Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі курстық ЖҰмыс


Білім беру ұйымдарының отбасы, мектеппен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы



бет10/20
Дата03.06.2020
өлшемі66,03 Kb.
#72150
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Қойшыбай Құдірет

2.2.Білім беру ұйымдарының отбасы, мектеппен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы.

Халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегеніміз сабақтастықтың оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу қажеттілігі мақсатында оның аралас буындары арасында өзара байланыс орнату.

Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы олардың тәрбиелеу және оқыту жұмысы мазмұнының, оны жүзеге асыру әдістерінің өзара байланысты болуын көздейді. Н.К.Крупская балалар бақшасы мен мектептің негізгі байланысын көрсете келіп, былай деп атап айтты: «Eгер біз балалардың мектепке дейінгі тәрбиесін дүрыс жолға қойсақ, сол арқылы біз мектепті неғүрлым жоғары сатыға көтереміз...»

Балалар бақшасы мен мектеп арасындағы сабақтастықтық қажеттігі біздің еліміздегі мектепке дейінгі қоғамдың тәрбие ролінің едәуір артуына байланысты да мықтап күшейіп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие — халыққа білім берудің біртұтас жүйесінің бірінші буыны.

Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балалар- ды мектепке жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөнінде мектептегі оқу талаптарына сай келетіндей етіп даярлап беруді, екінші жағынан, мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып үлгерген білімге, іскерлікке, сапаға сүйенетін оқушыларды одан әрі жан-жақты дамыту үшін соларды пайдаланатьш болуын көздейді.

Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері I класта балаларға қойылатын талаптарды жақсы білуге, сол талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ересектерді жүйелі оқуға дайындауға тиіс.

Балалар бақшасы мен мсктептің арасындағы сабақтастық окыту мен тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысыньіқ әдістері, тәсілдері, үйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің мұғалімі оқудың тиімділігін арттыру үшін балалар бакшасында жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балалар бақшасынын тәрбиешісі окыту процесіне арнаулы оку тапсырмаларын, жаттығулар енгізіпг біртіндеп оларды күрделендіреді, сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оку іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оку — окыту формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз даярлайды.

Балалар бақшасына бармайтын алты жастағы балаларды мектептегі оқуға дайындау мектептердің жанында ұйымдастырылатын дайындың кластарында жүзеге асырылады. Еліміздін кішкентай азаматтарын тәрбиелеу мен окыту тиімділігін арттыру максатында «Жалпы білім бе- ретін мектептер жанындағы дайындық кластарына балалар кабылдау ұлғайтылсын», деген міндет қойылды. Мектепке дейінгі мекемелердің практикасында балалар бақшасы мен мектеп байланысының белгілі тәжірбиесі қалыптасқан. Бұл байланыстын орнатудың екі жолын бөліп көрсетеді: балалар бақшасы мен мектептің педагогтар коллективтерінің тығыз байланысы және мектеп жасына дейінгі балалар мен бірінші класс оқушыларының тікелей жақындасуы.

Тәрбиешілер мектептің бастауыш кластарындағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнымен және өзіндік ерекшелігімен танысады, сөйтіп балалардың даму персепктивасын аныңтайды және оның мектеп талап ететін дәрежеде болуын камтамасыз етеді. Өз тарапынан, мұғалімдер де балалардың мектепке дейін алған білімі мен тәжірибесіне сүйену үшін балалар бакшасындағы жүзеге асырылған тәрбиелеу, жалпы білім беру жұмысының мазмұны туралы мағлұмат алады.

Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.

Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.

Бұл:


  • Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;

  • әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).

Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.

Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:



  • салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;

  • эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;

  • талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;

  • айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;

Бастауыш мектептің міндеттері:

  • салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;

  • қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және әскери);

  • мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;

  • әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;

  • мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:

  • мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;

  • мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;

  • бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.

Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:

  • денсаулығын сақтау, нығайту;

  • психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)

  • мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)

Бастауыш мектептің мақсаты:

  • денсаулығын сақтау нығайту;

  • қабілеттерін, ойлауын дамыту;

  • ерік, жігер сезімін дамыту.

Екі ұйым арасындағы әрекет:

Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет —мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.

Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:

Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.

Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.

Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:



  • баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.

  • іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;

  • құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;

  • қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.

Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:

  • оқу, ойын, жатын бөлмелері;

  • жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;

  • гигиеналық талапқа сай асхана;

  • сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

  • баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет