1. Қазақ-қырғыздарды Ыстықкөл және де басқа аудандардан ығыстырып шығару туралы картаны мемлекеттiк Қазына басқармасының мiндетiн атқарушы талқылауға ұсынды. Масштаб – бiр сантиметрге он верст. Онда ереуiлшi қазақ-қырғыздың пайдалануындағы қыстауы мен жайлаулардың шекарасы ауыстырылатын шаруашылықтың саны көрсетiлген.
Картаны қарағаннан кейiн Мәртебелi Ағзам генерал-губернатор: “Орыс әскерiнiң қаны тамған жердiң бәрi қазақ-қырғыздардан тартып алынсын” деп жарлық бердi. Мемлекеттiк қазына басқармасы бастығы мiндетiн атқарушының жасаған картасын Мәртебелi ағзам: “Мүлдем дұрыс емес, қазақ-қырғыздардың қоныстанушылармен арасындағы шекара этнографиялық жағынан ғана емес, географиялық жағынан да бөлiнiп, дербес тұруы керек. Ыстықкөлдiң солтүстiк жағалауындағы биiк шыңдар арқылы ажырату керек. Сондай-ақ, Жаркент уезiнiң Албан руының барлық жерiн, Текес өзенi жағасындағы жазықты, Шалкөде су өзегiн және Қарқара жайлауын, сонымен қоса Пішпек уезiндегi Кеген мен Шу жазығының бөлiктерiнен ереуiлшi қазақ-қырғыздан тазарту керек”,- деп жарлық еттi...”
2. Кеңес – босаған жерге 5 казак станицасы салынсын деп шештi... Текес пен Шалкөде су жазығына Қытаймен екi ортадағы шекараны күзету үшiн керек деген ылаумен тек қана казак әскери жүздiгi орналастырылсын. Ондағы... қоныс аударушылар казак жүздiгiне кiрмесе, басқа жерге ауыстырылсын... Осыған байланысты. ...Жаркент уезiне қарасты Текес, Шалкөде су жазығы мен Ыстықкөлдiң жағалауына шоғырланған тек қана орыстардан тұратын ерекше Пржевальскi уезi құрылсын... Екi приставқа бөлiнсiн...”
Бұл мәжiлiс аяқталғаннан кейiн 4 күннен соң Жетісу облыстық әскери губернаторы, генерал-лейтенант Соколов-Соколинский (Фольбаум – Т.Ж.) мынадай бұйрық шығарды: “Аймақтың ең үлкен ұлығының ерекше нұсқауына байланысты көтерiлiс кезiндегi... шығынды ереуiлшiлерден тартып алынған заттарды сату арқылы толтыру керек. Оған мыналар жатады: киiз үйлер мен там үйлердiң барлығы, қыстаулар, орман-тоғай, егiн, шабылған шөп, орман шикiзаттары, т.б. бәрi-бәрi... Мұндай заттардың мөлшерiн, бағасын анықтап, сату үшiн Верный, Пішпек, Пржевальскi және Жаркент уезiнде “1916 жылғы көтерiлiс кезiндегi шығынды жабу және оның мөлшерiн анықтайтын облыстық комитет құрылсын.”
Міне, бұл “Қилы заманда” айтылатын “облыс әкiмдерiне тапсырылған бұйрықтың орындалу жайы, кәрi жандаралдың жарлығы.
Ал осы Куропаткинге өткен жыл ескерткіш орнаттық. Оған Жетісу мен Түркістан казактарының әскері, атамандары, дін басы, Ресей елшісі қатысты. Таяудағы «Жас алаштың» хабарына қарағанда енді қылышын жалаңдатып, қаруын сайлап жатқан көрінеді.
«Қилы заманда» осындай қорлыққа көнген тілмәшті Мұхтар Әуезов:
«Сол бетпен қара жолмен келе жатып, жәрмеңкеден бес-алты шақырымдай жер шыққанда жол жанында сұлап жатқан көп кісінің өлігін көрді. Әр жерге әр қайсысы шашылып, әр күйде жығылған екен...Осылардың жанынан жемтік жағалаған бұралқы иттей болып: ой, адамшылық бұралқысы – тілмәш өтті...Мыналарды қырып салған ұлықтың артынан сүмеңдеп кетіп бара жатқан – албан баласы, білім бар оқыған қазақ» - деп кейіп баяндайды.
Ал сол Куропаткинге ескерткіш қойған бізді Мұхтар Әуезов қалай суреттер еді?
Бұл сұраққа жауапты әркімнің өзі берсін.
АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ «МЕН – ҚАЗАҚПЫН!» СӨЗІНІҢ АСТАРЛЫ МАҒЫНАСЫ
Ақынның ойын саралау – марапат қана емес. Ол – ой саралау. Бұл орайдағы ойымды, мүмкін түсінікті, мүмкін түсініксіз жеткізермін, бірақ Жұбан Молдағалиевтің шығармалары туралы сөзді де соған орайластыра құрғым келді. Қалай дегенмен де, «Кісен ашқан», «Мен – қазақпын», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» сияқты алаш идеялы туындыларды дүниеге әкелген қуатты талант иесінің ақындық «мені» туралы пікірімді түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын.
Ұлттық мақтаныш – ұлттың өмір сүруінің салтанатты және намысты кепілі. Ол Абай айтқан: «Бұл мақтан – қай мақтан?» – дейтін мақтан емес. «Аспанда – Тәңір, жерде – Ұмай, ортасында – түрік бүтіні тұрғанда... мен болмасам» – дейтін ұлы аңсарлы мақтан. «Мәңгілік ел» идеясының мәңгілік ұйытқысы. Көркем ойлау жүйесінің мәйегі. Ал көркем ойлау мен көркем қабылдау деңгейіне жетпеген ұлт – рухани жетім ұлт. Бұл реттен алғанда әлдиден бастап жоқтауға дейін, тал бесіктен – жер бесікке дейін көшпелілердің санасын тербеткен көркем сана оның өмір сүру салтына айналды. Соның нәтижесінде рухани тәуелсіз болып өсіп, жерін басқызса да кеудесін басқызбады.
Билер өтті, би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буңыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлт болған Айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кауірдің,
Арасын бұзып дінді ашқан
Сүйініш ұлы Қазтуған!, –
деген Сүйінішұлы Қазтуған жыраулар «Мен!» деген сөзді – ұлттық мақтаныш, намыс, теңдік, елдік, бас азаттығы сияқты биік деңгейде қолданды. Ол:
Ала балта суырысып,
Тебінісіп келгенде,
Тең атаның ұлы едің!
Дәрежеңді артық етсе,
Тәңір етті!,-
дегенінен байқалып тұрғанындай, жыраулар толғауындағы «мен» ұғымы – ұлттық тәуелсіздіктің, тектік теңдіктің, намысты мақтаныштың нысаны болды.
Бұқар жыраудың, Ақтанбердінің, Мұрынның, Дулаттың «зар заманы» тұсында да сол ұлы сарын сақталып қалды. Алайда заманның өзгерген бетіне сай «меннің де» ауаны тарылып, «Мен, мен, мен едім» немесе «мен жазбаймын...» деген жеке тұлғалық сыпат ала бастады. Ақыры ұлы ұғым ұнтақтала келіп, бүгінгі «лирикалық мен» деп аталатын талқандалған, «Мен- Тәңірмін, Мен – Құдаймын, Мен – Әмірмін, Мен – қураймын!.. Мен – коммунистпін, мен – домбристпін!..» – деген жалған пафосқа, «талқан менге» ұласты.
Ұлы сарынды, ұлы аңсарлы «Меннің!» дымы мен демі «күннен туған, гуннен туған» Мағжанмен қоса тылсымның ішіне тартылды. С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің Шығыс және Гималай туралы толғауларындағы бұрынғы «меннің» бояуы өзгерсе де, астарлы ойлар мен емеуіріндер қылаң беріп тұрды.
Содан бастап, жиырмасыншы – алпысыншы жылдардың арасындағы «меннің» бояуы, «шынның көзін бояйды» деп Абай айтқандай, түсі өзгеріп, «қызарып» шыға келді. Дегенмен де ұлы сарынның әуендері, поэзиядағы лирикалық «менге» тиым салынған қырық төртінші – елу төртінші жылдардағы бес қаулыдан кейін де Қасым Аманжоловтың «Советтік мені өз елім», Әбділдә Тәжібаевтің «Біз де қазақпыз», Төлеужан Ысмайыловтың «Есіл», Олжас Сүлейменовтің «Адамға табын, жер енді», Мұзафар Әлімбаевтің «Менің Қазақстаным» атты поэмаларында алыстан талып естілді. Бұл дастандардың бояуының оңғақтығына қарамастан, «менің елім, менің жерім» деген лирикалық мақтаныштар анық сезілді. Сол үшін Х.Бекхожиннің, Қ.Аманжоловтың, Ә.Тәжібаевтің «меніне» қаулы арқылы тиым салынды.
Ал осы дастандардың ішіндегі ең азулысы, ең еркін ойлысы 1963-1964 жылдардың өліарасында дүниеге келген Жұбақаңның – Жұбан Модағалиевтің «Мен – қазақпын!» атты эпикалық дастаны. Бұл өзінің «мені» тұрғысынан алғанда, шын мәнінде сонау «мәңгілік ел аңсарындағы», жыраулар толғауындағы» елдік идеяның уызын ұйытқан «менді» еске түсірген дастан болды. Ғажайып эпикалық леп:
Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын,
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам, өлердей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін, –
деген ақындық еркіндік ол кезде әр тұлғаның бойына шақ келе бермейтін.
Бірақ ол «менді» айтуы үшін ақын:
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.
Бәлки қайсақ, бәлки бір гуннен тудым.
Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».
Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым, –
Деп қандай азаматтық мойынсынуға, перзенттік қорлыққа, ақындық төменшіктеуге барды десеңші.
Ал қазір, қане, кім өзін «Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым» дейді? Ең қарапайым пенденің өзі не батырдың, не әулиенің, не бидің, не байдың тұқымы. Тіпті старшынның ұрпағымын деуге араланады. Сол «Мен – қазақпын» – деген киелі ұғымды өткізу үшін
Бір бөлшегі болғаным қандай бақыт
Россиядай, Лениндей ұлылықтың, –
Немесе:
Еділ, Жайық, Ертісті сағаладым,
Үміт көрдім құдіретті орыс атын.
...Мен – қазақпын, Россия адамымын, –
деп поэзиядағы «бақытының» өлшеміне Ленинді безбен етті.
Қазір көркем сана, көркем талғам, көркем көзқарас өзгерді. Бұл күндері ешкімде:
Абылайды, Жәңгірді, хан Кенені
Қазақ өзі қашаннан аң демеді?!
Қылықтары еріксіз түссе еске,
Қан татыған аузыма дәм келеді, –
деген жалған жеккөрінішті мақтан етпейді.
Қара қазақ Абылай мен Кенесарыны, Жәңгірді «аңға» теңеп, «ауызы қан сасыған» демейді. Өйткені ұлттық қасиет пен киеге деген көркем талғам да өзгерді. Оларды бұлай күстаналау – киесіздікке саналады, ақындық және азаматтық ұстаным мен әдепке де жат. Тіпті, «сөзін өткізу үшін»:
Сол алла не, патша не бірақ маған?
Екі айыпты біреуін бірі ақтаған, –
деп Алладан да бас тартты.
Ал бұл күндері ұлттық идеямыздың, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің, ар-ожданы болып саналатын алаш қайраткерлерін:
Әлдекімдер жүрегі сіркелеген,
...Ұлт атына уларын бүрке берген.
Көргенсіздік, пасықтық, надандығын,
«Қазақшылық» дегенмен бүркелеген, –
деп те «мысқылдады».
Құндылықтарымызды қайта сүзгіден өткізіп, әрбір поэтикалық ұғымдардың астары мен емеуірінін аша отырып, шындықты жалған пафостан ажыратып, жаңа талғаммен, жаңа көзқараспен талдап, түсіндірсек қана, шынайы ақындық идея ашылады. Өкінішке орай, мұндай талғам таразысын ХХ ғасырдың 20-90 жылдарындағы барлық рухани мұрамыз қажет етіп отыр. Мысалы, 1951 жылы 172 халық әнінің сөзі ауыстырылды. Феодалдық атаулар мен суреттер сызылды. Енді біз соның есесін қайырып, барлық кеңестік ұғымдарды сызып тастап, Ежовтың – Ягодаға, одан Берияға, одан Буденныйға, Сталиннің – Ленинге ауыстырылғаны сияқты, Ленинді – бүгінгі көсемімізге ауыстырамыз ба, жоқ, тарихи шындық ретінде қалдырамыз ба?
Мысалы, ән мәтіндерін алайық:
Алға, комсомол, туың қолыңда,
Алға, комсомол, жеңіс жолында, –
деген тіркестерді:
Алға, жас ұлан, туың қолыңда,
Алға, жас ұлан, жеңіс жолында, –
деп өзгертіп, өлмейтін әуенді бүгінгі өмірге бейімдеп алсақ, авторлық идея мен құқыққа қол салу болып табыла ма, жоқ, оған екінші өмір беру болып табыла ма?
Өйткені, «Мен – қазақпын» дастанындағы сияқты, бұл әндердегі авторлық идея да қазақ жастарының рухын қамшылау емес пе. Сонда ән де өлмес еді. Мұндай «операцияны» Жұбан Молдағалиевтің дастандарына ғана емес, мұқым қазақ сөз өнерінің өкілдерінің шығармашылығына жасаса, айып па және оны арнайы комиссия құрып, іріктеп, тұрақты нұсқа жасаса, орынды болар ма екен – деген ой келеді. Өйткені, жоғарыдағы мысал ретінде келтірілген мәтіндерді дастанның бойынан алып тастап, түк көрмегендей марапаттау – автор үшін де қиянат және автордың идеясын бұрмалау болып табылады. Ал мақтасақ, онда, дастандағы мәтіндерді тұтастай марапаттауымыз керек. Сонда, мұнымыз, жасанды көзбояушылық болып шығады. Ең қиыны да осы.
Қорыта айтқанда, 1986 жылы 30 желтоқсанда Колбинге тікелей: – Мына масқараны көргенше, майданда неге өлмедім. Итке таланған ұл-қыздардың орынында мен неге болмадым», – деп өкінген Жұбанның «мені» – «қазақтың мені» дегім келеді.
«АЛАШҚА ІШІ ЖАУ БОП, СЫРТЫ КҮЛМЕК...»
(Біртұтас алаш идеясы және бүгінгі қоғам)
Бүгінгі қазақ қоғамының – дертті қоғам екені анық. Оның дауасын табу үшін операция жасар алдында дәрігерлер адамның ағзасына қалай анализ жасаса, біз де бүгінгі қоғамға сондай тиянақты түрде талдау жасауымыз керек. Билік – ұлттық мемлекеттік құрылымнан бетін бұрып, ұлттық мүддеден тыс қалып, өздерін өзі қызықтап, құрылықтан бөлінген салынды аралға ұқсап, шыр айналып, заман ағысынан, яғни, мемлекеттік басқарудан – «мен, мен» мен мендік» басқаруға көшті. Биліктің өз халқына ғана емес, кеше ғана алдында тізерлеп қолын қусырып, онсыз Қазақстан күнін көре алмайтындай өбектеген ОБСЕ-нің өзіне кілт теріс әрі шорт бұрылғаны сондай, мойнын үзіп ала жаздап тұр. Ал халық кешірсе де, олар – еуропалықтар мұндай «бетбұрысты» кешірмейді. Түбі не боларын қайдам, әйтеуір, назасы мен жазасы халықтан аулақ болғай. Өйткені, кеше ғана «елі үшін туған ерден айналайын» деп әндеткен халықтың кеудесіне оқ тиді.
Мылтық әлі де оқтаулы. Мылтық әлі де халыққа кезеліп тұр.
Бұрын қатардағы тергеушінің жазықсыз әйелді қылмысқа тартып, шырылдатқаны үшін, қатардағы жазалау отрядының өзінің әке-шешесіне қарсы оқ атқаны үшін жағамызды ұстаушы едік. Енді онымен генералдар айналысатын болыпты. Бүкіл монархиялық Ресейдің беделін сақтап қалу үшін аулаға дамбалын іліп қойған кемпірді сотта қорғаған қазақтың жиені, атақты адвокат Плеваконың: «Сорлы Ресей! Сорың енді қайнайтын болды! Бір кемпірдің дамбалына бола ар-ожданың төгілді-ау! Енді ол кемпірді соттамасақ болмайды,Ресейдің намысы кетеді. Бишара кемпірдің дамбалы бетіне шіркеу болған сорлы Ресей! Соттаңыздар, мырзалар! Кемпірді соттауын соттайсыздар-ау, бірақ Ресейдің бетіне шіркеу боп жабысқан мына дамбалы құрғырды қалай сыпырып тастар екенбіз. Сол қиын болады-ау», – деген сөзі естеріңізде шығар. Күні кеше теледидардан: Жаңаөзенде өткен наразылық шеруінің басты себепкері, яғни, қазақтың басты жауы – күйеуі мен баласы желтоқсандағы қанды оқиғада жауапқа тартылған шынашақтай ғана сорлы келіншек екен, оның «Жойылсын!» деген үндеу қағазын таптық, өзін қолға алдық, енді жауапқа тартамыз», – деп жариялаған аса сұсты, погоны алтын генерал-майордың айыптауын естігенде, Плеваконың осы сөзі есіме түсті. Жаңаөзендегі жаңа шеруге күйеуі мен баласы үшін арашаға түскен әйел, ана кінәлі екен. Шынында да, неткен масқара! Күйеуін қорғаған – әйел, баласы үшін ашынған ана – Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндірген барып тұрған арандатушы қылмыскердің өзі болып шығып тұқр! Ал: күйеуі мен баласына араша түсу – әйелдің басты парызы – деген пайғамбардың хадисі, әлгі генералға «діни фундаментализмнің астыртын уағызы» сияқты көрінетіні анық. Кетпектей генералдың әлгі айыптауы кейуананы соттатуын соттатып тынады-ау. Бірақ, азамат басымен мұқым жұрттың алдында күйеуі мен баласын қорғаған шынашақтай ашынған әйелді (сол генералдың өзі де бір ананың баласы, бір әйелдің күйеуі ғой) арандатушы есебінде теледидар арқылы жариялауы қандай төменетектік десеңізші! Азаматтығын былай қойғанда, еркек, генерал деген аты бар емес пе! Былай құмыға сөйлеуіміздің себебі, дәл қазір Абай айтқандай:
Тынымадық,
Жарымадық,
Жақсыға бір іргелі.
Қолына алып,
Пәле салып,
Аңдығаны өз елі, –
деген күйді басымыздан кешіп отырғанымызға назар аудару.
Дәл қазіргі кезеңде «өзінің елін өзі аңду» науқаны –мемлекеттік режим деңгейіне көтеріліп отырғанын аңдату. Қазақстанның басты жауы – оппозиция да емес, оралман да емес, күйеуі мен баласына араша түскен әйел де емес, мемлекет құрып отырған ұлтқа қарата биліктің қолданып отырған ұлтсыздыққа негізделген сатымсақ саясаты.
Мұның басты себебі не және қайдан басталды? Ол, ашық айтайын, ұлттық -азаттық бағытты ұстанған алғашқы мәжіліс депутаттарын таратып, соның орынына келген, «Ли көкем»: «Сенің жауың – өз ұлтың, сенің досың – біз» деген ұранды ұстанған және оны санаға сіңірген, сөйтіп, бүгінгі күнде билеуші партия «Нұр Отанға» билік жүргізіп отырған Халық ассамблеясының құрылуынан басталды. «Халық ассамблеясы өмір сүріп отырғанда қазақ ұлты толық рухани бостандыққа жетпейді» – деп осыдан үш жыл бұрынғы «халықтық доктрина» мен дін туралы заңның алғашқы жобасы дайындалған тұста айтқан едім. Сонда менің бір сенатор және екі депутат досым маған «Тұрсын Асанқайғы» деп атақ тағып еді. Қазақстанды бүгінгі ішкі, сыртқы экономикалық тәуелділікке, діни төзімсіздікке алып келген де Ресейдің ХІХ ғасырдың соңындағы рухани және экономикалық тәуелділік туралы қабылдаған Ережелері мен заңдарының, Патша мен архиепископ қол қойған жарлықтың бүгінгі тілмен жазылған доктриналық және заңдық нұсқаларында солардың қолтаңбалары мен белсенді ықпалы барлығы анық :
Қасиетсіз туған – ол да жат,
Күңкілдеп берер сазаңды, –
деп Абай айтқандай, «күңкілдеп жүріп», міне, сазамызды берді.
Оған биылғы бірінші қаңтардан бастап күшіне енген кедендік одақтың шарттары толық дәлел. Кедендік одақтың атқарушы кеңесінің шешімінсіз экономика, баға туралы енді Қазақстан Үкіметі қаулы шығара алмайды. Демек, бағаны реттей алмайды, оны Ресей белгілейді. Өйткені, кедендік одақ шешім қабылдау үшін 69 пайыз дауыс жинауы керек. Ол дауытың 57 пайызы Ресейге тиесілі, ал қалған 12 пайыздың 7 пайызға жуығы ішкі өнімі Қазақстаннан көрі басым Белоруссияның еншісінде. Бұл дегеніңіз Ресейдің шешіміне экономикалық тұрғыдан бүтінгдей тәуелдіміз деген сөз.
Демек, біз қазіргі жағдайда толық экономикалық тәуелді елміз. Біз аңсаған, алаш аңсаған тәуелсіз мемлекет осы ма еді? Бұл – Кеңес тұсында жасалып, кеңестік республикалар тәуелсіздік ала қалған жағдайда жүзеге асырылуға тиісті, ал тоқсаныншы жылдардан бастап ашық жүзеге асырылуға кіріскен 950 бапқа жуық әскери-саяси доктринаның жеміс бере бастағаны деп санаймын.
Біз «жасасындатып» жүрген Еуразия идеясы – Еуропадан, Африкадан, Австралиядан бодандық үлестерін ала алмай, одан күдерін үзген орыстық массондардың Еуразия идеясына негізделген. бұл доктринаның басты мақсаты – Ресейдің шығыстағы үстемдігін орнату. Яғни, тағы да сол Абай айтқандай:
Шыдасаң есті қашырмай,
Құлдатып, қор қып жіберу.
Егерде еуразияшылдардың тұжырымдамасын оқысақ және олардың гербтік рәмізіндегі екі басты самұрықтың басындағы қарқарасының орынында крест тұрғанын ескерсек, оның қазіргі көсемі Дугиннің кітабін оқысақ, мұның барлығы анық аңғарылады. Ал сол Дугиннің Елбасы туралы кітап жазуында қандай астар жатыр? Осы біздің жанығып жүрген Еуразиямыз – қандай Еуразия?!. Бұған жауап беруге тиісті біздің ұлттық зиялыларымыз, тағы да сол Абай дегдар айтқандай күйде:
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге,
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске малданып,
Жол таба алмай сандалып – жүр.
Халық, зиялы қауым – кезінде тәуелсіз мемлекеттің идеологиясы мен экономикалық тәуелсіздігіне әр түрлі себептердің кесірінен белсене араласа алмады, ықпал ете алмады. Ал қазіргі қоғамдық жағдай мүлдем басқа. Ленин айтқандай, «халық бұрынғысынша өмір сүре алмайтындай, билік бұрынғысынша басқара алмайтындай» қалге жетті. Жанақ ақын айтқандай:
Ханнан – қайыр, байынан – пейіл кетіп,
Телмірген, теңдігі жоқ ел болған кез –
туайын деп тұр.
Енді не істеу керек?
Сондықтан да бұрынғыдай дайындықсыз, шарасыз, амал-құралсыз қалмас үшін тәуелсіз мемлекеттің барлық мұраты мен мұхтаждығына жауап беретін жалпы ұлттық даму тұжырымдамасын жасау керек. Онда сонау «мәңгілік елді» аңсаған көшпелі дәуірден бастап кешегі біртұтас алаш идеясының әр тармағы қамтылып, оны бүгінгі мемлекеттік құрылыммен, идеологиялық, экономикалық бағытпен, ішкі, сыртқы саясатмен, қауіпсіздік шараларымен тиянақты түрде салыстыра отырып, ертеңгі ұстанатын билік нысанасы анықталуы тиіс. Бұл – жалпыға ортақ арман. Бүгінгі халықтық қозғалыстың беталысы соған бұрылып келеді. Қарапайым халықтың арманы да қарапайым утопияға негізделген. Кім болса ол болсын, әйтеуір, адал адам билікке келсе екен деп тілейді. Қазір халықтық қозғалыстың нышандары бар, оппозициялық партиялар да біршама ысылып қалды. Бірақ олардың Жаңаөзен сияқты жекелеген оқиғаларға қатысты көзқарастары болмаса, жоғарыдағы жалпыұлттық мүддені қамтитын тұжырымдамалары анық емес. Олар Біртұтас алаш идеясын қамтитын көкейкесті мәселелерге орай қандай көзқарас ұстанады, халықтың қолдауы соған тікелей байланысты. Өйткені сол оппозияция көсемдері мен мүшелерінің өздері де қазақтың жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық табының өкілдері болып табылады, яғни, әжептәуір меншік пен әлуетті капитал иелері.
Мен Алаш идеясын ту еткен кез-келген қозғалысқа, оппозициялық немесе билік партиясына қатысуға дайынмын. Алайда олардың мынадай ұлттық мәселе жөніндегі ұстанатын саясаттары анық болуы тиіс.
Ол, ең алдымен жер мәселесінеи қатысты. Әлихан Бөкейханов айтқандай: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмесін». Өйткені, Жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны. Қазір қазақ жері өзінің тарихи иесінен айырылып қалды. Тіпті Торғай өңіріндегі аса зәру тұщы бұлақтан бастап, айналасы мың шақырымға дейінгі елді мекеннің тұрғындары азығын айыратын Ақкөлге дейін меншіктеліп кетті. Дала ине жатыр. Бірақ ауылдағылар шөп шауып, егін салатын, мал өрістететін жер таба алмай отыр. Ә.Бөкейханов сияқты қазақ жеріндегі әр түп тобылғы мен жусанның, ащы-тұщы бұлақ пен құдықтың қанша адам асырай алатынын есептеп барып, Ресейге жылына 60 мың тонна ет сата ала ма, жоқ па. Егістік көлемін азайту керек пе, жоқ па? Азайтса, он – он бес гектармен күнін көріп отырған шаруалардың егістік жері қысқара ма, жоқ, алпауыттардың егістік жері қысқара ма? Міне, осының барлығын экономикалық, ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият түрде ескеретін партия мен қозғалысты жақтаймын.
Екінші, қозғалыстар мен оппозициялық партиялар үкімет басына келе қалса: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық шикізаттық игілікті игеруде қазақ мемлекетінің үлес салмағы қалай бөлінеді, меншіктің қандай формасына үстемдік беріледі? Ә.Бөкейханов айтқандай: «Оның әр бір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадала ма, жоқ па?».
Яғни, бұл – өз жеріміздің игілігін – әуелі өз еліміздің игілігіне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат – деген емеуірін. Ал қазірАбай данышпанның:
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың, –
дегеніндей, қазынамыздың ырқы бізден кетті. Абайдың айтып отырған «ырығы» – осы ырық. Жердің астына, үстіне, аспанына иелік ете алмасаң – ырықтың кеткені сол емес пе?!. Атыраудағы, Ақтөбедегі, Жаңаөзендегі қозғалыстар тура осы табиғи байлықтардың әділетсіз бөлінуіне тікелей байланысты. Олардың талабы: «Ата-бабамыз қанын төгіп, жанын беріп қорғаған жердің астындағы байлыққа қонған қытайдың шыбынын қағып отыра алмаймыз» – деген әділ талап. Мен бұл сөзді олардың өз ауыздарынан естідім.
Үшінші, саяси партиялар мен қозғалыстың мақсатына байланысты білгім келетін ділгір мәселе, ол – эконмикалық тәуелсіздік мәселесі: қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киіле ме, жоқ па?» (Бөкейханов), яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық бірлікке қол жеткізуге ұмтыла ма, жоқ па? Жоқ, қазақ жұрты КимЛиСиндердің, МашШодИбрлардың, ЛужПутБайстардың жалдамалысына айнала бермек пе? Кедендік отарлаудан құтыламыз ба, жоқ па? Қазақ үкіметі өзі өндірген затқа өз еркімен баға қоя ала ма, жоқ па? Әлде, тағы да кеңестік «темір ноқта» киеміз бе?
Абайдың:«Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң: атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып тірлік қылады. Бірлік сатылса – антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек», – дегендегі бірлік – тәуелсіз экономикалық бірлік сақтала ма, жоқ па? Оппозициялық және билік партиясының мүшелері тиын мен тебеннің тілін менен көрі жақсы біледі. Сондықтан да тереңдетіп жатпайын. Ал біздегі сатылмайтын құндылық – тек «жалданып тірлік құру» ғана болып қалғаны бәріңізге аян.
Төртінші білгім келетіні, сол партиялар мен қозғалыстар – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігін мойындай ма, оған билікке келген күннен бастап жол аша ма? Яғни, Х.Досмхамедов айтқандай, «ұлттық мәдениет үстемдігі» сақтала ма, жоқ па? Әлде, Шәмшіге емес, «Битлзге» Көктөбеден ескерткіш қоюға жанталасқандарың қатарында жүре бере ме, әлде Алматыны – Алма-атаға өзгерте ме? «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім», – деп Сара ақынның сал
Егер қоғамның дамуы осы бетімен кете берсе, күні ертең біз алыс-жақынымызға арнап оқытатын «Құранды» да орыс тілінде оқыттыратын боламыз.
Бесінші, білгім келетіні, сол саяси партиялар мен қозғалыстар: тәуелсіз ғылымға жол аша ма, жоқ па. Заңды ұлттық салт, дәстүрге негіздей отырып қабылдай ма. Қандай үлгідегі мемлекет құрмақ: Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет пе, америка сияқты азаматтық мемлекет пе, бір ұлттың мүддесіне негізделген мемлекет пе, жоқ, жалпақшешей мемлекет пе?
Міне, осындай өзекті мәселелерге өзінің көзқарасын білдірген және соны жүзеге асыра алатын партияның немесе қозғалыстың соңынан еруге халық дайын. Әйтпесе, өздерінің ұстанымы анық емес жалған ұраннан халықтың көңілі қалды.
Бізге, нақты статискалық ақпараттар мен талдаулар керек. Халық Қазақстанның нақты экономикалық көрсеткішін білсін. Бюджеттегі ашық қаржыдан «қарабауыр қаржының» көлемі бір, біржарым есе көп – деген мәліметті айтып жүрген бұрынғы министрлердің сөз рас па, жоқ па? Мұны бейресми Үкімет құруға шақыру деп те түсінулеріңізге болады.
1990 жылғы «Қазақстанның суверенитеті» туралы мәлімдемеде қамтылған осы бес түрлі ұлттық ұстаным бұтақтала келіп, 2002 жылғы жерді сату туралы заң жобасынан кейін қазақ мемлекеті ұлттық идеядан толық арылып, беймарал мемлекеттің құрылымына көшті. Соншама азап шеге жүріп аңсаған тәуелсіздік идеясынан нағып соншама тез жеріндік?
«Алаштап» жүріп «Ақ жол» партиясы Айталы ағамыз бастатқан қазақтың марқасқа зиялысын «судан өткенше пайдаланды» да, судан өткен соң суға лақтырып кетті. Лениннің: буржуазия жалтақ. Онда ар-ождан жоқ, пайдакүнемдік мүдде ғана бар –дегені рас болып шықты. Кейде, маған кеңес тұсындағы Балтық жағалауы, Өзбекстан, қазіргі Бельгия сияқты Үнсіз Азаматтық Мойынсынбау қозғалысын бастап кетсек қайтеді – деген ой да келеді.
Тұрсын ЖҰРТБАЙ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
Екінші бөлім:
ХАЛЫҚ ПІКІРІ НЕМЕСЕ ШӘКӘРІМ МҰРАСЫ ҚАЛАЙ АҚТАЛДЫ?
1987 жылы қаңтар айында сол кездегі Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов одақтың жанынан Құқық комиссиясын құрып, мені төрағалыққа бекітті. Сосын желтоқсан оқиғасына қатысты деректерді жиып, хабардар етіп отыруды тапсырды. Содан кейін алаш мұраларымен таныс екенімнен мағлұмдар ақын 1988 жылы қаңтар айында мені сол кездегі жоғары соттың төрағасы Тамаз Айтмұхамедовке жіберіп: «Міне, күні туды олардың. Ұстазыңның (профессор Хайыржан Бекхожиннің) үмітін ақтайтын кез келді. Алаш қайраткерлерін ақтауымыз керек. Сен солардың тергеу ісімен танысып шығып, әдеби эксперт бол»,– деді.
Күрделі кездің қиын үкімдеріне қол қойып жүрген жоғары соттың төрағасы: «Біздің ұлтымызға жанымыз ашымайды дейсіңдер ме? Дайындалып келген үкімге қол қоямыз. Біз қоймасақ, басқаға қойдыртады. Олжас жіберсе – сенемін. Бұл орайда Олжаспен пікір алысып едік. Сонда бір адам жіберемін деген. Қазір «Алаш» қайраткерлерінің тергеу ісін қарап жатырмыз. Онымен Жоғары соттың мүшесі Қазыхан Кенжебаев айналысып отыр. Сонымен бірігіп өзіңе керекті деректермен таныс. Бізге де кеңес бер»,– деді. Қазыханды шақырды. Жарқын амандастық. Екеуміздің қатар оқығанымызды және оның келіншегі Гүлнар Сейітбекқызы мен менің әйелім Әмина Сейітқызының кластас екенін білген соң: «Ендеше күнде таңертең сағат оннан бастап келіп менің бөлмеме отыр. Сағат үште босат. Қалғанын Қазыхан ұйымдастырады»,– деді. Сөйтіп, «Ұраным – Алаш!..», «Алаш қозғалысы – Движение алаш» атты үштағандарға (жиыны алты том) пайдаланылған деректердің алғашқы көшірмелері Жоғары Соттың кеңсесінде түсіп еді. 1988 жылы көкек айында «Алашорданың» 14 мүшесінің азаматтығы ақталып, Қ.Кенжебаев дайындаған бір жарым беттік хат О.Сүлейменовтің атынан Г.В.Колбинге жолданды. Енді істің толық нәтижелі аяқталуы үшін «халықтық пікір» қажет еді. Біз, ең алдымен алаш қайраткерлерінің атынан жоғары жаққа хат ұйымдастыру қажет деп шештік.
Рухани әкеміз санайтын Ахаңның қызы – Шолпан Ахметқызы Байтұрсыновамен мені Бейсенбай Байғалиев марқұм архивтің оңаша бөлмесінде таныстырды. Әкесінің атын өзгертпей алып жүргенінің өзі сол тұста біз үшін құбылысты қасиет еді. Байыппен орашолақтау сөйлейтін мұңлы жанарына сондай бір махаббатпен сүйіне қарадым. Жоғары соттың алашордашыларды ақтаған шешімін (алғашында 14 адам ақталды) және оның анықтамасын көрсеткенімде көзінен мөлдірей моншақтап аққан жас тамшылар әлі де көз алдымда. Дауыс та шығармады. Үнсіз егілді. Енді жоғары жаққа олардың шығармашылығын ақтау туралы хат жазу қажеттігін, Жазушылар Одағы тарапынан Олжастың атынан ресми хаттың жолданғандығын айттым. Ол кісі үнсіз орынынан көтеріле берді... Кейін маған сол хаттың көшірмесін ұсынды. Сөйтсем, Гүлнар Міржақыпқызымен, архивтанушы тарихшы А.Игенбаевпен, А.Ижановпен ақылдасып, әкесіне қатысты сенімді деректерді жинастырып, осы хаттың негізінде заңсыз қысымға ұшырағандардың ісін қарайтын комиссияға қарата барынша байыпты хат жолдапты (Ол хат «Алаш қозғалысы – Движени алаш» атты үш томдық авторлық басылымның бірінші томында жарияладым).
Енді «Алашорда» қайраткерлерінің тергеу ісінде аты аталмаған Шәкәрім Құдайбердіұлының жеке басы мен шығармашылық мұраларын ақтаудың амалын қарастырдық. Өйткені, Шәкәрім Құдайбердиевті жоғары сот ақтайтындай еш ілік табылмады. Себебі, ол кісінің үстінен қылмыстық іс қозғалмаған, тергеу жүргізілмеген, сондықтан да сот үкімі шықпаған. Барлық айыптаулар Кеңқоныс пен Керегетастың арасындағы кезеңде таңға жуық оқыста оққа ұшқан қанды оқиғаны баяндауға құрылған Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағатындағы «Шәкәрімнің кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтерілісті басқарғаны және бандыларды бастап аудан орталығына шабуыл жасауға бара жатқан кезінде алдына ала қойылған тосқауылдың барысындағы атыс кезінде оққа ұшқаны» туралы жергілікті жерден берілген жеделхаттар мен жазбаша түсініктер. Бұл мағлұматтардың барлығы қарулы көтерілісті жаныштауға бағытталған ерекше әскери жасақтың жазалау жорығы туралы есеп ретінде тіркелген. Ондағы оперативтік мәліметтерде: Бақанас пен Қарауылдағы кеңес өкіметіне қарсы ұйымдастырылған қарулы көтерілістің жетекшілерінің бірі Бердеш Әзімбаев пен ақынның ұлы Зият Шәкәрімұлының сол топтың ішінде болғаны, олардың қашып құтылып кеткені, қазір олардың Шығыс Түркістанда тұратыны жөніндегі барлау ақпараттары көрсетілген. Сондай-ақ, «аудандық ішкі істер жасағының командирі А.Қаражігітов пен Қауіпсіздік комитетінің Ш.Құдайбердіұлының кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырғанын, оның арнайы жасақпен атыс кезінде оққа ұшқанын растайтын» құпия құжатқа негізделген елінші жылдардың соңында, алпысыншы жылдардың басында Шәкәрімнің жеке басы мен шығармашылық мұраларын ақтау туралы құрылған Қазақстан Орталық партия комитетінің арнайы комиссиясының қорытындысы ғана бар. Комиссияның ол қорытындысына қол жеткізудің мүмкіндігі бізде болмады. Сол тұста ол мүмкін де емес еді.
Бұл тұйықтан амалын тауып шығу үшін Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы «Ағалар алқасы» мен праволық комиссияның құрамындағы ардагер қаламгерлердің шағын тобымен пікір алысу өткізуді ұйғардық. Қойылатын мәселені ақынның шығармашылық жолына қарай бағыттау үшін шағын хабарлама жасау керек болды. Шындығын айтқанда, ақсақалдар мен әжелер өзара «қажы» деп қана атайтын Шәкәрім ақынның ұзына тағдыры маған таныс еді. Ақынның арғы атасы Ырғызбайдан тарайтын Сирақбай Досмағамбетов ақсақал 1966 жылы мені үйіне шақырып алып, қажының төрде ілулі тұрған суретін көрсетіп, ол суретті сол кездегі аудандық милиция бөлімшесінің күзетшісі Шәуеннің отқа өртеліп жатқан ақын қолжазбаларының ішінен байқатпай тығып алып, оны кейін Мұхтар Әуезовке бергенін айтып, араб қарпімен жазылған бір топ қолжазбаларды көрсетіп, оқып берді. Оның ішінде біраз өлеңдерімен қоса «Қоңыр атпен қоштасу», «Жолсыз жаза», «Айсұлу – Нартайлақ» атты дастандары болды. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен таныс болғандықтан да әрі оның оқиғасын айтып беремін деп мектептен шеттеп қалғаным есіме түсіп, тек оқиға өткен жер өзіме жақсы таныс «Айсұлу-Нартайлақ» дастанын ғана алып, оны араб жазуын жақсы танитын мұғалима апайым Гүлбаран Самиеваға көшіртіп алдым (ол қолжазба дәптер қазір де бар). Ал «Қалқаман-Мамыр» қиссасын шопан Күмісбек Әбілақашев бабына келтіре жырлайтын. Кейін «Абыздың аңызы» атты шағын эссе жаздым. Ол «Лениншіл жас» газетінде 1971 жылы «Қиссашы шопан» деген атпен жарияланған еді. Сирақбай ақсақал бір жазда Шәкәрімнің қыстауын, Қодардың «Қаражартасын», Шақпақтағы «Шәкәрімнің тошаласын» көрстеіп, ол жерге белгі орнатып қайтқан. Содан бастап қажы туралы әңгімеге құлағым түрік жүретін болды. Соның ішінде ауылдағы ақжарқын, өзім жақсы көретін жылқышы Серікқазы Құрманов ағамыздың шешесі Жамал Ернбалина апа қажы туралы әңгімені мөлдірете айтушы еді. Сондағы: «Менің құдай қосқан қосағым қажыны сондай қадір тұтатын, қақ-соқпен ісі жоқ, біртоға адам еді. Бақанас бойын жақсы біледі. Мен жаңа ұзатылып келгем. Қажының ауылына, әсіресе, жастары мен балаларының күндізгі қылығына алыстан қызыға қараймыз. Өйткені олардың барлығы даланың түсі сияқты гүлді, түрлі түсті киім киіп, шөптің арасына ойнауға кіріп кеткенде, қайда кеткенін білмей қалатынбыз. Тек шөп пен бұта басының қимылдағанына қарап болжайтынбыз. Мұны: қажы аңшы емес пе. Аң-құсқа қалай көрінбеуді балаларына үйретіп жүр емес пе – дейтін үлкендер. Мойынсерікке жаңа кіргенбіз. Аудандық милиция өкілі келіп: бандыларды ұстайтын жасақ құрамыз – деп менің қосағымды қосып әкетті. Бұрын мылтық ұстап көрнмеген. Тек жасақтың қарасын көбейтіп, соңында жүріп отыруды біледі. Кімді аңдып жүргенін де айтпайды. Бір күні түнде Шақпаққа бет алады. Ол: «Тұман қалың, күн суық. Аттиарын қосақтап, бірн біріне ықтап ұйықтап қалады. Бір сәтте апыр-топыр боп, банды келіп қалды десіп, шуласып, мылтық атылды да кетті. Қырдың басына шыға келген бір адам: «Мен ақпын!» – деп айқайлап, қолын көтеріп бізге қарай жүрді. Сол кезде оқ тиіп, жерге құлады. Сақалы тобылғы, қарағанның басын шалып барып құлады. Бәрніміз таныдық. Ол – қажы екен. Сөйтіп, жазықсыз оқыста оққа ұшты. Жасаққа қаратып оқ атқан жоқ. Неге атылды, кім атылды десіп қалдық. Ақыры екіге бөліндік те бет-бетімізге тарап кеттік», – дейтін марқұм – деп Жамал апай маған әңгімелеп берген еді. «Бесігіңді түзе!..» атт роман-эссенің бірінші кітабі жазылып бітіп, «Еңлік-Кебектің» дастандық және пьесалық нұсқасы, «Қодар» дастанындағы өмір деректері талданып хатқа түскен кез еді. Соларға қоса «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Шәкәрімнің прототиптік сиптаты сараланып, Шәкәрімнің протипі Шұбар месе, бірінші – екінші кітапта Шәке, үшінші кітаптан бастап Дәрменге ауысқаны дәлелденген болатын. Біләл Ысқақұлы мен Арабтың қызы, Кәкітайдың тоқалы Бибіге қатысты даудан кейін «Алашорданың» бас биі қызметінен өз еркімен кеткендігі де сылтау етілді. «Дубровский» дастанынан мысал келтірілді. Ең соңында Шәкәрімнің елуінші жылдардың соңында «Қазақ әдебиетінде» жарияланған бір топ өлеңі, алпыс бір – алпыс екінші жылдары жарық көрген «Қазақ әндері» жинағындағы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дейтін әні, жетпісінші жылдардың екінші жартысында М.Мағауиннің құрастыруымен Ленинградта басылған «Қазақ ақындары» жинағындағы өлеңдер топтамасының аудармасы назарға ұсынылды. Мұның өзі жинақтала келгенде тәп-тәуір ақтау материалы болып шықты. Бұл ретте Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев ақсақалмен көп мәрте кездескедегі әңгімелер де еске алынды.
«Ағалар алқасындағы» бас қосу кезінде Ғалым Ахмедов дегдар 1957 жылы Шәкәрімнің шығармаларын ақтау туралы Жазущылар одағының орталыққа ұсыныс жасағаны туралы айтты. Архивке барып із шалғанымызда Ахат Құдайбердиев пен Ғабит Мүсіреповтің хаттары табылды. Мақсатына жете алмаған сол хаттардың мәтіні мынадай екен:
«ПРЕДСЕДАТЕЛЮ ПРЕЗИДИУМА ВЕРХОВНОГО СОВЕТА СОЮЗА ССР КЛИМЕНТУ ЕФРЕМОВИЧУ ВОРОШИЛОВУ
от учителя 70-школы колхоза имени Калинина Алма-Атинского района Алма-Атинской области Ахата Шакаримовича ХУДАЙБЕРДИЕВА
ПРОСЬБА
Я, сын казахского писателя, поэта Худайбердиева Шакарима, племянника основоположника казахской литературы просветителя Абая Кунанбаева.
Мой отец Шакарим после смерти своего отца Худайберды, старшего сына Кунанбая, с 7 лет воспитывался у Абая и благодаря его стараниям стал одним из образованных людей своего времени, хотя официально не обучался ни в каких учебных заведениях. В условиях кочевого быта казахского аула второй половины XIX века, будучи оторван от культурных центров, мой отец, под влиянием своего дяди Абая очень рано проявил интерес к русскому языку, к русской классической литературе, к отдельным представителям которой он до конца жизни питал глубокую симпатию. В частности великие творения А.С.Пушкина, Л.Н.Толстого – всегда вызывали у него чувство восторга и преклонения перед гениями русской и мировой литературы. В целях ознакомления казахского народа с русской литературой он перевел отдельные произведения Пушкина и Толстого на казахский язык, в частности «Дубровский» Пушкина был переведен им на казахский язык в стихотворной форме, так как именно такая форма в то время была обычной для народа, в подавляющем большинстве без грамотного и передававшего свои устные творения в виде стихотворных сказаний из поколения в поколение. «Дубровский» переводе моего отца нашел широкое распространение в степи и уже в Советское время, в 20-х годах, был издан в гор. Семипалатинске.
Мой отец немало уделял внимания и восточной литературе, в частности, он с подлинника читал произведения Физули, Хафиза и других классиков восточной литературы.
Трудно передать в немногих словах широту его духовных запросов, но тот факт, что им было написано философское произведение, посвященное Аристотелю, может до некоторой степени дать понятие о нем не только как о писателе, но и как незаурядном мыслителе. Именно эта сторона его интеллектуальной жизни сильнее сказались в старческие годы, когда он почти отшельником проживал один вдали от аула, от семьи и сородичей. В степи его знали не только как автора популярных поэм «Калкаман - Мамыр» «Енглик - Кебке», устной, форме распространившихся по всему центральному Казахстану, но и как композитора, автора ряда популярных мелодий. Пользуясь огромной популярностью в народе, он уже в преклонные годы, после установления Советской власти, одно время работал народным судьей. В конце 20-х годов в Казахстане создалась весьма сложная ситуация в результате перегибов лжеактивистов, в последствии понесших заслуженное наказание. В этот период в отдельных волостях Семипалатинской губерний имели место вспышки кулацких мятежей, которые увлекали за собой и некоторые отдельные слои трудового народа.
Желая использовать популярное в народе имя отца моего, кулацкие элементы немало прилагали усилии втянуть его в свое бандитское движение, но не добившись никаких результатов от него самого, стали натравливать на него близких ему людей. В результате всей этой сложной ситуации, мой отец 73-х летним стариком покинул свой аул и вместе со своим младшим сыном вынужден был находится в бегах. Застигнутый отрядом активистов в 1930 году, он получил смертельную рану и его имя в официальных документах стало склонятся как имя врага народа, любовью которого он пользовался всю жизнь.
Эта трагедия одного из недюжинных сыновей казахского народа заслуживает того, чтобы разобраться в действительности положении вещей и восстановить доброе имя одного из крупных писателей Казахстана, произведения которого сейчас преданы забвению.
Как единственный, оставшийся в живых сын Худайбердиева Шакарима, будучи глубоко уверен, что правда восторжествует в конце концов и справедливый суд народов вынесет свой оправдательный приговор. Я собирал как опубликованные, так и неопубликованные произведения своего отца, но они сейчас лежат у меня как архивный материал, тогда как могли быть достоянием народа и послужить великому делу культурного строительства наших дней. Мои слова, как слова сына, не могут служить показанием беспристрастного свидетеля, но глубокое убеждение в честности и локальности отца к советской власти заставляет меня просить Вас дать указание об объективном расследовании этого вопроса и восстановлении имени его как писателя.
(Худайбердиев)»
20./VII.1957. (ҚР ОММ, 1778 қор, 2 тізім, 255 іс, 4-5 бб).
Ахат Құдайбердиевтің бұл хаты Кремльден төмен қарай құлдилап, Қазақстан Орталық партия комитеті арқылы Жазушылар Одағына жолданыпты. Бұл мәселе жазушылар арасында талқыланып, оған сұрауға Жазушылар одағының сол кездегі бірінші хатшысы Ғабит Мүсіреповтің тарапынан мынадай жауап қайтарылыпты.
«ЦК КП КАЗАХСТАНА ТОВАРИЩУ РАХМАНОВУ А.
На Ваш запрос о поэте Шакариме Худайбердиеве сообщаем:
Известный поэт конца XIX и первых трех десятилетий ХХ века Шакарим Худайбердиев – выходец из крупной феодальной семьи (его отец был старшим сыном ага султана Кунанбая). Оставшись сиротой, он с 7 лет воспитывался в доме великого поэта Абая Кунанбаева, что во многом способствовало и развитию таланта Шакарима и оказало большое влияние на направление его творчества.
Рано овладев арабской грамотой, под благотворным руководством Абая Шакарим Худайбердиев усердно изучает творчество восточных поэтов и русских классиков и вскоре становится одним из образованных людей своего времени. Наряду со стихами, он пишет трактат по этике, религии, и истории казахского народа.
В своих стихах Ш.Худайбердиев воспевает честность, гуманность, справедливость, призывает к овладению знаниями, обличает жадных баев, невежественных мулл и чванливых чиновников. О широте интересов поэта говорит дажа краткий перечень названий его стихов «Ей, көп халық» («0, множестве народа»), «Адамшылық» («Человечность»), «Кәрілік туралы» («Песня о старости»), «Жастық туралы» («Песня молодости»), «Ашу мен ынсап» («Злость и сдержанность»), «Мақтау мен сөгіс («Похвала и хула»), «Мінеу мен күндеу» (Порицание и зависть») и др.
Ш.Худайбердиевым созданы широко известные поэмы «Калкаман-Мамыр», «Энлик-Кебек», «Нартайлак-Айсұлу» и повесть «Адиль-Мариям». В поэме «Энлик-Кебек» поэт впервые в казахской литературе рисует образ женщины, которая смело заявляет о своем праве на счастье и активно борется за свою свободу, бросает вызов старым обычаям. Стройность композиции, образность языка, новизна трактовки традиционной темы, обрисовка характеров главных героев – особо выделяет эту поэму, как шаг вперед в развитии жанра поэмы в казахской литературе.
Ш.Худайбердиев был горячим поклонником и популяризатором русской классической литератур. Он перевел на казахский язык повесть А.С.Пушкина «Дубровский» и его рассказ «Метель». Переведенные стихами, оба эти произведения в свое время пользовались большой популярностью среди читателей, Шакарим перевел некоторое произведения Л.Н.Толстого, а также произведения ряда восточных поэтов Фзули, Хожа Хафиза и др.
Несколько особняком стоит поэма «Лейли-Межнун». Шакарим считал ее переводом из Фзули. На самом деле это не простой перевод и даже не переложение сюжетов, ранее бытовавших у восточных народов, под названием «назира», а скорее оригинальная поэма на известный сюжет «Леили и Межнун».
Умело используя новаторские приемы Абая, внесенные им в форму казахского стиха, Ш.Худайбердиев несомненно внес известный вклад в казахскую литературу и в частности – в развитие жанра сюжетной поэмы.
Разумеется, в мировоззрении поэта встречаются противоречия, ограниченность, обусловленные сложной эпохой, в которой он жил и творил. Эти слабости особенно ясно видны в его философских, публицистических работах. Во многом Ш.Худайбердиев оставался на позициях просветительства, гуманизма и это получило свое отражение на его художественных произведениях.
Считаем, что сектор литературы Академии Наук Казахской ССР должен внимательно изучить творчество Ш.Худайбердиева, подготовить к изданию его лучшие произведения, а также принять меры к тому, чтобы его творчество вошло в курс истории литературы для Вузов и средних школ.
Лучшие произведения Ш.Худайбердиева заслуживают того, чтобы они стали достоянием широкого круга читателей.
Секретарь Правления Союза писателей Казахстана Мусрепов
1957 (ҚР ОММ, 1778 қор, 2 тізім, 255 іс, 7-9 бб)».
Әрине, бұл ұсыныстың жүзеге аспай қалғаны белгілі. Оның себептеріне бұл арада тоқталып жатпаймын.
Сөйтіп, тілге тиек табылды. Олжас ағамыз: «Енді Орталық комитетке өтініш жазатын және олар жауап қайтаратындай нақты адесі бар адам табыңдар», – деп тапсырма берді. Өкінішке орай Ахат ағамыз ол кезде марқұм болып кетіп еді. Ал Зияттың ұлы Мереке ағамыз Қапшағайдың құмында қойшы көрінеді. Нақты мекен-жайын табу үшін бір апта кетеді екен. Ахат ағаның ұлы Фзулидің Дәулет атты жас баласымен Алматыға қоныс аударған келіншегінің (атын есіме түсіре алмадым) некелік және мұрагерлік құжаттары толық расталмапты. Сол арада Талдықорған облысында тұратын Ғафур Шәкәрімұлының қызы Камила апайды тауып, телефон арқылы сөйлестік. Ол кісі ертеңінде келді. Комиссияның адвокаты Нұрғайша ханым өтінішті заңдастыра хатқа түсірді. Бір ызғарды сезгендей Қарағандыдағы Жайық Бектұров ағамызға мән-жайды түсіндіріп, мүмкін болса хат ұйымдастыруын, болмаса көзқарақты болуын өтіндім. Оның себебі де жоқ емес еді. Сонымен қатар сол кездегі журналистика факультетінің жоғары курс студенті Айгүл Рамазановаға Камилә апайдың естелігін хатқа түсіруді тапсырып, өзім ақпан айының ортасында Семейге жол тарттым. Бірден Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Хафиз Матаев ағамызға арнайы барып, Ш.Құдайбердіұлын ақтау туралы ардагерлер атынан хат ұйымдастыру үшін келгенімді айттым. Ол кісі бірден жауапкершілікті өз мойнына алып, бұл мәселенің әбден пісіп-жетілгенін, ардагерлер кеңесімен ақылдасатынын, хатты шұғыл түрде ұйымдастыратынын айтып, іске кірісіп кетті.
Мен Алматыға қайтып оралғаннан үш күннен кейін Орталық партия комитетіне Абай ауданының соғыс және еңбек ардагерлерінің Шәкәрімді ақтау туралы өтініш еткен хаты да келіп түсті. Ақын досым Төлеген Жанғалиевтің «Құр құдықтағы ақын» туралы толғауын «Жұлдыз» журналының кезекті санына шұғыл түрде салу туралы ұсынысымды бас редактор Бекежан Тілегенов ағамыз дереу қолдады. «Жұлдыз» журналы оқырманға жетіп үлгермей Қарағандыдан «кеңес өкіметінің қас дұшпаны Шәкәрімді ақтағалы жатырсыңдар ма. Төлеген Жанғалиевтің мына айтып отырған «құр құдықтағы ақыны» – Шәкәрім. Оның атын атап, шығармасын жариялауға Орталық комитеттің арнайы комиссиясы мен пен қауіпсіздік комитеті тиым салған болатын. Біз тіріміз. Оған жол бермейміз» – деген арыз түсті. Әрине, Жазушылар одағы мен «Жұлдызға» келген хат менің қолыма тиді. Ал жоғарыдағы праволық комиссия ұйымдастырған хаттар тиісті мекемелерге жолданған арыздардың алдын орап үлгерді. Оның үстіне Хафиз ағамыз аудандық партия комитетінің бюросында бұл мәселені нақты қойып, аудандық «Совхоз туы» газетінде ашық пікір алысуды бастап та жіберіпті. Сол хаттардың біразын маған өзімнің еңбек жолындағы ұстазым, байырға журналист Жағыпар Жүнісжанов ағамыз менің атыма жолдапты.
Міне, бұл хаттар – Олжас ағамыз айтқан «халықтық пікірдің» нағыз өзі еді. Сол «халық пікірі» Шәкәрім ақынның шығармашылық өмірінің алаш ардагерлерінен бұрын ақталуына шешуші себеп болды. Хафиз Матаев пен Жағыпар Жүнісжанов бастатқан ел ағаларына шын жүректен алғыс айта отырып, ол күндердің де тарихқа айналып бара жатқанын ескеріп, араға ширек ғасыр өткен соң барып сол бір хатты жариялауды жөн көрдім.
«Тұрсын қарағым, аман-есенсін бе, үй-іші, бала-шағаң аман ба?
Саған хат жазып отырған Жүнісжанов Жағыпар. Мені 1967 жылдан бастап білетін шығарсын деп ойлаймын. Өйткені мен редактор болып істеген кезімде сенің жазған мақалаларыңнан үміттеніп, ынталандыру мақсатында жиі-жиі «Совхоз туы» газетіне жариялап тұрдық. Сен сол үмітті ақтап қазір Қазақстанға белгілі жазушы болдың. Тақауда СССР жазушылар одағының материалынан фамилияңды оқып қуанып қалдым. Мен сені ылғи өзімнің туған ауылым – Сарғалдақтан шыққан азамат деп есептеп, іштартып, жақсы шығармаларыңа риза болып жүрем. Сен менің Мәден апам жөніңде бірнеше рет жаздың («Қаралы сұлу»). Ол кісі 1987 жылдың декабрь айында қайтыс болды. Алматыға барып жерлеуіне қатысып қайтқам.
Ал, осы хатты жазу себебім: сен Шәкәрімді жарыққа шығаруға тілектес болып, қолдан келген көмегіңді жасап жатқан көрінесін. Ғафиз Матаевичтің тапсыруымен мен «Совзох туы» газетінде Шәкәрімді жарыққа шығаруды талап еткен қоғамдық пікір ұйымдастырып жүрмін. Ондай пікір 5-6 нөмірге шығып та үлгерді. Дайындалған, әлі де шығуға тиісті материал да көп. Олар, редакциядағы жігіттер, «Совхоз туының» Шәкәрім жөнінде материал шыққан нөмірлерін саған беріп жіберіп тұрмақ болатын. Х.М. (Хафиз Матаевич) екі номерін бердім – деді.
Ал осы хатпен бірге «Совхоз туының» бір номерін және Оспанов Зейнелдің «Ашық хатын» жіберіп отырмын. Осыны Шәкәрім творчествосы мен өмірін зерттеп анықтау жөнінде құрылған комиссияға табыс етуіңізді сұраймын. Осы хат және «Совхоз туында» жарияланған материалдар Шәкәрімді ақтайтын документтер болып табылады. Егер соңына түсіп зерттейтің азамат болса, Шәкәрімді ақтайтын материалдар көп. Шәкәрім 1912 жылдарда Шақпақтан шошала салдырып, творчестволық жұмыспен алаңсыз шұғылдану үшін оңаша өмір сүруді кәсіп еткен. Ол өзінің «Қоңыр ат» деген шығармасында былай дейді ғой.
Жапанда жалғыз жаттым елден жырақ,
Ел іші болмаған соң маған тұрақ.
Жасымнан сүйген өмірім – онашалық
«Қартайып, алжып жүр ме?» – деме шырақ.
Шәкәрім оңаша өмір сүргені үшін орынсыз күдікке ұшырап, әділетсіздік пен надандықтың құрбаны болды. Оны өлтіргендер оған жала жапты, оған алдын ала тергеу жүрген жоқ, сот болған жоқ, беталды далаға апарып тастады. Генеральный прокурордың оны ақтаған қағазы бар.
Қайта құру, бетбұрыс, демократия, жариялылық рас болса, Шәкәрім жарыққа шығу керек. Біздің талап осы.
Жауап күтем, туысқандық сәлеммен Жағыпар Жүнісжанов
16.ІІІ.1988 жыл.
Оспанов Зейнелдің хатының түп нұсқасы бізде сақтаулы.
Ж.Жүнісжанов».
Шындығында да, нағыз «халықтық пікір» деген осы ғой. Ал Жағыпар ағамыздың жолдаған төмендегі «Ашық хатының» құндылығы тіпті ерекше еді (түпнұсқалық орфография сақталды):
«Қазақтың ғалым академиясына. Алма-ата қаласы.
Абай ауданы, Күлмен ауыл советі Сталин атындағы колхоз мүшесі – пенсионер Зейнел Алиасқарұлы Оспановтан
АШЫҚ ХАТ
1957 жылы сентябрь айында, қазақтың Ғалым Академиясының қызметкері (ұмытпасам) Исмайылов (Есмағамбет) деген жолдас, Абай ауданына келіп, Шәкерім Құдайбердиевтің шығармаларынан түрлі анықтама-мағлұматтар жинастырып жүргенінде менімен кездесіп, әңгімелесіп еді.
Мен Исмайылов жолдастың қолындағы документін көрген соң, Шәкерім жайында біздің ауданымызда әр кім әр түрлі аңыз құрастырып айтып жүргенін айтумен бірге, өзім білетін (жайларды), көргендерімді қысқаша жазып берген едім.
Мұнан кейін Семей облыстық Прокурорының заместителі Гришин жолдас екі рет жауап алды. Оған да Шәкерім жайында өзімнің білгенімді, көргенімді айтып, жауап берген едім.
Бірақ екінші жылға айналды, Шәкерім мәселесі ешбір хабарсыз кетіп барады. Мұны жазу себебім мынау:
Біріншіден: Шәкерімнің еңбектерін жинастырып, анықтауға қазақтың ғалым академиясынан келген жолдас Шәкерімнің еңбектері тексеріледі, жарыққа шығады – деген еді.
Екіншіден: Шәкерімнің 1931 жылғы өлімі жайында шындық жағдайды анықтау керек, сондықтан бұған көзі жететін адамдардан толық мәліметтер жинаймыз – деген еді.
Осыған қарағанда, Шәкерімнің еңбегін жарыққа шығаруды Ғылым Академиясы қажетсіз деп тапты ма, жоқ, Шәкерімнің өлімі жайында шерік ғасырдан кейін тексерген тергеу материалы дұрыс қорытынды шығара алмады ма – деген болжаудамын. Шәкерімнің еңбегі зерттеліп, қажетсіз деп табылса, менің жазуымды кініләмандар, ал тергеу мәселесі бөгет болған болса, әлі де бұл істі аяқсыз қалдырмай, шындыққа жету керек деп санап, сіздерге өз көріп-білетіндерімді жеткізбекпін.
Мен 1912 жылы Шыңғыстау (қазіргі Абай) ауданының, Қарауыл ауылында туып өстім. 1924 жылдан Совет мектебінде тәрбие алып, оқып, оқуды аяқтай алмай, 1930-жылы аудандық милиция мекемесіне қызметке орналастым.
Сол жылдан бастап өз ауданымда болған көптеген оқиғалардың куәсімін, барынша қанықпын. Өйткені 1936 жылдың ақырына дейін үздіксіз 6 жыл осы ауданда милиция органында қызметте болдым.
Сөз – Шәкерім турасында болғандықтан, осы жылдарды Шәкерім жайында не білетіндігіме тоқталмақпын. 1930 жылдың ақырында, 1931 жылдың басында бұрынғы Шыңғыстау ауданында жағдайсыз толқымалы әрекеттер шыға бастады. Бұл әрекеттің шығуына, сол жылдардағы «асыра сілтеудің» қателіктері себеп болса, сол қателіктерді байлар, құлақтар өз мақсатына пайдаланды, өйткені олардың жан беру алдындағы жанталасу сағаты еді.
Сана сезімі толық ашылмаған кейбір шараулар байлардың үгітіне ерді. Бірақ толқушылық жағдай бір-екі айда тынышталды. Оны ұйымдастырушылар ұсталып, тиісті жазаларын алды.
Бұл күндерде Шәкерім Құдайбердиев «Шақпақ» деген жерде жалғыз өзі аң аулаумен кәсіп етті.
Сол 1931 жылы қысты күні, біздің отрядымыздың шолушылары, өзі жоқта Шәкерімнің иесіз үйіне кез болып, жылынып, аздап ауқаттанып келген күні болды.
Шәкерімнің осы турасында астындағы атымен айтысқан өлеңі кейін де ел аузында айтылып жүрді.
1931 жылдың қысында, өсектен аулақ болу үшін Шәкерім ешкіммен байланыс жасамай, жалғыз өзінің елден бөлек кеткенін әңгіме етіп жүрдік. Шынында да Шәкерім 1931 жылғы толқушылыққа қатысқан жоқ еді.
1931 жылы 3 сентябрь күні 150 шамасындай кісі (бытыра мылтықпен, шиті мылтықпен, бірлі-жарлы винтовкамен қаруланған) ауданға шабуыл жасады, екі-үш сағат атыстан кейін ауданға шабуыл жасаушылардың быт-шыты шығарылды. Аудан аман сақталынып қалды. Ауданға шабуылға қатысты дегендер қамауға алына бастады, тұтқын болудан қашқандар үй семьяларын тастап кетіп қалды, кейбіреулері даланы паналай қашып жүрді.
Мұндай уақытта Шәкерімнің де өз басын сауғалап, қашқалақтап жүруі таңданарлық іс емес еді. Шәкерімнің басқа жаққа кетпей, Шыңғыстың тауларын паналап жүргенінен хабардар болған соң, 15 шамасындай кісі іздеуге аттандық.
Шәкерімдердің ізіне 10 – 15 күндей түстік. Октябрь айының бас кезінде «Керегетас» деген жерде, таң атып, күн шығып келе жатқан кезде Шәкерімдердің үстімізден түскенін бір-ақ білдік.
Күннің тұмандығы сондай 100 – 150 метр жердегіні әзер көретін едік, шырт ұйқыда жатып, нарядтағы қарулардың сигналымен шошып оянған отрядтағылар, ештемені болжай алмай сасқалақтап, мылтық атумен болдық. Бұл уақытта Шәкерім атының басын ешқайда бұрмай, қарсылық көрсетпей қарсы оқ атып абыржып жүрген жаяу отрядтағыларға қарсы келе жатты. Мұны мен (шындығында) Шәкерімнің берілу үшін келе жатқаны еді деп білемін. Бірақ отрядтағылардың әр қайсымыздың өз бетімізбен оқ атуымыздың салдарынан Шәкерімге оқ тиіп өлді. Біз аттарымызды тауып, қашып кеткендерін қуғанша (аттарды қуып жүріп ұстағанша), кімнің қайда кеткен ізтүзін де білмей қалдық.
Егер Шәкерім берілу үшін келе жатпаса, қасындағылар қалай құтылып кетсе, ол да солай құтылып кетпес пе еді.
«Ауданға шабуыл жасаймыз» – деп Шәкерімнен бата сұрап келгенде, оның бата бермей: «Қойындар, шығынға ұшырайсындар. Тараңдар» – дегеніне еліріп алғандар көнбеді» – дегенді 1948 жылы, сол жылдағы көтеріліске қатысқан Қасымбек Солтабаевтан ауызба-ауыз естігенім мынау.
Мұнда бір айтылатын жағдай мынау: 1947-жылы жоғарыда аталған Қасымбек Солтабаев ұсталады. Ол 1931 жылғы 3 сентябрьдегі шапқан елдің басқарушының бірі есебінде қылмысы көрсетіліп, тергеу жүргізіледі. Сондықтан да, бұрынғы Шыңғыстау (қазіргі Абай) ауданының сол жылдардағы жағдайларын біледі – деген көптеген адамдарынан жауап алынады. Олардың кейбіреулері «өлген арыстаннан, тірі тышқан» деп Қасымбек Солтабаевты ағарту (ақтау) мақсатымен, бар-жоқты өлген Шәкерімге үйіп төгеді. Енді Шәкерім туралы олардан жауап алса, түлкі бұлталаққа салады. Сондықтан тергеу орнының шындықты шешуіне қиындық кездесуі ғажап емес.
Жалғыз-ақ ескеретін жағдай мынау еді: Солтабаев туралы, кейін де Шәкәрім туралы жауап берушілер кімдер? Дәлді жағдайларды көзбен көріп, білгендер ме? Жоқ, орта жолдан ел аузындағы аңызды теріп: «Біздің ауыл осы жақта» – деп жауап беруші қулар ма?
Меніңше, көпшілік «қулар» шын жағдайды білмейтін, тек ел аузындағы аңызбен сөз құрағандар ма – деймін. Ал ішінде болып, бұлталақ жауап бергендер болса, «өлгенге – өлі дау» деп, расында шындықпен жетпегендер деп білемін. Не өз заңсыздықтарын бүркелеушілер. Сіздер бұл жағдайды қалай білдің дерсіздер. Ол орынды сұрақ. Біріншіден, мен өткен уақиғалардың басы-қасындағы куәсімін. Екіншіден, көп жыл бойы істегендіктен, теріс жұмысынан да хабарсыз емеспін. Үшіншіден, Шәкерім жайында сөз көтеріле бастағаннан, істің жәйі қалай шешілер екен, шындығына жетер ме екен – деп, хабардар болып отырмын.
Мен көп уақыт мынандай ойларға да келдім. Шәкерім жөнінде менің күйінді болғаным не? Маған келер пайда не? Көрдім деген көп сөз... Нем бар, осында – деп, талай рет жазған хатымды талай рет жыртып та тастадым. Бірақ, шындық, әділеттілік өз дәрежесінде шешілетін күнге жетіп отырғанда, болған шыңдық бұрмаланып, шыңдықты білетін куәлар өз бастарын қорғап, іс дұрыс шешілмеді ме – деген ой мені тынышсыздандырып, көзім көрген, білген шыңдық шыдатпай, осыны жазуға мәжбүр етті.
Болған уақиғалардың түйінді әсерлерінен қысқартып жазғандағым осы болды. Осы жағдайды анықтауға не айтасыздар, ол енді сіздерге байланысты.
Менің бұл хатымды алғандықтарыңыздан хабар етулеріңізді сұраймын.
Оспанов (подпись)
Менің адресім:
Семипалатинская область, Абайский район колхоз им.Сталина, с. Каскабулак.
Оспанов Зейнел Алиаскарович.
24 декабрь 1958».
Бұ хаттың соңына осы жазудың иесінің қолын және оның түпнұсқа екендігін растаған ауылдық кеңестің мөрі басылыпты. Шыншыл қарияның «Ашық хаты» Қазақстан Орталық комитететіндегі талқылау барысында айғақ ретінде пайдаланылды. Септігі де ерекше тиді. Сол үшін де Жағыпар ағамызға, сол деректі ол кісіге жинақтап беруге көмектескен М.Түңлікбаев ағамызға да мың да бір рахмет айтамын.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларының алаш ардагерлерінен бұрын ақталып, халыққа жедел жетуінің «халықтық жолы» осындай еді. Ал тағдырлы ақынның жазықсыз жазмыш жазасына ұшырауы туралы әңгіменің жөні бір басқа. Әзірше, осы бір «халықтық пікірді» қозғаушы ағалардың еңбегін кешігіп те болса көпшілікке жеткізуді парызым деп санадым. Өйткені, осындай шешуші пікір иелері туралы мағлұматтар Шәкәрімнің өміріне қатысты арнайы ұйымдастырылған басылымдардың назарынан тыс қалып келеді. Ақын тағдырына араша түскен адамдардың есімін естен шығару тектіліктің белгісі емес болса керек. Қайырын халықтың қалыс тілегі берсін.
«Түркістан». Ақпан.
КӨРКЕМ КЕҢIСТIК ПЕН УАҚЫТ ЖӘНЕ ТАРИХИ ДӘЛЕЛ
Әдебиеттану саласындағы тыңғылықты зерттеудi қажет ететiн түйткiлдi мәселенiң бiрi – көркем кеңiстiк пен көркем уақыттың аясын анықтайтын тұжырымдарды бiр iзге түсiру. Кеңестiк заманда әдебиеттiң таптық және партиялық сыпаттарына бейiмделген теориялық талдаулар көркем кеңiстiк пен уақытты тарихи уақыттың iшiнде қарастырды. Өйткенi материалистiк көзқарас тұрғысынан алғанда жалпы ғаламдық кеңiстiкке ұмсыну идеологиялық тұрғыдан дiни сенiмге бойсыну деп бағаланды. Психологиялық шамырқануды тығырыққа тiрейтiн мұндай шектеудi бұзған ұлы суреткердiң бiрi – Мұхтар Әуезов. Ол “Абай жолы” роман-эпопеясында Мәңгiлiк Көк Аспан мен Алып Бәйтеректi жалпы ғаламдық кеңiстiктiң баламасы ретiнде қолданды. Алып Бәйтерек – кейiпкер Абайға берiлген тарихи көркем уақыт. Ал Мәңгiлiк Көк Аспан – көркем кеңiстiк. Қазақ ертегiсiндегi уақыттың белгiсi ретiнде сипатталатын Алып Бәйтерек - кейiпкердiң күйзелу коллизиясы тұсында оны тарихи уақыттың шеңберiнен шығарып әкететiн, тұспалды емеуiрiндер арқылы жалпы ғаламдық кеңiстiкке жол ашатын көпiр мiндетiн атқарып тұр. Сол арқылы зжазушы ұлы Абайдың рухын Мәңгiлiктiң дәрежесiне көтердi.
Көркем уақыт, сол замандағы қоғам және сол қоғамда өмiр сүрген адам психологиясы суреткердiң басты бейнелеу құралы болып табылады.
«ӨМІР ІШІНЕН – ӨЛІМ, ӨЛІМ ІШІНЕН – ӨМІР ІЗДЕГЕН...» ЖАНКЕШТІЛЕР
І.
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы туралы біз құрастырған үш томдық басылымның барысында әр қоғамның, әр ұлттың, әр мемлекеттің, әр түрлі көзқарас иелерінің мүддесін, қарама-қайшы пікірлері мен тұжырымдардың барлығын қамту, әрине, мүмкін болмады. Алайда «ұмытылған мемлекеттің тарихы» туралы қазақ, қытай, орыс, татар, ұйғыр, монғол, ағылшын, түрік, өзбек, қырғыз тілдеріндегі зерттеулер мен мақалаларды, естеліктерді, мұрағат деректерін оқып шығып, басылымға іріктеп дайындау барысында және аяқтау тұсында, іздеген сұрақтарға жауап алудың орынына, қосымша және бұрынғыдан да терең әрі талқылы сұрақтар көңілімізде ұялап қалды.
Бүгін елеусіз көрініп, ескерусіз қалғандай көрінген Шығыс Түркістанға қатысты геосаяси мәселені түптің түбінде Қазақстанның шүйіле зерттеуіне тура келетініне еш күмәнім жоқ. Осы өлкедегі ұлт-азаттық көтерілісіне тікелей ықпалы мен қатысы болған Қытай, Ресей, Америка, Жапон, Монғолия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Индия, Пакстан, Түркия мемлекеттерінің де саяси көзқарастары қорытылып, 1945 жылғы – Америка, Англия, СССР – үштігі мен сол жылғы 14 тамыздағы СССР мен қытайдың Чан кайши үкіметі арасындағы келісімдерінен бастап, 1949 жылғы ұлт көсемдерінің ұшақ апатынан қаза табуына дейінгі аралықтағы талай құпиялардың ашылатынына сенемін. Өйткені тарихтың шығыршығы бұл оқиғаны еске түсіретіндей кеңістікке заманнан заман озғанда қайта айналып оралатыны анық.
Ал көтеріліс туралы жазбалардың күрделі де ауыр, жауапсыз сұрақтарды маған ұсынуы заңды еді. Түйсікпен түйгенімнен көрі астарлы мағыналар көбейіп кетті. Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері, қарулы көтерілістің тууы, дамуы, азат республика атануы, ұлттық армияның құрылуы, оның жеңіске жетуіне дейінгі қозғалыстың барысы түсінікті. Ал Нұрғожай батыр жазғандай:
Достарыңызбен бөлісу: |