Қазақстан республикасының білім және ғылым министерлігі



Дата12.03.2017
өлшемі156,23 Kb.
#11521



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ






«Бекітемін»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор
________________________Қ.А.Бисенов
«25» сәуір 2014 ж.



Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

білім алушыларына арналған ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕСІ

Қызылорда, 2014 ж.
Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып, мақұлданған. Хаттама №11, «25» «04» 2014 ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушыларына арналған ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕСІ
Нормативтік сілтемелер

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы (кейінгі енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген, 2010 жылдың 13 сәуірдегі №168, 2010 жылғы 1 қарашадағы №506 және 2011 жылғы 16 наурыздағы №94 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі»;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі»;

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім беру қызметін ұйымдастыруға арналған ережелер.




    1. Жалпы сипаттама

  1.1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушыларына арналған ішкі тәртіп ережесі (бұдан әрі – Ереже) білім алушылардың оқуға деген саналы қатынастарын қалыптастыруды, білім беруді ғылыми негізде ұйымдастыруды, оқу уақытын тиімді пайдалануды, оқу үдерісінің сапасын жақсартуды, университеттің алға қойған міндеттерін жүзеге асыруды мақсат етеді.

1.2 Университет білім алушылары қатарына ректордың бұйрығы негізінде оқуға қабылданған төмендегі тұлғалар жатады:



  • Студенттер – жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игеретін және «бакалавр» академиялық дәрежесі біліктілігі берілетін тұлғалар;

  • магистранттар – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игеретін және «магистр» академиялық дәрежесі берілетін тұлғалар;

  • докторанттар – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игеретін және «РhD докторы» ғылыми дәрежесі берілетін тұлғалар;

Осы Ереженің талаптарын орындау университеттің білім алушылары үшін міндетті болып табылады.

1.4 Университет әкімшілігі осы Ереженің талаптарын бұзған білім алушыларды тәртіптік жазаға тартуға, оқудан шығаруға құқылы.




    1. Оқу тәртібі

2.1 Оқу жылы университеттің Ғылыми кеңесі бекіткен академиялық күнтізбеге сәйкес басталады.

2.2 Университеттегі оқу сабақтары белгіленген тәртіпте бекітілген оқу жұмыстық жоспарлары негізінде құрылған сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.

2.3 Сабақ кестелері академиялық кезеңге жасалады және әрбір академиялық кезеңнің басталуынан 2 апта бұрын білім алушының назарына ұсынылады.

2.4 Оқу сабақтарының ұзақтығы 50 минутты құрайды.

2.5 Әрбір оқу сабағы басталғанға дейін (сабақтар арасындағы үзілістерде) дәрісханалар мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен кабинеттерде оқу көмекші тұлғалар қажетті оқу құралдары мен құрылғыларды дайындайды.

2.6 Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын бөлмелерде оқу сабағының қалыпты жүруі үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін дәрісханаға кіру және дәрісханадан шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

2.7 Әрбір академиялық оқу тобында үлгерімі жақсы және тәртіпті білім алушылар қатарынан топ басшысы тағайындалады. Топ басшысы тікелей институт, орталық директорына (факультет деканына), кафедра меңгерушісіне және тәлімгерге бағынады.

2.8 Топ басшысының қызметі:

- білім алушылардың оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуын есепке алу журналын жүргізу;

- сабақ кезінде топта оқу тәртібінің сақталуын, сонымен қатар оқу жабдықтарының ұқыпты пайдаланылуын, білім алушылар тарапынан бүлінбеуін қадағалау;

- білім алушыларды сабақ кестесіне енгізілетін өзгертулер туралы хабардар ету;

- дәрісхананы сабаққа дайындау үшін күн сайын, кезекпен, топтағы білім алушылардан кезекші тағайындау.

Топ басшысының жоғарыда көрсетілген қызметтер шегіндегі өкімі топтағы білім алушылар үшін міндетті болып табылады.

2.9 Университетте білім алушылардың білімін бақылаудың келесі түрлері қолданылады:

- аталған пән бойынша ағымдық үлгерім бақылауы (академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру);

- аралық бақылау (бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау);

- аралық аттестаттау (білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау);

- қорытынды аттестаттау (білім алушылардың білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау).

2.10 Білім алушылардың оқу үлгерімін бағалау «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесіне» сәйкес жүргізіледі.

2.11 Білім алушылардың демалысы тиісті білім бағдарламасының оқу жоспарында немесе академиялық күнтізбеде белгіленеді.



3. Университет жайларындағы тәртіп

3.1 Оқу, қызметтік және тұрғын жайларды көріктендіру (талапқа сай жиһаздың, оқу жабдықтарының болуы, қалыпты температураны ұстап тұру, жарықтандыру және т.с.с.) жауапкершілігі университеттің міндетіне кіреді. Зертханалар мен кабинеттердегі жабдықтардың оқу сабақтарына дайындығы үшін кафедра, зертхана мен кабинет меңгерушілері жауап береді.

3.2 Университет жайларында тиым салынады:

- оқу сабақтарын жүргізуге кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;


- арнаулы бөлінген жерлерден басқа орындарда шылым тартуға;

- құмар ойындарын ойнауға;

- спирттік, алкогольдік ішімдіктер ішуге және токсиндік немесе есірткі қолдануға, мас күйде жүруге;

- университет іші мен аумағын ластауға;

- университет әкімшілігінің рұқсатынсыз зертханадан, оқу дәрісханасынан және басқа бөлмелерден заттар мен түрлі жабдықтарды алып шығуға;

- оқу ғимаратына жануарларды алып келуге (зерттеу мақсаттарынан басқа).



4. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

4.1 Білім алушы құқылы:

- білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, кәсіптік оқу бағдарламаларына сәйкес сапалы білім алуға;

- болашақ кәсіби мамандығына қажетті элективті пәндерді таңдауға;

- үлгерімі университеттің академиялық ұтқырлық туралы ережесінің талаптарына сәйкес келген жағдайда бір оқу жылы немесе бір академиялық кезеңге ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен басқа жоғары оқу орнында (оның ішінде шетелдік) оқуға;

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан тыс ақылы негізде қосымша білім алуға;

- университет кітапханасынан қажетті ақпараттарды алуға, пән бой­ынша қажетті оқу-әдістемелік кешенді пайдалануға;

- университеттің Жарғысымен белгіленген тәртіпте университеттің Ғылыми Кеңесінің, институт (факультет) кеңестерінің құрамын сайлауға және сайлануға;

- басқа жерден келген тұрғын-жайға мұқтаж білім алушылар «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің студенттік жатақханалары туралы Ережеде» бекітілген тәртіпте университет жатақханаларында орынмен қамтамасыз етілуге;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға қатысуға, өз еңбектерін жариялауға, оның ішінде университет басылымдарына ұсынуға;

- ҚР заңнамаларында көзделген жағдайлар мен тәртіпте белгілі мерзімге академиялық демалыс рәсімдеуге;

- жеке көзқарасы мен пайымдарын еркін жеткізе білуге;

- өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға;

- өзінің адамгершілік қасиеттерін құрметтетуге.


4.2 Білім алушының міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Университет Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, жатақханада тұру Ережесін және басқа да Университеттің білім беру қызметін ұйымдастыруға арналған құқықтық құжаттардың талаптарын қатаң сақтауға;

- университет Жарғысына сәйкес бекітілген тиісті білім бағдарламаларының, жеке жоспарлардың міндетті талаптарын орындауға, пәндердің оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;

- таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімдерді және практикалық дағдыларды жүйелі түрде және терең меңгеруге;

- оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес белгіленген мерзімде аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуге;

- бітіруші курста оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған кешенді тестілеуден өтуге;

- оқу сабақтарына қатысуға және сабаққа кешікпеуге және себепсіз қалмауға;

- сабақ үстінде өзге әңгіме жүргізбеуге, ұялы телефонды қоспауға;

- дәрістер мен практикалық сабақтарда ұқыпты, тиянақты болуға;

- оқу сабақтарына келмеген жағдайда университеттің құрылымдық бөлім (институт/факультет, орталық, кафедра) басшылығын ата-анасы, (туысқандары, топ басшысы, тәлімгері) арқылы 2 күн ішінде хабардар етуге және сабаққа келмеген алғашқы күнінен бастап қатыспау себептерін түсіндіретін белгілі үлгідегі (медициналық анықтама, шақыру, түсініктеме және т.б.) құжат ұсынуға;

- университет мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, осы мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларға қатысуға, университетке материалдық шығын әкелген жағдайда азаматтық заңнамаға сәйкес оны өтеуге;

- әскери есеп ережелерін сақтауға;

- оқу төлемақысын белгіленген мерзімде төлеуге;

- университет қызметкерлеріне, білім алушыларына сыпайы қарым-қатынас көрсетуге;

- университетте, оның аумағынан тыс жерлерде құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге;

- тәртіпті болуға, тазалық пен тәртіпті сақтауға;

- ғылыми білімдерді насихаттауға, сонымен қатар университетте өткізілетін қоғамдық шараларға қатысуға;

- қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға;

- білімді бақылаудың және бағалаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында пайдалануға болмайтын материалдарды (ұялы телефонға жазылған ақпараттар, арнайы дайындалған тест сұрақтарының жауаптары және т.с.с.) қолданбауға, басқа білім алушыдан дұрыс жауаптарды көшірмеуге;

- білім алушы жастардың арасында халықаралық құқық және гуманизмнің танымал қағидаттарына қарама-қайшы дiни идеяларды насихаттамауға, таратпауға және университет беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болуға;

- оқу ғимараттары мен жатақханаларға кіру тәртібін сақтауға, соның ішінде өзінің рұқсат қағазын басқа тұлғаларға бермеуге және өзі басқа тұлғаға берілген рұқсат қағазын пайдаланбауға;

- тұрғылықты мекен-жайы, телефоны және т.б. өзгерген жағдайда тиісті басшылыққа (топ тәлімгеріне, кафедра меңгерушісіне) хабарлауға міндетті.

4.3 Университет қызметкерлері мен білім алушыларына ғылыми техникалық кітапханада қызмет көрсету тәртібі мен шарттары университет ректоры бекіткен ғылыми-техникалық кітапхананы пайдалану ережесімен анықталады.

4.4 Университет жатақханаларында тұратын тұлғалардың қосымша құқықтары мен міндеттері университет жатақханаларында тұру ережесімен және келісімшартпен белгіленеді.

5. Университеттің негізгі құқықтары мен міндеттері
5.1 Университеттің құқықтары:

академиялық кезеңде дәлелсіз себеппен 24 академиялық сағаттан аса сабақ жіберген білім алушыға институт, орталық директораты (факультет деканаты) тарапынан «ескерту» беруге;

- академиялық кезеңде дәлелсіз себеппен 36 академиялық сағаттан аса сабақ жіберген білім алушыға институт, орталық директораты (факультет деканаты) тарапынан «сөгіс» беруге;

- 48 академиялық сағаттан аса дәлелсіз себеппен сабақ жіберген білім алушыға институт, орталық директораты (факультет деканаты) тарапынан «қатаң сөгіс» беруге;

- академиялық кезеңде дәлелсіз себептермен 72 академиялық сағат немесе одан көп сабақ жіберген білім алушыны институт, орталық директоратының (факультет деканатының) ұсынысы бойынша университет ректорының бұйрығымен университеттен шығаруға, бұдан басқа;

- академиялық демалыстан белгіленген мерзімде оралмаған;

- өз өтінішіне сәйкес немесе басқа ЖОО-ға ауысуына байланысты;

- сот үкімімен бас бостандығынан айырылған;

- университет Жарғысын, ішкі тәртіп, жатақханада тұру Ережелерін сақтамаған немесе бұзған;

- университеттің немесе азаматтардың мүлігін (құжаттарын) қасақана жойған немесе зақым келтірген;

- білім алушыларды ұрып-соққан, күштеу, қорқыту және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасаған;

- оқу төлемақысын келісімшартта белгіленген мерзімде төлемеген білім алушыны университеттен шығаруға құқылы.


5.2 Университеттің міндеттері:

- қазіргі заманғы өндіріс талаптарын, ғылым, техника мен мәдениеттің жетістіктерін және олардың даму келешегін, еңбекті ғылыми ұйымдастыру талаптарын ескере отырып, кәсіби мамандарды даярлау мен тәрбиелеу сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға;

- білім алушылармен мәдени-тәрбие жұмыстарын, дене тәрбиесі мен спорт секциялары сабақтарын жүргізу және көркем өнерпаздықты дамыту үшін жағдай жасауға;

- білім алушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне мұқият қарауға, олардың мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге;

- білім алушымен өзара келісім-шарт аясында білім беру үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуді қамтамасыз етуге;

- оқу жылының немесе академиялық кезеңнің басталуына дейін 2 апта қалғаннан кешіктірмей білім алушыларға бекітілген сабақ кестелерін ұсынуға;

- білім алушыларды қауіпсіздік техникасы, өндірістік гигиена және еңбек гигиенасы, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың барлық талаптарымен таныстыруға және олардың ұдайы сақталуын қадағалауға;

- мемлекеттік білім грантымен оқитын университеттің білім алушыларына стипендияны белгіленген мерзімнен кешіктірмей төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Оқу мен қоғамдық жұмыстағы табыстары үшін ынталандыру
6.1 Білім алудағы табыстары, университеттің ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмысына белсенді қатысқаны үшін білім алушыларға университет келесідей ынталандыру шараларын ұйымдастыруға құқылы:

- мақтау қағазымен алғыс жариялау;

- ата-анасына алғыс хат жіберу;

- Құрмет грамотасымен марапаттау;

- қаржылай немесе бағалы сыйлықпен марапаттау, т.б.;

6.2 Ынталандыру шарасы ректор бұйрығымен жария етіліп, білім алушылар назарына жеткізіледі. Ынталандыру шарасы туралы бұйрықтан көшірме білім алушының жеке іс-құжаттарында сақталады.


7. Білім алушылардың ішкі тәртіп Ережесін бұзғаны үшін қолданылатын әрекет ету шаралары
Ішкі тәртіп Ережесін бұзғаны үшін білім алушыға келесі тәртіптік шаралар қолданылады:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;



- университеттен шығару.

8. Қорытынды ережелер


  • Ереже университеттің Ғылыми Кеңесінде қабылданды, өзгерістер мен қосымшалар Ғылыми Кеңестің шешімімен енгізіледі;

  • білім алушыларды ішкі тәртіп Ережесімен таныстыру топ тәлімгерлеріне, кафедра меңгерушілеріне жүктеледі. Ереженің электронды нұсқасы қолжетімді болу үшін университеттің WEB-сайтына орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет