Жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тұжырымдамалық негіздерді жүзеге асыру мыныларды қамтамасыз етеді:
– бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында, өлкетануды зерттеу және дамыту саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру;
– мемлекеттік тілді қолдану және оның қоғамдағы маңыздылығын арттыру, соның ішінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу өзектілігі мен іске асыру аясын кеңейту;
– ғылым және білім беру пәндері, соның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім: қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру процесінде Қазақстандағы өлкетануды дамыту принциптерін әзірлеу;
– өлкетануды дамыту мәселелері бойынша, соның ішінде қоғамдық сананы жаңғырту процесінде прагматизм принциптерін көпшілікке тарату мақсатында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтының өзара қарым-қатынасын жақсарту;
– тарихи және әдеби өлкетану үлгілерінің негізінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуде ұлттық кодты сақтау мәселелері бойынша теориялық материалдар әзірлеу;
– «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы / Киелі жерлер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудағы өлкетанудың ролін арттыру;
– Қазақстанда өлкетануды дамыту аясында «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында шетел мемлекеттерінің ғылыми және университеттік орталықтарымен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту;
– «Білім культі» принципі негізінде, сонымен қатар «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында өлкетану институтын нығайту және өлкенің тарихын зерделеу бойынша жаңа институттар құру;
– туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерделеу мәселелерін, сонымен қатар «сананың ашықтығы» принципін жүзеге асыруды қарастыратын өлкетанудың нормативтік-құқықтық базаны дамыту;
– «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» жаңа принципін жүзеге асыру негізінде қазақстандық тұрақтылық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірегейлік моделін сақтау, нығайту және дамыту;
– ұлттық бірегейлік пен халықтық бірлікті нығайту және дамыту мақсатында ақпараттық жұмыс жүйесін құру.
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың басты нәтижелері сәйкестік пен бірліктің қазақстандық үлгісін дамыту бойынша үйлестіру орталығының жұмысы ретінде өлкетану институтын одан әрі бекіту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |