Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ баи



бет3/5
Дата25.08.2017
өлшемі1,48 Mb.
#26565
1   2   3   4   5

Сөз құрамы І нұсқа

1.Түбір сөз дегеніміз не ?

а) әріптен құралған ә) сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі б) дыбыстан тұрады в) сөйлем

2.Сөздің түбірге жалғанған бөлігі не деп аталады?

а) жұрнақ ә) жалғау б) қосымша в) көптік жалғауы
3.Туынды сөз қалай жасалады?

а) жұрнақ арқылы ә) жалғау арқылы б) қосымша арқылы в) түбір сөз арқылы


4.Жалғауы бар сөзді тап

а) балапан ә) балалар б) өнерпаз в) балалық

5.Жұрнақ жалғанған сөзді тап

а) құстар ә) адамдар б) жұмысшы в) мектепке


6.Жалғау дегеніміз не?

а) сөздің мағынасын өзгертеді ә)сөз бен сөзді байланыстырады б) түбірге жалғанады в) қосымшаның түрі


7.Жұрнақ дегеніміз не ?

а) сөзді байланыстырады ә) түбірге жалғанады б)сөздің мағынасын өзгертеді в)қосымша


8.Қосымшалы сөздерді топтап жаз:балапан,кітаптар,үйге,оқушы,күріштің,суретші,сусын.

Жұрнақ жалғанған сөздер:

Жалғау жалғанған сөздер:






9.Берілген сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап жаз:



Би...... , оқу....... , көп....... , сауық ........

-шы, -шыл, -ші, -шіл

10.Берілген сөздерге тиісті жалғауларды жалғап жаз:



Қыс......, жаз........, түн......., арба.........

-лы, -гі , -қы, -ғы.

11.Берілген сөздерді қосымшалы сөздерге айналдыр:

Дос-...................., су-..................., мал- ..................., өнер-........................, бас-.......................... .
12.Туынды сөз қалай жасалады?

а) қосымша арқылы ә) жұрнақ арқылы б) жалғау арқылы в) түбір сөзден жасалады


13.Туынды сөзді тап

а) тәрбие ә) жұмыс б)талапкер в) еңбек


14.Түбір сөздерге жұрнақ жалғап туынды сөз жаса

Жыр........... ,ас.............., ер..............., тату..............., іс................, кітап................ .

15.Қосымшалы сөздердің түбірін тауып белгіле.

Батырлық, басшы ,қалалар, ғалымның , мектепке, достық, өнерлі, тәртіпті.



Сөз құрамы ІІ нұсқа
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі қалай аталады?

А) сөз ә) түбір сөз б) туынды сөз в) қосымша


2.Қосымша дегеніміз не ?

а) жұрнақ ә) сөздің түбірге жалғанған бөлігі б) жалғау в) сөз


3.Қосымшаның неше түрі бар?

А) 3 ә) 4 б) 2 в) 5


4.Қосымшаның түрлерін тап

а) түбір,қосымша ә) көптік жалғау б) жұрнақ,жалғау в)түбір,туынды


5.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?

А) жалғау ә) түбір б) жұрнақ в) қосымша


6.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?

А)түбір сөз ә) жұрнақ б) жалғау в) көптік жалғауы


7.Жалғау жалғанған сөзді тап

а) суретші ә) жұмыскер б) терезенің в) іскер


8.Жұрнақ жалғанған сөзді тап

а) ойыншық ә) орманға б) балалар в) ағасы


9.Қосымшалы сөздерді топтап жаз:ұшқыш,өрікті,жаңалық,адамдар,үйге,бастық,аспаз,суға.

Жұрнақ жалғанған сөздер:

Жалғау жалғанған сөздер:

10.Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап жаз:



Оқу............, іл...........,біл......... ,орын............ .

-дық, -ім, -лық, -гіш.

11.Берілген сөздерге тиісті жалғауларды жалғап жаз:



Үй....... ,доп......., қыз........, шие......... .

-лер, -пен, -дар, -ге.

12.Қосымшалы сөздерді түбір сөздерге айналдырып жаз.


Етікші-................, өнерлі-...................., жаңалық-....................., тәртіпті-....................... .
13.Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалатын сөз не деп аталады?

А) қосымша ә) туынды сөз б) түбір сөз в) жұрнақ


14.Туынды сөзді тап:

а) мақтадан ә) ағаштар б) кітап в) татулық


15.Берілген сөздерді туынды сөзге айналдырып жаз:

Өнер-...................... , балық-.................... , бас-...................... , сый- ......................... .



Қорытынды 1.Туынды сөз дегеніміз?

2.Жұрнақ дегеніміз не?

3.Жұрнақ пен туынды сөздердің айырмашылығы не ?

4.Сөз неден құралады?



Сабақтың тақырыбы:Сөз таптары

Сабақтың мақсаты:1.Сөз таптары туралы түсінік беру.

2.Сөз таптарының түрлері және жасалу жолдары туралы түсіндіру.

3.Грамматикалық тапсырмалар орындату,ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Сөз таптарына сызбалар, грамматикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.

Овал 191
СЫН ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ

САН ЕСІМ

ҮСТЕУ

ЕТІСТІК

ШЫЛАУ


1-тапсырма:Сөздерді сұрақтарына қарай бөліп жаз.

Бала, кітап, қызыл,жиырма,оқыды,өнерлі,оқушы,отыз,көмектесті,ойнады,жаңа,құс,елу,сары




Кім ? не ?

Қандай ?

Қанша ?

Не істеді?



















































2-тапсырма:Сөзжұмбақ шешу: Сөз табы

3 4 7


1 2










5







1.Адам аты
















6




2.Сан есім

С

Ө

З

Т

А

Б

Ы

3.Сын есім






















4.Оқушы құралы






















5.Мәпелеп өсіретін кім?










6.Адам аты




7.Төрт түліктің бірі


3-тапсырма:Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз.

Аспанды қою қара бұлт .......................... . Біраздан кейін ..................... жауды.

Күн суыта ................... . Жаңбыр жауып жердің шаңы ...................... .
Қорытынды: Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Сөз таптарының түрлері ?

2.Зат есім,сын есім,сан есім,етістік туралы мысалдар келтіру.


Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға зат есім туралы білім беру.

2.Зат есім туралы білімдерін дамыту

3.Ойлау қабілеттерін арттыру,сауаттылыққа үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:зат есімге суреттер, сызбалар,сөзжұмбақ.

Әдіс-тәсілдер:шығармашылық тапсырмалар,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау

2.Өтілетін сабақ туралы түсінік беру.

Зат есім дегеніміз-заттың атын білдіретін сөздер.Сұрақтары-кім?кімдер?не?нелер?

Адамдарға кім?кімдер?, жануарлар мен заттарға не?нелер? деген сұрақ қойылады.

Зат есім

Кім?

Кімдер?

Не?

Нелер?

З
Жалқы есім



Негізгі зат есім
ат есімнің түрлері

Жалпы есім

Туынды зат есім

1-тапсырма:Берілген кестеден зат есім сөздерін тауып,сұрақ қой.

К

І

Т

А

П

В

Қ

А

Л

А

Б

Ү

Ғ

Ш

Р

О

Қ

У

Ш

Ы

А

А

З

М

Ұ

Ғ

А

Л

І

М

И

Т

Л

А

С

П

А

Н

Қ

Ұ

С

М

А

А


2-тапсырма:Көп нүктенің орнына зат есім сөздерін жаз:

Аспанда .......................... қалықтап ұшты. Далада ........................ жауып тұр.

............................. сыныпқа кірді. ..................... сабақ берді.

3-тапсырма: Зат есім сөздерін қоятын сұрақтарына қарай топтап жаз

Ата,балалар,дәптер,мұғалім,әншілер,балық,құстар,терезе,немере,әже,малшы,кілем,орман.



Кім?

Не ?

Кімдер?

Нелер ?


























4-тапсырма: «А» - дан басталатын сөздерді жаз

А




А




А







А




А










А

Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есімнің түрлері қандай?

3.Зат есім сөздеріне қандай сұрақтар қойылады?

4.Адамдарға қандай сұрақтар қойылады?

5.Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?



Сабақтың тақырыбы:Негізгі және туынды зат есімдер.

Сабақтың мақсаты:1.Негізгі және туынды зат есімдер туралы түсінік беру.

2.Зат есім туралы білімдерін кеңейту,дамыту.

3.Тапсырма орындату арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Зат есім түрлеріне арналған тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,грамматикалық тапсырмалар орындату.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.

ЗАТ ЕСІМ ТҮРЛЕРІ

НЕГІЗГІ

ТУЫНДЫ

Негізгі түбірден болған зат есім



Түбір сөзге жұрнақ арқылы жасалады


1-тапсырма:Берілген негізгі зат есімді туынды зат есімдерге айналдырып жаз.

Егін - ............................... . сурет - ............................ .

Орын - ............................ . бай - ............................ .

Күй - ............................. . дос - ............................. .


2-тапсырма:Көп нүктенің орнына жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім жаса.

Шебер ................ , жылқы ................. , батыр.......................... .

Ойын.................. , өнер....................... , құлын ......................... .
3-тапсырма:Негізгі және туынды зат есімдерді бөліп жаз.

Сыйлық, егін , байлық,ән, сурет, бота,оқушы,жұмыс,жұмыскер,мал,аспан,әнші.



4-тапсырма:Жұрнақ жалғап туынды сөз жаса:

............................. .............................

Бас ............................. су .............................

............................ ...........................


5-тапсырма: Туынды зат есімдерді сөз құрамына талда.

Балапан , оқушы , жұмыскер, өнерпаз , кітапхана, кезекші , ойыншық ,құлыншақ.


Қорытынды:

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:


1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есімнің қандай түрлері бар?

3.Туынды зат есім қалай жасалады?


Сабақтың тақырыбы:Жалқы есім мен жалпы есім.

Сабақтың мақсаты:1.Зат есім туралы түсініктерін одан әрі кеңейту,дамыту.

2.Зат есімнің жалқы,жалпы есім түрлері туралы түсінік беру.

3.Грамматикалық тапсырмалар орындату,ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Сызбалар,грамматикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,тапсырмалар орындату.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.

ЗАТ ЕСІМ ТҮРЛЕРІ

ЖАЛҚЫ ЕСІМ



ЖАЛПЫ ЕСІМ

Кісінің аты-жөні,жер-су аттары,жан-жануарларға қойылған атаулар

Жалқы есімдерден басқа зат есімдер

1-тапсырма:Сөйлемдерден жалқы есімдерді тауып ,астын сыз.

Абай-қазақ халқының ұлы ақыны. Астана- Қазақстанның астанасы.Сәуле жазда Алматыға барады.Ол кішкентай күшігіне Ақтөс деп ат қойды.Менің Айгүл деген досым бар.

Балқаш- Қазақстандағы ең үлкен көл.Біздің ауылдың аты Қарасу деп аталады.
2-тапсырма:Әріптеріне байланысты жер су аттарын кестеге толтырып жазу


А әрпінен басталатын жер-су аттарын жазу

Б әрпінен басталатын адам аттарын жазу

Қ әрпінен басталатын қала аттарын жазу

1

1




2

2

2

3

3

3

4

4

4


3-тапсырма:Көп нүктенің орнына жалпы есімдерді жазу.

Мектепке ....................... келді. Бүгін ...................... жылы болды. Анар .................... оқыды.

Далада .................... жауып тұр. Күзде ................... жылы жаққа ұшып кетеді.
Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Жалқы есім дегеніміз не?



2.Жалпы есімдегеніміз не?

Овал 179Овал 180


Сабақтың тақырыбы:Зат есімді қайталауға арналған тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:1.Зат есім туралы алған білімдерін дамыту,тексеру.

2.Зат есім түрлерін ажырату,жасалу жолдарын білу.

3.Сауаттылыққа үйрету,ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Зат есімге арналған екі нұсқада тест тапсырмалары

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Оқушы білімін тексеру

Сабақтың барысы: 1:Ұйымдастыру кезеңі. 2.Шығармашылық тапсырмалар 3.Тест жұмыстарын алу.

- Зат есім деген не?

- Етістік дегеніміз не?

- Сан есім дегеніміз не ?

- Сын есім дегеніміз не ?

«Кім көп сөз ойлайды»

Зат есім,сан есім ,сын есім, етістік . Берілген сөз таптарына сөйлемдер құрау

Сематикалық картамен жұмыс

Сөздер

Сөз табы


Зат есім

Сын есім

Етістік

Сан есім

оқушы













екі













тәртіпті













келді














Шығармашылық тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып,өлең құрастыру .

------------------------------- сайрайды,

----------------------------- жайнады .

------------------------------ құлпырып,

----------------------------- сыйлады .

Зат есім І нұсқа
1.Зат есім нені білдіреді ?

а) заттың сынын ә) заттың атын б) заттың санын в) заттың қимылын


2.Зат есімге қандай сұрақтар қойылады ?

а) қандай? Қай? ә) қанша? неше? б) кім? не? в) не істеді?қайтті?


3.Зат есім сөздерін тап

а)барды ә) өнерлі б) жиырма в) оқушы


4.Кім? сұрағы қай сөзге қойылады ?

а) малдар ә) ғарышкер б) ойыншық в) ақылды


5.Нелер? сұрағына қай сөз жауап береді?

а) өнерпаз ә) әншілер б) құстар в) үйге


6.Көптік жалғауы бар зат есімді тап

а)жұмысшылар ә) көгершін б) мектепке в) оқушының


7.Жалпы есімді белгіле

а) Арқалық ә) Абай б) Тау в) Аманкелді


8.Жалқы есімді анықта

а) Орман ә) Қала б) Жайық в) Өзен


9.Негізгі зат есімді белгіле

а) адам ә) қойшы б) жақсылық в) білім


10.Туынды зат есім қалай жасалады?

а) жалғау арқылы ә) жұрнақ арқылы б) сөз арқылы в) буын арқылы


11.Туынды зат есім сөзін тап

а) дүкен ә) үйде б) жазушы в) мектепте


12.Түбір сөзді белгіле

а) бұрғы ә) ауыл б) мектеп в) егін


13.Кім?сұрағы қойылатын сөзді тап

а) алм ә) бала б) орман в) жылқы


14.Жұрнақ жалғанған сөзді белгіле

а) жұмыста ә) ағам б) жұмысшы в) жұмысқа

15.Зат есімді табыңыз

а) бесеу ә) қолөнер б) тарихи в) қызы




Зат есім ІІ нұсқа
1.Заттың атын білдіретін сөздер не деп аталады?

а) сын есім ә) сан есім б) зат есім в) етістік


2.Кім? Не? сұрағы қай сөз табына қойылады ?

а) зат есім ә) етістік б) сын есім в) сан есім


3.Сөздердің ішінен зат есімді тап

а) ойнады ә) құрылысшы б) қырық в) өнерлі


4.Не?сұрағы қойылатын сөзді белгіле

а) табиғат ә) малдар б) қызықты в) отызыншы


5.Туынды зат есім жасаушы қосымшаны анықта

а) жалғау ә) септік жалғау б) көптік жалғау в) жұрнақ


6.Негізгі зат есімді белгіле

а) аспан ә) басшы б) күн в) сусын


7.Туынды зат есімді тап

а) дәптер ә) оқулық б) дала в) мұғалім


8.Көптік жалғаулы зат есімді анықта

а) өтірік ә) өлең б) адам в) гүлдер


9.Көп нүктенің орнына керекті зат есімді қойып жаз

Мен дүкеннен жаңа ............... сатып алдым.

а) сабақ ә) көйлек б) дәптерде в) жазу
10.Зат есімнің жалпы есім түрін белгіле

а) Астана ә) Қала б) Алматы в) Қазақстан


11.Жалқы есімді тап

а) Дүкен ә) Қала б) Жетісу в) Мұғалім


12.Жұрнағы бар зат есімді анықта

а) оқушы ә) оқуға б) оқиды в) балалар


13.Түбір сөзді тап

а) торғай ә) кітап б) өнерпаз в) айна


14.Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып жаз

Аспанда .................... қалықтап ұшып жүр.

а) бұлт ә) жаңбыр б) құстар в) жауын
15.Заттың атын білдіретін сөз табы

а) сан есім ә) зат есім б) етістік в) сын есім


Қорытындылау .Сабақты инстер әдісімен бекіту

Не білемін ? Нені білдім? Білгім келеді ?



Сабақтың тақырыбы:Сын есім

Сабақтың мақсаты:1.Сын есім туралы түсінік беру.

2.Сын есім сөздерін ажырату,білімдерін дамыту.

3.Грамматикалық тапсырмалар орындату арқылы ойлау қабілеттерін

дамыту.


Сабақтың көрнекілігі:сын есімге арналған сызбалар,грамматикалық тапсырмалар

Сабақтың әдісі:шығармашылық тапсырмалар орындату,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау

2.Өтілетін сабақ туралы түсінік беру.

Заттың түрін,түсін,сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.Сын есімдерге қандай?қай? деген сұрақтар қойылады.



Сын есім түрлері

Дара сын есім



Күрделі сын есім

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Бір сөзден

құралады

Екі не одан да

көп сөзден тұрады



Түбір сөзден

тұрады


Жұрнақ жалғану

арқылы жасалады



1-тапсырма: Зат есімге қатысты сын есімдерді жаз

........................ бала , .......................... адам, ............................... мал,

........................ кітап. .......................... күн, .............................. оқушы.
2-тапсырма:сын есімнің қасына қатысты зат есімдерді жаз

Таза ................... , жазық ...................... , үлкен ........................... ,

Мөлдір ........................ , ақылды ......................... , аласа ............................. .
Сергіту сәті:Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.


3-тапсырма:Сызықша арқылы сын есім мен зат есім сөздерін жалғастыр

Ашық ат қызықты тамақ

Өнерлі аспан тәтті оқушы

Жүйрік бала білімді кітап


4-тапсырма:Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім ойлап жаз:

........................ .......................

Жаңа ......................... ұзын .......................

......................... .......................



Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

3.Сын есімнің түрлері қандай?


Сабақтың тақырыбы:Дара және күрделі сын есімдер

Сабақтың мақсаты:1.Сын есім туралы білімдерін кеңейту,дамыту.

2.Сын есімнің дара және күрделі сын есімдер туралы түсінік беру, тап

сырмалар орындату.

3.Шығармашылыққа,сауаттылыққа үйрету.



Сабақтың көрнекілігі:дара және күрделі сын есімге арналған тапсырмалар.Сөзжұмбақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,грамматикалық тапсырмалар орындау

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.


СЫН ЕСІМ ТҮРЛЕРІ




ДАРА СЫН ЕСІМ

КҮРДЕЛІ СЫН ЕСІМ

Бір сөзден жасалады



Екі одан да көп сөзден жасалады


1-тапсырма:Бос торкөздерге сын есім сөздерін жаз





























































































2-тапсырма: Қандай ? сұрағының орнына сын есім сөзін жаз.

1.Үлкен кісі бастар , (қандай ?) кісі қостар.

2.Әдепті бала- арлы бала, (қандай ? ) бала – сорлы бала.
3-тапсырма:Сөйлемдердегі сын есімдердің астын сыз.

Сәуірдің күмістей таза,мөлдір суына шомылған ұлпа бұлттар ,шүйгін шөптер ,көк ормандар көз тарта құлпырады.Қызғалдақтардың қызыл-жасыл жібек қанаттарына күміс тамшылар тұрып қалды.


4-тапсырма:Дара және күрделі сын есімдерді бөліп жаз:

Үлкен, аса ажарлы, жақсы,ұзын бойлы,ақ боз, ақылды,жаңа,қызыл ала,ауыр, ақ сұр,өнерлі.

Дара сын есімдер: ............................................................................................................................

Күрделі сын есімдер: .......................................................................................................................


Қорытынды: Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Дара сын есім дегеніміз не ? Мысалдар келтіру.

3.Күрделі сын есім дегеніміз не ? Мысалдар келтіру.




Овал 213Овал 214

Сабақтың тақырыбы:Қарсы мәндес сын есімдер.

Сабақтың мақсаты:1.Сын есім туралы білімдерін одан әрі дамыту,кеңейту.

2.Қарсы мәндес сын есімдер туралы түсінік беру,тапсырмалар орындау.

3.Шығармашылыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Қарсы мәндес сын есімдер,грамматикалық тапсырмалар

Сабақтың әдіс-тәсілдері:тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтілетін сабақ туралы түсінік беру.

Мағыналары бір –біріне қарама-қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.

Мысалдар келтіру. Жарық- қараңғы, ыстық- суық.
1-тапсырма: Қарсы мәндес сын есімдерді тап:


Үлкен

-







Ақ

-




Ұзын

-




Семіз

-




Жуан

-




Жуан

-




Батыр

-




Қиын

-




Жақсы

-




Қатты

-





2-тапсырма:Қарсы мәндес сын есімдердің қасына керекті зат есімдерді жаз.

Жуан .................. – жіңішке ..........................

Сұйық ................. - қою ...............................

Терең .................... – таяз ..............................


3-тапсырма:Көп нүктенің орнына сын есімдерді жаз.

Айгүл- ............................. оқушы. Түйе шөлге ........................ жануар.

Алатау ең ...................... тау. Адамдар ...................... өзенге суға түсті. Қалада ................ үйлер бар.Күзде құстар ............................ жақтарға ұшып кетеді.

Сергіту кезеңі:Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.
4-тапсырма:Сөздердің ішінен қарсы мәндес сын есімдерді жұптап жаз.
Биік,жақсы,қараңғы,қара,аласа,ақ, жаман,жарық,семіз,момын,ыстық,арық,қатал, суық,

Ұсақ,мейірімді,таза,ірі,кір,кішкентай,ащы, үлкен, тұщы.




Қорытынды:Сабақты бекіту.

Сұрақтар:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімнің қандай түрлері бар?

3.Дара және күрделі сын есім дегеніміз не ?

4.Қарсы мәндес сын есімде дегеніміз не



Сабақтың тақырыбы:Сын есімді қайталауға арналған тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:1.Сын есім туралы алған білімдерін дамыту,тексеру.

2.Сын есімдердің жасалу жолдарын білу,тапсырмаларды орындай білу.

3.Оқушыларды өз бетімен ойлай білуге қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі:Сын есімге арналған екі нұсқада тест тапсырмалары.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Оқушы білімдерін тексеру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Оқушылардан екі нұсқада тест алу.
1.«Кім жылдам?» ойыны. Тақтаға сын есім сөздері жазылады,оқушылар зат есімдерді жылдам ойлап жазу керек.

Ақ ........................... . жүйрік ............................... .

ұқыпты ................................ . нөсер ........................... .

биік .............................. . жылы ................................... .


2.Сызба бойынша сөйлем құрау

------- ---------- ---------- -----------.

--------- --------- ----------- --------- --------.

--------- --------- ----------.


3. Екі бағанға сын есімдерді жаз.
Дара Күрделі

----- --------

----- --------

----- --------

----- --------
Сын есім І нұсқа
1.Заттың сынын білдіретін сөз табы қалай аталады?

а) зат есім ә) сын есім б) сан есім в) етістік

2.Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?

а) қандай?қай? ә) кім?не? б) қанша?неше? в) не істеді?қайтті?

а) балалар ә) балапан б) жиырма в) үлкен

4.Қандай? Сұрағына жауап беретін сөзді белгіле

а) жайлы ә) тәжірибе б) шырын в) оқытушы
5.Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз

а) алты бала ә) сұлу қыз б) менің анам в) отыз адам


6.Зат есімнен жасалған сын есімді анықта

а) биіктеу адам ә) кішкене үй б) таулы жер в) ұзын ағаш


7.Көп нүктенің орнына керекті сын есімді жаз,керекті сөздер: кең, қызықты,үлкен,ақылды.

а) ........... бала ә) ........... үй б) ............ кітап в) ............ дала


8.Туынды сын есім қалай жасалады?

а) жалғау арқылы . ә) жұрнақ арқылы б) буын арқылы в) дыбыс арқылы


9.Заттың түсін білдіретін сын есімді тап

а) қызыл,ақ ә) үлкен,биік б) жақсы,ақылды в) жас,кәрі


10.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз

Арманның көзі қара,бойы ұзын,мінезі ........... .

а) кіші ә) көк б) ұзын в) жұмсақ
11.Туынды сын есімді белгіле

а) қызыл ә) үлкен б) әдепті в) момын


12.Қарсы мәндес сын есімдерді ойлап жаз

а) жақсы-............ ә) үлкен- .......... б) семіз- ........... в) биік- ..............


13.Күрделі сын есімді анықта

а) өнерлі ә) кішкентай б) қара ала в) сарғыш


14.Күрделі сын есімдер қалай жасалады?

а) екі-үш сөзден ә) зат есімнен б) бір сөзден в) буыннан

15.Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.

а) ашық ағаш

ә) ақылды орман

б) биік аспан

в) ну бала


Сын есім ІІ нұсқа
1.Қандай?қай? сұрағына жауап беретін сөз табы қалай аталады?

а) етістік ә) сын есім б) сан есім в) зат есім


2.Сын есім сөздеріне қандай сұрақтар қойылады?

а) кім?не? ә ) қандай?қай? б) қанша?неше? в) не істеді?қайтті?


3.Дара сын есімді анықта

а) қызыл ала ә) шұбар ала б) қара қоңыр в) жасыл


4.Сын есім сөзін белгіле

а) сабырлы ә) оқушы б) жиырма в) балалар


5.Қарсы мәндес сын есімдерді жаз

а) ақ- ............ ә) ащы- .......... б) қалың- ........... в) суық- ...........


6.Сын есімі бар сөз тіркесін тап

а) он бала ә) менің ойыншығым б) жүйрік ат в) ол оқыды


7.Заттың дәмін білдіретін сын есімді белгіле

а) тәтті,ащы ә) сары,көк б) үлкен,кіші б) семіз,арық


8.Көп нүктенің орнына керекті сын есімді жаз

Асқар құмырадан .............. сусын ішті.

а) көп ә) салқын б) ақ в) су
9.Көп нүктенің орнына сын есім сөздерін қой

а) ............ оқушы ә) мал б) ............ көше в) ............ киім


10.Жұрнақ арқылы жасалатын сын есім қалай аталады ?

а) дара ә) күрделі б) негізгі в) туынды


11.Туынды сын есімді белгіле

а) ақылды ә) кішкентай б) әдемі в) қызыл ала


12.Зат есімнен жасалған сын есімді тап

а) жүйрік ә) аласа б) сұлу в) өнерлі


13.Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.

а) даңғыл дауыс

ә) көк ат

б) қоңыр жол

в) жүйрік аспан
14.Күрделі сын есімді белгіле

а) қамысты ә) сабырлы б) шұбар ала в) зеңгір


15.Екі-үш сөзден құралатын сын есім түрі

а) дара ә) күрделі б) негізгі в) туынды




Қорыту . «Кубизм » стратегиясы бойынша ;

1.Сын есімнің қызметі .

2.Дара сын есім дегеніміз?

3.Күрделі сын есім дегеніміз не?

4.Негізгі сын есім дегеніміз не ?

5.Туынды негізгі сын есім ?


Сабақтың тақырыбы:Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1.Сан есім туралы білімдерін дамыту,толықтыру.

2.Сан есімге байланысты грамматикалық тапсырмаларды орындату.

3.Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:Сөзжұмбақтар, сан есімге арналған сызбалар,жеке тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақтарға жауап беру, жеке тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққадаярлығын бақылау.

2.Өтілетін сабақ туралы түсінік беру.
Оқушыларға сұрақтар қою:1.Бүгін нешінші күн? Бесінші

2.Сыныпта неше оқушы бар ? Он үш

3.Ең жақсы баға қандай? Бес

Оқушылардың жауаптары: бесінші, он үш, бес.(айтылған сөздерге сұрақтар қою)

Заттың санын білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімнің түрлері: дара сан есім, күрделі сан есім, есептік сан есім,реттік сан есім.
1-тапсырма: Оқушыларға сөзжұмбақтар шешкізу:


7 су




100 гіш




5 ік




7 сай


2-тапсырма:Сөйлемнен сан есімді тауып,сұрақ қой.

Біз төртінші сыныпта оқимыз.Біздің сыныпта он үш оқушы бар.Бүгін төртінші күн.

Айгүл сабақтан бес деген баға алды. Бір жылда төрт мезгіл бар.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет