Күріш салынған кальмар салаты.Қайнатылған немесе консервіленген кальмар мен жұ -мыртқаны ұсақтап турайды. Сосын күрішті қайнатып алып, оны кальмар мен жұмыртқаға араластырады. Майонез немесе қаймақ қосады. 200 грамм кальмарға: 2 жұмыртқа, 100 грамм күріш, 100 грамм майонез немесе қаймақ қажет. Тұз бен бұрыш қалауынша.
Балық сүбесі (филе).Терісінен, сүйегі мен қыл-танағынан тазартылған балық етін – сүбе дейді. Балық сүбесін нəлімнің, теңіз ала-бұғасының, палтустың, көксеркенің, сазанның, жайынның, шортанның т.б. балық-тардың етінен дайындайды.
Шағындау оралған балық сүбесін тоңазытар алдында шырынын аз жоғалтуы үшін тұздық сумен баптайды. Балық сүбесінен неше түрлі тағам əзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |