Балықтан жасалатын шұжық.Целлофан қағазға май жағады, алдын-ала əзірлеген сүзбе - балық малмасын оған шұжық тəрізді тығыз орайды. Екі ұшын жіппен байлап, шұжық батонының өзін екі жерден буады.
Əзірлеген шұжықты суға салып немесе буға қойып пісіреді. Дəмділік үшін мускат жаңғағын, қара бұрыш, ал ұнататындар – сарымсақ қосады.
Целлофанға оралған шұжықты суық су ағынына тосып салқындатады, сосын целлофанды сыдырып, суығанша қояды . Егерде шұжық пергаментке оралып əзірленсе, пісіріп болысымен , суымай тұрып пергаментті сыдырып тастайды. Сүзбе - 40, балық – 40, бас пияз – 8, бұқтыру үшін өсімдік майы – 4, бидай наны – 8 грамм.
Достарыңызбен бөлісу: |