Өлкетану нысандары
Әкімшілік, табиғи-географиялық және тарихи-географиялық белгілермен шектелген адамның өмір сүретін орны өлке өлкетанудың жергілікті (әкімшілік, географиялық, мәдени-тарихи) нысаны болып табылады. «Өлке» деген ұғым көп компонентті болғанына қарай, жеке нысандарға жататындар:
– тарих және демография (этнография, урбанистика, топонимика және т.б.);
– тіл және әдебиет (ономастика, фольклор, әдеби шығармалар);
– мәдениет пен өнер (музыка, халық өнері, сәулет өнері);
– экономика және шаруашылық (аймақтық және салалық өнеркәсіп);
– табиғат және оның барлық компоненттері (геология, рельеф, жер қойнауының байлығы, топырақ, климат, су қоймалары, өсімдік, жаунуарлар дүниесі).
Өлкетану қызметі келесі формаларда жүзеге асырылады:
– музей ісі және мұрағаттық іс;
– туризм және спорт;
– тақырыптық өлкетану қозғалыстары.
Әртүрлі ұйымдастыру формаларында балалар туризмі мен өлкетануды дамыту, өскелең ұрпақты өлкетану қызметіне тарту көптеген елдердің экономика секторының аса маңызды болып келе жатқан жалпы туристік индустрияның болашағын кеңейтуге және жетілдіруге қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық және ішкі туризм байланыстары мен серіктестікті дамытуға көмектеседі. Халықаралық туризм бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық ахуалды жақсартуға жағдай жасайды. Ішкі туризм ұлттық патриотизмді дамытуға және жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыруға оң әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |