Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі


Ұнды кондитер өнімдері.Кондитер өнімдерінің сапасына ұн сапасының әсері



бет13/16
Дата29.12.2021
өлшемі194,84 Kb.
#106490
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Азиза СРС 11

1.8. Ұнды кондитер өнімдері.Кондитер өнімдерінің сапасына ұн сапасының әсері

Ұнды кондитер өнімдері – рецептуралық құрамы, өндіру технологиясы және тұтынушылық қасиеттері әртүрлі ассортименті аса кең азық – түлік өнімдерінің тобы.

Ұнды кондитер өнімдері деп – құрамында қанттың, майдың, жұмыртқаның мөлшері жоғары ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді айтады.

Ұнды кондитер өнімдері  өндірісінде ұнмен және қантпен қатар  май, оның ішінде сары май, әр түрлі жұмыртқа өнімдері  және т.б сияқты  жоғары калориялы және құнарлы өсімдіктердің қолданылуы бұл өнімдердің тағамдық құндылығын жоғарылатады.

Жұмыртқа тағамдары  - дайындалу технологиясы жеңіл әрі қарапайым тағамдар тобына жататын тағам. Жұмыртқа тағамдарына - пісірілген, қуырылған, дәмдік қоспалары салынып бұлғанған жұмыртқалар, омлеттер, бисквиттер жатады. Жұмыртқа тағамдарының ішінде әр түрлі қоспалар салыну арқылы жасалатын көптеген аспаздық тағамдар бар: пор-тугаль, швед, украйн, беларусь, Россини жұмыртқалары, аля  ройяль және  т.б. Қоспа ретінде көбіне қызанақ, зәйтүн, сыр,  шұжық, пияз, саңырауқұлақ қолданылады. Жұмыртқа тағамдарын ойлап табу оңай. Мысалы,  Россини жұмыртқасын қуырылған жұмыртқаның сарысын ойып алып, үстін піскен қаз бауырының кесегімен жауып,  мадерадан дайындалған соус құйып береді. Бірақ жұмыртқаны күнделікті жеудің  зияны да бар. Артық салмағы бар  адамдардың организміндегі зат алмасу процесінің түзелуін тежейді.

Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Олард  дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту  және оның құрамындағы  пайдалы  заттар мен  жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін  (қойытылған сүт  т.б),  ашытылған сүт (айран, қатық, қымыз, сүзбе, шұбат т.б)  дайындау ісі ертеден белгілі.

Қазіргі уақытта  ҚР азық- түлік  өнеркәсібінің басты міндеті  азық- түліктер ассортиментін кеңейту; олардың сапасын жақсарту; диеталық, емдік- профилактикалық, витаминдерге, ақуыздарға және басқа да биологиялық құнды құрамдауыштарға бай арнайы өнімдер өндірісінің едәуір арттыру болып табылады. Соңғы аталған өнімдер аса өзекті болып табылады, себебі ҚР әртүрлі халық топтарының тамақтану құрылымына жасалған талдау емдік-профилактикалық және қорғаушы қасиеттері бар өнімдер тапшылығының тұрақты болып отырғандығы  көрсетті.

Кондитерлік өнеркәсіпте шикізат ресурстарын ұтымды пайдалану, өнімдер құрамындағы қанттың, какао- ірі – бұршақтың, жаңғақтың және  басқа да шикізат түрлерінің мөлшерін азайту бойынша үздіксіз жұмыстар  жүргізілуде.

Бұл мәселені шешу үшін ақуыздар, микроэлементтер, минералды тұздар, витаминдер мен және т.б  байытылған тағамдық құндылығы  жоғары кондитерлік өнімдердің  жаңа түрлерін жасап шығаруға арналған жергілікті және дәстүрлі емес шикізаттарды енгізу қажет.

Адамның денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін және ғұмырлығын сақтап тұру үшін ұтымды тамақтанудың негізгі принциптері бұзылмау керек. Оның негізгі принципі негізгі тағамдық және биологиялық белсенді заттардың: ақуыздар, майлар, көміртектер, ферменттер, витаминдердің   минералды және т.б заттардың сандық және сапалық арақатынастарын білдіретін теңдестік болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет