герменизм сияқты құбылысты айналып өтуге болмайды. Ресми ғылыммен қатар,
ежелден-ақ ғылымнан тыс арнаулы білімнің өмір сүргенін және
әлі де өмір сүріп келе жатқанын айтуға тиіспіз, оның үстіне, оның
кейбір түрлері жеткілікті дәрежеде жүйеленген. Олардың қатарына
«оккульттік» немесе «эзотерийлік» деп аталатындарды да жатқызуға
болады.
Ғалымдардың пікірінше, ол білімдер бітіп болмайтын
қателесушіліктер, ал оларды қолдайтындар мен тарататындар –
алаяқтар болып табылады. Міне, енді өткен ғасырдың 60 жылдарының
ортасынан бері қарай Батыс ғылымтануында, ғылымның тарихтануы
мен философиясында ғылымнан тыс арнаулы білімдердің ғылымға
ықпал ете бастаған мәселесі белсенді талқылана бастады.
113
Мәдениет құбылысы ретінде
герменизм ілімнің ажырамас бірлігі
және осы ілімге сай өмір салты болып табылады. Ілім ретінде, ерек-
ше доктрина ретінде ол білімдердің әлдебір эзотерийлік, яғни даңқты