140
Жоғарырақ тұрған монадалардың сезім-түйсіктері бар, олар
аңғарымды. Олардың жетілген санасы жоқ, ал
әрекеттері белгілі бір
мақсатты көздемейді. Оларға жан-жануарлар жатады.
Адам жанының монадалары олардың даму кезеңінде үшінші саты-
ны құрайды. Олардың зердесі, санасы мен ой-түйсігі бар.
Төменгі сатылардағы монадалар жоғарғы сатыға ұмтылады, ал
жоғарғылардың бойында төменгілер сақталған. Солай болған соң: «Ең
жоғарғы монадалар қандай болуы мүмкін?
Олар адам монадалары-
нан қаншалықты қашық?» – деген сұрақ туады. Қазіргі заман тілімен
біз: «Ғарышта адамдардан жоғары тұратын тіршілік иелері бар ма?» –
деп сұрар едік. Ғұламаның ойынша, бұл сұраққа жауап беру мүмкін
емес, өйткені жоғарғы монадалар төмен
тұрған монадаларға мәлім
емес. Бірақ ғарышта адам монадаларынан жоғары тұратын монада-
лар болуы мүмкін деген жорамал жасауға неге болмайды?
Олардың
дамуы мәңгілік емес пе? Ал егер шексіздіктің өзін шектеп,
шар деп
қарастырсақ, онда біз
Достарыңызбен бөлісу: