ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 заттардың бар болуы. 2. Олардың адамға ашықтығы



Pdf көрінісі
бет112/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы
123, Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б, pr excel 1, Задачи на измерение количества информации, СБОРНИК ТЕСТОВ АНГЛИЙКИЙ ЯЗЫК АҒЫЛШЫН ТІЛІ, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 900 тест воп
1. заттардың бар болуы. 2. Олардың адамға ашықтығы. 
3. танымдылық.
А.Августиннің ойы бойынша, Құдай – шындық, олар бір-біріне 
ұқсас, парапар. Сонымен бірге олар әртүрлі. Шындық – Құдайдың 
ойы. Бұл жерде Платонның «Идеялар әлемі» ойға оралады. Алай-
да августиндік түсініктің Платон түсінігінен айырмашылығы – ол 
Құдайдың әлемді жаратудың алдындағы ойы.
А.Августиннің әлеуметтік-саяси идеяларын оның 
«жердегі және 
аспандағы қалалар»
туралы ілімінен көруге болады. «Жердегі 
қалаларда» адамдар байлыққа, құрмет-қошеметтерге, атаққа ұмты-
лады. Бұл жерде махаббат (cupiditas – лат. – құмарлық) болса, ал 
«аспандағы қалаларда» риясыз сыйлайтын махаббат – charitas (лат. – 
риясыз сый) бар. Жердегі қалада адамдар өздерін әлемнің билеушісі 
ретінде сезінсе, ал аспандағы қаланың адамдары бәрін өздерімен бірге 
алып жүретін дәруіштер іспетті. Мемлекет зорлық-зомбылықпен
қарақшылардың топтарымен күресе отырып, адамдардың бірлесе өмір 
сүруін ұйымдастыру үшін құрылады. Бірақ, егер қоғамда әділеттілікке 
қиянат жасалса, тәртіпсіздікке жол ашылса, онда мемлекеттің өзі 
қарақшылардың үлкен бір тобына айналады.
Августин мемлекет пен шіркеуді бір-бірлеріне қарсы қойды. Егер 
мемлекет, оның пікірінше, күнәлардың патшалығы болса және өзін ғана 
сүюге негізделсе, ал шіркеу – ол Құдайға шын берілген сүйіспеншілік, 
ол Құдай патшалығының жердегі өкілі.


77
Дәл осы идеялары арқылы сенімдегі философиясын жүргізе, 
адамгершілік құндылықтарды уағыздай отырып, А.Августин 
адамгершілік және этикалық бағдарларды көрсетіп, замандастарына 
және барлық келесі философияларға орасан зор ықпал етті. Адамның 
құндылығы оның басқа адамдарға деген махаббатының дәрежесімен 
айқындалады. Ойшылдың сөзімен айтқанда, адамды сүй, сол кез-
де қалағаныңның бәрін істе. Өз атымыздан қосарымыз: сүйетін адам 
жамандыққа бармайды, ол тек әлемдегі жақсылықтың және әсемдіктің 
санын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет