Мал майының сапасын сараптау
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша. Май шикізатының түсі: ақ
сарғыш тартқан, сары, ақ сары, аздап жасыл реңді. Əдетте барлық малдың ішмайлары ақ жəне сары түс аралық реңдерімен кездеседі. Бұзыла бастаған май қоңыр не жасыл түсті болады, майдың түсі біркелкі болмай ала-құла болып келеді. Шошқаның шел майы – түсі ақ, қызғылт реңді, аралықтарында бұлшық ет ұлпалары кездеседі.
Май түсін күндізгі жарықта, сүт түсті шыныға қалыңдығы 5 мм-дей етіп жағып жарыққа шағылыстыру арқылы анықтайды.
Майдың иісі мен дəмі – майдан алынған температурасы 20С орташа үлгіден анықталады. Сапалы май шикізатының өзіне тəн иісі мен дəмі болады. Бұзыла бастаған майдан жағымсыз қышқыл иіс шыға бастайды. Дəмі ащы-қышқыл, майға тəн емес бөтен дəм бөлінеді.
133
Майдың тығыздығы малдың түріне, денеде орналасқан жеріне, сапасына байланысты болады. Бұзыла бастаған май жұмсарып, жағылғыш, жұққыш, созылғыш күйде болады. Майдың тығыздығын металл қалақшаны температурасы 15-20оС-тағы май шикізатына батыру арқылы анықтайды.
Сапалы май – тұнық, ашық, айқын болады. Бұзылайын деген майдың түсі көмескіленіп, күнгірт тартып, бұлдыр лайға айнала бастайды. Майдың мөлдірлігін – таза, мөлдір, түссіз пробиркада 60-70оС-дейін қыздырылған майды, күндізгі жарықта тұнықтылығына қарап бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |