Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ баи



бет2/5
Дата25.08.2017
өлшемі1,48 Mb.
#26565
1   2   3   4   5

Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата

3.Қатаң,ұяң,үнді дауыссыз дыбыс түрлерін атау




Сабақтың тақырыбы:Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қайталауға арналған тапсырмалар

Сабақтың мақсаты: 1.Дауысты,дауыссыз дыбыстарға байланысты тапсырмалар орындату.

2.Дыбыс түрлерін ажырату,орынды қолдана білуге үйрету.

3.Ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Дауысты,дауыссыз дыбыстарға арналған тест тапсырмалары.

Сабақтың әдісі: Оқушылардың білімдерін анықтау.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Тест жұмыстарын орындау.

Топқа тапсырма :1.Әр топ өзінің атауын,сұрағы ,түрлері ,қай сөзбен байланысатынын айтады.

1-топ дауыссыз

2-топдауысты

Саматикалық карта .Берілген сөздердегі дауысты ,дауыссыз әріптерді бөліп жазу .


Сөздер

Дауысты

Дауыссыз

жуан

жіңішке

қатаң

үнді

ұяң

Алма
















Қарбыз
















Сурет
















Орындық
















Көңілді


















Жаңылтпашты жатқа жазу.

Қырық құлып ,

Қырық құрық.

Құлып та –қырық

Құрық та қырық.

Дауысты дыбысты бір,дауыссыз дыбыстың екі сызықпен сыз.

Тест тапсырмаларын орындату .
І нұсқа
1.Жуан дауысты дыбыстар қатарын белгіле

а) а,ө,ә, ү ә) а,о,ы,ұ б) ө,ә,і ү в) а,ұ,ү,е


2.Жіңішке дауысты дыбыстарды тап

а) а,ұ,и,е ә) ә,ү,ы,и б) ә,ү,і,и,е в) і,ә ,и,а,о


3.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

а) 13 ә) 15 б) 42 в) 16

4.А,О,Ұ,Ы дыбыстары қандай дыбысқа жатады ?

а) жуан ә) жіңішке б) еріндік в) езулік


5.Ә,І,Ө,Ү,Е дыбыстары қандай дыбысқа жатады?

а) езулік, ә) еріндік б) жіңішке в) ашық


6.у дыбысы жуан болып тұрған сөзді белгіле

а) жүру ә) бауыр б) сәукеле в) кету


7.Ұ дыбысына талдау жасаңыз

а) үнді дауыссыз ә) қатаң дауыссыз б) жуан дауысты в) жіңішке дауысты.


8.Тек жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді тап

а) кітап ә) байлық б) мұғалім в) мектеп


9.у дыбысы қай сөзде дауысты екенін тап.

а) тау ә) тату б) бауыр в) отау


10.Жіңішке дауысты дыбыстан құралған сөзді белгіле

а) құстар ә) алма б) оқулық в) әйнек


11.Көп нүктенің орнындағы дауысты дыбыстарды жаз.

Қай....қ , әңг....ме, т...лкі , қ...мырсқа , ин...лік , қарағ....й.


12.Жуан дауысты дыбыстардан құралған сөзді тап.

а) терезе ә) оқушы б) мұғалім в) күйші


13.Көгершін сөзінде неше дауысты дыбыс бар.

а) 8 ә) 5 б) 3 в) 10


14.У дыбысы екі рет дауысты болып тұрған сөзді белгіле

а) қауышу ә) татуласу б) таулық в) саулық


15.Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбыс

а) а ә) о б) е в) ы


Дауыссыз дыбыстар ІІ нұсқа
1.Қатаң дауыссыз дыбыстарды белгіле

а) б,в,г,ғ,д ә) к,қ,т,ш,х б) б,к,ш,р,л в) м,с,н,х,в


2.Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз

а) р,м,г,л,д ә) д,ж,ш,к,х б) б,в,г,ғ,д,ж в) б,д,м,с,қ


3.Үнді дауссыз дыбыстарды тап

а) м,р,л,н,ң ә) к,л,д,ж,т б) л,б,ж,ш,щ в) п,б,в,г,х


4.Сөздің басында жазылмайтын әріп

а) н ә) ғ б) ң в) л


5.Ұяң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді белгіле

а) қыс ә) көктем б) күз в) жаз


6.Қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді тап

а) байлық ә) қасық б) мектеп в) бүркіт

7.Үнді дауыссыз дыбыстан құралған сөзді белгіле

а) Айман ә) әйнек б) өрнек в) түлкі

8.Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді тап.

а) мал, сиыр ә) жаз, көз б) шаш, адам в) дала ,қар


9 «Балдырған» сөзінде неше әріп,неше дыбыс барын анықтаңыз

а) 8 әріп,9 дыбыс ә) 9 әріп,9 дыбыс б) 9 әріп,8 дыбыс в) 8 әріп, 8 дыбыс


10 «Ғарышкер» сөзінде неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс бар?

а) 8 дау-ты,8 дау-сыз ә) 4 дау-ты,4дау-сыз б) 3 дау-ты,5 дау-сыз в) 5 дау-ты,3 дау-сыз

11.Қатаң дыбысқа басталып,қатаңға аяқталған сөзді тап

а) тауық ә) жолбарыс б) орман в) торғай

12.Үнді дауыссыз дыбыстан басталған сөзді белгіле

а) теңге ә) зерек б) дастан в) ағаш


13.Қ -әрпі жазылатын сөзді белгіле

а) ше...ара ә) іс...ер б) уа...ыт в) көрі....ті

14.Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді тап

а) мерген ә) оқулық б) тамыз в) жел


15.Дауыссыз дыбыс түрлерін анықта

а) қысаң,жуан,ұяң ә) қатаң,ұяң,үнді б) үнді,қатаң,ашық в) жуан,үнді,ұяң


Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

2.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата .

3.Қатаң дауыссыз дыбыстар

4.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді ?

5.Жуан дауысты дыбысты ата.


Сабақтың тақырыбы:Буын

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың буын туралы білімдерін дамыту

2.Сөздерді дұрыс буынға бөле білуге,буын түрлерін ажырата білуге үйрету

3.Шығармашылыққа,сауаттылыққа үйрету

Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,буын түрлері,сызбалар

Әдіс –тәсілдер:суреттегі сөздерді буынға бөлу,буын түрлері,өздік тапсырмалар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа даярлығы

2.Өтілетін сабақ туралы түсінік

Сөздер буынға бөлінеді.Буында қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

Мысалы: а-ғаш ,бұ- лақ , ша-ға-ла, о-қу-шы –лар.

Буын түрлері: ашық буын,тұйық буын,бітеу буын.

Ашық буын-дауысты не дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталады.

Тұйық буын-дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталады.

Бітеу буын-дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталады.


Буын түрлері




Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын

Қа-ла

Ек-пін

Жаң-ғақ


1-тапсырма:Берілген сөздерді буынға бөліп жаз:

Күрек,жұмысшылар,балапан,кітап,балалық,көгершін,қарлығаш,қызылша.


2-тапсырма:Сөздерді буын түрлеріне қарай топтап жаз:

Дала,жидек,қарбыз,жәндік,құстар,қаңбақ,ана,мал,лашын,балық,мектеп.

1.Ашық буынды сөздер: ____________________________________________________

2.Тұйық буынды сөздер:____________________________________________________

3.Бітеу буынды сөздер: _____________________________________________________
3-тапсырма:Сөз ішіндегі жоқ буындарды жаз.

оқу




лар




кө




лек




ө




дік




қы




ша




те




зе




кө




шін


4-тапсырма:Кестеге бір буынды,екі буынды,үш буынды сөздер ойлап жаз:


Бір буынды сөздер

Екі буынды сөздер

Үш буынды сөздер










Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Буын дегеніміз не?

2.Буынның қандай түрлері бар?

3.Ашық буын қалай жасалады?

4.Тұйық буын қалай жасалады?

5.Бітеу буын қалай жасалады?

6.Буын түрлеріне мысалдар келтіру.
Сабақтың тақырыбы:Буынды қайталауға арналған тапсырмалар

Сабақтың мақсаты: 1.Буын туралы алған білімдерін тексеру.

2.Буын түрлерін ажырату,сауаттылыққа үйрету.

3.Тапсырмалар орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақтың көрнекілігі:Буын тақырыбына арналған екі нұсқада тест тапсырмалары

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Оқушы білімдерін тексеру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Тест жұмыстарын орындату.

1Тапсырма шашылған буындардан сөздер құрау

Да,қа,ла,жу,ту,ке,се,ма,бе,кө,ма,қо,лік.

Буындардан сөз құрау,сөздерден сөйлем құрай.

2.Буындардан сызбадарға сәйкес сөз құра.

КӨ БЕ КІ ІК Ү КІШ МЕ ӨР ЕС КЕР ТАП ЛЕК КЕ






































































































































3.Тапсырма «Тіліңмен жүгірме,біліміңмен жүгір »/мақал//дыбыстық талдау , буынға бөлу /

№ 4. Буын үндестігіне сай емес сөздер құрастыру үшін буындар қойып жаз.

Өнер...,әсем..., кі..., ... қой, ем..., ... бек.

4 тапсырма. Берілген сөздерді түріне қарай кестеге түсір .




Мысалдар

Ашық

буын


Тұйық

буын


Бітеу

буын


Аралас

буын








А

Ә

Б

В

1

Алаша

+










2

Дүлдүл













3

От













4

Алаша













5

Ор













6

Жол













7

Күн













8

Айт













Буын І нұсқа

1.Қарағай сөзінде неше буын бар?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5
2.Қазақ тілінде буынның неше түрі бар ?

а) 3 ә) 4 б) 5 в) 2


3.Бір буынды сөзді тап

а) жылқы ә) жалт б) қуат в) аспан


4.Ашық буынды белгіле

а) көз ә) да б) жас в) ал

5.Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді ажырат

а) ба-уыр ә) бау- ыр б) қай-ық в) қас-ық


6.Буынға қате бөлінген сөзді белгіле

а) ба-уыр-сақ ә) бау-ыр-сақ б) мы-сал в) жаң-ғақ


7.Үш буынды сөзді тап

а) жұмысшылар ә) қант б) оқушы в) дәуіт


8.Төрт буынды сөзді белгіле

а) құмырсқа ә) өнерлі б) ақылдылық в) дауысты


9.Тек ашық буыннан құралған сөзді тап

а) шағала ә) Алтай б) орман в) кітап


10.Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрін анықта

а) ашық ә) тұйық б) бітеу в) аралас


11.Аманкелді сөзінде неше буын бар?

а) 5 ә) 4 б) 3 в) 6


12.Бірыңғай ашық буынды сөздер қатарын тап

а) жұлдыз,арман ә) табыс,саяхат б) қазына,оқиға в) уақыт,хабар


13.Буын атауларының қатарын анықта

а) дыбыс,әріп,үнді ә) ашық,тұйық,бітеу б) ұяң,үнді,дыбыс в) ашық,дыбыс,әріп


14.Тек бітеу буыннан құралған сөзді тап

а) қарға ә) балалар б) жаңғақ в) қала


15.Жіңішке буынды сөзді анықта

а) хабарлы ә) лепті б) сұраулы в) құрмалас


Буын ІІ нұсқа
1.Қазақ тілінде неше буын бар?

а) 5 ә) 4 б) 3 в) 2


2.Буын түрлерін анықта

а) дыбыс,әріп,үнді ә) тұйық,ашық,бітеу б) қатаң,ұяң,үнді в) буын,дауысты,әріп


3.Сарыағаш сөзінде неше буын бар?

а) 5 ә) 4 б) 2 в) 3


4.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап

а) Ба-рла-ушы-лар ә) ба-рл-ауш-лар б)бар-лау-шы-лар в) барла-ушы-лар


5.Буынға қате бөлінген сөзді анықта

а) жа-ңылт-паш ә) жаң-ылт-паш б)жұ-мыс-шы в) та-би-ғат


6.Бір буынды сөзді тап

а) балапан ә) атамекен б) қант в) ата


7.Екі буыны бар сөзді белгіле

а) дәуіт ә) көгершін б) шар в) оқушы


8.Ашық буынды тап

а) бар ә) да б) лық в) қар


9.Ашық буынды сөздер қатарын белгіле

а) дала,терезе ә) байлық,құстар б) басшы,кілем в) асхана,кітап


10.Тұйық буынды тап

а) мал ә) ат б) ла в) да


11.Тұйық буынды сөздер қатарын белгіле

а) бас,қар ә) әке,ана б) қыс, бала в) ат, от


12.Бітеу буынды анықта

а) әже ә) қа б) қар в) бата


13.Бітеу буыннан құралған сөздер қатарын белгіле

а)қармақ,мектеп ә) айна,байла, б) орман, мереке в) вагон,шырша


14.Тұйық және бітеу буыннан құралған сөзді тап

а)аспан ә) ғарыш б) мектеп в) кітап


15.Бірыңғай ашық буыннан құралған сөзді тап

а) торғай,аққу ә) шағала,оқиға б) арқар,тамыр в) вагон, көлік



Берілген тестер арқылы сабақты қорытындылау.

13-15 « 5»

10-13 «4»

6-9 «3» бағалау .



Сабақтың тақырыбы:Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың бойында сөз және оның құрамы туралы білімдерін

қалыптастыру.

2.Тапсырмалар орындау арқылы сөздің түбірі мен қосымшаларын табу.

3.Сауаттылыққа,шығармашылыққа үйрету.



Сабақтың көрнекілігі:Сөз және оның құрамына мысалдар.суреттер,сызбалар.

Әдіс-тәсілдер:топпен және өздік жұмыс,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сыныптың сабаққа даярлығын бақылау.

2.Өтілетін сабақ туралы түсінік

Сөз-әріптен құралады.Заттың,сапаның,қимылдың атауы.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.


Сөз




Түбір сөз

Туынды сөз

Қосымшалы сөз



Жұрнақ

Жалғау


1-тапсырма:Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын бөліп жаз

Оқулық, жаңалық, суретші, балалар, құстар, өріктің, гүлдер, әнші.



2-тапсырма:Жұрнағы мен жалғауы бар сөздерді топтап жаз:

Балапан , адамдар, қалаға , өнерпаз , ұшқыш, диханның ,жұмысшы, теңізде, бастық.



Жұрнағы бар сөздер:

Жалғауы бар сөздер:


Сергіту сәті:Жаздық,жаздық бәріміз, Бір,екі үш

Талып қалды қолымыз. Бойға жинап күш.



3-тапсырма:Сөздердің түбірі,қосымшылырын ажыратып жаз:

Оқушылар, жұмысшылар, өнерпаз, мектепке, ормандар .



Сөздің түбірі

Жұрнағы

Жалғауы





































Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Сөз неден құралады?

2.Қосымшаның түрлерін ата

3.Туынды сөз қалай жасалады?

4.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын қайталауға арналған тапсырмалар орындату

Сабақтың мақсаты: 1.Сөз құрамы туралы алған білімдерін дамыту.

2.Сөз құрамын ажырата білу,өз бетінше тапсырма орындауға жаттығу.



3.Тапсырмалар орындау арқылы ойлай білуге қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі:Сөз құрамына арналған екі нұсқада тест тапсырмалары.

Сабақтың әдісі:Оқушы білімдерін тексеру

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі . 2. Тапсырма 3.Тест тапсырмаларын орындау.
1 тапсырма Мына дыбыстарды еркін пайдаланып сөз құрастыр.

Ғажап Дала Шағала Аға



2.тапсырма Оқы, есіңде сақта.

Таң мезеттері.

Таң – түн қараңғылығы ыдырап, күн шығар алдындағы мезгіл.

Түн көбесі сөгілді. Таң шеті сөгілді.

Түн көрпесі түрілді. Таң белдеуленді

Жұлдыз сөнді. Таң рауандады.

Таң алды. Таң құланиектенді.

Таң саз берді. Таң бозарды.

Таң білінді. Таң сазарды

Таң сібірледі. Таңсәрі

Бозала таң Ала-көбең

Елең-алаң Таң шапағы Жер ағарды Таң атты.

Осы сөз тіркестерін пайдаланып, «Ауыл таңы» тақырыбына мәтін құра.

3.тапсырма Сөздер құрастыр



Қ

































































































































































Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет