рухы мен жаны бар, тәнсіз құрылымдар, сапалы нүктелер,
әрқайсысы өзінше даму сатысында тұр. Олардың ортақтығы – олардың
мәңгілігі және бөлінбестігі. Шамасы, монадалар идеясы ойшылдың ба-
сына ол Левенгук микроскопы арқылы микроорганизмдерді көргенде
сезінген әсерінен кейін келген-ау.
Монадалардың тіршілік күші мол, олар өне бойы өзгерісте болады,
жетіледі және осы жолда олар материалдық физикалық үдерістерді
туғызып жатады.
Әрбір жеке монада – өзінше құпия Ғалам. Оларда терезе жоқ, сол
себепті олардың әлеміне ештеңе кіре де, шыға да алмайды, демек, олар
бір-біріне ықпал ете алмайды. Олардың әрқайсысы өздігінен жетілген
және өз-өзін шектейді.
Ал енді осы жерде өзгеше қиын сұрақ туады: егер монадалар бір-
бірлеріне ықпал етпесе, онда неге Әлем бейберекеттікке (хаос) ай-
налып кетпейді? Себебі, монадалар