Қазақстан Республикасы


Ескерту: Студенттердің білімін бақылау, бағалау, жаттығулар, тестілік бақылау (Т), глоссарий (Г), коллоквиум (К)



бет3/4
Дата11.01.2017
өлшемі1,12 Mb.
#6875
1   2   3   4



Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау, жаттығулар, тестілік бақылау (Т), глоссарий (Г), коллоквиум (К),Эссе(Э) , Реферат(Р),Бақылау(Б),– оқытушыға тапсыру кестесі: әр аптада:

Бейсенбі– 1030 – 1230 – 30 ауд

Сенбі- 1030 – 1230 – 30 ауд

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Арғынов Х.Құмалас сөйлем синтаксисініңң методикасы.Алматы .1964.

  2. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисініңң методикасы.Алматы .1967.

  3. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисініңң методикасының негіздері.Алматы .1969.

  4. Әлімжанов Д ,Маманов Ы Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы.1965.

  5. Ә.Исабаев Қазақ тілін оқытудың дидактиклық негіздері. Алматы.1993.

  6. Жиенбаев С . Қазақ тілін оқытудың методикасы .Алматы .1946.

  7. Исабаев Ә .Қазқ тілі синтаксисі методикасының негіздері.Алматы .1969.

  8. Исабаев Ә. Фонетиканы оқыту методикасы .Алматы.,1965

Көмекші

  1. Жолымыбетов.Қ Қазақ орфографиясын игерудің негіздері.Алматы.1975

  2. Исабаев Ә.Қазақ тілін оқытудың формалары.Ташкент.1990.

  3. Текучиев А. Методика русского языка В средней школе. Москва.1978

  4. Сарыбаев Ш. Қазақ тілінің методикасының кейбір мәселелері.І бөлім .Алматы,1956

  5. Сарыбаев Ш. Қазақ тілінің методикасының кейбір мәселелері.ІІ бөлім .Алматы,1959

  6. Современный урок руского языка.Москва,1984.

Бірінші аралық бақылау



Бірінші аралық бақылау




Тақырыптар

Апта саны

Бақылау түрі

Ұпай саны

1.

Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері.

1апта




2.

Қазақ тілін оқытудың дидактикалық-методологиялық принциптері.



Глоссарий


4,0 балл

3.

Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы.

1апта







4.

Оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі.




Бақылау сұрақтары

2,0 балл


5.

Қазақ тілін оқытудың жүйесі.

2апта







6.

Қазақ тілі материалдарын меңгертудің ерекшеліктері.




Реферат

2,0 балл

7.

Қазақ тілінен білім беру әдісінің анықтамасы және оның мәні мен қызметі.

2апта









8.

Қазақ тілінен білім беру әдістерінің классификациясы.




Эссе

2,0 балл

9.

Әдістің іске асырылу жүйесі мен құрылымы.

7апта







10.

Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері туралы түсінік.




Тест

2,0 балл

11.

Қазақ тілін әдебиет материалдарымен байланыстырып өту әдістері.

7апта









12.

Түсініксіз сөздерді меңгерту тәсілдері.




Бақылау сұрақтары

1,5 балл

13.



Диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдістері.

7апта




14.

Монологтық сөйлеуді үйрету әдістері.




Тест

1,5 балл

Барлығы: 15 балл



1- апта.

1.Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері
Методология — гректің— зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерінен алынған термин. Методика білім беру кұралдарының жиынтығы деп қарастырылса, ал методология осы білім беру құралдарын басшылыққа алатын негіздер болып табылады. Жер бетіндегі ғылымдар өзінің негізгі қарастыратын объектісіне карай екіге жіктеледі: 1. Жаратылыс тану ғылымдары; 2. Қоғамдық ғылымдар.

Жаратылыс кұбылыстарын жаратылыс тану ғылымдары (физика, математика, химия, биология және осыдардан бөлініп шыққан басқа да ғылымдар) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары, педагогика және тіл білімі ғылымдары) зерттейді.

Қазақ тілін оқыту методикасы педагогиканын, бір тармағы бола тұрып, қоғамдық ғылымдар қатарына жатады. Тілдік фактілер қазақ тілін оқыту методикасының негізгі объектісі. Ал оқыту методикасы диалектикалық материализммен, біріншіден, методологиялык қағидалар жағынан ұштасса, екіншіден, зерттелетін ортақ мәселелер жағынан жақындасады. Диалектикалық материализм материя алғашқы да, сана екінші деп есептейді. Бұл қағида — ғылымдардың барлығына, соның ішінде қазақ тілін оқыту методикасына да қатысты әрі ортақ қағида. Бізді қоршаған дүние және оның заңдары адам санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді, адам оны еңбек процесінде таниды және пайдаланады. Адамның ойлауы тіл арқылы объективті шындықты көрсетеді. Объективті шындықта болған нәрсенің, танылғанның бәрі де тілде белгіленеді. Қазақ тілін оқыту методикасын зерттеуде диалектиканың негізгі заңдары мен 4 категориялары ескеріледі. Маркстік диалектиканьщ 6І-рінші зақы дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір-біріне тығыз байланысты деп қарайды. Осы занды-лықты методикаға алып келгенде оны төмендегіше түсіндіруге болады. Методика пәні және онын, зерттейтін объектілері бір-біріне тығыз байланысты. Білім беру әдістері және олардын, түрлері бір-біріне байланысып, бірін-бірі дамытып отырады. Қазақ тілін оқыту методикасындағы сабақтар да біріне-бірі үндесіп отырады, бірінсіз бірі жасалмайды.

Диалектиканың, екінші заңы заттар мен құбылыстар саннан сапаға көшіп отырады деп дәлелдейді. Қазақ тілін оқыту методикасындағы білім беру әдістері және олардың қүрылымдық элементтері жанарып, үнемі жетіліп отырады. Диалектикадағы сан — ескі әдістер, ескі методикалық терминдер, ескі сабақ құрылымдары, ал сапа — сол білім беру әдісінін, жаңаруы, қүрылымдық элементтердіқ жетілуі, сабақ түрлері, олардың топтастырылуы. Бұлардын, бәрі жаңадан қаралады, жаңаша зерттеледі, бүлар сапа ретінде танылады.



1- апта.

2. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық-методологиялық принциптері


Глоссарий. (4 балл)

1. Ғылыми принцип-


2. Консонантизм-

3. Дифтонгид-

4. Жүйелі принцип-

5. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі-

6. Көрнекілік принципі-

7. Бірізділік принципі-

8. Саналылық пен белсенділік принципі-

9. Теорияны практикамен байланыстыру принципі-

10. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі-

1 апта.

3. Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы.


Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Методиканың негізгі тірегі қазақ тілінің фактілері. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілер бойынша" білім берудің теориясы мен практикасы қарастырылады. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалады. Яғни тілдік фактілердің қорытылып, шешілген мәселелері мектеп оқушыларына жеткізіледі.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін тілдік фактілердің өзіндік белгілері (жасалу жолдары) лексикалық, фонетикалық, грамматикалық белгілері, анықтамалары әрбір кластың ерекшелігіне, олардың ойөрісі білім дәрежесіне лайықталады. Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға тікелей байланысты. Педагогиканың дидактика саласы жалпы дидактикалық принциптерді қарастырады. Педагогика жалпы методика теориясының мәселелерін зерттейді. Ал методика әрбір жеке пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады. Сондықтан методика жалпы педагогикалық қағидаларға негізделе отырып, қазақ тілі фактілерінен бі-

лім берудің заңдылықтары мен әдістерін тікелей қарастырып, педагогикалық дидактикалық принциптер казақ тілінен білім беруде қалай іске асыру жолдары ойластырады.

Педагогика негізінен тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім — оқушыларға берілетін теориялық білім мен практикалық дағды. Ал тәрбие — қазақ тілінен білім беруде мәтіндер (текстер), сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тілінен білім беруде тәрбие жүмыстары мысалдарды таңдау арқылы жүргіземіз. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді ұсынамыз. Қазақ тілі оқыту методикасы психология ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материалдардың толық қалыптасуыда түсінік, ой, түйсік, сезім және сигнал жүйелері үлкен рөл атқарады. Бүл психикалық категориялар мен пунктуатциялар білім мен дағдыны меңгертуде айрықша қызмет атқарады. Оқушыларға тілдік материалдарды толық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.

1. Жаңа материалды таныту процесі. Мұнда жаңа материал оқушыларға хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны оқушылар естиді. Материалды толық меңгертудің негізгі кепілі дағдылар аркылы іске асырылады.

2. Материалды дағдыландыру процесі. Онда тақырыптық өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі. Бүл жүмыс әр тақырыптың психикасы болып табылады.

3. Материалды қайталау процесі. Қазак тілінен өтілген күллі материалдар еске түсіріліп пысықталады. Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы пысықталып, нығыздала түседі. Жұмыстардың барлығы психикалық ұғымдармен байланысты келеді. Қазақ тілінен берілетін білімді оқушылардың ойында қалыптастыруда кинестетикалық түйсік маңызды рөл атқарады. Бұл түйсік керу мен жазуға, тікелей байланысты.

Қазақ тілін оқыту методикасы логикаға да тікелей қатысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дүрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дүрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектеп окулығындағы әр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту методикасы төмендегі міндеттерді қамтиды: 1. орта мектепте оқытылатын қазақ тілінің мазмұнын анықтайды; 2. орта мектеп оқушыларына берілетін білімнің көлемін анықтайды; 3. орта мектепте оқылатын қазақ тілі оқыту жүйесін анықтайды; 4. білім беру әдістерін топтастырып, құрылымдық ерекшеліктерін белгілейді; 5. сабақты топтастыра отырып, олардың түрлерін, құрылымдық ерекшеліктерін айқындайды.

1- апта.

4.Оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі.
Бақылау сұрақтары. (2 балл)
1. Оқулықтағы біріккен сөздердің материалын дауыстап оқып шығыңдар.

2. Жаттығу мәтіндегі біріккен сөздерді көріп жазыңдар.

3. Мәтіндегі біріккен сөздерді тауып, ауызша айтып шығыңдар.

4. Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен сөздерге ауызша мысалдар келтіріңдер.

5. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен жасалған біріккен сөздерді атаңдар.

6. Есімдіктен жасалған біріккен сөздерді табыңдар.

7. Зат есім мен етістіктен болған біріккен сөздерді іздеңдер.

8. Зоологиялық атауларға байланысты біріккен сөздерді табыңдар.

9. Ботаникалық атауларға қатысты біріккен сөздерді іздеңдер.

10. Ойын аттарын білдіретін біріккен сөздерді атаңдар.

11. Қала аттарын білдіретін біріккен сөздерді табыңдар.

12. Географиялық атауларды білдіретін кен сөздерді іздеңдер.




2 апта.

5.Қазақ тілін оқытудың жүйесі.

Әрбір тілдік материалдар методикалық жүйе теориясы бойынша орналасады. Ал жүйе дегеніміз не? Әр клас тың шамашарқына қарай сүрыптап алынған тілдік ма териалдардың өзіндік белгілерін оқыту тәртібін жүй деп атайды. Қазақ тілі бағдарламасындағы тілдік материалдар белгілі тәртіп бойынша орналасқан. Алдымен орта мектепте фонетика оқытылады. Мектеп жасын, дейінгі сәбилердің сөз үйренуі дыбыстарды айтудан басталады. Жас сәби айналадағы құбылыстарды дыбыста арқылы көрсетеді. Дыбыстардың мағына ажыратушылығы және түлғалық ерекшеліктерін аңғармай тұрып жек. сездерді түсіну қиынға соғады. Осы фонетикалық мате риалдардан кейін тілдің лексика саласы өтіледі. Лексика сөздің түрлі мағыналық ерекшеліктерін қарастырады Дыбысты және сөзді білген окушы әр сөзге косылатын қосымшалардың ерекшелігін білуге талпынады. Содан кейін морфология саласы етіледі. Алдымен сөз қүрамдары тақырыптары, сонан соң сөз таптары материалдары оқытылады. Осы сөзді және олардың қосымшаларын білген оқушыларға сөз бен сөздің байланысын, сөйлеммен сөйлемнің үйлесуін білдіру қиынға сокпайды. Сондықтан да синтаксис тақырыптарының оқытылуы осы орында беріледі.

Сондай-ақ бір тілдік саланың ішкі өтілу тәртібі де білім беруде үлкен қызмет атқарады. Фонетика материалдарының ішінен оқушыларға алғаш рет алфавиттер хабар беріледі. Алфавитті өтуден бүрын оқушылар бастауыш мектепте еткенін қайталайды. Алфавитті бәрінен бүрын өтудің негізгі себебі мынада: 1) оқушылар бастауыш мектепте еткенін еске түсіреді; 2) бастауыш мектепте берілген білім кеңейтіледі; 3) бұдан кейінгі тақырыптар дыбыс пен әріптің заңдылықтары болғандықтан оны жете меңгертуде септігін тигізеді; 4) алфавиттегі

әріптердің дыбыстық жағын еске түсіреді; 5) сөздікпен жүргізілген жұмыстар бұдан кейінгі еңбекті жеңілдетеді; 6) дыбыс пен әріп туралы алғашқы білімдері жинақталады; 7) айту мен жазу арасындағы айырмашылықты жинақталады. 8) есту қабілеті калыптасады; 9) жаттығулар арқылы қабілеті кеңейеді.

Сөйтіп алфавитті өту арқылы дыбыс жүйесін жете мецгеруге баспалдақ жасалады. Алфавиттен кейін өтілетін тақырыптын, бірі — тіл дыбыстары. Мұнда сөздің сөйлемге бірігуі, сөздін, буын жігі, буыннын. дыбыстық жағы, фонетиканың мағынасы мен зерттейтін объектісі саз етіледі, әріп пен дыбыстьң ара қатынасы салыстырылады. Дыбыс жасаудағы сөйлеу мүшелерінін. қызметі ай-тылады. Алфавиттегі әріптердін, айтылуы мен жазылуын меңгерген оқушыға бұл әдіс мүлде қиындық келтірмейді. Тіл дыбыстары туралы түсініктен кейін буынның ең, кішкене бөлшегі — дыбыс сөз болады. Бүл тақырыпты өтпей, тілдің дыбыстық жүйесіндегі дыбыс заңдарын білу қиынға соғады. Дыбысты үйрете отырып, оны белгілсу үшін қабылданған шартты таңба — әріп салыстырылады. Дыбысты айтуда әріпті жазып көрсету үлкен рөл атқарады. Дыбыстау мүшелері, дыбыс пен әріп жөнінде түсінік алған оқушыға дауыстылар мен дауыссыз дыбыстарды меңгерту қиындық келтірмейді. Дыбыстау мүшелерінің қызметі дыбыстын, өзіндік белгілерін, яғни дауыстылар мен дауыссыздардын, ерекшеліктерін жете ажыратуға септігін тигізеді. Дауыстылар мен дауыссыздардың өзіндік белгілері, жіктелуі өтілген соң, дауыстылардын, түрлері оқытылады.

Дауысты дыбыстардьщ ішінде алдымен еріннін, қатысына қарай белінуі өтіледі. Езулік дауыстылар еріндік дауысты дыбыстармен салыстырыла түсіндіріледі. Бұдан кейін дауыстылардың иектің қызметіне қарай бөлінуі келеді. Еріндік және езулікті жете игерген оқу-шыға, ашық, қысаң, дауыстыларды саналы меңгертуге болады. Иектің темен түсуі немесе жоғары көтерілуі, ауыздың кен, және тар ашылуы ашық пен қысақ дауыстыньң жасалуына байланысты. Ауыздың, иектін, әрекетімен бірге ерін мен езу де қозғалыста болады. Бүған іле-шала дауыстылардьщ тілдік қалпына қарай белінуі, одан кейін тіл дауыстылары бірінен кейін бірі өтілуге тиіс.

Дауысты дыбыстардын, емлесі дыбыс жүйесінің материалдарына байланысты оқытылады. Мұнда теориялық білімді орфографиямен жанастыру принципі көзделеді. Бұл жүйенің, біріншіден, дауыстылардың түрлерін жете меңгерту үшін, екіншіден, сол түрлеріне байланысты берілетін емлелік білімді терең үғындыру үшін, үшіншіден, әріптерді бір-бірімен салыстыра, салғастыра та-ныту үшін, төртшшіден, берілетін білімді талдап-жинактап жасау үшін, бесіншіден, берілетін білімнің жігін , үзбей, яғни жүйелілікті сақтау үшін, алтыншыдан, монофтонг дыбыс пен дифтонг дыбыстарды, олардың көрінісін дәл таныту үшін пайдасы бар. Сонымен бірінші кезекте еріндік дауысты дыбыстардың емлесі оқытылады. 0, е, У» Ұ» Ү әріптерін еріндік дауысты дыбыстардан кейін өткен мақүл. Бүдан кейін езулік дауысты дыбыс әріптерінің емлесі етіледі. Алдыңғы тақырьшты жетік үлгірген оқушылар езулік дауысты дыбыс әріптерінің емлесін ойдағыдай меңгеріп кетеді. Езулік дауысты дыбыстар туралы теориялық білім а, ә, е, э, ы, і әріптерінің емле-сімен байланыстырылады. Оқушылар көздерімен көріп, қолдарымен жазады. Сөйтіп көру түйсігі мен сезім түйсігі ұштасады. Осыдан соң и, е, ю, я әріптерінің емлесі оқытылады. Бүл әріптер қос дыбыстың таңбасын білдіруіне қарай жіктеледі және олар былайша орналастырылады: и, е> ю, я.

Дауыстылар мен олардың емлесінен кейін дауыссыз дыбыстар мен олардың емлесі оқытылады. Дауыссыз дыбыстардан бірінші кезекте үнді дауыссыз дыбыстар өтіледі. Унді дауыссыздарды бұлай өтудің мынадай себептері бар: 1) үнді дауыссыздар үяң мен қатаңға қарағанда дауыстыларға бір табан жуық; 2) үнді мен дауыстыларды салыстыра талдау үшін ете қажет; 3) қатаңнан үяңның, үяңнан үндінің үні басым; 4) үнді мен дауыстыларды салыстыру арқылы дауыстылар қайтала-нады; 5) үнділерді жете меңгерту үшін оның өзіндік белгілері ескеріледі. Бұдан кейін үнді дауыссыздардың емлесі теориялық білімге жанастырылады. М, н, ң, у, л, р, й әріптерінің орналасу тәртібі оқушылардың көру кабілеті мен есту қабілетіне орай беріледі. Ұяң дауыссыздар үнділерден кейін өтіледі. Ұяңда үндіге қарағанда үн, дауыс солғындау. Сондықтан осы тәртіпте етілуі орынды. Теориялық білімнен кейін үяң дауыссыздардың емлесі өтіледі. Олардың орналасу тәртібі мынадай болады: б, в, д, з, ж, г, ғ, һ. Үяң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі түгел оқытылады. Бұның емлелік сауаттылықты арттыру үшін және қатесіз жазуға дағдыландыру үшін септігі мол.

Қатаң дауыссыздар ұяңнан кейін оқытылады. Қатаңды ұяңға қарама-қарсы қойып, салыстыру мағынасында өтілгені мақүл. Қатаң дауыссыздар былайша тізбектеледі: п, ф, т, с, ц, ч, ш, щ, к, қ, х. Қатаң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі де теориялық мәліметтен соң өтіледі. Бүлай еткенде: 1) теориялық білім мен емлелік білім қабысады; 2) катаң дауыссыздардың емлесінен хабар беру оқушылар біліміне, мүғалімнің уақытына, сағат санына нүсқан келтірмейді;- 3) қатаң дауыссыз-дардың емлесіне байланысты қателер кетпейтін болады; 4) орфографиялық сауаттылығы артады. Бұл такырыптан соң ь— айыру белгісі мен ь — жіңішкелік белпсінің емлелері өтіледі. Дауыссыз дыбыстардан соң дауыссыз әріптер тіркесінің емлелері окытылады. Алдымен олар мына тәртіп бойынша орналастырылады: мб, мп, нг, нд, нк, фт, ск, кс, кт, рк тіркесінің емлелері бірінші кезекте, сонан соң мм, лл, тт, сс, сть, зд тіркесшің емлелері оқытылады. Әріптер тіркесі әркелкі әріптер мен біркелкі әріптер тізбегі негізінде орналастырылады. Осыдан кейінгі өтілетін күрделі тақырыптардың бірі — буын. Буын туралы мәлімет және оның түрлері оқытылады. Тасымал — буынға тығыз байланысты. Сондықтан оның буыннан соң етілуі заңды. Сөз бөлшектерінің тасымалдануы буынның түрлеріне тікелей қатысы бар. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні әрқашан сездің соңында. соңғы буында болады. Екпіннің, негізінен, буынға түсуіне, буьшда болуына байланысты буын мен тасымалдан кейін өтілгені мақұл. Екпін көптік жалғауында тұрсын немесе басқа қосымшаларда болсын соңғы буында болады. Сондықтан екпін буын мен тасымалдан кейін оқытылады.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың емлесін және буын мен тасымалды, екпінді өтіп болған соң, осыларға жанастыра үндестік заңы өтіледі. Үндестік заңы мынадай мәселелерді қамтиды: 1) кейбір орфографиялық мәселелер; 2) орфоэпиялық мәселелер; 3) буынға және 4) екпінге қатысты мәселелер. Сондықтан үндестік занының дыбыс жуйесі материалдарының ақырында оқытылуы орынды. Үндестік заңы туралы түсініктен кейін буын үндестігі өтіледі, өйткені буын үндестігі — дауыстыларға байланысты үндесу. Дауыссыз дыбыстарға байланысты үндесу — дыбыс үндестігі болып табылады. Дауысты дыбыстардан кейін дауыссыз дыбыстар өтілетін болғандықтан, дыбыс үндестігінің де осы жүйемен өтілуі мақүл. Дыбыс үндестігінің ілгерінді ықпалы бұрын, кейінді ықпалы кейін өтіледі. Түбір мен қосымшаның аралығындағы ілгерінді ықпалдың орны морфоло-гиялық жүйе бойынша белгіленеді. Сөз бен жеке сөздер құрамы түбір сөз және қосымшалы сөз болып бөлінеді. Бұдан сон, сөздердін, бірігуі және сөздердін, тізбектеліп. тіркесуі ескеріледі.

Сондай-ақ ілгерінді ықпалды өтуде, алдымен сөз, оның қосымшасы біріккен сез және сөз тіркестері жүйесі ескеріледі. Түбір сөздегі соңғы дыбыстың қосымшадағы басқа дыбысқа, біріккен сөздің алғашқы сыңарының соңғы дыбысы кейінгі сыңардың басқы дыбысына, қатар келген бірнеше сөздің алғашқысының соңғысына әсер етуі сөз етіледі. Ілгерінді ықпалды жете меңгерген оқушыға кейінді ықпал заңдылықтары оншалық қиындық келтірмейді. Кейінді ықпалдың түбір мен қосымша аралығындағы, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы, сөз тіркестері аралығындағы үндесуі оқытылады. Дыбыстардың, бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуінің орфоэпия мен орфографияға тікелей қатысты екені бұрыннан белгілі. Мектепте бұл мәселені оқытып-үйрету тек дыбыс жүйесі тақырыптарын етумен шектеліп, сонымен бітіп қалмауы керек. Дыбыстардың ықпал ету, үндесу заңдылығын морфология белімінде әр түрлі жалғауларды (көп-тік, тәуелдік, септік, жіктік) оқытуда қайталап, еске түсіріп отыру қажет.
2 - апта.

6. Қазақ тілі материалдарын меңгертудің ерекшеліктері.



2 балл




  1. Қазақ тілі материалдарын еске түсіру

  2. Қазақ тілі материалдарына дағдыландыру.

  3. Қазақ тілі материалдарын түсіндіру.

  4. Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері

  5. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық-методологиялық принциптері

  6. Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы

  7. Оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі

  8. Қазақ тілін оқытудың жүйесі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі :

1. Арғынов X. Құрмалас сөйлем синтаксисінін методикасы. Алматы, 1964.

2. Арғынов X. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы. 1967.

3. Арғынов X. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. Алматы, 1969.

4. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін окыту методикасы,. Алматы, 1965. ' '

5. Дудников А. Методика синтаксиса и пунктуаций в восьмилетней школе. Москва, 1963.

6. Дудников А. Методика изучения грамматики в восьмилетней школе. Москва, 1977.

7. Жолымыбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. Алматы, 1975.

8. Жиенбаев С. Казақ тілініц методикасы. Алматы, 1946.


2– апта
7. Қазақ тілінен білім беру әдісінің анықтамасы және оның мәні мен қызметі.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білімі мен практикалық дағды беруде білім беру әдістері жи қолданылады. Сондықтан білім беру әдістері теориялық методиканың негізгі мәселелері болып саналады. Әдіс (метод) грек тілінен енген сөз. Оньщ бастапкы үғым «зерттеу» деген мағынаны аңғартқан. Бертін келе алғашқы мағынасын кеңейтіп, «белгілі бір пәнді оқытуды әдісі дегенді білдіреді. Сөйтіп әдіс қазак тілінен теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім-тәрбие берудің амалдарын са

ралайды, соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді. Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен білігін және практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс жүйесі оқыту әдістерінің қүрылымына тікелей байланысты. Сонымен бірге мүғалім басшылығы мен орындалатын оқушы жұмысының түрақты сатысы оқыту әдістерінің мазмүнына қатысты. Білім беру әдістері қазақ тілінің теориялық материалдарын психикалық функциялар негізінде меңгертіп, оны оқушылар ойында қалыптастыруды және практикада шебер қолдана білуді үйрететін тәсілдер құрамы болып табылады.Білім беру әдістеріне педагогика теориясында төмендегідей анықтама берілген: «...Білім беру әдістері окушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мүғалімнің жүргізетін жүмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі» '.

Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыс жүйесі арқылы жүзеге асады. Осы процесте мынадай ойлау дағдылары қалыптасады: тілдік материалдарды талдау; талданған объектілерді түсіндіру; объектілерді дәлелдеу; объектінін. өзіндік белгілерін санап керсету; тақырыпты оқыту; оқыту үстінде қатесін түзету; тақырыптың анықтамасы мен ережесін айту; бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне таптырып талдату. Білім мен дағдының өзара кірігуі арқылы білім беру әдісінің құрылымын білуге жол ашылады, мүғалім мен оқушының қарым-қатынасы күшейіп, мүғалімнің білім беру шеберліктері төселеді, теориялық және практикалық әдістері саралап қолдануға жаттығады. Осының нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістері жүйеленіп, білім берудің сапасы артады.




2 – апта.

8.Қазақ тілінен білім беру әдістерінің классификациясы.

Эссе

2 балл

(студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойларымен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі.) Эсседе бірінші кезекте студенттің «Мен» деп айтуы көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.

1 Қазақ тілінен білім беру әдістері.

2 Қазақ тілінен білім беру әдістерінің классификациясы.



7 – апта.

9. Әдістің іске асырылу жүйесі мен құрылымы.

Қазақ тілінен саналы әрі тиянақты алған білімдерін іс жүзіне асыруда жүйелі жұмыс тәртібі үлкен рөл атқарады. Сондықтан өнімді әдістерді методика қағидаларына сәйкес жүргізіп отыру мақсаты көзделеді. Жоғарыда айтылған әдістерді іске асыру арнайы тақдалған материалдар негізінде жүргізілетін жұмыстың психологиясына байланысты. Әдістін, қолданылу жүйесі білім алу көздеріне негізделе отырып, мына сияқты жұмыстық басты процестерін ескереді: 1) әдістің іске асырылу жүйесі объектіні меңгертудің психологиялық басқыштарына қатысты. Мүғалім мен оқушының қарым-қатынасы бойынша бұрын өтілген материалдар мен жаңадан өтілетін объектілер жөнінде оқушыларда белгілі дәрежеде үғым, түсінік пайда болады. Бүл кезде өтілген материалдар оқушылар ойында сәулеленеді. Белгілі бір объекті логикалық ойлаудың тәсілдері мен екінші сигнал жүйелері нәтижесінде ой қорытындысы жасалады. Ой корытындысын жасауға себеп болатын бастапқы басқыш осы сәулеленуден туады. Берілген білім мен дағдыларды оқушылар белгілі дәрежеде жартылай игереді. Түсіндірілген объектілер жөнінде белгілі көлемде білім сапасын меңгертеді. Жүйелі жаттықтырылудың, мол пысықталудың негізінде толық меңгеру туындайды; 2) әдістің іске асырылу жүйесі материалдың ауыр жеңілдігіне байланысты орындалады. Өтілген тақырыптьщ өзіндік белгілері бесеуден артық болса, оқушыларға туырлау соғуы мүмкін. Сондықтан мүғалім алдымен түсіндіру әдісін талдау тәсілдерімен ұштастырады. Өткенді еске түсіру және жақа материалмен байланыстыру мақсатында алдыңғы сабақта не өтілгені жинақталады. Соған сәйкес оқушылардын, түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі. Қойылған сүрақтарға бірде оқушылар, бірде мүғалімнің өзі жауап кайтарып отырады. Бұдан кейін оқушыларға үш сөйлем карточкалар арқылы таратылып беріледі. Олардың өзіндік белгілерін түсіндірмелі тәсілмен дәлелдейді. Сонан кейін сабақта қайсы тақырып өтілетіні, онын, теориялық және практикалық мәні ескеріледі, тақырыпқа арналған көрнекі қүрал тақтаға ілінеді, қазақ тілі материалдарының өзіндік ішкі заңдылықтары түсіндіріледі. Қазақ тілі тақырыптары туралы айтылған тілдік белгілерді қорытып, жинақтайды, осы материал жайында оқушылардың қойған сүрақтарына жауап береді. Мүғалім материалдың ауырлығын ескере отырып, дағдылар құрамын іске асырады; 3) әдістің іске асырылу жүйесі материалды оқытудағы басты мақсаттарға қарай жүргізіледі. Мәселен, жоғарыдағы жүйемен жүргізілетін түсіндіру әдісінде мынадай мақсаттарды көздеуге болады: өткен материалды еске түсіру, оғаң сөйлемдер таратып беру, көрнекі құралды пайдалану, материалды талдау әдістері арқылы жинактайтын дағдылар көрсету, олардың өзіндік белгілерін таныту, нақтылы жаттығу жұмыстарын көрсету.

Белгілі бір грамматикалық тақырыптарды ету үстінде әдістер жиынтығы бірімен-бірі кірігіп, төгенделіп, байланысып отырады. Мүндайда әдістін, екі түрлі кызметі ескеріледі: а) толық элементті әдіс; ә) аралас элементті әдіс. Толық элементті әдіс тілдік материалдардан білім беруде өзінін, ішкі қүрылымын істің өн бойында бүтіндей сақтайды. Сөйтіп оқушыларға теориялық

білім мен практикалық дағды беруде жетекші қызмет| атқарып, белгілі бір әдіс жүйесінде дараланып отырады. Ал аралас элементті әдістер білім беруде жаппай қатысып, әрбір әдіс элементтерінің тиісті орында қызмет атқарғандығы сезіледі. Материалды түсіндіруде өтілгенді еске түсіру үшін, талдау, түсіңдіру әдістері, хабарлауі амалдары, көрнекілік тәсілдері, әңгіме әдістерінің элементтері қолданылады. Түрлі әдістер элементтерінің қосылуы теориялық материалдардын, меңгерілуіне жағдай жасайды. Әдісті іске асыруда негізгі мақсаттармен бірге тақырыпқа сай ескерілетін принциптерді ұмытуға болмайды. Мәселен қазақ тілі тақырыптарын оқыту үстінде: а) әдіс элементтерін ұштастыру; ә) оқушылардың зейінін қазақ тілі тақырыптарына аудару; б) тақырып-тың өзіндік белгілерін тірек ету; в) тақырыптың әсерлі-1 лігі мен мәнерлілігін күшейту; г) ауызша сөйлеу дағдысын арттыру; д) жазу сауаттылығын арттыру; е) оқу-1 шылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділігі мен саналылығын күшейту т. б. қадағалаған жөн.Сөйтіп әдістің іске асырылу жүйесі лингвистикалы фактілерді тірек етіп, психологиялық факторлар негізінде дидактикалық-методикалық принциптер бойьшша жүзеге асады. Таза практикалық жүмыстарды орындауда түсініксіз сөздерді түсіндіру, ауызекі тілді дамыту, мә нерлеп оқу, қосымша әдебиеттермен жүмыс істеу тәсілдері жұмсалады. Теориялық тілдік материалды оқытуда әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру, кітапты пайдалану әдістері қолданылады.



7 – апта.

10.Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері туралы түсінік

Тест

2 балл

1. Методология термині қай тілден алынған қандай мағынаны білдіреді?



  • Грек “зерттеу,әдіс,ілім”

  • Латын “Әдіс”

  • Арап “Жаттығу әдісі”

  1. Қазақ тілін оқытудың неше принциптері бар?

    • 6

    • 7

    • 8

  2. Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеу әдістері:

  • Бақылау,эксперимент әдістері

  • Түсіндірмелі,прооблемалы әдіс.

  • Әңгімелесу әдісі.

4 Орта мектеп оқушыларына қазақ тілінің синтаксис материалдары неше салаға ажратылып оқытылады?

  • 3

  • 4

  • 5

5. “Тіл де сана сияқты ,ертеден келе жатқан нәрсе ,тіл,дәл айтқанда ,басқалар үшін,осының арқасында өзім үшін де ,өмір сүріп отырған шын практикалық сана болып табылады,сөйтіп тіл де сана сияқты ,басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттігінен келіп туады.”деген кім?

  • К.Маркс пен Энгельс

  • К.Д Ушинский

  • Я.А Каменский

  1. Бірнеше кісінің сөйлесуін білдіретін сөз:

    • Диалогтық

    • Монологтық

    • Төл сөз

7 Өтілетін материалды тұтас мазмұндау, түсіндіру және оны жүйелі айтып беру қай сөйлеуге тән қасиет?

    • Диалогтық

    • Монологтық

    • Төл сөз

  1. Пауза сөзі қай тілден алынған?

  • Грек

  • Латын

  • Ағылшын

9. Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістеріне қай әдістер жатады?

    • Әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі

    • Эксперимент әдісі, практикалық әдіс

    • Лабораториялық әдіс

10.Орфаграфиялық талдау нені қарастырады?

  • Дұрыс жазуды

  • Дұрыс айтуды

  • Дұрыс талдауды


7 – апта.

11.Қазақ тілін әдебиет материалдарымен байланыстырып өту әдістері.
Әрбір жеке пән мүғалімдері оқушылардьщ ой-өрісіні дамыта отырып, бір пәннен алған білімін екінші бір пәнге пайдалану жағын қарастырады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды. Сондықтан оқушылардың әрбір пән бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырғаны мақұл. Осындай жүйелі практикалық дағдылар негізінде ғана оқушылардың жеке пән бойынша танымы шоғырланып, басқа пәндерден алған білімімен ұштастырылады, тереңірек білуге мүмкіндіктер туады. Демек, жеке пәндерді терең меңгерту нәтижесінде ғана пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс пәндердің өзара қамтитын материалына, зерттеу сипатына және жақын-алыстығына қарай жұмыс жүргізу тәсілдерін белгілейді. Пәнаралық: байланыс талабын жүзеге асыру жүйесінде мұғалімдердің алдын ала ойластырып жасаған жоспарлары болуы тиіс. Пәнаралық байланыс тәсілдерінің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: а) бір пәннің материалын екінші пәннің материалымен салыстыра отырып, мазмұны жағынан үқсас тақырыптардыд пәнаралық байланысын жасау; ә) жеке пәндер материалдарын меңгерту бары-сында өзге пәндер материалдарын негізгі мәселені толықтыру мақсатында пайдалану; б) жеке материалдарды терең меңгерту тұсында ғана пәнаралық байланыстылықты жүзеге асыру; в) пәнаралық байланысты әдіс ұқсастықтарына қарай жүргізу; г) бір пәннің материалын екінші бір пәнге практикалық жаттығу ретінде пайдалану; ғ) оқулық материалын өмірдегі әр алуан мін-деттермен байланыстыру.

Ана тілі мүғалімі әдебиет материалдарын сабақ. жүйесінде үнемі пайдаланып отырады. Бұлай етудің әрі ғылыми, әрі практикалық мәні бар. Пәнді оқыту және тәлім-тәрбие жұмыстарында тіл мен әдебиетті тығыз ұштастырып отырудың практикалық жақтан пайдасы мол. Осының нәтижесінде оқушылар ана тілін, оның сөз байлығы мен сөз өнерін үйренеді. Қазақ тілі сабағында әдебиет материалдарын пайдалана отырып, олардың сөз байлығын шоғырландырып, әдеби тілде сөйлеуге үйретіп, шығармашылық іске дағдыландырып отырған жөн. Оқушылар өз халқының өнері мен ғасырлар бойғы тарихын, оның көркем сез өнерін әдебиет арқылы таниды. Сөйтіп өмірдің шындығын, халықтын, тарихы мен тілін жақсы біледі, үғады. Әдеби шығармаларды тілмен байланыстыру оқушылардың үғымын дамытады, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, соған қызығуы мен сүйіспеншілігін күшейтеді. Әдебиетке байланысты тақырыптар ертегілерден, жұмбақ пен макал-мәтелдерден, әңгіме мен очерктерден, өлеңдер мен поэмалардан, пьеса мен повесть, романдардан таңдалып алынады.

Енді біз қазақ тілі мен әдебиеттің байланысын іске асыратын жұмыс жүйесіне тоқталайық: а) «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінен алынған үзіндіні оқи отырып, дыбыс пен әріптерге ажыратыңдар да, неше дыбыс, неше әріп барлығын түсіндіріңдер. Жүмыс жүйесі: мұғалім алдымен ертегі үзіндісін дауыстап оқып шығады.

Оны оқушылар тыңдап отырады. Бұдан кейін екі-үілгілі оқушы дауыстап оқиды, оқылған сөйлемдерді басқалары дәптерінё жазады. Әрбір оқушы сөйлемді өз бетімен дыбысқа, буынға бөледі де, қалай болғандығын түсіндіреді. Жазып болған оқушы қолдарын көтеріп, жауап береді; ә) төмендегі жұмбақты оқып шығыңдар да, жауабын тақтаға жазып, фон тәрізді буындарды еске түсіріңдер:

Мұрнында бар инесі, Бетінде бар түймесі. Аузын ашса сөйлейді, Табыңыздар не осы?

(Патефон).

Жұмыс жүйесі: мұғалім жүмбақ жазылған карточканы 3—4 оқушыға таратып береді. Әрбір оқушы өзіне берілген карточканы дауыстап, мәнерлеп оқиды. Сонан соңі соңғы 4-оқушы өз карточкасын дауыстып оқып, барлық оқушыларға жаздырады. Оны былай айтып тұрады. Мұрнында бар инесі — жай сөйлем, жазып альщдар, қайталаймын, тексеріңдер; енді екінші сейлемді оқимын — Бетінде бар түймесі — қайталаймын, тексеріп ; шығыңдар; үшінші сөйлемді оқймын — Аузын ашса сөйлейді — түгел жазыңдар, жай сейлем, қайталаймын, тексеріп шығыңдар. Енді соңғы сөйлемді оқимын — Табыңыздар не осы? — бұл сұраулы сөйлем, қандай тыныс белгісі қойылады. Жауабын тапқан оқушы тақтаға шығады да жауабына сәйкес термин сөздерді тақтаға тізбектеп жазып қояды: патефон, магнитофон, телефон, таксофон, электрофон; б) мына мақал-мәтелдерді оқып отырып, түбір сөздерге жалғанған қосымшалардын, үндесуін дәлелдеңдер:

1) Туған жердің жері де көрікті, Елі де көрікті.

2) Еңбек түбі — береке, Көптің түбі — мереке.

3) Ынтымак, түбі — игілік, Тірлік түбі — бірлік.

Жүмыс жүйесі: мұғалім жылжымалы тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді іліп қояды да, бір оқушыны орнынан тұрғызып, мақалды дауыстап оқытады. Осы сөйлемдегі жердің, жері, елі сияқты сөзді ауызша түсіндіріп, ажыратуды талап етеді. Оқушы: жер — түбір сөз, жалпы зат есім, атау септікте; -дің қосымша, бүлар екіге бөлінеді:жұрнақ және жалғау, -дің ілік септіктің жалғауы, оны мьша сияқты сыңарлары бар: -дың, -дің, -ның, -нің, -тын, -тің. Мұғалім бүдан кейінгі оқушыны тақтаға шығарады да, екінші сөйлемді дауыстап оқытады. Сонан соң мақаладағы барлық сөздерді мына тәртіппен жаздырып, түсіндіреді: еңбек — түбір сөз, зат есім, жалпы есім, атау септікте тұр, түбі — түбірі — түп, көмекші есім, тәуелді жалғаудың 3-жағында тұр, береке — түбір сөз, жалпы зат есім, атау септікте тұр. Бұдан кейінгі тақтаға шыққан оқушы үшінші мақалды түсіндіре отырып, талдау жасайды. Сөйтіп морфологиялық тақырыптарды таныту түсында үндестік заңынын, өзіндік белгілерін үйретеді;

в) Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесінен алынған үзіндіні оқи отырып, дауысты дыбыс әріптерінің жазылу емлелерін түсіндіріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім мәтіндегі әр сөйлемді өзі дауыстап оқып шығады. Бұрыннан дайындалған карточкаларды оқушыларға таратып береді. Мұны ауызша да, жазбаша да жаттығу үлгілерімен түсіндіруді талап етеді. Әрбір карточкада жаттығу жұмысын орындау шарты көрсетіледі: зат есімнің тәуелденуін түсіндіріңдер, зат есімге қандай көптік жалғауы жалғанып тұрғандығын айтып беріңдер, зат есімге қандай жіктік жалғауы жалғанып түрғандығын түсіндірін,-дер, сөзге қайсы септік жалғаулары жалғанып тұрған-дығын және осы жалғаулардағы үндестік заңын түсіндіріңдер. Сөйтіп морфологиялық тақырыптарды таныту тұсында үндестік заңыньщ өзіндік белгілерін үйретеді;

г) С. Мүқановтың «Колхозды ауыл осындай» өлеңіндегі дауыссыз дыбыстарды атаңдар да, олардың жазылу емлесін түсіндіріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім тақтаға: С. Мұқановтың «Колхозды ауыл осындай» өлеңі деп жазып қояды. Сонан соң кластағы әрбір оқушыға бір-бір шумақтан өлеңді оқытады. Окушылар бір шумақ өлеңді оқи отырып, ондағы дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесін түсіндіреді; д) Сейфуллиннің «Альбатрос» поэмасынан алынған үзіндіні оқи отырып, ондағы дауыссыздарды атаңдар да, ол қалай жасалып тұрғандығын айтып беріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім мәтінді дауыстап оқиды да, ондағы іріктеліп алынған жеке сөздерге сейлем құрауды жүктейді. Бүдан кейін әрбір оқушы жеке сөздерге байланысты сөйлемдер кұрайды. Құралған сөйлемдерін дауыстап оқиды, жатық әрі дұрыс күрылған сөйлемдерді тақтаға жазып қояды. Оны жаппай түрде талдап, сөйлем оралымына назар аударады. Әр сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардын, түрлерін талдап, түсіндіреді; е) Ғ. Мұстафиннін, «Миллионер» повесінен алынған үзіндіні оқи отырып, буыннын, түрлерін ажыратыңдар. Жүмыс жүйесі: мұғалім сабақ соңында үй тапсырмасы (еңбегі) ретінде, онын, орындалу шартын бағдарлайды: а) повестен алынған үзіндіні бір рет дауыстап оқып береді; ә) сөйлемдегі жеке сөздерді буындарға бөледі; б) неше дауысты буын және онын, қай түрі екендігін айырады; ж) С. Мүқановтың «Ботагөз» романынан алынған сөйлемдерді буынға бөлдіре отырып, буынның тасымалдану, ерекшелігін ауызша да, жазбаша да түсіндіріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім әрбір оқушыға мәтінді оқытады да, түсіндірмелі жолмен ауызша үғындыруды жүктейді, жақсы түсіндірген оқушылардын, сөйлемі тақтаға жазып қойылады; з) М. Әуезовтің «Абай» романынан .алынған үзіндіні оқи отырып, оны кластан тыс жүмыс ретінде орындаңдар. Жұмыс жүйесі: оқушылардын, үйде орындап келуіне арнап, мұғалім романнан үзінді мәтіндерді таңдайды. Осы мәтін ішінен үндестік заңынын, өзіндік белгілерін айыра отырып түсіндіруді оқушыларға тапсырады. Мұғалім кластан тыс кітап оқыту жүмыстарында, оқушылардын, дұрыс оқу шеберлігін төселдіреді. Мәтінді мәнерлеп оқуға, оқығанын жақсы түсініп, әдеби тілмен айтып беруге дағдыландырады. Сөйтіп ол көркем шығармадағы жаңа сөздерді, сөз жасау тәсілдерін, қазақ тілінін, анықтамалары мен ережелерін және сөз саптау, сөйлем қүраудын, стилистикалық жақтарын оқушылардың өзіне зерттетіп отырады.




  1. апта. 1,5 балл

12.Түсініксіз сөздерді меңгерту тәсілдері.

Бақылау сұрақтары.





  1. Түсініксіз сөздерді меңгерту

  2. Түсініксіз сөздерді меңгертудің әр түрлі тәсілдері.

  3. Түсініксіз сөздердің жүйеге бөлінуі.

  4. Мәтіндегі түсініксіз сөздерге түсініктеме беру.

  5. Түсініксіз сөздерді еске түсіріп, сөйлемдер құрату тәсілдері.

  6. Объектіні анықтамалар мен ережелер негізінде түсіндіру.

  7. Сөздерге сипаттама беру арқылы түсіндіру.

  8. Жаңа сөздердің түбірін іздестіру арқылы түсіндіру.

  9. Синоним сөздердін мағыналық бірлігін ашу, айқындау арқылы түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет