Орындау әдістемесі
Балмұздақтың титрленетін қышқылдығын анықтау. Балмұздақтың титрленетін қышқылдығы ГОСТ 3624-92 талаптарына сәйкес анықталады.
Әдістің мәні - қышқыл тұздарды, ақуыздарды, көмірқышқыл газын және балмұздақтың басқа компоненттерін фенолфталеиннің сілтілік ерітіндісімен титрлеу. Балмұздақтың қышқылдығы Тернер градусымен (0Т) сипатталады. Тернер дәрежесі бойынша 100 мл сүтті бейтараптандыру үшін қажет 0,1 н каустикалық натрий ерітіндісінің қолданылады.
Ыдыстар: 1.Сыйымдылығы 200 мл колбалар, сыйымдылығы 100 мл өлшегіш колбалар, пробиркалар, 1, 10, 20 мл тамшуырлар, бюретка.
Реактивтер: NaOH - 0.1 моль/л, фенолфталеин - 1%-дық спиртті ерітіндісі, 2.5% кобальт күкіртқышқылды сулы ерітіндісі.
Балмұздақтың қышқылдылығын анықтау титрометрикалық әдіспен жүргізіледі. Тернер градусы дегеніміз (°Т) 100 г (см3) зерттелетін өнімді бейтараптауға кететін 0,1 моль/дм3 концентрациядағы натрий гидроксидінің мөлшерін (см3) айтады.
Боялмаған балмұздақта қышқылдылықты төмендегідей анықтайды: 100 немесе 250 мл колбаға 5 г зерттелетін өнімді салып, үстіне 30 мл сумен 3 тамшы фенолфталейн қосады. Ертіндіні жақсылап араластырып, натрий гидрокисімен ақшыл-қызғылт түске титрлейді.
Боялған балмұздақтың қышқылдылығын анықтау: 250 мл көлемдегі колбаға 5 г балмұздақ салып, үстіне 80 мл су және 3 тамшы фенолфталейн қосады. Ертіндіні жақсылап араластырып, натрий гидрокисімен ақшыл-қызғылт түске титрлейді.
Нәтижені талдау. Қышқылдылықты титрлеуге кеткен натрий гидроокисінің мөлшерін 20-ға көбейту арқылы табады.
Балмұздақтың құрамындағы ылғалды анықтаудың жеделдетілген әдісі.
Анықтау жолы (арбитражды әдіс). Әйнектен жасалынған бюксты таразыда өлшейді. Осы бюксқа 5-10 г балмұздақ салып, аузын жауып тез арада өлшейді.
Бұдан кейін жақсылап араластырып қақпағын жаппай су моншасына қояды, бұл кезде оны үнемі араластыру қажет. Осыдан кейін ашық бюкс пен оның қақпағын кептіргіш шкафқа 102 ± 2°С салады.
2 сағ соң бюксты кептіргіш шкафтан алып қақпағын жауып эксикаторда 40 мин суытып қайтадан өлшейді. Қалған өлшемдерді 1 сағат аралығында жүргізіледі.
Құрғақ заттың жалпы салмағын келесі формуламен анықтайды:
мұндағы: m0 — құмы бар бюкстың салмағы, г;
m — балмұздағы бар бюкстың кептіргенге дейінгі салмағы, г;
m1 — балмұздағы бар бюкстың кептіргенгеннен кейінгі салмағы, г
Өнімдегі ылғалдың жалпы салмағын (W )келесі жолмен анықтаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |