Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ баи



бет1/5
Дата25.08.2017
өлшемі1,48 Mb.
#26565
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ

Сөз таптары

4-сынып

(мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік кешенінің бағдарламасы)

Қостанай қаласы, 2014 ж.

1

Рецензенттер: Жарылгасова Г.Д., БҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы,

биология ғылымдарының кандидаты;



Альшанова Б.Х., БҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы,

философия ғылымдарының кандидаты.



Құрастырғандар: Канапина Зибагүл Сейдәліқызы.

Кәкімжанова Нұргүл Қабидоллақызы



Пікір
Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сөз таптары» оқу-әдістемелік кешен. Әдістемелік кешен бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпы білім берудің стандарты талаптарына сәйкес құрылған. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігі мен шығармашылық дамуына байланысты қамтылған. Бір жағынана бағдарламалық материалды оқушылардың табысты меңгеруін бағалаудың өлшемі болса,екінші жағынан бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиісті білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып,сабақ үлгірімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Бұндай әдістемелік кешен бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне өте қажет.Қазіргі таңда таңдау пәндеріне көңіл бөлінуде . Осындай қосымша пәндер арқылы оқушылардың білімдерін арттыруға болады.Бұл әдістемелік құрал жүйелі ,түсінікті жасалған.

Аманкелді аудандық білім беру

бөлімінің әдістемелік кабинет

меңгерушісі Г.К.Сұлтан

Түсінік хат
Қазіргі кезеңде өз бетімен ізденіп, қажетті ақпаратты тауып, шешім қабылдай білетін,өзіндік көзқарасын дәлелдеп, өмірде алған білімін қолдана білетін тұлға тәрбиелеу маңызды мәселе. Сонымен қатар қазақ тілінде оқытудың негізгі мақсаты «тілді меңгеру саласындағы құзырлығы», «Сөз таптары » бастауыш сыныпта меңгертудің «Сөз таптары» бағдарламасының жоспары орта білім берудің (бастауыш ) мемлекеттік жалпы білім беру стандарт талабына сәйкес құрылған.

Бұл сабақ жоспарының жинағы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптың 4-сыныбына қазақ тілі пәні бойынша құрылып отыр. Мұнда жасалған жоспарлар сөз таптарын қамтып, бір жылдық жоспар негізінде құрылды. Әр сөз таптарының тақырыптарын өткеннен кейін оқушылардан білім деңгейлерін анықтау мақсатында екі нұсқада тест тапсырмалары алынып отырады. Күнделікті жаңа сабақтарда оқушыларға грамматикалық тапсырмалар берілген. Берілген грамматикалық тапсырмалар оқушы шығармашылықтарын дамытуға арналған. Сөз таптары жүйелі жасалған. Мұғалімге жүйелі жұмыс жасау үшін өте қолайлы.

Жасалған тесттер жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптың қазақ тілін оқыту бағдарламасын басшылыққа алынып жасалды. Бастауыш сыныпта өткен барлық сөз таптары оқушылардың меңгерулеріне байланысты қамтылды. Қазақ тілі пәнінен оқушылардың білім, білік дағдыларын үнемі тексеріп отыру - бастауыш мектептегі оқу үрдісінің ең қажет бөлігі. Ұсынылған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, ескере отырып, танымдық қызығушылығын ынталандыру арқылы дамытуға, оқуға деген көзқарастарын қалыптастыруға міндеттелінеді.

«Сөз таптары» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері:

- Қазақ тілінен алған оқушылардың білімдерін дамыту,кеңейту.

-Оқу мен жазу арқылы оқушы шығармашылықтарын дамыту.

-Грамматикалық тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру , ой –өрістерін кеңейту.

-Сөз таптары туралы толық мағлұматтарды меңгерту;

-Танымдық – шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы,белсенділіктерін дамыту. - Тапсырмаларды өздігінен орындай білу;
Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны.

Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады.

Дыбыстар – 5 сағат. Дыбыстарда дыбыстардың түрлері, дауыссыз, дауысты дыбыстар туралы өткізіледі.

Буын -2 сағат. Буынның түрлері ашық, тұйық, бітеу буындар туралы .

Сөз құрамы-2 сағат. Сөз құрамында түбір, қосымшалар туралы өтеді

Сөз таптары-25 сағат. Сөз таптары бөлімінде бастауыш сыныпта өтетін барлық сөз таптары туралы өткізіледі. Сөз таптарының түрлері: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай туралы өткізіледі.



  • Күтілетін нәтиже: Нәтижесінде сөз таптарын ажырата білуге және сөйлемдерді сөз таптарына талдауға дағдыланады.

  • сауатты жазу мен оқу дағдылары қалыптасқан,білімді,ой-өрісі кеңейген, өз ойын айта білетін ,шығармашыл тұлға қалыптасады.

  • бағдарламадағы дидактикалық тапсырмалар,тестер арқылы оқушының құзыреттілік қабілеттері мен сөйлеу мәдениеті дамиды.

  • берілген тапсырмалар мен тестерді орындау барысында оқушылардың шығармашылық шабыттануына мүмкіндік береді.

  • алған білімнің тиянақты болуын қамтамасыз етеді.

  • оқушы білімі пысықталады.



«Сөз таптары» таңдау пәніне арналған күнтізбелік жоспар
(Аптасына 1 сағат,жылына 34 сағат )





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

Дыбыстар

1




2

Дыбыстарды қайталауға арналған тапсырмалар

1




3

Дауысты дыбыстар

1




4

Дауыссыз дыбыстар

1




5

Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қайталауға арналған тапсырмалар

1




6

Буын

1




7

Буынды қайталауға арналған тапсырмалар

1




8

Сөз құрамы

1




9

Сөз құрамын қайталауға арналған тапсырмалар

1




10

Сөз таптары

1




11

Зат есім

1




12

Негізгі және туынды зат есімдер

1




13

Жалқы есім мен жалпы есімдер

1




14

Зат есімді қайталауға арналған тапсырмалар

1




15

Сын есім

1




16

Дара және күрделі сын есімдер

1




17

Қарсы мәндес сын есімдер

1




18

Сын есімді қайталауға арналған тапсырмалар

1




19

Сан есім

1




20

Дара және күрделі сан есімдер

1




21

Сан есімді қайталауға арналған тапсырмалар

1




22

Етістік

1




23

Дара және күрделі етістіктер

1




24

Негізгі және туынды етістіктер

1




25

Етістікті қайталауға арналған тапсырмалар

1




26

Есімдік

1




27

Есімдікті қайталауға арналған тапсырмалар

1




28

Үстеу

1




29

Үстеуді қайталауға арналған тапсырмалар

1




30

Шылау

1




31

Шылауды қайталауға арналған тапсырмалар

1




32

Одағай

1




33

Сөз таптарын қайталау

1




34

Сөз таптарын қайталауға арналған тапсырмалар

1



Сабақтың тақырыбы:Дыбыстар



Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дыбыстар туралы және дыбыстардың түрлері туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың дыбыстар туралы алған білімдерін дамыту

3.Дыбыс түрлерін ажырата білу және сауаттылыққа үйрету.



Көрнекіліктер:Суреттер,дыбыстар жазылған сызбалар

Әдіс-тәсілдер:топпен жұмыс



Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сынып оқушыларының сабаққа даярлығы

2.Дыбыстар туралы түсінік беру

Қазақ тілінде дыбыстар екіге бөлінеді:


Дыбыстар

Дауысты дыбыстар



Дауыссыз дыбыстар

Дауысты дыбыстар: а,ә,і,е,ү,ұ,и,ө,о,ы,э (у)

Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке дыбыстар

Жуан дауысты дыбыстар: а,о,ы,ұ

Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,ө,і,ү,е.

Дауыссыз дыбыстар:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у)

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді: қатаң,ұяң,үнді дауыссыз дыбыстар.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,қ,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ

Ұяң дауыссыз дыбыстар : б, в, г, ғ , д, ж, з

Үнді дауыссыз дыбыстар: л , м , н, ң ,й, р


1 –тапсырма:Көп нүктенің орнына керекті дауысты немесе дауыссыз дыбысты жаз:

Жа....ғақ , қай.... қ , көкт..... м , көгер .... н , қарл..... ғаш , к ....рпі , оқу ..... ы .



2-тапсырма:Дауысты дыбытарды бір сызықпен,дауыссыз дыбыстарды екі сызықпен сыз

П, А, Р, Ш, О, Ы ,Г, Ү, Л, М, Ө, Ә, З, Д, Б, В, Й, Ж, Ұ.

Сергіту сәті:

Үлкенге де сіз Алау болып жанамыз,

Кішіге де сіз. Құлыншақ болып шабамыз.

Барша жанды құрметтеп, Балапандай талпынып,

Бас иеміз біз Көкке қанат қағамыз.
3-тапсырма:Оқушы сөзіне дыбыстық талдау жаса

Оқушы- ..... әріп, ...... дыбыс, ....... буын, ...... дауысты, ........ дауыссыз

О- ................................. дыбыс

Қ- ..................................дыбыс

У- ..................................дыбыс

Ш- .................................дыбыс

Ы- ..................................дыбыс

Қорытынды :Сұрақ –жауап арқылы сабақты бекіту

Сұрақтар:

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Дауысты дыбыстарды ата?

3.Дауыссыз дыбыс түрлері қандай?

4.Қатаң,ұяң,үнді дауыссыз дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

Қорытынды:Дыбыс туралы сабақты бекіту

Сабақтың тақырыбы:Дыбыстарды қайталауға арналған тапсырмалар

Сабақтың мақсаты :1.Дыбыстарға байланысты тапсырмаларды орындату.

2.Өзіндік тапсырмаларды орындай білуге қалыптастыру.

3.Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: дыбыстар тақырыбында екі нұсқадағы тест жұмыстары

Сабақтың әдісі:оқушы білімін тексеру.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі 2.Тест жұмыстарын орындау
1.тапсырма «Сиқырлы әріптер қатары» а, б, о, и, қ, л, е, п, т, ы

а) топқа бөл (дауысты-дауыссыз)

ә) сөз құрастыр.

б) алфавит реті бойынша жаз.



2.тапсырма Мына сөздер тізбегін жалғастыр. Қандай ережемен қорытындылауға болады? Ол ережеге бағынбайтын қандай сөздер бар?

Тиын, қиық, жиналыс, тиін, киім, қиналу...


Дыбыстар І нұсқа
1.Қазақ тілінде неше әріп бар ?

а) 23 ә) 42 б) 33 в) 15

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

а) 3 ә) 4 б) 2 в) 5

3.Дыбыс түрлерін тап.

а) дауысты,дауыссыз. ә) дауысты б) дауыссыз. в) жуан дауысты.

4.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді ?

а) 5 ә) 3 б) 2 в) 4

5.Дауысты дыбыс түрлерін тап.

а) қатаң ә) жуан,жіңішке б) ұяң в) үнді

6.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

а) 2 ә) 4 б) 3 в) 5

7.Дауыссыз дыбыс түрлерін тап.

а) қатаң,ұяң,үнді. ә) жіңішке б) жуан в) қатаң жуан


8.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

а) 12 ә) 13 б) 14 в) 15


9.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыстар бар?

а) 25 ә) 23 б) 30 в) 42


10.Дауысты дыбыстарды топтап жаз:

Жуан дауысты дыбыстар




Жіңішке дауысты дыбыстар



11.Дауыссыз дыбыстарды топтап жаз:



Үнді дауыссыз дыбыстар




Ұяң дауыссыз дыбыстар




Қатаң дауыссыз дыбыстар



12.Дыбысқа жатпайтын әріптерді тап.

а) в, щ,д ә) ь, ь б) п, а в) ү, ю
13Ашық дауысты дыбыстарды тап.

а) а,ә,о,ө,е ә) ү,ұ, ы, а б) а, и, у, ә в) о, і , у, ұ.


14.Қай дыбыс кейде дауысты,кейде дауыссыз болады?

а) о ә) у б) і в) э


15.Дыбыстар жүйесін зерттейтін саланы не деп атайды ?

а) фонетика ә) графика б) орфоэпия в) орфография


Дыбыстар

ІІ нұсқа

1.Қазақ әліпбиіндегі әріптер саны қанша ?

а) 25 ә) 33 б) 42 в) 41
2.Дауысты дыбыс түрлерін белгіле.

а) ұяң ә) жуан,жіңішке б) қатаң в) үнді


3.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді ?

а) 3 ә) 4 б) 2 в) 5


4.Дауыссыз дыбыс түрлерін жаз.

Дауыссыз дыбыс түрлері:

5.Дауысты дыбыстарды жаз.



Дауысты дыбыстар:

6.Дауыссыз дыбыс түрлерін анықта :

а) жуан, қатаң ә) қатаң,ұяң,үнді. б) жіңішке үнді. в) жуан ,ұяң
7.Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар?

а) 5 ә) 7 б) 4 в) 10


8.Қазақ тілінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар ?

а) 4 ә) 5 б) 3 в) 7


9.Дауыссыз дыбыстарды топтап жаз:б,в,г,ғ,д,ж,з,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,щ

а) қатаң дауыссыз дыбыстар:

ә) үнді дауыссыз дыбыстар :

б) ұяң дауыссыз дыбыстар:


10.Дыбыстардың жазбаша таңбаларын не деп атайды?

а) дыбыс ә) әріп б) жазу в) әліпби


11.Дыбыстау мүшелері арқылы жасалып,естілетін құбылысты не деп атайды?

а) әріп ә) жіңішке дауыс б) дыбыс б) ұяң дауыссыз


12.Тілдегі дыбыстарды зерттейтін саланы не деп атайды?

а) фонетика ә) дыбыс б) әріп в) лексика


13.Қандай әріптер дыбысқа жатпайды ?

а) ю, у ә) і,ү б) ь,ь в) э, й.


14.Қандай дыбыс кейде дауысыз,кейде дауысты болады ?

а) э ә) у б) ү в) я


15.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар ?

а) 12 ә) 15 б) 10 в) 13



Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың дауысты дыбыс туралы білімдерін дамыту

2.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білу,орынды қолдану

3.Сауаттылыққа,мәнерлі жазуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:Дауысты дыбыс түрлері,суреттер,сөзжұмбақ

Әдіс-тәсілдер:Өздік тапсырмалар орындау

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау

2.Өтілетін сабаққа қысқаша түсінік беру


Дауысты дыбыстар

Жуан дауысты

Жіңішке дауысты

Ә,Ө,Ү,І,Е

А,О,Ы,Ұ

Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ . Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, ү.
1-тапсырма:Көп нүктенің орнына жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды жаз:

ө

з




н




ы

д




с




к

и




м




ж




з

і

м


2-тапсырма:А,Ғ,Н,Д,О,М,Ш,П,Ө,С,Г,Т,Н,Ү,Ұ,Б,Л берілген әріптерден сөз құрап жаз
3-тапсырма:Берілген сөйлемдердегі дауысты дыбыстардың астын сыз.

Бата-халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы.Халықтың тілек –бата сөздері жеткіншек,жас ұрпақты әдепті,сабырлы,зерделі,арлы болып өсуге баулиды.


4-тапсырма:Жуан және жіңішке дауысты дыбысты сөздерді топтап жаз:

Балық,кітап,көгершін,жиырма,түйе,ілгіш,табиғат,шеге,құстар,терезе,тәрбие,құс.




Жуан дауысты сөздер:

Жіңішке дауысты сөздер:


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық, Жоғары-төмен қарайық,

Екі қолды соғайық. Бір отырып,бір тұрып

Құс боп қанат қағайық, Орнымызды табайық.


5-тапсырма:кітап сөзіне дыбыстық талдау жаса

Кітап- .... әріп, ..... буын, ....... дауысты, ....... дауысты, ...... буын.

К- ............................... дыбыс

І- ................................ дыбыс

Т-................................ дыбыс

А-...............................дыбыс

П-...............................дыбыс

Қорытынды: сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Дауысты дыбыстардың түрлері қандай?

2.Жуан дауысты дыбыстарды ата

3.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата


Сабақтың тақырыбы:Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың дауыссыз дыбыс туралы білімдерін кеңейту,дамыту.

2.Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату,дыбыстарды орынды қолдана білу.

3.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың көрнекілігі:Дауыссыз дыбыс түрлері,шығармашылық тапсырмалар

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,өздік жұмыс

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа даярлығы.

2.Өтілетін сабақ туралы түсінік


Дауыссыз дыбыстар




Қатаң дауыссыз

Ұяң дауыссыз

Үнді дауыссыз

с,т,к,қ,ш,ш,х,ч,п,ф



б,в,г,ғ,д,ж,з

м,н,й,ң,р,л (у)

Дауыссыз дыбыстардың түрлері: қатаң,ұяң,үнді дауыссыздар.


1-тапсырма:Берілген дауысты,дауыссыз дыбыстардан сөз құрастыр:

1.т ,к, а ,і ,п (кітап )

2.е, п, т, к, е , м (мектеп )

3.ә, д, п, е, т, р (дәптер )

4.ы, ш , у, қ, о (оқушы )
2-тапсырма:Жоқ дауыссыз дыбыстарды жаз:


қ

а




ы

қ




ж

а




ғ

а

қ




ұ

ш




ы

ш




д

ә




т

е

р


3-тапсырма:Берілген сөйлемдердегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз:

Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны.Ол қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге,білім

алуға шақырды.Халқына еңбекті сүюдің,еңбек ете білудің пайдасын түсіндірді.
4-тапсырма:Дауыссыз дыбыс түрлерін топтап жаз:
Көбелек, балалар, табиғат, вокзал, цирк, шөп, хабар, жаңа, сабақ, ұстаз, сызғыш.

Қатаң дауыссыз дыбыстар

Ұяң дауыссыз дыбыстар

Үнді дауыссыз дыбыстар












5-тапсырма:Сөзжұмбақ шешу




д


















ы



















б













ы
















с













1.Оқушы құралы 2.Сан есім сөзі 3.Сан есім 4.Төрт түлік 5.Уақыт өлшемі


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет