Ќазаќстан Республикасы



бет126/172
Дата05.02.2022
өлшемі2,85 Mb.
#26253
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172
8.19 Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов (02.07.1942 жылы туған, Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) – қазақ ақыны. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). «Оңтүстік Қазақстан» (1960-65), «Лениншіл жас» (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.
Алғашқы өлеңі («Сырдария») 1959 жылы жарияланды. Тұнғыш өлеңдер жинағы («Бақыт») 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың «Балладалар» (1968), «Ай туып келеді» (1970), «Қырандар төбеге қонбайды» (1974), «Сенім патшалығы» (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. «Махаббат заңы» атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974).
М. Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. М.Шаханов – Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған.
Қырғыз Республикасының халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996). Білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген.


Тапсырмалар

1. Берілген тірек сөздердің көмегімен мәтіннің қысқаша мазмұнын қалпына келтіріңіздер: қазақ ақыны,институтты бітірген, алғашқы өлеңі, жарық көрді, кітаптары шықты, философиялық ой басым, сахнасына қойылды, әндер мәтіні, тілдеріне аударылған, басқа тілдерге аударылған, ҚР-сының Халық жазушысы.


2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
3. Мәтіннен бағытты және толықтауышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыз.
4. Қарамен берілген сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
5. Мәтін бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет