Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. А. Жалмаханбетова, Ж. Н. Менлибекова «Биология негіздері»



бет10/13
Дата20.12.2023
өлшемі320,87 Kb.
#197877
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Биология негіздері

Пəнаралық байланыс.
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері.
АКТ-мен байланыс
Құндылықтар-дағы байланыс
Уақытында слайдты пайдалану. Жұмыстарды орындауда қауіпсіздік ережелерін сақтайды. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық. Жағымды орта қалыптасады, тапсырманы орындауда қызығушылығы оянады.



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

5





Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Фотосинтез, оның сатылары, биосферадағы ғарыштық рөлі. Хемосинтез, оның биосферадағы маңызы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Фотосинтез процесінің сатылары мен маңызын, хемосинтез процесінің маңызын түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Фотосинтез процесі үшін қажетті жағдайлар мен оның сатыларын атап айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Фотосинтез және хемосинтез процестерінің маңызын айта алады.

Кейбір оқушылар:

Фотосинтез және хемосинтездің реакцияларын жазып, оның сатыларына талдау жасап, процестің қалай жүретінін талдап бере алады.

Бағалау критерийлері:

Фотосинтез процесі үшін қажетті жағдайлар мен оның сатыларын атап айта алады.
Фотосинтез және хемосинтез процестерінің маңызын айта алады.
Фотосинтез және хемосинтездің реакцияларын жазып, оның сатыларына талдау жасап, процестің қалай жүретінін талдап бере алады.

Тілдік мақсаттар:

Термин сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуын қадағалау.
Фотосинтез, хемосинтез, жарық, қараңғы сатылары.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.
Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйе-сін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлау-дың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Пәнаралық байланыс:

өсімдіктану, жануартану, анатомия

Алдыңғы білім:

Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Мұғалім оқушыларды түсті жетондар арқылы топқа бөледі.
Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру.

  • «Терминдер кабинеті» әдісі.

1.Автотрофтар
2.Фототрофтар 3.Гетеротрофтар.
4.Паразиттер
5.Сапрофиттер
6. Өсімдікқоректілер
7.Хемотрофтар
8.Хлорофилл
9.Хлоропласт.

  • «Таңдап ал» тапсырмасы.

Берілген ағзалардан қажетті ағзаны таңдап алу керек
Автотрофтар:
Гетеротрофтар:
Паразиттер:
Арқар, терек, қозықұйрық, бактериофаг, алабота, бөгелек, күнбағыс, маса, медуза, жусан, шырмауық, инелік, бауырсорғыш, тұмау вирусы, дельфин.

  • «Өзіңді тексер» тапсырмасы.

1.Бейағзалық заттардан ағзалық заттарды синтездейтіндер гетеротрофтар.
2.Даяр ағзаық заттарды тұтынып, ағзаға зиян келтірушілер сапрофиттер деп аталады.
3.Өсімдікқоректі, паразит, сапрофиттік ағзалар гетеротрофтар тобына жатады.
4.Ағзалық зат түзу үшін қандай да бір энергия көзін пайдаланушылар автотрофтар болып табылады.
5.Табиғатта санитарлық қызмет атқарушылар өсімдікқоректі ағзалар

Ноутбук

Тапсырма сұрақтары



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ туралы электронды оқулықтан ақпарат көрсету, мағлұмат беру.
Топ бойынша оқушыларға кластер құруға тапсырма беру
1-топ. Фотосинтездің жарық сатысы
2-топ. Фотосинтездің қараңғы сатысы
3-топ. Хемосинтез процесі

Оқулық
Ноутбук, Суреттер, слайдтар
А4 форматтағы қағаздар
маркерлер

Сабақтың соңы

  • Оқулықтың 149 бетіндегі кестемен жұмыс

  • Фотосинтез бен хемосинтезді салыстыру Фотосинтез бен тыныс алу процестерін салыстыру.

1.Өсімдіктің қай жасушасында жүреді?
2.Қандай газ сіңіріледі?
3.Қандай газ бөлінеді?
4.Жарықтың рөлі
5.Органикалық зат қайда кетеді?

Үйге тапсырма:



Термин сөздер

Саралау
Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау
Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет