3.27 «Халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыру» бастамасы. Транзиттік жүк ағыны әлеуетін тұрақты талдау негізінде және «тар жерлерді» жою қағидаты негізге алына отырып, көлік инфрақұрылымының қуатын ұлғайту жүзеге асырылады. Мәселен, халықаралық дәліздердің өткізу қабілеттілігі ұлғаяды, оның ішінде Алматы қаласының айналма теміржол желісі, Достық-Мойынты учаскесінде екінші теміржол жолдары салынып, Жарық-Жезқазған және Қызылорда-Шалқар теміржол учаскелері жаңғыртылатын болады. Бұдан басқа, жылжымалы құрамның санын, атап айтқанда, жалғамалы платформаларды ұлғайту және автомобиль жүк көлік құралдарының паркін жаңарту үшін ынталандыру жасалатын болады.
Кедендік өткізу пункттерінің тиімділігін арттыру мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін стандартталған түрдегі кедендік декларацияларды берудің және табыс етудің электрондық жүйесі – «Бірыңғай өткізу арнасы» енгізілетін болады. Тәуекелге бағдарланған жүктерді тексеріп қарау жүйесі енгізіледі және мемлекеттік қызметшілердің тексерулер кезіндегі жұмысын үйлестіру ұйымдастырылады. Қазақстандық өткізу пункттерінің инфрақұрылымы бірыңғай кешенді шешім негізінде жаңартылады.