Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындары
Маңызды рухани, саяси, тарихи және мәдени оқиғалармен байланысты Қазақстанның ерекше құрметтелетін тарихи-мәдени мұра ескерткіштері және табиғи-тарихи ландшафтары Қазақстандағы жалпы ұлттық маңызы бар қасиетті нысандар болып табылады.
Қазақстанның қасиетті ескерткіштері мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мағынаға ие және қазақ халқы үшін өте құнды болып келеді де азаматтық, қаһармандық ерліктерінің, бірлігінің және қайта жаңғыруының, ұлттық жадының нышаны болып табылады.
Олардың қатарына төмендегі қасиетті нысандар жатады:
– ата-бабаларымыздың мифологиялық әлем көрінісінде ерекше қадірленетін және Жер мен Су құнарлығы нышандарымен байланысты атаулары аңызға айналған Қазақстанның қайталанбас экоортасының бірегей үңгір, тау, орман, бұлақтары мен өзендері сияқты табиғат ескерткіштері;
– ежелгі адамдардың көне қоныс орындары, ежелгі мәдениет іздері қалған, петроглифтер, көне қалалар мен қала орындары, бекіністер, егіндіктер мен жайылмалы жерлер, қорықтар, арықтар мен керуен жолдары сияқты археологиялық ескерткіштер;
– арғы түріктік, жалпы түркілік тұтастық кезеңдерден бастап, Қазақ хандығы заманынан ХХ ғасырға дейінгі уақытта өмір сүріп, әулие феноменімен байланысқан ежелгі және ортағасырлық бірегей тұлғалар туралы аңыздар қалыптасқан орындар, зиярат етілетін діни және ғибадат объектілері;
– қазақ халқының белгілі саяси және мемлекет қайраткерлері болған билер, батырлар, хандар және мемлекеттіліктің, мәдениеттің, ғылым және білімнің дамуына үлес қосқан молда, ишан, ақын, ғұламалардың, ағартушылардың есімдерімен байланысты қасиетті нысандар;
– қазақ халқының бірлігінің нышаны болып танылатын қазақ билері мен хандарының ордалары орналасқан жерлер; қазақ даласының тарихында орын алған ашарлылық сияқты қайғылы кезеңдерге байланысты, басқыншылармен соғыс болған жерлер, қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының орындары болып табылатын қасиетті нысандар.
Достарыңызбен бөлісу: |