Қазақстан республикасы



бет1/4
Дата17.11.2016
өлшемі2,75 Mb.
#1911
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КӨРНЕКТІ ИНЖЕНЕРЛЕРДІҢ ЕЛІМІЗДІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде

4-жинақ
3-ші басылым, өңдел. және толық.

Қарағанды 2016
ӘОЖ 32.000.93 (574) = қаз

КБЖ 30 (5 Каз) = қаз

К 69
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

Құрастырушы-авторлар: Т.С. Сүлейменов, К.З. Сәрекенов, Н.А. Алпысбаева,

Д.Е. Джакупова, А.К. Мубаракова

К 69 Көрнекті инженерлердің елімізді индустриаландыруға қосқан үлесі. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 4-жинақ / ҚР ҰҒА акад. А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 3-ші басылым, өңдел. және толық. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2016. – 126 б.

Бұл жинақ көрнекті инженерлердің және олардың Қазақстанды индустриаландыруға қосқан үлестері туралы түсінік беретін мақалаларды құрайды.

Жинақтың мақалалары «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді Қалыптастыру» атты патриоттық тәрбиелеу концепциясын жүзеге асыру аясында кураторлық сағаттар мен басқа іс-шараларды дайындау үшін кураторларға ұсынылады.

ӘОЖ 32.000.93 (574) = қаз

КБЖ 30 (5 Каз) = қаз
© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2016




Кіріспе
Қазақстан ең бірінші болып 2015 жылы 50 көшбасшы дүниежүзілік экспортерлер қатарына кіріп, 43 болып орын алды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық экспорт көлемі барлық Орталық Азия аумағындағы экспортты құрағанда 30 пайызға көп болды. Біздің экспорттың құрамы дайын, өңделген өнімді алады. Бұл Қазақстанның табысы үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының қатысушы құқы ретінде маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банк деректері бойынша қткен бес жылда біздің өңдеуші саланың өнімінің шығарылымы 24 миллиард доллар, яғни 7 миллиардқа өсті. Көрсеткіш бойынша, былтырғы жылы, ағымдағы ғаламдық дағдарыстың теріс әсер етуіне қарамастан, бұл салалар өсім беруде.

2015 жылы 12 индустриалдық жоба металлургия, машина жасау, химиялық өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және құрылыс индустриясында іске асырылды. Елбасымыз қол жеткен индустриализация көрсеткіштері Қазақстанның экономикасын технологиялық жаңғыртылуыға алып келуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Индустриализация бағдарламасын ішкі және ғаламдықтрендтердің өзгері негізінде өзектендіру қажет. Дербес жағдайда индикаторлар санын қысқарту қажет. Мемлекет басшысы халыққа арналған Жолдауда атап өткендей, барлық көрсеткіштердің небәрі үшеуі – еңбек өнімділігі, экспорт көлемі, негізгі қаржыға инвестиция тарту. Қазақстан Президенті үдемелі ауысымның экономиканың сервисті-индустриалды моделіне басты назар аударады.

Сапалы дамуды қызмет көрсетудің шектес секторлары – кәсіби қызмет көрсету, инжиниринг, жоғары технологиялық сервистер, логистика және басқалары алуы керек. Қаржы жүйесін оңтайландыру шынайы экономика секторының ұзақ мерзімді және қолжетімді кредиттеу мақсаттын көзге алу қажет. Қазір жаңа шартты құру үшін экономикалық бәсекелестікке және индустриалдық дамудағы кіші және орта бизнеске қатысу аумағын кеңейту үшін кең көлемді жекешелендіру жүріп жатыр.

Жаңа инвестициялық саясаттың мақсаттары индустриализация жобаларына тоқталу қажет. Қазақстанда 2015 жылдың бірінші жалты жылдығында 7,5 милиард шетелдік инвестициялар тартылды. Негізгі инвестор елдермен: Қытаймен, Ресеймен, Франциямен, Ұлыбританиямен, Түркиямен, Үндістанмен, Жапониямен келіссөздер жүзеге асуда. Ортақ сомасы 40 миллиард долларды құрайтын 120 жаңа жобалар өңделуде. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру басымдықтарын өзгерту, ғылыми зерттемелерден пайда табуды күшейту. Экономиканың жаңа бағыттары үшін технологиялық негіздер құру керек. Осы сұрақта байланысшы және негізгі құзырлы тасығыштар трансұлттық корпорациялар болып табылады






Ә.Ө. Исекешев,

Инвестициялар және даму министрі




ТЕХНОЛОГИЯҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ –

ӨРКЕНДЕУГЕ САЛЫНҒАН ЖОЛ
Бастысы, инновациялық даму идеясы халықтың көңілінен шықты. Адамдардың ойлау жүйесі өзгере бастады. Инновациялар шек-шекара дегенді білмейді. Олар біздің өмірімізге күнбе-күн еніп, бізді дәйім қоршап тұрады. Интернет арқылы, смартфондар арқылы, басқа да гаджеттер арқылы. Әрине, бұл өнімдердің Қазақстанда жасала қоймағаны түсінікті. Әйтсе де, біз осынау жаһандық инновациялық үдерістің бір бөлігіне айналуға тиіспіз. Айнала да бастадық. Жас әрі креативті кәсіпкерлердің, стартаперлердің тұтас бір жаңа толқынын көріп отырмыз. Оларға қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасу үшін шетелдерге шығуына көмектесіп жатырмыз. Осы жазда біз инноваторлар арасында Technation конкурсын өткіздік, конкурс нәтижесі бойынша бірнеше жастар жаңа білім, тың дағдылар алу үшін Кремний алқабына аттанып та кетті. Мұның өзі өте тамаша! Жалпы, мен соңғы бірнеше жылдың ішінде инновациялық экономика негізін қалаудың сәті түсті деп санаймын.

Жұмыс нәтижелерінің жақсаруын тек Ұлттық статистика агенттігінің мәліметтері ғана растамайды, олар тарихи максимумның барлық негізгі индикаторлары бойынша жетістіктерге қол жеткенін айтып отыр. Оған қоса халықаралық сарапшылар ұйымдары да осыны растауда. Бүкіләлемдік экономикалық форумның соңғы есебі бойынша Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 140 елдің арасынан 42-ші орынға көтеріліп, өткен жылғы шебінен 8 сатыға ілгеріледі. Рейтингте мұндайлық тез көтерілуге ең алдымен инновацияларды дамыту мәселесінде жұмысты елеулі жақсартуға қол жеткізілгендігі септесті. Осы нәтиже, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың оңды пікірлері біздің дұрыс жолда келе жатқанымызды көрсетеді.

Биылдан бастап елдің индустриялық-инновациялық дамуының екінші бес жылдығының бағдарламасын жүзеге асыру басталды, бұл даму ғылым мен бизнестің әлеуетін арттыруға да бағдарланған.

Қазақстан экономикасының нақты құрылымы ондағы кәсіп­орындардың 65 пайызы үшінші технологиялық укладқа, 34 пайызы төртінші укладқа жататынын, тек 1 пайызы ғана бесінші және алтыншы технологиялық укладқа сәйкес келетінін көрсетеді. Басқаша айтқанда, біздің экономикамыздың негізгі «қозғаушылары» өткен ғасырдың ортасында дами бастаған салалардың негізінде жұмыс істеп отыр. Сон­дықтан да біз технологияға салынған инвестиция – өркендеуге салынған жол деп айтамыз.

Бұл орайда дамитын салалар: біріншісі – экономика арқа сүйейтін ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, мұнай-газ секторы және басқа да салалардың технологиялық тұрғыдан артта қалуын қысқарту. Оның екіншісі – робот техникасы, нано-технологиялар, тағы басқа болашақтың салаларының дамуы. Бірақ біз қазіргі таңда қалыптасып отырған күрделі экономикалық ахуалды ескере келіп, шығынға түсірмейтін зерттеулер мен әзірлемелерді ғана қаржылық тұрғыдан қолдайтын боламыз. Мақсатты технологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, олардың бәрі де салаларды дамытуға бағытталады. Сала үшін бағалы технологияларға ие кәсіпорындар гранттардан үміт күте алады.

Экономикаға білікті кадрлардың, жас ғалымдардың, өнертапқыш­тардың, инноваторлардың, инженерлер мен жаңашылдардың ұдайы құйылып жатуы өте маңызды. Бүгінгі таңда білім берудегі ең бағалы нәрсе білімді жинай білу ғана емес, ол – негіз ғана, бұл арада жаңа шешімдер үшін, тың талдамалар мен инновациялар үшін креативті ойлау да өте маңызды. Елімізде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қызу дайындық жүріп жатыр, оның негізгі тақырыбы – «Болашақтың энергиясы». Бұл мемлекетке өзінің инновациялық деңгейін мығымдау және бар жаңалық атаулыны көрсетуге ғана емес, елге бүкіл әлемнің барша технологиялық «кілегейін» құйып алуға да берілген мүмкіндік. Тағы да айтамын, Қазақстан жаһандық технологиялық революцияның бір бөлігіне айналуға тиіс. Ал мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін тың технологиялар тартуға көмектеседі. Елімізде қазірдің өзінде қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясат көңілдегідей жүзеге асырылып келеді.

Инновациялардың қолайлы экожүйесінің қалыптасуы бәрінен бұрын кәсіпкерліктің барлық субъектілерін, талант иелерін ғылым мен инновациядағы өзін-өзі таныту үдерісіне белсенді түрде қатыстырылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесін қамтиды. Мұның өзі біздің Ұлт жоспарын («100 нақты қадам») және индустриялық дамудың екінші бесжылдығының бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы маңызды басымдығымыз болып табылады.

Біріншіден, зерттеушілік белсенділікті жеделдету мақсатында жылдың соңына дейін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөнінде арнаулы заң қабылданады. Заңның басты мақсаты – технологияларды және олардың коммерциялық айналымын ұтымды пайдалануды ынталандыру, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын осы іске тарту және жұмыс тиімділігін арттыру, жаңа стартап-компанияларды көбейту.

Екіншіден, екі басым ұлттық инновациялық кластерлердің – Астанадағы Назарбаев Университет пен Алматыдағы Инновациялық технологиялар паркін одан әрі дамыту, оларда қажетті инновациялық экожүйе жасалуда.

Мысалы, Назарбаев Университеттің инновациялық кластерін дамыту аясында қазірдің өзінде қажетті ғылыми-зерттеу инфрақұрылым жасалды және оған ғылымның түрлі салаларынан 350 шетелдік ғалым тартылды.

Инновациялық технологиялар паркінің инновациялық кластерінде 67 ғылыми-зерттеу институтының, 45 жоғары оқу орнының, 40 мыңнан астам бітірушінің қабілет-қарымы ұйыстырылған, онда технологиялық дағдыларды алуға, жобалар акселерациясына және серпінді идеялардың жүзеге асуына қажетті жағдайлар жасалуда. Болашағы мол әзірлемелерді қаржыландыру үшін Парктің мамандандырылған автономды кластерлік қоры құрылған. Қолға алынып жатқан экожүйенің негізгі элементтері студенттердің, ғалымдар мен инноваторлардың тығыз шоғырланған аймақтары. Бұл жұмысқа инвесторлар, дамудың бастапқы белестерінде компанияларға қаржылық және сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін жеке венчурлық инвесторлар («бизнес періштелері»), кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары белсенді түрде тартылатын болады. Біз әлемге дүниенің қиыр-қиырынан және біздің елден технологиялық бизнес қоғамдастығының жаңа ойыншыларын тарту үшін барынша қолайлы әлеуетке ие екенімізді танытқымыз келеді. Мұның өзі ЭКСПО-2017 көрмесінің алдындағы өзіндік бір ширап-шынығу іспетті.

«Инновация апталығы» 9 қарашада Алматыда «StartupDay» (Стартап күні) деп аталатын жыл сайынғы іс-шараға дайындық үшін жас инноваторларға оқытушы семинардан басталады. Келесі күні Қазақстан-Британ техникалық университетінде стартаптар конкурсы өткізіледі. Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысатын білікті жюри мемлекет пен инвесторлар жаңа энергетика саласындағы өз қаражатын салуға болады дейтіндей перспективалы жобаларды айқындайды.

11 қарашада Showcase «Инновациялық технологиялар паркі» жобаларының көрсетілімі және TechGardenАлматы инкубаторының ресми ашылуы болады. Ол іс-шараларда қаланың инновациялық кластерін қалып­тастыратын жобалардың тұсаукесері өткізіледі.

Одан кейін «Инновациялар апталығы» Астанаға ауысады, мұнда 12 қарашада TechConnect.Tech инновациялық форумы өткізіледі. Бүкіл апталықтың түйінді іс-шарасы осы. Бұл әйтеуір бір болар деген жоспарлар емес, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған бағдарламалар. TechConnect көмегімен біз өзімізді бүкіл әлемдік қоғамдастыққа таныстырамыз. Біздің таңдаулы стартаптарымыз бүгінде Кремний алқабында. Осындай онша қымбатқа түспейтін тәсілдер арқылы үлкен жетістіктерге жеткіміз бар.

Ол ауқымы жағынан ғана емес, өзінің мән-маңызы жағынан да түйінді болып табылады. Қазірдің өзінде оның Орталық Азиядағы аса ірі инновациялық форум болатыны көрініп тұр. Өйткені, оған шамамен 1500-дей қонақ келеді, олардың арасында 45 спикер, 150 таңдаулы стартап, 150-дей шетелдік бейіндік венчур қорлары мен ТМД елдерінен, АҚШ пен Еуропадан келген инвесторлар бар.

Форум бағдарламасына пленарлық мәжіліс, Кремний алқабындағы стартап индустрияның таңдаулы мамандары өткізетін шеберлік сыныптары, акселерация және бизнес-періштелік саласындағы белді сарапшылар қатысатын секциялар енгізілген.

Олардың арасында Microsoft компаниясының технологиялар және инновациялар жөніндегі директоры Скотт Мовэ, Ресей мен Шығыс Еуропадағы стартаптарға маманданған DFJ VTB Aurora венчурлік қорының басқарушы директоры Саша Джонсон, Ресейдің 2013 жылғы «Жылдың бизнес-періштесі» сыйлығының иегері, Altair.VC басқарушы директоры Игорь Рябенький, сэр Ричард Брэнсонның жеке онлайн-коммуникациялар стратегиясын және ол құрған Virgin Group компаниясының интернет-маркетингінің тәлімгері, маркетингтік сарапшы Алекс Хантер бар.

Форум аясында сондай-ақ, отандық және шетелдік стартап-жобалар мен перспективалы инновациялық идеяларды таныстыратын экспо-аймақтар ұйымдастырылады.

Жеке бір аймақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында қалпына келтірілетін энергетика саласындағы жобаларға арналады. Форумның 25 мың долларлық арнаулы жүлдесін Стартаптар шайқасында (StartupBattle) жеңіп шыққан команда иеленеді.

Инновациялар апталығы 13 қарашада Астанада аяқталады, ондағы конференцияда дағдарыс жағдайында бизнестің қалай күн көруі және өсіп-өркендеуі жөнінде әңгіме етіледі. Ол іс-шараны «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры мен IBM компаниясы ұйымдастырады. Келіңіз, көріңіз. Өте қызықты болатынына сенімдімін.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы нақты нәтижесін бере бастады. Осы ілгерілеуде мемлекетіміздің технологиялар мен инновацияларға арқа сүйеуінің шешуші маңызы болды дей аламыз. Қазақстан әлемдік рейтингтерде бизнес жүргізу жөніндегі позицияларын нығайта түсуде. Таяу күндерде Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы бизнесті жүргізудің жайлылығы жөніндегі Doing Businness әлемдік рейтингтің кезекті есебін жариялады. Инвесторлар өз капиталдарын қайда салу жөнінде шешім қабылдағанда дәл осы рейтингке арқа сүйейді. Бұл жолы Қазақстан 41-ші орынға көтеріліп, өз позициясын бірден 12 пунктке ілгерілетті. Есеп бойынша елдердің жалпы тізімінде Қазақстан қазір Хорватия мен Венгрияның арасында тұр, көптеген еуропалық мемлекеттер бізден кейін қалған. Биыл Бүкіләлемдік банк бір жылдың ішінде төрттен артық реформа енгізген әлемдегі небәрі 12 экономиканы бөліп атады. Олардың арасында әртүрлі бағыттарда жеті реформаны жүзеге асырған Қазақстан бірінші қатарда тұр. Сондай-ақ, Қазақстан бизнес жүргізуді оңайлатуға мүмкіндік берген нақты жақсаруға қол жеткізген әлемдегі таңдаулы он экономиканың қатарына қосылған.

Олар: бизнес ашу. Шағын және орта бизнес үшін тіркеу төлемдері алынып тасталған, тіркеу мерзімі қысқартылған, компаниялардың мөрлерін пайдалану талабы жойылған. Одан кейін құрылыс бастауға рұқсат алуда да ілгерілеу бар. Рұқсат беру оңайлатылды, жер телімінің топографиялық түсірілімі талап етілмейтін болды. Меншікті тіркеуде де жақсы жаңалықтар бар. Енді меншікті беру оңайлатылған ресіммен жүреді, техникалық паспорт алу үшін сатушының нотариуста бекітілген құжаттары және сатып алушының құрылтай құжаттары қажет емес. Кредит алу да жеңілдетілді. Қамтамасыз етілетін мәмілелер туралы арнаулы заң қабылданды, онда кепіл тұрғысында берілетін активтердің категориялары нақты көрсетілді. Басқа да оңтайлы жайлар баршылық.

Қазақстанның мен айтып отырған рейтингтегі табыстылығы заңнамадағы және сот жүйесіндегі жағымды өзгерістермен ғана байланысты емес. Реформалардың көңілдегідей жүруі осы рейтинг жасалғанға дейін электронды үкімет жүйесінің енгізілуіне де байланысты. Көптеген жылдар бойы кең ауқымды техникалық инфрақұрылым жасақталды, электронды қызметтер енгізілді. Қазір әрбір қазақстандық үйінен шықпай-ақ, кабинеттерге кірмей-ақ құжат алуға қатысты мәселелерді шеше береді. Бүгінде тұрғындардың қолы 800-ге жуық онлайн-қызметке жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту рейтингінде 2014 жылы Қазақстан 192 елдің ішінде 28-ші орынға көтерілді.

Біздің елімізде инвесторларға жайлы жағдай жасау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілді. Doing Business зерттеуіне сәйкес Қазақстан 2015 жылы «Инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша 185 елдің ішінен 25-ші орынға шыққан. Еліміз салық төлеу жеңілдігі бойынша 18-ші орында, инвесторлардың құқығын қорғау бойынша 22-ші орында тұр.



Мемлекеттің таяу бес жылдың ішіндегі басты мақсаттарының бірі – Қазақстанды барынша оңтайлы әлеуеті бар өңірлік инновациялық хабқа айналдыру. Қазақстан үкіметі инновацияларға және стартап жобаларды жүзеге асыруға, перспективалы идеяларға, сондай-ақ оларды өндіріске енгізуге ашықтығын анық көрсетіп келеді. Қазіргі қалыптасқан геосаяси жағдайда Қазақстанның елді Орталық Азиядағы аса ірі инвестициялық орталық ретінде танытуына бірегей мүмкіндік ашылып отыр.
«Егемен Қазақстан», 2015, 4 қараша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет