Сүтті сепаратор қондырғысы арқылы тарту. Сүтті тарту - бұл сүтті сепаратор - қаймақ бөлгіштің көмегімен қаймаққа жəне майсыздандырылған сүтке бөлу. Қаймағы ажыратылмаған сүт сепаратор барабанынан түсіп, жұқа қабаттармен тарелкалар арасына бөлініп таралады. Тарелкааралық кеңістікте май шарлары сүттің ең жеңіл бөлігі ретінде айналу өсіне қарай ығыстырылады; майсыздандырылған сүт сүттің ауырлау бөлігі ретінде ірімшіктқа тепкіш күштің əсерімен периферияға орналастырылады. Сүт жіңішке қабаттар ретінде тарелкалар арасында таралып, онша үлкен емес жылдамдықпен айналады, бұл аз уақыттың ішінде майдың толық бөлініп
190
шығуына қолайлы жағдай туғызады. Майсыздандырылған сүттегі май құрамы 0,05% - тен аспауы керек.
Гомогендеу. Тазаланған сүт 12,5+2,5 МПа қысымда жəне 45-70 оС температурада гомогенделеді. Майдың массалық үлесі 3,2 %, 1,5-2,5 % болатын сүттің дəмін жақсарту үшін, сонымен қатар құрғақ компоненттерді пайдаланған кезде сүтті міндетті түрде гомогендеу керек. Сүтті гомогендеу – сүтке белгілі ішкі күштермен əсер ету жолымен май шарларын уату процесі
Сақтау жəне тасымалдау. Пастерленген сүттің технологиялық үрдісі аяқталғаннан соң ол 0 - 6 оС температурада 36 сағаттан артық емес уақыт сақталады жəне жабық изотермиялық жағдайда тасымалдануы керек.
Сүтті алыс жерлерге флягаларда немесе басқа ыдыстарда тасымалдайды, оларды транспортты цистерна деп атайды.
Сүт зауытында шығарылатын сүт жəне сүт өнімдерін өңдеу есебін сүт өлшеуіш жəне таразы көмегімен жүргізеді.
Сүт зауытында тасымалдау тəсілі шикізат сапасына жəне қабылданатын өнімге кері əсерін тигізеді. Сүтті құбыр арқылы тасымалдайды жəне технологиялық жабдықтардан ауыстыру үшін арнайы қысымды насостар қолданады. Сүт жəне сүт өнімдерін өңдеуге цех ішіне қарапайым құралдар арқылы тасымалдайды, қолды жəне өзі жүретін арбалар, қысқа сүт құбырлары жəне əртүрлі конвейерлер.
Сүтті өңдеу өнеркə сібіне жіберер алдында фермада арнайы ыдыстарда сақтайды. Фермадан өндейтін өнеркəсіптерге сүтті флягтар, автоцестерналар, сүт құбырлары арқылы тасымалдайды. Үлкен көлемдегі (1000 литрдан көп) сүтті цистерналарда машина, темір жолдар, су транспортымен тасымалдайды. Аз көлемдегі сүтті флягаларда, жүк автокөлігімен тасымалдайды, бірақ бұл əдісті қолданғанда жұмыс көп жұмсалады. Жүктеу – кері алу, сүт төгілу, тасымалдау шарттары тағамдық өнімнің санитарлы – гигиеналық талаптарына жауап бермейді. Сонымен бірге оны сұйық өнімдерді сауда желілеріне тасымалдауда қолданады (қаймақ, қойылтылған сүт жəне т.б.).
Автоцистерналар бір немесе бірнеше элипс тəрізді сфералық түптері бар секциялар. Сыртынан секциялар термоизолятормен, ағашпен, пергаментпен қапталған, оның сыртын жұқа көміртекті болатпен қаптаған.
Ағаш термоизоляцияланған материалын (көбіне металл немесе пенопластты) механикалық бүлінуден, ал сыртқы қабығы ылғалдан қорғайды. Термоизаляциямен қапталғандықтан шикізат қызып кетуінен жəне қатпауынан қорғалады. Секциялар тағамдық алюминийден жасалған болса, маркасына байланысты сыйымдылығы 0,9 дан - 6,55 м 3 қа дейін болады. Секциялар машинаға ағаш тақтайлармен бекітіледі.
Жұмыс ыдысын жуу, тексеру үшін секцияларда арнайы люк орнатылған, герметикалық жабылатын қақпағы болады, сақиналы резина салуымен қабатталады. Люктің жоғарғы жағында дөңгелек сызықтар
салынған, ол сүт құйғанда мөлшерін көрсету үшін, əр секцияға бір – бірден клапан салынған, ол ыдыс түбінде орналасқан. Оған штуцермен сүт құбырын жалғайды, сүтті құю жəне ағызып алу үшін. Арнайы аппарат арқылы штуцерға шланга жалғанады , ол багажы бар цистерналарда сақтау үшін. Штуцерлар ластанбау үшін оларды бұқтырмалармен жауып қояды. Клапанды қолмен маховик көмегімен басқарады, ол клапан штоктарында қондырылған жəне футлярлармен қорғалған .
Секцияны сүтпен сүт жинайтын жерде автоматты вакуум немесе насос арқылы толтырады. Цистернаға сүт астынан берілетіндіктен ол көпірмейді. Цистернадан сүт өзі ағады немесе насос көмегімен ағызып алады. Сүтті цистернаға толтырған кезде оның дəрежесін электрлі сигнализация тексереді. Сигнализация панелден, индукционды катушкадан, кері токты реледен, ауыстырғыштан жəне рычагтан тұрады. Секцияда сүт толған кезде шынжыр тоқталады жəне дыбысты сигнал қосылады.
Ерекше назар аударатыны - сүтті сүт құбырлар жүйесі арқылы тасымалдау . Таулы аймақтарда биіктен төмен қарай сүттің өзін сүт құбырлары арқылы жіберген тиімді. Сүт құбырлары полиэтиленнен жасалады, диаметрі 16, 20 немесе 25мм. Қолайлы жерлерде жердің астына 40 – 70 см тереңдікке, шахталарда, тау етектерінде, су астында берік тірегіштермен, сымдармен бекітеді.
Таулы аймақтарда сүтті сүт құбырлары арқылы тасымалдау жылдамдығы біріншіден гидравликалық жол желістеріне байланысты.
Жер астында орналасқан сүт құбырлары қысымды жүйеге жатады. Жер астында орналасқан қысымды сүт құбырлары екі параллельді құбырдан тұрады, біріншісімен сүт жүреді, ал екіншісімен сығылған ауа жүреді. Сонымен бірге сүт желісіне резервуар – термос, сорғы, сүт санауышы, таразы жəне сүт қабылдайтын бак кіреді. Ауа желісі компрессордан, май бөлгіштен, ауа салқындатқыштан, шашырағандарды ұстағыш жəне сүзгіден тұрады.
Жер астында орналасқан сүт құбырлары былай жұмыс істейді: сүт ортадан тепкіш сорғы арқылы санауыштан өтіп сүт құбырына жіберіледі. Содан соң ұсақ саңылаулы резина тығыны салынады. Компрессордың сығылған ауасы сүтті құбырына жібереді де, тығынды итереді жəне сүтті итеріп сүт зауытының қабылдағыш таразысына құяды. Резина тығыны сүзгіште қалады. Сонда жер астында орналасқан сүт құбырларының жұмысы үш кезеңнен тұрады: сүт құбырларын сұйықтықпен толтыру, сұйықтықтың қозғалуы жəне сүт құбырларын босатудан.
Мұндай құбырлар арқылы тасымалдау кезінде сүттің майлылығына гидравликалық факторлар əсер етуі мүмкін. Жылдамдықтың өсуі сүтің қабаттануына, көбіктенуіне ə келіп соқтырады. Сондықтан жер астында орналасқан сүт құбырларымен сүт тасымалдау үшін оның барлық жағдайын
бақылау керек. Тасымалдау кезінде минималды жоғалтулар болу үшін сұйықтықтың жылдамдығы 12 м/с - тан аспауы керек, жалпы жылдамдығы 2 м/с - тан аспауы керек.
Сүт құбырларын көбіне полиэтиленді құбырлардан жасайды. Олар аязда тұрақты, -30 – 60 °С аязда иілгіш болып келеді. Бұл құбырларда сұйықтық металл құбырларға қарағанда 3...4 есе жай қатады. Қату кезінде бұл құбырлар сынбайды, тек диаметрін үлкейтеді, ал кері еріген кезде бұрынғы қалпына келеді.
Полиэтиленді құбырларды байланыстыру əдісімен, санымен қатар алмалы – салмалы байланыстырғыштармен біріктіреді. Сүт өндейтін өнеркəсіпте аз жəне орташа қуаттылықты аз ғана жүк ағыны болады. Сондықтан дайын өнімді алмастыру қол арбаларымен жүзеге асады (платформалы, ұстауышы бар жəне ыдысы ашық).
Роликті конвейер (рольганг) рамадан тұрады, оған бір – бірінен арақашықтығы 90 – 160 мм соңына беті конус тəрізді арнайы болттар бекітіледі. Бұл болттарға диаметрі 60...100 см роликтар тағылады. Фляг, жəшік, себет тасу үшін шынжырлы горизонтальды конвейер қолданылады. Ол жетектен, басқару баспасынан, магнитті жібергіштен, электр сымнан, жүргізуші жұлдызшадан, жетек біліктен, секция соңынан, шынжырдан, фундамент болтынан, жүргізу білегінен, радиалды жəне горизонтальды секциядан тұрады. Бұл конвейер шынжырларының жылдамдығы 0,15 немесе 0,35 м/с, қуаттылығы 2,2 немесе 3 кВт.
Сүт сорғылары қотару кезінде ешқандай механикалық зиян келтірмеу керек,сондықтан сорғылар мұқият жуылуы керек.
Шлангалы сорғы ең көп қолданатын сорғылардың бірі. Бұл сорғы қотарумен қатар сүтті мөлшерлейді. Сорғының басты жұмыс органы шланг. Сұйықтықты айдау қондырғысы трек, роликтен, дискаға бекітілген итервалдан, бекітуге арналған қыстырғыштан тұрады. Сорғы айдауы айналу жиілігіне жəне шланг диаметріне байланысты. Шлангты сорғының жұмысы былай жүреді: ротор айналған кезде роликтар кезекпен кезек сұйықтықпен толтырылған шлангтарды қысып айналады. Роликтардың арасы сирек болғандықтан, қалпына келген шлангты тағы да қысып сұйықтығын алып кетеді. Жұмыс жақсы жүру үшін ротор дискасында үш роликтан кем болмау керек. Тректе орналасқан шлангты қыстырғыштармен бекітіп қояды.
Мембраналық сорғы вакуумды ыдыстардан сұйықтықты айдауға, сонымен қатар құбырлар арқылы сүт өнімдерін тасымалдауға арналған. Негізгі жұмыс органы эластикалық материалдан жасалған мембрана, полиэтиленмен қапталған резинадан жəне матадан жасалынады. Клапанның орнында резина шариктері немесе пластиналар қолданылады.
Мембраналық сорғыларда сүт қатты қысыммен жүреді. Бұл сорғылардың биіктігі - 5м, ал қысым – 50 кПа. Конструкциясына
193
байланысты мембраналық насостар механикалық, пневматикалық, гидравликалық приводтан тұрады.
Мембраналық сорғының пневматикалық жүргізушісы сүт зауыттарында кең қолданылады. Кейбір сүт өңдеуде технологиялық үрдістерде, мысалы кептіру, гомогенизация, жоғары қысымды плунжерлі сорғылар қолданылады.
Роторлы сорғылар көлемді сорғылар типіне жатады. Оған дөңгелек тісті сорғылар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |