Өлкетану қызметі мен зерттеулерінің ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық негіздері
Қазақстанның өңірлері жалпыадамзаттық өркениетті сипаттайтын ақпараттардың көп шоғырланғанымен ерекшеленетін түрлі тарихи ескерткіштерге бай. Онда мыңжылдық тарих пен мәдениеттің барлық кезеңдері көрініс тапқан. Қазақстан аумағы ежелден Батыс пен Шығыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің халқы мен мемлекеттерін байланыстыратын трансконтинентальды құрлықтағы Ұлы Жібек жолының жұмыс жасауында үлкен рөл атқарған аса маңызды сауда-экономикалық, қаржы, мәдени орталықтардың бірі болды. Бұл жерде түркі тайпалары пайда болып, дамыды және сан рет құрылған мемлекеттер бірін-бірі ауыстырып отырды.
Қазақстан Республикасында және оның аймақтарында өлкетануды тұтастай зерттеу өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, Отанына деген сүйіспеншілік және құрмет сезімдерін ояту қажеттілігінен туған. Орта білім беретін мектептердің бағдарламаларында міндетті компонент ретінде отандық тарих, география, филология және т.б. аймақтық аспектілерін енгізу кездейсоқ емес. Жалпы республикада және оның аймақтарында өлкетану тарихы арнайы ғылыми зерттеу нысаны болып қалмауын мойындауға тура келеді.
Өлкетанудың зерттеу әдіснамасының негізіне историзм принциптері мен тұтастылық және көзқарас шындығының, оқиғалар мен құбылыстардың тұжырымдамасы кіруі мүмкін, бұл өлкетану тарихының дамуын, сондай-ақ оның зерттеу әдіснамалық жолдарын: анализ бен синтез әдістерін, тарихи және логикалық, проблемалық-хронологиялық, тарихи-салыстырмалық және жүйелік әдістерді қарастыруға мүмкіндік береді.
«Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің негізі. Білім беру – болашақта табыстың ең іргелі факторы. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары бойынша толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беру, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру қажет. Туған өлкеңнің тарихын білу және мақтан тұту – қажетті де, пайдалы іс. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына негізделуі тиіс. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс, бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды» («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).
Жүзеге асыру нысандары: өлкенің тарихы бойынша ғылыми монографиялар жазу, энциклопедиясын құрастыру, ұлттық масштабтағы ғибадат орындарын, қасиетті жерлерді зерделеу, өлкетану бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құралдар шығару, туристерді Қазақстанның мәдени-тарихи ескерткіштерімен таныстыратын фотоальбомдар, туристік бағдарламалар шығару, мектептерде өлкетану мұражайларын құру бойынша нұсқаулықтар әзірлеу. Зерттеулердің нәтижелері табиғат пен өлке тарихын зерттеу бойынша жинақтап қорыту жұмыстарын өткізгенде, облыс мектептерінің мұғалімдеріне өлкетану курстарын ұйымдастырғанда пайдалануға болады.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру») тек өлкенің тарихын ғана емес, облыстардың табиғи ресурстарын, ауыл шаруашылығын, өнеркәсібін зерттеу; Қазақстанның өткен тарихын жаңғырту бойынша үлкен жұмыстарды жүзеге асыратын, облыстық, аудандық, қалалық, қала үлгісіндегі ауылдық, «зауыттық» және мектеп мұражайларын құру; тарихи ескерткіштер мен құрылыстарды сақтауға мүмкіндік жасау қажет. Сондай-ақ зерттеулер кітапханалардың, Мемлекеттік мұрағаттардың, Құжаттар орталығының қызметін зерделеу, өлкетану білімін жүйелеу мен насихаттау және егеменді Қазақстанның оқушылары мен студенттерінің азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Осыған байланысты, магистрлік және докторлық диссертациялар шеңберінде өлкетанулық-зерттеу, гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға ерекше назар аударылады.
Аумақты кешенді түрде зерттеу табиғат, тарих, топонимика, этнография, мәдениет, туризм, археология, демография, үй шаруашылықтары және басқа да салаларды зерттеушілердің кең ауқымын қамтиды. Өлкетану туған өлкені ғылыми және жан-жақты тануға алып баратын жиынтықтардан тұратын мазмұны бойынша әртүрлі және зерттеудің жеке әдістерін бойынша ғылыми пәндер кешенін қолданады. Сондықтан, жалпы алғанда өлкетану зерттеу объектілеріне қарай өлкетануды оны жүзеге асыратын ғылымның құралдарымен анықталатын әр түрін бөліп қарастырады:
– табиғи-географиялық – табиғат компоненттерін және табиғи-аумақтық кешендерді зерттейді;
– экономика-географиялық – шаруашылық пен өндірістік-аумақтық кешендерді;
– тарихи – археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттай және жазбаша ескерткіштер, әдеби және мұрағаттық дереккөздер, сәулет және архитектуралар;
– этнографиялық – өмір, қызмет және белгілі бір шағын ауданның тұрғындары болу, осылай бола тұра елді мекендер, киім-кешек, ыдыс-аяқ, өндіріс құралдары кешенді түрде зерттеледі;
– фольклорлық («халық» деген неміс сөзінен алынған) сәулет өнерінің сәндік әшекейлері, қолөнер шеберлері, халық ауыз шығармашылығы және халықтық салт-жоралар;
– биологиялық-экологиялық – өлкенің биоценоздарын, өсімдіктерін, фаунасын зерттеу тағы басқа.
Кешендік өлкетану – олардың барлық себеп-салдары қатынастарының табиғи және әлеуметтік құбылысы. Ақпараттарды жинау мен жүйелендіру, табиғи үлгілер, материалдық мәдениет объектілері негізгі әдіс болып табылады. Кешенді өлкетану географиямен тығыз байланысты бірқатар ғылыми әдістерді өзіне тартады.
Жүйелік ғылыми зерттеулер Қазақстандағы әртүрлі аймақтар мысалдарында өлкетанулық білім берудің құрылуы мен дамуының мәселелерін кешенді зерттеу құндылықтарын анықтайды. Рухани саланы дамыту мақсатында ұлттық мәдениет үшін маңызы бар маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта құру және ғылыми зерттеу қажет болып табылады. Сонымен қатар, ұсыну нысаны бойынша әдістеме материалдары, кітаптар, мультимедиялық қолдаудың толық жиынтығы заманауи жаңартылған болуы тиіс, тарихи тұлғалар мен жаңашыл тұлғалардың өмірбаяндарын тарихта таныту үшін ақпараттық қолдау көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |