Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп



бет17/19
Дата28.01.2018
өлшемі3,65 Mb.
#35456
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

209-іс-шара

Ғылыми ұйымдар басшыларының жария есеп беруін жүргізу






*

ғылыми ұйымдар
2016-2019 жылдардағы І тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Ғылым комитетіне бағынысты ғылыми ұйымдардың басшылары 2016 жылы 31 жария есеп беру жүргізді.

ҚР БҒМ-нің 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес ғылыми ұйымдар басшыларының 30 жария есеп беруі жоспарлануда.




210-іс-шара

Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін іске асыру және бағалау барысына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру






*

БҒМ
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

«Ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылу барысына және нәтижелілігіне мониторинг жүргізу туралы ережелерді бекіту туралы» ҚР БҒМ Ғылым комитеті (2016 жылғы 25.02. № 14-НЖ) мен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016 жылғы 25.02. № 177) бірлескен бұйрығына және «Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың тізімін, орналасқан жеріне бару арқылы мониторинг жүргізетін сараптама тобының құрамын бекіту туралы» ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016 жылғы 25.02. № 178) бұйрығына сәйкес 2016 жылғы наурызда жалғастырылып жатқан жобалар мен бағдарламалардың арасында орналасқан жеріне барып мониторинг жүргізілді.

Мониторингтің нәтижесі, атап айтқанда мониторинг актілерінің көшірмелері Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелеріне қарастыру үшін ұсынылды.

Қазіргі уақытта Ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – ВАЖТ) әдістемелерді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда және ғылымның түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін дифференциалды бағалау мақсатында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелілігін бағалау және оларды практикалық тұрғыдан қолдану үшін ұсыныстар енгізу жөнінде ВАЖТ отырыстары өткізілуде.

ВАЖТ ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелілігін оларды сипаты бойынша іргелі немесе қолданбалы зерттеу деп бөліп, дифференциалды бағалауға мүмкіндік беретін нақты шараларды ұсынды.


2-қосымша

  1. Мекемеаралық өзара әрекеттесу сараптамасы



Нысаналы индикатор/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Әрекеттесудің талдауы

Көрсеткіш.

Зерттеушілердің 2014 жылғы жалпы (18 930 адам) санынан зерттеушілер санының өсуі (жоспар – 6,8%, факт – (-2,5%).



Ғылыми ұйымдар, ЖОО-лар (келісім бойынша),

БҒМ


Көрсеткіш орындалмады

2015 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлердің саны 24 735 адам, оның ішінде зерттеуші мамандардың саны 18 454 адам.

2014 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеу байқалады.

Көрсеткіштің орындалмауы қаржыландыру көлемінің азаюымен байланысты

2014 жылы республика есебінен ғылымды қаржыландыру көлемі 47 920 млн. теңгені құраса, 2015 жылы – 43 359 млн. теңге болды. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек 2014 жылы ҒЗТКЖ-ға жұмсалған бюджет қаражатының көлемі 43 343,5 млн. теңге, ал 2015 жылы - 40 719, 1 млн. теңгені құрады.

Осылайша, елдегі ғылымды қарыжландыру көлемінің азаюуы зерттеушілер санынан көрініс тапты.



3-қосымша

Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсердің факторлары және олардың нысаналы индикаторлар/нәтижелердің көрсеткіштерін жетуіне әсері

Қабылданған шаралар

Демографиялық фактор және халықтың миграциялық белсенділігі


  1. Мектепке дейінгі біліммен қамтудың жоғарылауымен қатар (Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі жоспарланған 82,7%-дың орнына 85,8%) балабақшаға кезекте тұрған балалардың саны артты

  2. Мектепке дейінгі біліммен қамту туылудың жоғары көрсеткіші және көші-қон процестерінің әсерінен балабақшаға кезекке тұрған балалар санының артуымен ұлғаяды (Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі жоспарланған 82,7%-дың орнына 85,8%).

2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың (МДҰ) желісі 576-ға (7%) көбейіп, 807,2 мың бала контингентпен (2015 ж.-758,8 мың) (+48,4 мың адам немесе 6,4%) 9410 бірлікке жетті (2015 ж. – 8 834). Үш жылдық мерзімде МДҰ жалпы санының өсу үрдісі сақталды (+943 бірл. немесе 11%) (2014 ж. – 8467 бірл.). 2020 жылға қарай 3-6 жастағы балаларды 100% қамту үшін аталған үрдісті сақтап, күшейту қажет.

МДҰ-ның қазіргі желісі – әртүрлі балабақшалар мен шағын орталықтардың кешені. Шағын орталықтар санының көп болғанына қарамастан (47,8%), олар мектепке дейінгі жастағы балалардың тек 21%-ын қамтиды.

Халықтың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қажеттіліктерін толық және сапалы қанағаттандыру үшін шағын орталықтарды қысқарту (2016 ж.-4495 ШО, 2015 ж.-4593 ШО) және типтік балабақшалардың құрылысы жүргізілуде. Есептік кезеңде 825 мектепке дейін ұйым ашылды, оның ішінде:

- 77 балабақшаның құрылысы арқылы (ҰҚ-14, РБ - 27, ЖБ -36);

- шағын орталық – 64 (мектептердің жанында – 39, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында – 25);

- жекеменшіктегі мектепке дейінгі ұйымдар – 642 (582 балабақша және 60 шағын орталық);

- тұрғын үй кешендерінің 1-ші қабаттарында – 3;

- МЖС шеңберінде 1,3 мың орынға 7 балабақша ашылды. Бұл МДҰ-ны мемлекеттік қолдаудың өсуін және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді.



  1. Мектептер желісінің жыл сайын қысқару тұсында оқушылар санының өсуі байқалады. 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда мектептердің контингенті өсіп, 2,9 млн. адамды (+245 520 адам) құрады, бұл болымды демографиялық және көші-қон процестерімен байланысты. Үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюі сол жылдары туылған бірінші сынып оқушылары санының көбеюімен түсіндіріледі. Мысалы, 2016-2017 оқу жылында Қазақстан мектептері 369 мың оқушыны бірінші сыныпқа қабылдады. Бұл көрсеткіш 2015-2016 оқу жылымен салыстырғанда 29 мың балаға көп.

ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарда апатты мектептердің саны 69 бірлікті құрады, үш ауысымды мектептердің саны – 87. 156 мектептің проблемасын шешу үшін 148 мектептің құрылысы қажет.

Анықтама: Алматы облысындағы 3 мектепті беру үш ауысымда оқытатын 8 мектептің проблемасын шешеді..

2016 жылы 103 мектеп қолданысқа берілді (56 – апатты мектептің орнына, 47 – үш ауысымды мектептерді жою үшін). Нәтижесінде проблемалық мектептердің саны 156-дан 45 бірлікке дейін қысқарды.

ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазанда қайта анықталған мектептердің санын ескере отырып, апатты мектептердің саны 37-ні құрады, үш ауысымда оқытатын мектептердің саны -104.


  1. Әлеуметтік-экономикалық процестерді анықтайтын факторлар ретінде демографиялық үрдістер, сондай-ақ еңбек нарығын құруға әсер етеді. Елдің солтүстік өңірлеріндегі туылудың төмен көрсеткіші және сыртқы көші-қон еңбек күші жеткіліксіздігінің себептерінің болып табылады. Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында туылу көрсеткіші төмен болғандықтан 2021 жылға дейін жаңа қызметкерлердің еңбек нарығына ағылуы төмендейді деп күтілуде.

Демографиялық сәтсіздіктің орнын толтыру және еңбек ресурстарын толықтыру ішкі көші-қон ағындарын тиімді басқару арқылы ғана мүмкін. Кәсіптік білім беру саласында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» («Серпін») әлеуметтік жобасын іске қосу ТжКБ-ның жұмысшы кадрларын даярлауды қарастырады (2014 жыл, республиканың 25 колледжі, 37 мамандық). Жобаны іске асыру білім алушыларды қолдауды, оның ішінде тегін тамақтандырумен және тұрғын-жаймен, демалыс кезінде екі жаққа барып келу ақысымен және стипендиямен қамтамасыз етеді. 2016-2017 оқу жылында нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы ТжКБ-ның қажетті мамандықтары бойынша 1050 орынға 27 колледжге орналастырылды.

Педагогтар жалақысының деңгейі

2015 жылы елдің мектептерінде зейнеталды жастағы (55 – 64 жас) 42 799 педагог жұмыс жасады, ол педагогикалық кадрлардың жалпы санының 13%-ын құрады. Зейнетке шыққан соң педагогикалық қызметті 7 217 педагог жалғастырды. Бұл факт практикасын кеңес кезінде бастаған педагогтерді алмастыратын жас мамандардың буынын даярлау өзектілігін көрсетеді.

Педагог кәсібінің беделіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі мұғалімдердің еңбекақысы болып табылады. Соңғы 5 жылда мұғалімдердің орташа жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан біршама қалу үрдісін сақтады. ҚР бойынша орташа жалақы 2016 жылы 143 650 теңгені құрағанда, орта мектеп мұғалімінің орташа айлыық жалақысы 109 233 теңгені құрады.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес халықтың 47%-ның пікірінше (оның ішінде 57% - қала тұрғындары) педагог беделінің төмендеу себептерінің негізгілерінің бірі жалақының төмен деңгейі болды.

Мұғалімдер еңбекақысын олардың біліктілігі мен мансаптық өсуіне байланыстырып төлеудің жаңа моделін құру мәселесін пысықтау қажет.



Ғылымды қаржыландыру.

Ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін жеткілікті қаржыландыру қажет. Аталған фактор «ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі», «Тиімділігі жоғары, орташа жобалардың қолданбалы зерттеулердің (жобалардың) жалпы санынан үлесі» сияқты көрсеткіштерге қол жеткізу кезінде маңызды рөлді атқарады.

Білікті кадрларды даярлау өте маңызды, ол жас мамандарды ғылыми ұйымдарға тартумен, ғылыми кадрларды «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің үздік орталықтарында нысаналы даярлаумен, халықаралық ғылыми жобаларға қатысумен қамтамасыз етіледі.

ҒЗТКЖ-ның тиімділігі төмен

Аталған фактор ғылыми жобаларды коммерциализациялау деңгейіне әсер етеді. 2016 жылы 16 ЖОО-да коммерциализация кеңселері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрылды (11 ЖОО-да ҰҚ есебінен ИИДМБ-2 шеңберінде, 2 медициналық ЖОО-да ҰҚ есебінен ИИДМБ-2 шеңберінде, 2 – өз қаражаты есебінен, 1 – РБ есебінен).

2016 жылғы қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны – 1217, оның ішінде коммерцияланған жобалар – 210 (111 меморган, технологияларды коммерцияландырудың 65 жобасы, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» шеңберінде 34 жоба).

Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияланған жобалардың үлесі – 17%.



4-қосымша








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет