4.6. Джон локктың гносеологиялық және онтологиялық көзқарастары Джон локк (1632-1704) – XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын ой-
шылы, кейіннен оған «барлық революциялардың ішіндегі ең бір
орнықты және ең бір сәтті – 1688 жылғы революцияның кемеңгері»
деген ат тағылды. Ал сол революцияның нәтижесінде Ұлыбританияда
күні бүгінге дейін билік ұстап отырған парламенттік монархия жеңіске
жеткен. Локк мүдделерінің аясында төрт тақырып болған:
• Ойшылдың негізгі философиялық туындысы «Адамның ақыл-
парасаты туралы тәжірибеде» зерттеу тақырыбы болған гносеология.
• «Мемлекеттік басқару жөніндегі екі трактат» атты шығармасына
және кейбір басқа туындыларына арқау болған этикалық-саяси
мәселелер.
• Ойшыл, негізінде, өмірінің соңғы жылдарында басты назар
аударған дін саласы («Христиандықтың ақылға қонымдылығы»,
«Төзімсіздік туралы хаттар» және басқалары).
• Педагогика («Тәрбие жайындағы ойлар»).
Дж.Локк алғашқы болып эмпиризм (біз білетіндей, эмпиризм
Ф.Бэкон философиясының құрамдас бөлігі болған, бірақ ол ғылыми
тәжірибе тақырыбымен ғана шектелген-ді) негізін құрды. Ол
эмпиризмнің негізін құрайтын танымның сенсуалистік теориясын
әзірлеп шықты.
Өзінің болмысқа қатысты пікірлерінде Дж.Локк бізге тәжірибелік
білімде берілген