Саңырауқұлақты сорпа .Кептірілген саңырауқұлақтарды тазалайды, жуады жəне салқын суда 3-4 сағат ұстайды. Содан соң оларды алып, тұндырып сүзеді, əлсіз отта 1,5 сағат пісіреді. Саңырауқұлақты сорпаны тұзсыз пісіреді(сурет 54).Пісірілген саңырауқұлақтарды алып, жылы суда жуып турайды, ал сорпаны тұндырады, содан соң сүзеді. Маңыздандырылған саңырауқұлақты сорпаны шығымы: 0,5 кг кептірілген саңырауқұлақтардан - 5 литр сорпа. Саңырауқұлақты сорпаларда экстрактивті азотты заттар көп болады жəне олар тағамға ерекше хош иіс береді.
54-сурет. Саңырауқұлақты сорпа
Достарыңызбен бөлісу: |