға бөліп жаз.
Кедей еткен
Бай еткен
4-тапсырма
Антонның сөзі мен іс-әрекетінен оған қандай мінездеме берер едің?
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
5-тапсырма
«Қандай?» деген сұраққа жауап бере отырып салыстыр
96
Антон
Бейтаныс адам
6-тапсырма
Егер кейіпкер еңбек жолын таңдамағанда, нәтижесі қалай аяқталар еді деп
ойлайсың? Ойыңды жеткіз.
7-тапсырма
Болашақ кәсібің туралы ой қозға.
«Алуан - алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл!»
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________
9-тапсырма
Шығармадан алған әсерің бойынша авторға хат жаз. Хат мазмұнында
келесі сұрақтарға жауап бер: шығарманың қай тұсы саған ерекше әсер етті,
шығармадан қандай өмірлік сабақ алдың, еңбекқорлықтың пайдасы бар ма?
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы:
«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқыту мақсаты:
5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;
5.Б/С1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
1-тапсырма
Асан қайғының Жерұйықты іздеуінің себебі неде? Шығарманың тақырыбы
мен идеясы туралы ой қозға.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________
2-тапсырма
Асан қайғының әр өлкені қалай сипаттағанын жаз. Мұғаліммен бірігіп,
шығармадағы эпизодтар бойынша тарихи құндылығына баға бер.
Маңғыстау –
97
Жетісу –
Меркі –
Баянауыл –
Жуалы –
Жезқазған –
Шыңғырлау өзені –
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3-тапсырма
Бұл тапсырманы топ болып орындаған ыңғайлы
Асан қайғыны сомдап, қазіргі Қазақстанның әрбір қаласының
артықшылықтарын айтып көр.
Нұр-Сұлтан____________________________________________________
Алматы _______________________________________________________
____________________________________________________________________
Шымкент_______________________________________________________
Қарағанды______________________________________________________
Ақтөбе _________________________________________________________
Ақтау__________________________________________________________
Қызылорда______________________________________________________
4-тапсырма
Өзіңнің қиялыңдағы Жерұйықтың суретін сал
5-тапсырма
Асан қайғының іс-әрекетіне қарап, оған қандай баға беруге болады?
Шынайы өмірде ондай адамдар бар ма?
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6-тапсырма
Кең қазақ жеріне арналған қандай әндер мен өлеңдер білесің? Тізіп шық.
Не сыныптың алдында шырқап көр, не өзің бір-екі шумақ өлеңді ойдан құрастыр.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6-сынып
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін» өлеңі.
98
Оқыту мақсаты: 6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау.
Сабақ мақсаты: - шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін ашу;
-
кейіпкерлердің бейнесін тек тұрғысынан сипаттау.
Бағалау критерийлері (күтілетін нәтиже):
шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін ашады;
кейіпкерлердің бейнесін тек тұрғысынан сипаттайды.
Оқушы әрекеті:
1. Өлең үзіндісін мұқият тыңдайды.
2. Өлеңнің идеясы мен сабақ тақырыбын байланыстырады.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдап, түсініп алулары
күтіледі.
1. Ойтүрткі сұрақтары арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға
жетелейді.
1. Өлең үзінділерін оқып, мазмұнын еске түсіреді.
2. Өлеңнің кейіпкерлерін анықтайды.
1. Өлең мәтінімен жұмыс жасайды.
2. Лирикалық тұлғаның бейнесін ашып, тек тұрғысынан сипаттайды.
3. Тапсырманы мұқият, дұрыс орындалуы күтіледі.
99
Лирикалық тұлғаның бейнесін ашып, тек тұрғысынан сипаттайды.
Әр кейіпкерге 1 тезис жазып, оны 3 дәлел келтіре отырып талдайды.
Сабақ барысында жасаған жұмыстарын еске түсіре отырып, сөйлемдердің
адасқан сыңарларын тауып, өз білімдерін қорытады.
Ақпараттарды Wordwall тақтасындағы «Адасқан сыңарларын тап» ойын
түрінде берілген тапсырма арқылы ұсынады.
1-қосымша
https://youtu.be/59q_w5Tjq5I
(4.12-5.04 минуттар аралығы)
Хабар арнасының KhabarTANYM оның ішінде «Тарих.Тағдыр.Тұлға»
айдарының білім беру саласына орасан зор пайдасы бар. Бұл бейнероликтер,
документалды фильмдер тиімді ресурстардың бірі.
2-қосымша.
.
https://wordwall.net/ru/resource/34969515
Wordwall тақтасы сабақ соңында шаршаған оқушылар үшін ойын түрінде
өткізуге ыңғайлы әрі қызқты. Сабақты бекіту мақсатында қолдануға болады.
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров. «Қажымұқан». Көркем
бейне.
Оқыту мақсаты: 6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін
анықтау.
Бағалау критерийлері (күтілетін нәтиже):
100
шығарманың жанрын анықтайды;
фабуласы мен сюжетін саралайды.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар тауып, болжап
көрулеріне жағымды орта туғызылады.
Композиция, жанр, сюжет, фабула ұғымдарын еске түсіртіп, ой қозғап,
сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.
Ұғым-түсініктерді қайталап өткеннен соң негізгі тапсырмаға көшпес
бұрын шығарманың жанрлық ерекшелігіне тоқталып өткен жөн. 6-сынып
оқушылары әдебиеттің жанрлық (тек, түр) ерекшеліктерін әлі де толық түсіне
бермесі анық. Сондықтан, мұғалімнің қолдауымен шығарманың жанрына
ауызша талдау жүргізілсе оқушылар үшін келесі тапсырмаларды орындау жеңіл
болады. Ілгері оқу тәсілі бойынша оқушыларға шығарма мазмұнымен танысу бір
сабақ бұрын берілуі тиіс. Шығарма мазмұнын (фабуласын) білетін оқушы
тапсырманы оңай орындап, сабақ үстінде талдаулар жүргізе алады.
Тапсырма. Оқиғаларды даму ретімен орналастырады.
1.
Мұғалім ұсынған кестемен жұмыс жасайды.
2.
Үзінділердегі оқиғаларды еске түсіріп, сюжеттерді анықтайды.
101
Мәселен, Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінен берілген үзіндімен
оқушы таныс болып, мазмұнын біліп тұрса, оқиғалар тізбегін ауыстырып
ұсынып, оны өзінің даму ретімен орналастыртуға болады. Осылайша шығарма
сюжеттері еске түсіріліп, композициясына да талдау жүргізе алады. Сонымен
қатар, мәтін бөліктері бойынша да жұмыс жасатып, нақты үзінділер арқылы
сюжеттерді анықтауға болады.
Повесь мәтінінен бірнеше үзінділер бере отырып сюжетті анықтаса,
оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін де, шығарма мазмұнымен
қаншалықты таныс болғандығын да көре аламыз. Сондай-ақ, шығарма
мазмұнында көрініс тапқан бір эпизодты еске түсіру үшін тақырыпқа сай суретті
ұсынып, оқиғаны көз алдына визуалды түрде елестуге ықпал ете аламыз.
1. Оқушыларға мұғалім арнайы дыбыссыз мультфильм көрсетеді.
2. Олар мультфильмдегі оқиғаны еске түсіріп, мазмұнын жазады.
Суретке қарап, оқушы оқиғаны анықтап, мазмұнын жеткізе алады. Сол
арқылы оқу мақсатын игеріп, өз білімін толықтыра түседі. Бұл тапсырмалардың
барлығы оқу мақсатын толық меңгеруге ықпал ете алады.
Сабақтан алған білімдерін саралау мақсатында бекіту тапсырмасын
ұсынады.
Берілген ақпараттардың дұрыс не бұрыс екендігін ажыратады.
102
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым. Ерлан Жүніс
«Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі.
Оқыту мақсаты: Т/Ж. 6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-
қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Бағалау критерийлері (күтілетін нәтиже):
өлеңдегі көтерілген мәселені анықтайды;
анықталған мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.
1. Оқушылар бейнежазбаны мұқият көреді.
2. Оқулықтағы өлең мәтінін топқа бөлініп оқып шығады.
3. Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып іріктейді.
4. Сөздікпен жұмыс жасайды.
5. Оқулықтағы өлең мәтінінен «алып» сөзімен тіркесетін сөздерді тауып,
санамалап жазады.
6. Үзінділерді мұқият оқып көтерілген мәселені топтасып анықтайды.
103
Кестемен жұмыс жасау дағдысын дамыту мақсатында көтерілген мәселе
арқылы өлең идеясын түсіндіріп жазады.
Сабақтан алған білімдерін саралау мақсатында бекіту тапсырмасын сұрақ-
жауап түрінде ұсынады.
Сабақтың тақырыбы: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі.
Оқыту мақсаты: Т/Ж.6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын,
сюжетін анықтау;
А/И.6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын
маңызына негіздеме жасау.
Бағалау критерийлері (күтілетін нәтиже):
шығарманың жанрын анықтайды;
фабуласы мен сюжетін саралайды.
шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодқа негіздеме жасайды.
1. Оқушылар повест үзіндісіне арнайы жасалған анимацияны көреді,
шығарманың мазмұнымен танысады.
2. Мұғалім сабақ мақсатына сай шығарманың жанрын анықтауға арналған
тапсырма ұсынады.
104
3. Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.
4. Топтасып, бірлесіп жұмыс жасау арқылы берілген суреттер бойынша
шығарманың сюжеттерін анықтайды. Бұл тапсырманы орындауда өз ойларын
дәлелді, тұжырымды жеткізу күтіледі.
5. Берілген эпизодқа негіздеме жазады (мұғалім ұсынады).
Сабақтан алған білімдерін саралау мақсатында Kahoot! ойын түрінде
берілетін бекіту тапсырмасын ұсынылады.
105
«Бағалау және салыстыру дағдысы» бойынша «Б/С.6.3.1.1 шығармадағы
кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына
баға беру» деген оқу мақсатын игертуде оқушыларға құндылық ұғымын жан-
жақты түсіндіріп, өмірден мысал келтіріп, сәйкестендіру арқылы екі ұғымның
анықтамасын беруге болады. Оқушылар анықтаманы оқи отырып, шығарма
кейіпкерлерін еске түсіріп, құндылығын анықтауға ден қояды.
Кейіпкерлер жүйесіне талдау жүргізетін арнайы оқу мақсаты бар
болғандықтан, жоғарыда аталған оқу мақсатында шығарманың тарихи және
көркемдік құндылығын анықтауға ерекше ден қойған дұрыс. Мәселен,
оқушыларға дайын кесте мен керекті сөздерді ұсынып бағалау жүргізуге болады.
Мысалы, Е.Жүністің «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңінде аталған оқу мақсаты
бойынша мынадай тапсырма ұсынған жөн.
Берілген кесте арқылы оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып, өз
ойларын саралап жинақтай алады. Бұл тапсырма оқу мақсатын игеруге арналған
106
негізгі тапсырма болады. Ал, жинақтаған білімді игеру үшін мынадай бекіту
тапсырмасын ұсынуға болады.
Сабақ барысында талқыланған, талданған ұғым-түсініктерді сәйкестендіру
немесе дұрыс/бұрыс жауаптарды беру арқылы жинақталған білімді бекіткен жөн.
Аталған тапсырмалардың барлығы оқу мақсатын оқушыларға икемдеп, дұрыс
меңгертіп, тез түсінуіне ықпал етері анық.
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп»
толғауы.
Оқыту мақсаты: Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық
мүдде тұрғысынан ашу.
Бағалау критерийлері: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық
мүдде тұрғысынан түсіндіре алады.
1-тапсырма. Оқушылар «Жанды суреттер» әдісі бойынша саяхатқа
шығады. Суреттерді шығармамен байланыстыра салыстырып, толғаудың идеясы
мен пафосын анықтайды.
2-тапсырма. «Керемет пікірталас» әдісін қолданып, «Күлдір-күлдір
кісінетіп» толғауының нұсқасы таратылып, толғаудың мазмұны бойынша бір-
біріне сұрақ қойып, пікір алмасады. «Толғаудағы көрініс тапқан ұлттық мүдде
қандай?
3
3-тапсырма. Оқушылар «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойларын нақты
жеткізіп айтады.
Пікір. Ақтамберді жырау толғауларында қазақ жеріндегі заман бейнесін
көрсете алған.
Дәлел. ...............
Мысал...............
Қорытынды........» деген сұраққа сыныппен жауап береді.
Дескриптор:
- пікірге дәлел келтіреді;
- мысал келтіреді;
- өз ойын қорытындылай алады.
4-тапсырма. Салыстыру. «Автор орындығы» әдісімен Ақтамберді
толғауының маңызын түсіндір.
107
Мен үшін маңызы ............................................
Жастар үшін маңызы .............................................
Адамзат үшін маңызы .............................................
7-сынып
Сабақ тақырыбы: «Қыз Жібек» жырындағы ұлттық салт-дәстүр көрінісі.
Оқыту мақсаты: 7.3.1.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген
портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға
беру.
Сабақтың мақсаты:
- жырдағы салт-дәстүрлерді, олардың қолданылу мақсатын айқындау;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға, өзіндік
пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыруға ұмтылу;
- жырдағы салт-дәстүр туралы әдебиеттерді, теориялық материалдарды
табу, өз пікірлерін айту, пікір алмасу.
Осы жерде «А» критерийі туралы айтып өту немесе тақтадан көрсету, бүгін
осы критериймен жұмыс істейтінімізді ескерту (А - iii. мысалдар және толық
түсініктемелерді қолданып, пікірлер мен идеяларға детальді негіздеме береді,
терминологияны дәл қолданады).
Тапсырма
Дәстүр
Мағынасы
Жырдағы оқиға
Қыз көру
Құдаласу
Неке қию
Отқа май құю
Құрбандық шалу
Қарғыс
Бата
Тақырып: САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ПОВЕСІ
Оқу мақсаттары:
7.1.2.1. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан
талдау;
7.2.1.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.
Тапсырма:
Үзінділерден Шаншатайдың тұлғалық болмысын анықтаңыз.
Үзінділер
– Шай ішпедің ғой, шырағым, – деді әжем. Шаншатай рақметін жаудырды
тағы да. Сосын:
– Ертеңгі ас қой, дәм ауыз тиейін, – деп ақырын басып, дастарқанның
жанына келді де, өте бір инабатпен иіліп үстел үстінде жамырап жатқан
әжемнің қызыл бүйір жүгерісінен бір-екеуін алып аузына салды.
– Уыстап ал, балам, – деді атам.
– Көп рақмет. Мазаларыңызды алғаныма кешіріңіздер!
– Қарап тұрсам, шетімізден сайдың тасындай шып-шымыр жігіт екенбіз, –
деді...
108
Оның сөзін күлкі араластыра жамырай сөйлеп іліп әкеттік. Шаншатай жай
ғана күліп қойды. Сонан соң:
– Олай болса, жігіт адамның лайықты орны бар, - деп өз байламын айтты.
Енді қиқаңдап көр. Жіпсіз байлағаны емес пе бұлтартпай.
Кейіпкердің тұлғалық болмысы
Тұжырым
Бұл тапсырманы орындау арқылы білім алушы бірінші үзіндіде
кейіпкердің әдептілігін, кішіпейілділігін талдаса, екінші үзіндіде Шаншатайдың
еңбексүйгіштік және ұйымдастырушылық қабілетін түсіндіреді. Мұғалім бұл
тапсырма арқылы оқушы бойында әдептілік, кішіпейілділік, еңбексүйгіштік
қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыруға тырысады.
Екінші тапсырма:
Мінездемеге сәйкес келетін эпизодты табыңыз.
Кейіпкерге мінездеме
Эпизод
Шаншатай – ақылды, әділ бала. Бұған
Шаншатайдың:
«Бұлай
етуге
болмайды. Бейсекүл жалқау емес. Кіп-
кішкентай боп алып масақты қалай
тереді», - дегені дәлел бола алады. Ол
Ертайдың суретшілік өнерін қалай
бағаласа,
Бейсекүлдің
еңбексүйгіштігіне де солай қарайды.
Міне, сондықтан Ертайдың пікірімен
келіспей, оның әрекеті бұрыс екенін
түсіндіріп, досын дұрыс жолға
бағыттап, мақтаншақтық жаман әдет
екендігін ұғындырды.
Жауабы:
...Сөзге тоқтауы жоқ Бейсекүлге пысқырып қарар емеспін. Тіптен,
оның да суретін салып іліп қоймақ ойым бар. «Бәлем, бір шыж-быж болсын!».
Бірақ мұныма Шаншатай тоқтау айтты:
– Бұлай етуге болмайды. Бейсекүл жалқау емес. Кіп-кішкентай боп алып
масақты қалай тереді...
Бұл тапсырма арқылы мұғалім білім алушыларға кейіпкердің тұлғалық
болмысын гуманистік тұрғыдан талдап көрсетеді. Кез келген мәселені ақылға
салып, әділ шешуге, адамгершілікті болуға шақырып, өзімшілдіктен аулақ
болуға жетелейді.
Үшінші тапсырма:
Эпизодтарды салыстырып, түсінік беріңіз.
…Сен ана Келдібайдың інісімен дос
болдың ғой, ә? Соны соққыға жыққан
Иманбек. Осында екі-үш жігітті
ұйымдастырып, молаға алдап апарып
соқты. Оны мен мына көзіммен
көрдім. Here ұрды дейсің бе? Онысын
Содан бастап, күнде ертеңгісін
Ержандарды шұбыртып, caп түзеп,
өлең айтып, көшемен өтетін болдық.
Өзін ересек санамай, саптың алдында
сорайып Иманбек тұратын болды. Ол
Мешітбайдың
үйінің
қасынан
109
білмеймін. Бірақ Иманбекті біреу
әдейі айдап салып отыр. Иманбек
маған бір уыс ақша көрсетті.
Тентіреген немеге оны кім берді?
Көрдің бе?! Иманбекке сенбе. Ол қу,
сұм, нағыз алаяқтың өзі. Сен де сақ
бол. Саған да тісін қайрап жүр. Ұқтың
ба?
өткенімізде: Байлар мен молданы
Қойдай қу қамшымен! - дегенді
қаттырақ
айтады.
Біздің
газет
шығаратынымызды
естігенде
Иманбек:
– Мешітбайды жазыңдар. Бар
бәленің ұйытқысы сол, - деп
қылқылдап қоймай қойды.
Тұжырым
Білім алушы берілген эпизодтарды салыстыра отырып, кейіпкердің
тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдайды. Әрине, мұғалім әр
оқушының ойын тыңдап, қажет болған жағдайда толықтырып отырады. Барлық
оқушыны тыңдап болғаннан кейін мұғалім өз жауабын ұсынса, тапсырма
тиімдірек болады. Оқушы өз жауабын салыстырып, өзін-өзі бағалайды. Мәселен,
үшінші тапсырманың жауабына тоқталайық.
Шаншатай ауылға келгенде Иманбек тек жүрмейтін, балаларды
шағыстырып, төбелестіріп жүретін тентек бала еді. Ол өзінен жасы кішілерге
күш көрсетіп, үнемі өзінің тентектігімен ерекшеленіп жүретін. Иманбек
Мешітбайдың айтуымен Шаншатайды соққыға жығып, бұзықтық жасады. Ал
Шаншатай болған іске Иманбекті кінәламай, оның өз қателігін түсініп, түзелуіне
мүмкіндік берді. Шаншатайдың бұл әрекетінен кейін Иманбек өз қатесін түсініп,
үлгілі бала болуға тырысты. Мешітбайдың әрекеті дұрыс емес екендігіне көз
жеткізіп, оны әшкерелеп, ұялтқысы келді. Шаншатай Иманбектің үлгілі
балалардың қатарына қосылғанына риза болды. Шаншатайдың жасаған әр ісі
осылайша ауыл балаларына үлгі болды.
Білім алушылар бұл тапсырмаларды орындау ақылы Шаншатайдың
бойындағы бар игі қасиеттерді үлгі етеді.
Сабақтың тақырыбы:
Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның
қасиеттері»
Оқыту мақсаты:
Т/Ж4. шығарма үзінділерімен жұмыс;
7.Т/Ж4. көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін (айтыскер) ашып,
үзінділерді жатқа айту.
1-тапсырма
Кесте құрып, жақсы мен жаман қасиеттерді екі бағанға бөліп жаз. Өз
ойыңды білдіріп, салыстыру жаса.
Жақсы адамның қасиеттері
Жаман адамның қасиеттері
2-
тапсырма
110
Жақсы, жаман адамның қасиеттерін сипаттауда С.Аронұлының қолданған
суреттеу құралдары қандай?
Жамандар - өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы:
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы.
Оқыту мақсаты:
Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан
талдау;
Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені
салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
1-тапсырма
Поэзия жанрында берілген шығарманы прозаға айналдырып көр. Яғни,
шығарманың сюжеттік желісін сақтай отырып, қара сөзбен қысқаша баяндап бер.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Шығармаға композициялық жоспар құра.

Егер сен Баянның орнында болсаң, қалай жасар едің? Өз нұсқаңды ұсын.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4-тапсырма
111
Шығарманың шарықтау шегі мен шешімі сюжетіне сахналық көрініс
құраңдар.
5-тапсырма
Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал.
10-тапсырма
Оқиғаның трагедиялық аяқталуына кім кінәлі? Осы сұраққа жауап іздеу
мақсатында топқа бөлініп, диспут жүргізіңдер.
1-топ, “Ел намысын ер сақтар” дей отырып, Баянды жақтайды;
2-топ, “Жастық - жалын” дей отырып, Ноянды жақтайды;
3-топ, “Қыз назы” дей отырып, қалмақ қызын жақтайды;
4-топ, сарапшы топ топтардың уәжін тыңдап, Отансүйгіштікті алға тартып,
шығармаға ұлттық құндылық тұрғысында баға береді.
6-тапсырма
Шығарманың тарихи құндылығына, тәрбиелік мәніне баға бере отырып,
“Батыр Баян - халқының қамын жеген намысты ұл” тақырыбында әдеби эссе жаз.
Сабақтың тақырыбы:
М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»
Оқыту мақсаты:
Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні;
Б/С1. Тарихи және көркемдік құндылығы.
1-тапсырма
Шығармаға композициялық жоспар құра.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Әке мен бала арасындағы диалогке сахналық көрініс құраңдар.
3-тапсырма
Әке үкімі қатал болды ма? Өз ойыңды білдір.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4-тапсырма
Шығарманың қалай аяқталғанын қалар едің? Өз нұсқаңды ұсын.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8-сынып
112
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны.
Оқыту мақсаты:
8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;
8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу
үшін орынды қолдану;
8.3.3.1 Шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік
тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
1-тапсырма
Сызба түрінде оқиғалар тізбегін құра.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Дастанда кездескен үш қайшылықты айқында:
-идеялар арасындағы қайшылық;
-кейіпкерлер арасындағы қайшылық;
-оқиғалар арасындағы қайшылық.
3-тапсырма
Неліктен Еңлік пен Кебек қосыла алмады? Сұрақтың жауабын бер.
Себебі __________________________________________
Себебі __________________________________________
Себебі __________________________________________
Себебі __________________________________________.
4-тапсырма
Дастанда кездесетін ұғымдардың бірін таңдап ал: жақсылық, жамандық,
адалдық, жауыздық, махаббат, надандық. Сен үшін бұл ұғымның мағынасы
қандай? Дастанда кездесетін қайшылықтарға қалай әсер етті?
5-тапсырма
Шығарманың қалай аяқталғанын қалар едің? Өз нұсқаңды ұсын.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7-тапсырма
Егер сен Кебектің орнында болсаң, қалай жасар едің?
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________
8-тапсырма
113
Қазақ күйлерінен осы шығармада кездесетін оқиғалардың мазмұнын ашуға
мүмкіндік беретін саундтрек таңдап көр.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны.
Оқыту мақсаты:
8.1.2.1. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде
тұрғысынан ашу;
8.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу
үшін орынды қолдану.
1-тапсырма
Әңгімеге композициялық жоспар құра.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Қалай ойлайсың, Естемістің көптен бері жалғасын таба алмай жүрген күйді
аяқ астынан шығаруына себеп болған қандай оқиға? Ойыңды жеткіз.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3-тапсырма
Жаңыл қыздың “Өнерлеріңді бірдей салыңдар!” деген сөзінің астарында не
жатыр деп ойлайсың?
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4-тапсырма
Естеміс шәкірті Оразымбетке «Естіп келе жатқан күйлеріңді үлгі етіп келе
жатқаның дұрыс, ал менің өмірімді үлгі етпеуге тырыс» деп неліктен айтты деп
ойлайсың?
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5-тапсырма
114
Кез-келген күйді тыңдап, алған әсеріңмен бөліс. Күй арқылы күйшінің
айтпақ болған ойын, көңіл күйін тануға болады дегенге келісесің бе?
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6-тапсырма
Шабыт деген не? Ол қай кезде келеді? Өзіңнің бойыңда осы сезім кездеседі
ме? “Менің өнерім” тақырыбында ойтолғау жаз.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда».
Оқыту мақсаты:
8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін,
эпилог, прологтерді анықтау;
8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу
үшін орынды қолдану;
8.2.3.1
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық
параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай
отырып, автор стилін анықтау.
1-тапсырма
Шығарма бойынша оқиғалар тізбегін құра.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-тапсырма
Поэзия жанрында жазылған поэманы сюжеттік желісін үзбестен, өз
сөзіңмен қысқаша жазып шық.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3-тапсырма
Ана мен шалдың арасындағы диалогке сахналық көрініс құраңдар.
6-тапсырма
Егер сен ананың орнында болғаныңда, бауыр етің балаңды құтқару үшін
тәуіптің айтқанын істер ме едің? Өз ойыңды білдір.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________
7-тапсырма
115
Оқиғаның қалай аяқталғанын қалар едің. Өз нұсқаңды ұсын.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны.
Оқыту мақсаты:
9
.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер
жүйесін анықтау.
Бағалау критерийлері:
шығарманың идеясын түсіне отырып, сұрақтарға жауап береді;
өз ойын шынайы өмірмен байланыстырып, кейіпкерлер жүйесіне
талдау жасайды.
1. Мәтіналды тапсырма.
«Сіз білесіз бе?». Шығарма негізінде «білімді» және «білімсіз» адамды
салыстырып, осыған қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
«Бір минуттық әңгіме» әдісі бойынша оқушылар бір бірімен әңгімелесу
арқылы өз ойларын ортаға салады. Білімді мен білімсіз адамның ара жігін
нақтылайды. Сұрақтарға жауап береді.
1-топ.
Қалай ойлайсыз, ел басқаратын патша қандай болу керек?
Күнту патша
Іс әрекеті
Нәтижесі
2-топ.
Бақ дәулет мәселесін қалай суреттер едіңіз.
Айтолды
Іс әрекеті
Нәтижесі
3-топ.
Ақыл, парасат мәселелері кім арқылы сипат алады?
Өгділміш (уәзірдің баласы)
Іс әрекеті
Нәтижесі
4-топ. Ақын дәруішті неліктен кейіпкер ретінде алған?
Одғұрмыш (уәзірдің туысы, дәруіш)
Іс әрекеті
Нәтижесі
116
Достарыңызбен бөлісу: |