9.5 Басқа модульдермен ара қатынасы, модулді оқуға қойылатын негізгі талаптар
1-4 Модульдерді оқу кезінде алынған базалық білімдердің, сонымен қатар 5 Модульдегі орағыш материалдар мен орау тәсілдері туралы білімдердің және 6 Модульдегі талдаудың әртүрлі әдістері туралы білімдердің, 7 Модульдегі орау үдерістері туралы білімдердің, 8 Модульдегі тамақ өнімдерінің сақтау мерзімін арттыру туралы мамандандырылған білімдердің болуы 9 Модульге ауысу негізі болып табылады.
Мазмұны тарапынан да, жүйелеу тарапынан да 9-13 Модульдердің кәсіби бағдары тар (мамандандырылған модульдер). Бұл модульдердіжеке-жеке оқыту мүмкін емес, себебі олар бірыңғай дидактикалық блок болып табылады. Оқушылардың құзыретін жүйелі түрде көтеру оқыту мақсаты болып табылады. Келесі 5 Модульдің мақсаты оқушыларды көп жағдайда өздігінен жоспарлауға, тапсырмаларды өзінің кәсіби қызметі аясында орындауға және бағалауға оқыту болып табылады.
Мамандандырылған Модульдер аясында оқушылар көмірсуларға, майларға және ақуыздарға бай сусындарды, сонымен қатар витаминдерге және минералдарға бай өсімдік тектес тамақ өнімдерін өндіру туралы білімдер (мамандандырылған модульдер) алады. Соңғы Модуль аясында оқушылар өнімді әзірлеу туралы жалпы түсініктер алады.
МОДУЛЬ
Достарыңызбен бөлісу: |