Азақстан Республикасы



Дата04.07.2018
өлшемі52 Kb.
#46935



«Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»

мемлекеттік мекемесі


ҚР ІІМ ТЖК «ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ

Кәсіптік даярлық мектебінің

2017 жылдың ішінде атқарған жұмысы туралы

есебі

Өскемен қ.

қыркүйек, 2017 жыл

«ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ Кәсіптік даярлық мектебінің

2017 жылдың ішінде атқарған жұмысы туралы

есебі


«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Кәсіптік даярлық мектебі 2015 жылғы 22 мамырдағы № 120 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының тактикалық-арнайы даярлығы, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын, 2016 жылғы 24 ақпандағы № 48 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке алғаш рет қабылданатын адамдардың арнайы алғашқы оқудан өту қағидалары мен талаптарына, 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 100 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің ӨСжАҚЖҚ» ММ кәсіптік даярлық мектептерінің оқу-тәрбие және әдістемелік қызметін ұйымдастыру тәртібін, ШҚО ТЖД бұйрықтарын, нұсқауларын және тақырыптық жоспарларды басшылыққа ала отырып, 2017 жылдың ішінде 462 қызметкерді дайындап, шығарды, оның ішінде алғашқы даярлықтан 318 қызметкер:

  • өрт сөндірушілер – 159;

  • ӨМБ инспекторлары – 3;

  • өрт сөндіру автоцистерналарының жүргізушілері – 120;

  • радиотелефоншылар – 28;

  • ММ аппараты қызметкрелері – 8.

Біліктілікті жоғарылатудан 118 қызметкер өтті:

  • бөлімше командирлері – 25;

  • өрт сөндіру автоцистерналарының жүргізушілері – 9;

  • ШАҰЖҚЖ құтқарушылары – 16;

  • АСА жүргізушілері – 43;

  • АС жүргізушілері – 25.

Қайта даярлаудан 26 адам:

  • ГТҚҚ қысқартылған бағдарламасы бойынша офицерлер – 16;

  • қарауыл бастықтары – 10.

Оның ішінде КДМ оқытушылар құрамы Семей, Зырян, Риддер қалаларына шығумен оқудан өткен:

  • бөлімше командирлері – 25;

  • АСА жүргізушілері – 26;

  • АС жүргізушілері – 25.

ГТҚҚ-ға рұқсатты 159 адам алды. Кәсіптік даярдық мектебінің ауысым құрамымен сабақ кестесіне сәйкес 3-ӨСБ (159 адам) және контейнер түріндегі жылутүтінкамерасында (159 адам) тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында практикалық сабақ өткізіледі. Өскемен гарнизонының жауынгерлік жоспарына сәйкес тыныс алу және көру органдарының жеке қорғау құралдарында 3-ӨСБ жылу түтінкамерасында Кәсіптік даярлық мектебінің оқу өрт сөндіру бөлімінің (бұдан әрі – КДМ ОӨСБ) жеке құрамымен 4 тәжірибелік сабақ және таза ауада 12 сабақ өткізілді.

Тыңдаушылар негізгі пәндер бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқып, емтихан тапсыра алады, сондай-ақ тыңдаушылардың әрбір санаты үшін екі тілде мемлекеттік және орыс тілінде электронды тестілеу бағдарламасы әзірленген. Оқу топтарымен техникамен, өрт-техникалық қару-жарақтармен, қарауыл қызметінің ұйымдастырылуымен таныстыру үшін Өскемен гарнизоны өрт сөндіру бөлімшелеріне 13 шығу ұйымдастырылды.

Тыңдаушылардың адамгершілік, мәдени және отансүйгіштік тәрбиесін дамыту, сондай-ақ мәдени деңгейін жоғарылату мақсатында ауысым құрамымен 1 наурызда «Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға» барып (40 адам), «ШҚО өрт күзетінің тарихы» тақырыбына дәріс өткізілді және 1 маусымда ІІМ құрылуының 25 жылдығына арналған дәріс (38 адам) өткізілді.

3 сәуірде «Алаштың 100 жылдығы, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы» тақырыбында «Оралхан Бөкей атындағы облыстық кітапханаға» бару (38 адам) ұйымдастырылды.

05 сәуірде «ШҚО өрт күзетінің құрылу тарихы» тақырыбында өрт күзетінің ардагері отставкадағы подполковник Майдан Қадылбекұлы Әубәкіровпен кездесу (38 адам) ұйымдастырылды.

29 тамызда «Оралхан Бөкей атындағы кітапханада» «ҚР Конституциясы» тақырыбына дәріс өткізілді.

Офицерлер құрамымен Қазақстан полициясының мерейтойына, сондай-ақ 9 мамырға арналған мерекелік іс-шараларды өткізуде дайындық және өткізу ұйымдастырылды.

Тыңдаушылардың адамгершілік және мәдени тәрбиесін дамыту үшін ақысыз негізде «Өнер мұражайына» және «Этнографиялық мұражайға» баруға келісімге қол жеткізілді.

21 қаңтарда рухани деңгейін көтеру үшін ШҚ облыстық драма театрында өткен жастар драмалық қойылымына (29 адам) барды.

12 сәуірде ҚР халық әртісі Жания Аубакированың фортепианода қойған концертіне ШҚ драма театрына (38 адам) барды.

24 шілдеде Жекепе-жек сарайында күштік құрылымдар қызметкерлері арасындағы оқпен ату жарысының ашылуына қатысты.

Тыңдаушылар арасында тәртіпті және күн тәртібін сақтау үшін КДМ офицерлер құрамынан тәулік бойы кезекшілік белгіленген. Жалпы білім деңгейін жоғарылату мақсатында күнделікті жаңалықтарды қарау ұйымдастырылған.

Тыңдаушылардың әрбір санаты үшін 11 оқу-тақырыптық жоспар әзірленіп, тыңдаушылардың 11 санаты бойынша емтихан билеттері және 31 сабақ кестесі енгізілді.

2017 жылға арналған «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ жұмыс жоспарынының 65(88)-тармағына сәйкес, ҚР 2013-2017 жылдарға арналған Діни экстремизм және терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаны орындау үшін 307 тыңдаушы қамтылып, «Терроризм психологиясы» тақырыбында 12 сағат дәріс өткізілді.

Кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатында КДМ оқытушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.М. Қалиев өрт сөндіру кезекші қызметінде тағылымдамадан өтті.

Кәсіптік даярлық мектебінің санаттар бойынша тыңдаушыларымен жұмысы туралы 16 шолу бөлімшелерге жасалып, жіберілді.

«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ оқу-жаттығу кешенінде жыл бойына сынақ қабылдай отырып өрт-саптық және дене күші дайындығы бойынша сабақ өткізіледі. Өрт-саптық және дене күші дайындығы бойынша 14 сынақ қабылдау хаттамасы ресімделді, 307 адам қамтылды.

Тыңдаушыларды оқыту кезінде КДМ оқытушыларынан басқа ШҚО ТЖД және «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен 1034 сағат өткізілді. КДМ-ға есепке алу алдында жауынгерлік дайындық деңгейін анықтау үшін 324 тыңдаушы электронды тестілеу арқылы кіру бақылаудан өтті, оның 104-і қанағаттанарлықсыз бағаларын алды. Бұл ретте КДМ тыңдаушылары қызмет ету орны бойынша оқыту сапасына талдау жасай келе тыңдаушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтап, оқыту барысында толықтырды.

Оқытушылар құрамы өткен материалдарды бекіту үшін тыңдаушылармен бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде өткізіледі. 21 кеңес беру кестесі әзірленіп, бекітілді. Оқыту процесінде туындаған мәселелерді шешу үшін 12 педагогикалық кеңес отырыстары өткізілді. КДМ басшылығы оқытушылар құрамын кестеге сәйкес педагогикалық бақылауды жүзеге асырады.

2017 жылға арналған «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ жұмыс жоспарының 72(102)-тармағына сәйкес жеке-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша 4 тоқсандық жоспар әзірленіп, бекітілді. Тыңдаушылардың әрбір тобына жеке-тәрбие жұмысы жоспары әзірленді.

КДМ-да оқу барысында тыңдаушылар оқумен қатар оқу өрт сөндіру бөлімінде тағылымдамадан өтеді.

Оқыту өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру бөлімдеріне қарастырылған барлық жайлармен (2 автомобильге арналған гараж, қарауыл жайы, диспетчерлер жайы, жатын бөлмесі, кезекші қарауылға арналған жатын жайы және т.б.) жарақталған. Бөлімнің жауынгерлік есебінде тиістілік нормасына сәйкес жинақталған СЖА-40 (130) 127 А автомобилі бар.

ШҚО ТЖД оқу-жаттығу кешенінде өткізілетін гарнизондық іс-шараларға музыкалық сүйемелдеу оркестдің күшімен жүргізіледі. Мемлекеттік, кәсіптік және жалпы халықтық мерекелерге 10 концерттік репертуар жасалып, өткізілді. 9 мамыр «Даңқ аллеясындағы» салтатантты іс-шараларды өткізуге қатысты. Оркестр тыңдаушылар арасында КДМ таңертеңгі тапсырма алу кезінде саптық дайындық өткізуді қамтамасыз етеді.

2017 жылға арналған «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ жұмыс жоспарының 84(102)-тармағына Төтенше жағдайлар жағдайына іс-қимылдар машығын игеру және оқушыларды кәсіби бағдарлау мақсатында жылдық оқу-тақырыптық жоспар әзірленіп, «Жас құтқарушы» клубтарымен 8 сабақ өткізілді:



КДМ қызметкерлері кіріс туралы декларацияларын тапсыру ұйымдастырылды. «Қазақстан патриоты» стенді дайындалып, патриоттық материалдармен толтырылды, сондай-ақ «Денсаулық бұрышы» стенді әзірленді.

«ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ КДМ бастығы

азаматтық қорғау полковнигі Д. Вареников
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет