Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ баи



бет5/5
Дата25.08.2017
өлшемі1,48 Mb.
#26565
1   2   3   4   5

Есімдік І нұсқа

1.Зат есім,сын есім,сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер қалай аталады?

а) етістік ә) есімдік б) бастауыш в) сөз табы
2.Сөйлемнен есімдікті тап: Ол жарысқа дайындалып жүр.

а) ол ә) жарысқа б) дайындалып в) жүр


3.Жіктеу есімдігін белгіле:

а) әркім ә) біз б) қайда в) ешқашан


4.Мен,біз,сен,сіз,ол-есімдіктерінің түрін белгіле:

а) сілтеу ә) сұрау б) жіктеу в) өздік


5.Оған есімдігі қай септікте тұр?

а) атау ә) ілік б) табыс в) барыс


6.Бастауыш қай сөз табынан екенін белгіле: Жиналыста ешкім сөйлемеді.

а) зат есім ә) сын есім б) есімдік в) етістік


7.Жіктеу есімдігінің қатарын белгіле:

а) бұл,сол ә) олар,біз б) бәрі,күллі в) біреу,әркім


8.Есімдік сөзді тап:

а) адамдар ә) балалар б) олар в) оқушылар


9.Есімдік пен зат есімнен жасалған сөз тіркесін тап:

а) өткен ғасыр ә) жаңа жыл б) он дәптер в) осы кітап


10.Көп нүктенің орнына керекті есімдікті жаз: ............ кісі- менің әкем.

а) өзі ә) бұл б) сіз в) қалай


11.Көп нүктенің орнына жіктеу есімдігін жаз: Үйге ...... де кірдім.

а) біз ә) сен б) ол в) мен


12.Сөйлемдегі есімдікті тап: Әкем ойланбай ештеңе істемейтін.

а) Әкем ә) ойланбай б) ештеңе в) істемейтін


13.Есімдік сөзін тап:

а) оқушылар ә) ешкім б) оқулық в) мектеп


14.Есімдіктерді теріп жаз: балалар,біздер,ол,қазір,ешқашан,аспан,бүгін,әркім.


Есімдіктер:

15.Маған есімдігі қай септікте тұр?

а) атау ә) ілік б) барыс в) табыс



Есімдік ІІ нұсқа
1.Есімдік дегеніміз не ?

а) етістік сөздері ә)зат есім,сын есім,сан есімнің орнына жұмсалатын сөздер б)бастауыш в) баяндауыш


2.Сөйлемнен есімдікті тап: Біздің қораға екі қарлығаш келіп қонды.

а) Біздің ә) қораға б) екі қарлығаш в) келіп қонды.


3.Жіктеу есімдігін белгіле

а) қанша ә) сіз б) әркім в) бұл


4.Жіктеу есімдігінің қатарын белгіле.

а)күллі,түгел ә) ештеңе,ештеме б) өзім,өзімнің в) мен,сен,сіз


5.Оның есімдігі қай септікте тұр?

а) атау ә) ілік б) барыс в) табыс


6.Бастауыш қай сөз табынан екенін белгіле: Олар Орталық Азияның тауларын мекендейді.

а) етістік ә) зат есім б) есімдік в) баяндауыш


7.Есімдік сөзін тап:

а) жануар ә) жазғытұрым б) оқушы в) ешбір


8.Есімдік пен зат есімнен тұрған сөз тіркесін тап:

а) мына бала ә) бес кітап б) жүз жыл в) әдепті оқушы


9.Көп нүктенің орнына керекті есімдікті жаз:Көктемде ......... орманға бардық.

а) мен ә) біз б) олар в) сендер


10.Сөйлемдегі есімдікті тап: Айгүл ешқашан өтірік айтпайды.

а) Айгүл ә) ешқашан б) өтірік в) айтпайды


11.Есімдік сөзін тап

а) орман ә) дала б) ешкім в) балалар


12.Есімдік сөздерді теріп жаз: көктемде, түгел,ағаштар,менің,әрқайсысы,қала,осынау.


Есімдік сөздері:

13.Оны есімдігі қай септікте тұр?

а) атау ә) ілік б) барыс в) табыс
14.Бұл сөзі қай есімдікке жатады?

а) жіктеу ә) сілтеу б) өздік в) сұрау


15.Жіктеу есімдігінің сұрақтарын белгіле

а) қай? қайсысы? ә) кім?не? б) қанша?неше? в) қандай?қай?



Сабақтың тақырыбы:Үстеу.

Сабақтың мақсаты:1.Үстеу туралы білімдерін кеңейту,дамыту.

2.Грамматикалық тапсырмалар орындату арқылы үстеу туралы түсінік беру.

3.Сауаттылыққа,шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Үстеуге арналған тапсырмалар,сызбалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,өздік тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.


Іс-әрекеттің,мезгілін,мекенін,сын-қимылын білдіретін сөз табы



ҮСТЕУ

Мезгіл үстеу

Мекен үстеу

Сын-қимыл үстеу

Қашан?

Қайда ?

Қалай?

1-тапсырма:Үстеулерді түрлеріне қарай топтап жаз:

Ертең ,тез, жаймен ,асықпай , қысты, жоғары, төмен ,ерте ,түнде, жақында, қазір, әрең,тез-тез.

Мезгіл үстеу: ........................................................................................................................................

Мекен үстеулер:.....................................................................................................................................

Сын-қимыл үстеулер: ...........................................................................................................................
2-тапсырма:Сөйлемдегі үстеулерді тауып,астын сыз.Сұрақ қой.

Ертең қаладан әкем келеді. Бүгін сабақ қызықты болды. Ол жақында қалаға кетеді.

Жиналысқа адамдар әрең жиналды.Бүгін уақыт тез өтіп кетті.Мұғалім келгенше біз сабақты тез-тез қайталап алдық.Айгүл дәптеріне өте таза жазады.

Сергіту кезеңі:Үлкенге де сіз , Алау болып жанамыз,

Кішіге де сіз . Құлыншақ болып шабамыз.

Барша жанды құрметтеп, Балапандай талпынып,

Бас иеміз біз. Көкке қанат қағамыз.

3-тапсырма:Үстеу түрлеріне қарай сөздер ойлап жаз:

Мезгіл үстеу Мекен үстеу Сын-қимыл үстеу

............................. ..................................... ..........................................

............................. ..................................... ..........................................

............................. ..................................... ..........................................

............................. ..................................... ..........................................



Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Үстеу қандай сөз табы?

2.Үстеудің қандай түрлері бар?

3.Мезгіл үстеуге қандай сұрақ қойылады?

4.Қайда сұрағы қандай үстеуге қойылады?

5.Сын –қимыл үстеуі дегеніміз не?



Сабақтың тақырыбы:Үстеуді қайталауға арналған тапсырмалар

Сабақтың мақсаты:1.Үстеу туралы алған білімдерін тексеру.

2.Тапсырмалар арқылы өзіндік тапсырмалар орындауын меңгерту.

3.Сауаттылыққа,шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Үстеу тақырыбына арналған екі нұсқадағы тест тапсырмалары

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Оқушы білімдерін тексеру.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.2.Тест жұмыстарын алу.


1 тапсырма Сөйлемдерді түсініп оқып, үстеулерді сөйлем мағынасына сай ауыстыр.

Атам қойды артта шығарды. Айзат кешегі оқиғаны ерте апасына айтпады. Машина жүрген сайын тау емін-еркін мұнартып қала берді. Күн жылынып, балалар далада әрең ойнады. Есен қиын тапсырманы әдейі орындады.



2тапсырма . Мына сызба бойынша сөйлем құрастыр

  1. зат шылау зат етістік.

  2. одағай есімдік есім зат шылау.

  3. зат үстеу ет.

3.тапсырма .Әр жолда 1 әріпті тек 1 рет қана ауыстыра отырып, жаңа сөз шығар

т

у

р

а





































ж

а

з

у



Үстеу І нұсқа

1.Іс-әрекеттің мезгілін,мекенін,сын-қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады?

а) есімдік ә) үстеу б) етістік в) сын есім

2.Үстеу сөздеріне қандай сұрақтар қойылады?

а)қандай?қай? ә)қайтті?не істеді? б)қашан?қайда?қалай? в)кім?не?

3.Үстеуді тап:

а)өнерпаз ә) жұмысшы б) оқушы в) ертең

4.Сөйлемнен үстеуді белгіле:Далада түнде жаңбыр жауды.

а) Далада ә) түнде б) жаңбыр в) жауды

5.Мезгіл үстеуге қандай сұрақ қойылады?

а)қашан? ә) қайда? б) қалай? в) қандай?
6.Қайда? сұрағы қандай үстеуге қойылады?

а) мезгіл үстеу ә)мекен үстеу б) сын-қимыл үстеу в)себеп-салдар үстеу


7.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не?

а)қашан сұрағына жауап береді ә)қайда сұрағына жауап береді б)қалай сұрағына жауап береді

в)қандай? сұрағына жауап береді
8.Сөйлемнен мезгіл үстеуді тап: Көктемде малдар өріске шығады.

а) Көктемде ә) малдар б) өріске в) шығады


9.Көп нүктенің орнына сын-қимыл үстеуді жаз:Айгүл есепті ..................... шығарады.

а) тез ә) есеп б)ерте в) кеше


10.Үстеулерді мағыналарына қарай топтап жаз: жоғары,қазір,тез,ертең,ілгері,ақырын,алға,лезде,күндіз.

Мекен үстеулер:

Мезгіл үстеулер:

Сын-қимыл үстеулер:

11.Мына сөздердің ішінен үстеуді тап

а) биыл ә)ары б) ақырын в)әрең

12.Мекен үстеуге қандай сұрақ қойылады?

а)қашан? ә)қайда? б)қалай? в)қандай?

13.Көп нүктенің орнына лайықты сөзді көрсетіңіз: ................ аспанды бұлт қаптап алды.

а)жылдам ә) жоғары б) лезде в)ертең

14.Берілген үстеулердің сұрақтарын жаз:

Мезгіл үстеу сұрағы-

Мекен үстеу сұрағы-

Сын-қимыл үстеуінің сұрағы-
15.Үстеуді белгіле

а)күн ә) күндіз б) мектеп в) жинады



Үстеу ІІ нұсқа

1.Үстеу дегеніміз не?

а)заттың атын білдіреді ә)іс-әрекеттің мезгілін,мекенін,сын-қимылын білдіреді

б)заттың санын білдіреді в)түрін,түсін білдіреді


2.Үстеуге қандай сұрақтар қойылады?

а)қашан?қайда?қалай? ә)қандай?қай? б)қанша?неше? в)кім?не?


3.Үстеуді тап

а)кітап ә) орман б) биыл в) балалар


4.Сөйлемнен үстеуді белгіле: Артта мұнартып тау қалды.

а) Артта ә) мұнартып б) тау в) қалды


5.Қашан? сұрағына жауап беретін үстеу қалай аталады?

а) мекен ә) мезгіл б) сын-қимыл в) үстеу


6.Мекен үстеуге қандай сұрақ қойылады?

а)қашан? ә)қайда? б)қалай? в) қандай?


7.Қалай? сұрағына жауап беретін үстеудің түрі

а)мекен ә)мезгіл б) сын-қимыл в)етістік


8.Мекен үстеуді белгіле

а)қазір ә)жоғары б)тез в)ертең


9.Мезгіл үстеуді тап

а) ілгері ә) әрең б)былтыр в)жаңаша


10.Сын-қимыл үстеуді белгіле

а)шапшаң ә)төмен б)жазда в)бүгін


11.Үстеулерді мағыналарына қарай топтап жаз:

Түнде,алға,асықпай,күндіз,сыртта,баяу,оңға,тез,кеш,қатты.

Мекен үстеу : .........................................................................................................................................

Мезгіл үстеу: ........................................................................................................................................

Сын-қимыл үстеу: .................................................................................................................................
12.Көп нүктенің орнына керекті үстеулерді жаз:

Баяу,ертең,жоғары,үнемі,асықпай,былтыр

..................келді; .................. орындайды; .................... көмектеседі;

..................оқыды; ..................ұшты; .................... келеді.


13.Сын-қимыл үстеуді белгіле

а) жазда ә) жылдам б) кеше в) таңертең


14.Сөйлемнен үстеу сөзін тап: Біз алға озып кеттік.

а) Біз ә) алға б) озып в) кеттік


15.Жаздыгүні сөзі үстеудің қай түріне жатады?

а) мезгіл ә) мекен б) сын-қимыл в) үстеу


Қорытынды . Тест сұрақтарының нәтижесін шығару арқылы

сабақты қорытындылау .


Сабақтың тақырыбы:Шылау.

Сабақтың мақсаты:1.Шылау туралы білімдерін кеңейту,дамыту.

2.Шылау тақырыбына байланысты тапсырмалар орындату.

3.Сауатты жазуға,шылау мен қосымшаларды ажырата білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:Шылауға арналған сызбалар,сөзжұмбақ,грамматикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.


ӨЗ АЛДЫНА ТОЛЫҚ МАҒЫНАСЫ ЖОҚ СӨЗДЕР



ШЫЛАУ

Мен,бен,пен,және

Ма (ме),ба (бе),па (пе)

Қой(ғой),қана(ғана),ақ,ау

Үшін,туралы,дейін,шейін

Да (де),та (те )

1-тапсырма:Төмендегі шылауларды қатыстырып бірнеше сөйлем құрап жаз.

1.Мен, және, да,де, ма,ме, қой, үшін, дейін.


2-тапсырма:Сөзжұмбақ шешу. Сұрақтарға жауап беру.











Ш










1.Мектепте оқитын бала







Ы










2.Төрт түліктің бірі







Л




3.Жіктеу есімдігі










А










4.Шылау сөзі










У







5.Жемістің аты


Сергіту сәті:Жақсы оқып сабақты, Достарымды сыйлаймын,

Кілең бестік аламын. Мұғалімді тыңдаймын.


3-тапсырма:Көп нүктенің орнына шылау сөздерін тауып жазу.
Айгүл түске .................... сабағын оқыды . Мен оқу, білім .................. мақалдар жаздым.

Бақта алма ......... , алмұрт ...... өседі. Ол көк ........... жасыл түсті таңдады.

Мен ............. ол ең жақсы адам . Балапандарға жем бере .............. .
Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Шылау дегеніміз не ?

2.Қандай шылауларды білесіңдер?

Овал 146


Сабақтың тақырыбы:Шылауды қайталауға арналған тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты: 1.Шылау туралы алған білімдерін тексеру,қорытындылау.

2.Шылауларды қайталатуға арналған тапсырмаларды орындату.

3.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Шылау тақырыбына арналған екі нұсқада тест тапсырмалары.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:тест тапсырмаларын орындау.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау. 2.тапсырмалар 3.Тест тапсырмаларын орындау.


1тапсырма

Сөз бен сөзді,

Сөйлем мен сөйлемді

Жалғастырып құрайды

Кейде орынсыз жүреді,

Керексіз жерге кіреді.

Ойланбай сөйлеген баланы

Шылауына алады.

Берекесін алып сөзінің,

Шырқын бұзады сөзінің.

(Ә.Асылбеков)

Дәптеріңе кесте сызып,өлең мазмұнына сай сөз таптарына сипаттама бер.

2тапсырма . Айтылуы да, жазылуы да бір сөздерді тап.Шылаулардың астын сыз .

1) «Келді, - деп, - жаз» 2) – Күнделікті

Дәптерге жаз! - Күнделікті толтыр да,

Сипатын жаздың Күнделікті қойғызып

Қалай – деп, жаздың?

3тапсырма

Асты сызылған сөздерді да, де, та, те шылауы арқылы жасалған бірыңғай мүшелерге айналдырып сөйлемдерді көшіріп жаз



Қар ерігеннен кейін шыққан гүлдер қырды құлпыртып жіберді. Балалар ойын қызығына тоймай жүр. Үлкендер күн шуағында демалып әңгіме айтып отыр. Жылы жақтан ұшып келіп жатқан құстардың дауысы керемет әсер береді.

Шылау І нұсқа

1.Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер қалай аталады?

а) үстеу ә) шылау б) есімдік в) етістік
2.Шылауды белгіле.

а) қазір ә) және б) бала в) отыз


3.Екі сөзді байланыстыратын шылауларды тап.

а) дейін ә) да,де б) мен,бен в)үшін


4.Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды жаз: мен,бен пен,және.

күз .......... қыс ; өрік ......... шие ; оқы ........ біл ; Айгүл ............ Анар


5.Сөйлемге керекті шылауды белгіле:Бақта алма ..... , өрік ....... өседі.

а)да,де ә) да,те б) ма,ме в)та,те


6.Сұраулы сөйлем құрайтын шылауларды тап.

а) да,де,та,те ә) үшін,ғой б) ма,ме,ба,бе,па,пе в)дейін,шейін


7.Үшін,туралы шылаулары қай септіктегі сөздермен байланысады?

а)атау ә) ілік б) барыс в) табыс


8.Дейін,шейін шылаулары қай септіктегі сөздермен байланысады?

а) атау ә) ілік б) барыс в) табыс


9.Мақалға керекті шылауды белгіле: Отан ............ отқа түс.

а) туралы ә) және б) үшін в) ғана


10.Көп нүктенің орнына жазылатын шылауды белгіле:Елдің болашағы ........... ойлаған жөн.

а) ғой ә) үшін б) ғана в) қана


11.Қой (ғой) шылауы өзі қатысты сөзбен бірге сөйлемде қандай мүше болады?

а) бастауыш ә) сын есім б) баяндауыш в) үстеу


12.Өзі тіркескен сөзден дефис арқылы бөлініп жазылатын шылауды тап.

а) ғой ә) ғана б) дейін в) ақ


13.Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды жаз:

Ұл ........... қыз ; біз ........ сіз ; кітап ....... дәптер; кәрі ...., жас ...... , бала ..... .

14.Берілген сөйлемдегі шылауды тап: Сүйкімді маған құмың да,

а) Сүйкімді ә) маған б) құмың в) да

15.Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да (де), та (те) шылауларының арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

а) нүкте ә) үтір б) қос нүкте в) сызықша


Шылау ІІ нұсқа
1.Шылау дегеніміз не ?

а) заттың атын білдіретін сөздер ә) өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер

б) қимылды білдіретін сөздер в) санын білдіретін сөздер
2.Шылауды белгіле

а) аспан ә) ертең б) жиырма в) үшін


3.Мен,бен,пен шылауларының сөйлемдегі қызметі қандай?

а) әр түрлі мағына береді ә) сөзге үстеме мағына береді б)сөз бен сөзді байланыстырады

в) сөйлемде баяндауыш болады
4.Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды жаз: мен, бен, пен, да, де, та, те,

Ақ ............ қара; жаз .......... күз; оқу .......... жазу; кәрі ....... , жас ........ ,бала ....... .


5.Сөйлемге керекті шылауды белгіле: Өзенде аққу ......... , үйрек ......... жүзіп жүр.

а)да,де ә) да,те б) та,те в) де,да


6.Ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары қандай сөйлемде болады?

а) лепті сөйлем ә) хабарлы сөйлем б) сұраулы сөйлем в) жай сөйлем


7.Дейін,шейін шылаулары қай септіктегі сөздермен байланысады?

а) барыс ә) атау б) табыс в) ілік


8.Туралы,үшін шылаулары қай септіктегі сөздермен байланысады?

а) атау ә) ілік б) табыс в) барыс


9.Мақалға керекті шылауды белгіле:Ер жігіт елі ........ туады, елі ............ өледі.

а) туралы ә) дейін б) мен в) үшін


10.Қөп нүктенің орнына жазылатын шылауды тап:Мені күтпей - .......... жүре беріңдер.

а) ғой ә) ақ б) қана в) және


11.Сөйлемде баяндауыш болатын шылауды белгіле.

а) қана,ғана ә) туралы б) дейін,шейін в) қой,ғой


12.Сөйлемде ақ шылауы қандай тыныс белгісі арқылы жазылады?

а) нүкте ә) үтір б) сызықша в) сұрақ белгісі.


13.Көп нүктенің орнына керекті шылауларды жаз:

Тауық ............ қаз ; жер ........... көк ; мал .......... ; құс ........ .


14.Берілген сөйлемдегі шылауды тап:Отан туралы тақпақ жазды.

а) Отан ә) туралы б) тақпақ в) жазды.


15.Сөйлемде да,де,та,те шылауларының арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

а) сызықша ә) нүкте б) үтір в) қос нүкте



Қорытынды:

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1. дегеніміз не ?

2.Қандай шылауларды білесіңдер ?





Сабақтың тақырыбы:Одағай

Сабақтың мақсаты:1.Одағай туралы түсінік беру.Білімдерін кеңейту.

2.Оқушыларға грамматикалық тапсырмалар орындату,білімдерін дамыту.

3.Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Одағай тақырыбына тапсырмалар

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,тапсырмалар орындау

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.


ОДАҒАЙ



Сөйлеушінің айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөздерді одағай деп атайды.

Қосарланған одағайлар дефис арқылы жазылады.

Одағайлар сөйлемнің басында,ортасында,соңында да келе береді.

1-тапсырма:Сөйлемдердің ішінен одағай сөздерді тап.

Ей,перзентім,ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.Шіркін,тап қазір өзенге бір шомылып алсам ғой.Алақай,алақай ! ертең ағам келеді.Қап,сабақтан кешігетін болдым ғой.


2-тапсырма:Берілген одағай сөздерден сөйлем құрап жаз.

Бәрекелді, апырау, пай-пай ,алақай-алақай ! ,әттең , қап .


3-тапсырма:Көп нүктенің орнына одағай сөздерді жаз.

.................. , адам ! қолыңа күрек ал,еңбектен. ....................., сол қалаға қыдырып барсам ғой!

............................ , балам, үйренгенің өзіңе жақсы.

Сергіту кезеңі:Күн күлімдеп атады,

Жерге нұрын шашады.

Аспанда күн күлімдеп

Бізге жылу шашады.



4-тапсырма:Тиісті тыныс белгісін қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

Алақай алақай Ағам әскерден келеді Әлди әлди ақ бөпем Айхай көктем басталды

Апырау бұл қалай болды өзі Пай-пай мына тұлпардың шабысын- ай
Қорытынды:Сабақты бекітуге арналған сұрақтар.

1.Одағай деп қандай сөз табын айтамыз ?

2.Дефис арқылы жазылатын одағай сөздерді ата

3.Одағай сөздерді сөйлем мүшесінен қалай ажыратуға болады?



Сабақтың тақырыбы:Сөз таптарын қайталау.

Сабақтың мақсаты:1.Сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтау,пысықтау.

2.Сөз таптары туралы тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың

білімдерін тексеру.

3.Оқушыларды шығармашылыққа ,сауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:Сөз таптары туралы тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау.

2.Өтетін сабақ туралы түсінік беру.


ШЫЛАУ



Овал 234
САН ЕСІМ

ЕТІСТІК

ҮСТЕУ

СЫН ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ

ЕСІМДІК
Прямая со стрелкой 245 Прямая со стрелкой 247

1-тапсырма:Сөз таптарының ережелерін,қойылатын сұрақтарын қайталау.

2-тапсырма:Сұрақтары бойынша сөз таптарын табу.

Сұрақтар

Сөз таптары

Кім ? не? Кімдер? Нелер ?




Қандай? Қай ?




Қанша ? неше? Нешінші ?




Не істеді? не қылды? Қайтті?




3-тапсырма:Берілген сөздерді сөз таптарына топтап жазу

Бала,оқыды,қызыл,жиырма,мен,ешқашан,ғана,отыз,өнерлі,оқушы,ойнады,олар,дейін,құстар,сен,жауды,ертең,қайда,ұшты,балапан,бес,ақылды,мұғалім,тәтті,жоғары,шіркін-ай,апырау,ей.



Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Шылау

Есімдік

Үстеу

Одағай


































































































4- тапсырма:Сөйлемді көшіріп жаз,сөз таптарының астын сыз,оларға сұрақ қой.

Мен төртінші сыныта оқимын.Біздің сыныпта он бес оқушы бар.Сынып оқушылары сабақты жақсы оқиды.Біздің сыныптың оқушылары өнерлі,тәртіпті.Олар есепті жақсы шығарады. Мұғалімнің айтқанын орындайды.Ешкім сабақ қалдырмайды.



Қорытынды: Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Сөз таптарының ережесін қайталау.



Сабақтың тақырыбы:Сөз таптарын қайталауға арналған тапсырмалар

Сабақтың мақсаты:1.Сөз таптары туралы алған білімдерін пысықтау.

2.Сөз таптарына арналған тест тапсырмаларын орындату,білімдерін

тексеру.

3.Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі:Сөз таптарына арналған екі нұсқада тест тапсырмалары.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Оқушы білімін тексеру.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.2.тапсырмалар

3.Тест тапсырмаларын орындау.



1тапсырма

. «та» буынына аяқталған екі буынды сөз (зат есім) тауып жазып, 3-5 минутта тор көзді толтыру керек. Кім тез орындар екен?




бал

та




та




та




та




та

та

бақ




бақ




бақ




бақ




бақ


Сөз



2.тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті зат есімдерді қойып, негізгі немесе туынды зат есім екенін айырыңдар.

…. Сиыр сауады. ….. темір соғады. … бала оқытады. … көмір қазады. … ауруларды емдейді. … сурет салады. … ұшақты ұшырады. … зауытта, фабрикада істейді.

3.тапсырма

Сөздерді табыңдыр. Торкөздерде тігінен де, көлденең де түске қатысты 8 сөз жасырылған. Сөздерді тауып өз өз түсіне сәйкес бояңдар.






1

2

3

4

5

6

А

қ

с

к

а

ң

ж

Ә

қ

ы

ө

о

а

с

Б

қ

а

з

с

ы

р

В

р

ы

ы

ы

қ

ұ

Г

а

л

к

р

л

л

Ғ

л

р

а

а

ғ

ы



тест тапсырмалары

1.Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

А) сын есім ә) зат есім б) сан есім в) етістік
2.Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?

а) кім?не? ә) қандай? б) қанша? в) қайтті?


3.Етістік нені білдіреді?

а) заттың атын ә) заттың сынын б) заттың санын в) заттың қимылын


4.Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

а) қандай? ә) қанша? б) не істеді? в) кімдер?


5.Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?

а) сан есім ә) сын есім б) зат есім в) етістік


6.Сан есімнің сұрағын тап.

а) кім?не? ә) қанша?неше? б) қай ? в) қайтті?


7.Зат есім,сын есім,сан есімнің орнына жұмсалатын сөздер қалай аталады?

а) етістік ә) есімдік б) үстеу в) шылау


8.Есімдік сөзін тап

а) адам ә) бала б) олар в) жаңа


9.Іс әрекеттің мезгілін,мекенін,сын-қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады?

а) есімдік ә) үстеу б) етістік в) шылау


10.Қашан? сұрағы қандай үстеуге қойылады?

а) мезгіл үстеу ә) мекен үстеу б) сын-қимыл үстеуі в) сөздер


11.Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер қалай аталады?

а) үстеу ә) етістік б) шылау в) есімдік


12.Адамның әр алуан көңіл күйін білдіретін сөздер қалай аталады?

а) есімдік ә) одағай б) шылау в) үстеу


13.Зат есім сөздерін тап

а) тәртіпті ә) оқушы б) жиырма в) жазды


14.Сөздердің ішінен сын есімді тап

а) жұмысшы ә) қырық б) ақылды в) көмектесті

15.Етістік сөзін тап

а) орман ә) жауды б) жетпіс в) өнерпаз



Мазмұны
1.Дыбыстар_______________________________________1-бет

2.Дыбыстарды қайталауға арналған тапсырмалар_______2-3бет

3.Дауысты дыбыстар_______________________________4-бет

4.Дауыссыз дыбыстар______________________________5-бет

5.Дауысты,дауыссыз дыбыстарға арналған тапсырмалар_6-7бет

6.Буын___________________________________________8-бет

7.Буынды қайталауға арналған тапсырмалар___________9-10бет

8.Сөз құрамы_____________________________________11-бет

9.Сөз құрамын қайталауға арналған тапсырмалар_______12-13

10.Сөз таптары_____________________________________14-бет

11.Зат есім_________________________________________15-бет

12.Негізгі және туынды зат есімдер____________________16-бет

13.Жалқы есім мен жалпы есімдер_____________________17-бет

14.Зат есімдерді қайталауға арналған тапсырмалар_______18-19бет

15.Сын есім_________________________________________20-бет

16.Дара және күрделі сын есімдер______________________21-бет

17.Қарсы мәндес сын есімдер_________________________ 22-бет

18.Сын есімді қайталауға арналған тапсырмалар_________23-24 бет

19.Сан есім_________________________________________25-бет

20.Дара және күрделі сан есімдер______________________26-бет

21.Сан есімді қайталауға арналған тапсырмалар_________27-28бет

22.Етістік__________________________________________29-бет

23.Дара және күрделі етістіктер_______________________30-бет

24.Негізгі және күрделі етістіктер_____________________31-бет

25.Етістікті қайталауға арналған тапсырмалар__________32-33бет

26.Есімдік_________________________________________34-бет

27.Есімдікті қайталауға арналған арналған тапсырмалар_35-36-бет

28.Үстеу__________________________________________37-бет

29.Үстеуге арналған тапсырмалар____________________38-39бет

30.Шылау_________________________________________40-бет

31.Шылауды қайталауға арналған тапсырмалар_________41-42бет

32.Одағай_________________________________________43-бет

33.Сөз таптарын қайталау____________________________44-бет

34.Сөз таптарын қайталауға арналған тапсырмалар______45-46бет

Пайдаланған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерде оқытудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат . Астана 2014 жыл.
2.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар
3.Қазақ тілі сабағында оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолдары Бастауыш мектепте оқыту барлық пәндер бойынша журналдары
4.Қазақ тілінен жазба жұмыстар. С.Тұрсынғалиева

5.Қазақ тілінен сын жұмыстары . Ұ.Ботабаева





Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет