парасаты туралы жаңа тәжірибелер», «монадология», «теодицея», «метафизика туралы ой-толғаулар». Онтологиялық ой-пікірлерінде ол жаңа көзқарастарды, жаңа
әдістерді іздейді, өйткені оның алдындағы философтардың идеялары
оны қанағаттандырмады. Р.Декарттың екі түпнегізі әлемді қақ бөлді,
ал оларды біріктіру үшін, ол Құдай идеясына келуге мәжбүр болды;
ал Б.Спиноза бір түпнегізді ғана мойындаса да, оның: ұзындық және
ойлау деген екі қисыны бұрынғыша бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз
қалып отыр. Олардың екеуі де дүниенің шексіз түрленуінің себебін
аша алмады.
139
Г.Лейбництің ойы бойынша, бір түпнегізден қайталанбайтын
заттардың шексіз көп саны пайда бола алмайды. Демек, сапалы,
көпқырлы түпнегіз табу керек.