Балықты үй жағдайында тұздау.Бекіреден басқа балықтың барлығын тұздауға болады (үйде тұздалған немесе кептірілген бекіре балықтарынан адам улануы мүмкін). Тек сапалы балықтарды ғана тұз-дау керек. Бұзыла бастаған балықты тұздау арқылы сапасын жақсарту мүмкін емес.
Майға бұқтырылған килька. Кильканы ұстаған бойда тазартып, басын алып тастайды да, жуып, кастрюльге салады, үстіне пияз қосып, содан кейін қара бұрыш пен тұз себеді. Жарты стакан өсімдік майын құйып, баяу жанған отқа 1,5 – 2 сағат бұқтырады. Оған 3 ас қасық томат-пюресін қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |