Эстетикалық тәрбие
Жоспары:
1.Жеке тұлғаның дамуындағы эстетикалық тәрбиенің рөлі.
2.Эстетикалық тәрбиенің мәні және оның мазмұны.
3.Оқушыларда көркемдік-эстетикалық қажеттіліктерді қалыптастыру.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Жеке тұлғаның дамуындағы эстетикалық тәрбиенің рөлі. Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады.
Эстетика адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында әрбір адамның өз өміріН «әдемілік заңы» бойынша құруға тырымуы қажет.
«Эстетика» грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болсаэстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
В.Г.Белинский: «Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы... Лнысыз, бұл сезімсі, данышпан да, талант та, ой да жоқ.
...Эстетикалық сезім – ізгілік негізі адамгершілік негізі» - деп түсіндіреді.
М.Горкий эстетика дегенісіз – болашақтың этикасы деген тұжырым жасайды.
Эстетика ұғымын тұңғыш рет ғылымға енгізген неміс философы Александр Баумгартен (1714-1762ж.) боды. Ол өзінің «Эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарады. Осы кезден бастап «Эстетика» ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.
Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет,Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алды.
А.В.Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімнің жансыздығы деп есептеген. Кезінде Л.Н.Толстой әрбір адамның бойында көркемдік шығармашылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктің болатындығына, соны міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса, К.Д.Ушинский – «барлық балалар бірі қалмастан әуесқой – суретші» - десе, В.А.Сухомлинский «әрбір бала – ақын» деп жазған.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісіеің көрнекті қайраткерлеріА.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, П.П.Блонский, С.Т.Щацкий В.Н.Щацкая, А.И.Буров секілді өкілдері қатысты.
Қазақтың ағартушы – демократтары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отыра, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.
В.Н.Щацкая «Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні» атты мақаласында эстетикалық тәрбие дегеніміз – айналадағы болмыст, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу... Көркемөнерде, өмірде әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу, - деп сипаттама берсе, А.И.Буров эстетикалық тәрбиеге «әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркемөнерге эстетикалық көзқарасын, эстетикалық қажеті мен творчестволық әрекетін қалыптастыру», - деп тұжырым жасайды.
Эстетикалық тәрбиенің мәні және оның мазмұны. «Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу». Ол үшін жас жеткіншектер сауатты, терең білімді болуы керек. Әдебиетті, музыеканы, сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс.
Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа салаларымен де тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру т.б. тәрбие түрлерімен қоян қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру, еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, іәрекеттің адалдығын танытпай аламгершілік тәрбиесін беру, адам дене құрылыс мүшелерін танытып алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес.
Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауынакөркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі адамдар арасындағы қарым-қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемділікті түсіне білуге, көре, қабылдай білуге, тіпті соны өзі адам игілігіне жасай білуге үйретуд, жаттықтыруды және соған қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып таныстырумен ғана шектелиейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақтан пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланады. Мектеп оқушыларды табиғаттағы, өнердегі, адамдардағы қарым-қатынастағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыландырады. Яғни, олар «әсемдік заңы бойынша» өмір сүруге үйренед, шығармашылық қабілеттерін дамытуға дағдыланады.
Адам сезімін тәрбиелеу мәселесі көпжақты факторлармен шешімін табады, соның ішінде өнер басты рөл атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шынайы көңіл күйін білдіреді, өнердің өзінен үйрене отырып, оның қиын күрделі тілін түсіне білуге ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық талап тұрғысынан тәрбиелейді. Өнердің құндылығы сонда, ол адамның адамгершілік дамуына бағытталған. Нағыз әсем өнер ғана алам жанына рухани азық болады, адамның адамгершілік сезімін молайтады.
Оқушыларда көркемдік-эстетикалық қажеттіліктерді қалыптастыру. Өнердің бастау бұлағы – сурет салу өнері. Тамыры тереңге кеткен өнер атаулы өзінің нәрін сурет өнерін алады. Сондықтан сурет салуды үйрену – жас ұрпақтың танымдық ой-өрісінің кеңеюіне, өнер әлемін тануына апарар жол болып табылады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа қазақ қолөнер кәсіпшілігі де эстетикалық тәрбие беруде тиісті құралы болып отыр. Тұрмыстық заттар мен құралдарын әшекейлеуде қолөнер кәсібі, зергерлік өнер дамып, эстетикалық мәні бан өнер шығармаларына айналып отыр.
Қазақтардың қолданбалы өнері негізінен тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланғаны белгілі. Оның ішінде ең көп тарағаны – ою-өрнек өнері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне ортақ әсемдеп, әшекейлеудің негізі болып табылады.
Өнер арқылы тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше маңызға ие. Әсем ән әуен, тамаша музыка сазы адамдардың жан дүниесін жадыратып, көңіл-күйін сергітеді, ой-өрісін байыты түседі. Жалпы музыка әуені адамдарға алғаш дүниеге келген күндерінен бастап-ақ зор әсер етеді. Өйткені, ол жан дүниесінің азығы іспеттес, сондықтан ол эстетикалық тәрбиенің негізгі бір басты саласы боп саналады.
Музыка тілмен жеткізе алмайтын адамның тереңде жатқан нәзік сезімінің құралы. Атамыз Абай «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» - десе, Л.Н.Толстой, «Жақсы музыка – көңіл-күйдің, жан сезімнің шежіресі», - деген екен.
Адамға рухани ықпал жасаудың тағы бір құралы – театр өнері. Жас ұрпаққа тәрбие беруде театрдың рөлі ерекше, себебі, оның эмоциялық ықпал ету күші бір мезгілде жүздеген көрермендерді өзіне тартады. Театр өнерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол - әдебиет, сөз өнері, музыка, бейнелеу өнерлерінің амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұндай жиынтық сахна мен көрермендердің, олардың ойлары мен сезім күйлерінің өзара байланысын, ортақтастығын орнатады.
Келесі кезекте жас ұрпақтың көркемдік танымын қалыптастыруда, арман-қиялын дамытуда көркем әдебиет шығармаларын оқудың да игі әсері мол.
Проза, поэзия арқылы бар жақсылықты сезініп, әдемілік пен жақсы істің әсерінен эстетикалық санасы, талғамы артады, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік туғызады. Қазіргі әртүрлі ақпарат тасқынының мол шағында жастардың көркемдік-эстетикалық бағдарын айқындауда, талғам түсінігін дамытуда әдеби-көркем шығармаларының тигізер пайдасы зор.
Эстетикалық тәрбие үрдісінде көрме залдары мен мұражайлардың да атқаратын рөлі ерекше. Бұл бағыттағы жұмыс біздің елімізде жан-жақты дамытылған немесе көркемсурет галереясында болған жастардың жоғары адамгершілік қасиеттері қалыптасады, рухани жан-дүниесі дамиды, тек жақсылыққа деген құштарлығы артады.
Өнер арқылы тәрбиелеуде оқушылардың қолымен жасалған бұйымдары негізінде арнайы көрмелер ұйымдастырудың да маңызы бар. Бұл оқушы жастарды үлкен өнерге тәрбиелеумен қатар, олардың ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға да ықпалын тигізеді.
Тұлғаның эстетикалық көзқарасын, дүниетанымы мен мұратын бірлікте қамтамасыз ету жүйесінде баспасөз, радио, кино, экран және кітапхана саласындағы жұмыстардың атқарып отырған қызметінің орны айрықша. Мәдениет ошақтарының бұл түрі бүгінгі таңда жастардың жан-жақты жетілуінде айрықша мәнге ие болуда. Сондықтан өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, соның ішінде эстетикалық тәрбиеде оның құндылығына айрықша мән беріп, оларды тиімді пайдалану, ұлттық ерекшелікке сай ондағы жұмыстардың бағыттары мен мазмұнын жаңартып отыру қоғамның, мемлекеттік саясаттың маңызды бір саласына айналып отыруы қажет.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол адам баласының эстетикалық санасын қалыптастыруда оның беташары, қайнар көзі боп табылады. Табиғат құбылыстары мен оның сұлулығын, әсемдік жаратылысын танып білуде, табиғатпен бңрге оған саяхат жасауда бала көңілінде қуаныш сезім орнайды, көңіл қуанышы шарықтайды, ерекше бір сезімге бой ұрады, жан-дүниесі рахатқа батады. Соның негізінде балада рухани серпіліс пайда болып, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігі артады.
Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады. Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының иазмұны, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым-қатынастар – бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілетін шыңдауда жүйелі түрде қызмет етеді.
Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға құштар болады. Ендігі жерде мектептің алдында тұрған міндет, сол құштарлықты дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара қабілеттерін тәрбиелеу, оларға мүмкіншілік туғызу. Бұл бағыттағы оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары қызмет атқарады. Олардың қатарына бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады.
Әсемдік әлемінің таңғажайып сырын таереңтүсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу өнері «Сурет», «Кескіндеме, «Композиция», «Мүсіндеу», «Өнертану», «Көркем еңбек» салалары бойынша жүргізіледі. Бейнелеу өнерінің міндеті бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көрінісін, кескінін, түрін нақтылы суреттеуге, мүсіндеуге және композициясын құруды үцретеді. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлауын, шығармашылық елесін, қиялын есте сақтау қабілетін жетілдіруде ықпалы зор.
Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Музыка пәні сабағында оқушыларға осы саладан теорияның білімдері беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі.
Оқушы жастарға сабақтар жүйесінде эстетикалық тәрбие беру жұмыстары тек эстетикалық пәндерді оқытумен шектелмейді. Сонымен бірге мектепте өтілетін барлық оқу пәндерінің де оған қатысы бар.
Сабақтар жүйесінен бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кездерінде де жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан және мектептеп тыс тәрбие жұмыстарын жатқызамыз.
Сыныптан тыс тәрбие беру жүйесінде тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, дайындау, оны өткізу барысында олардың эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етудің де маңызы зор. Мұндай бұқаралық шараларды дайындау барысында оқушылардың қызығушылығы артып, ертеңгі күнге қуаныш сезіммен қарайды, өткізілетін тәрбие тақырыбына сай безендіру жұмыстарымен қатар ән, би, көркем сөз өнерлерін әзірлеуге ат салысады. Оқушылардың осындай шығармашылық әрекеттері тартымды еңбек етуге, іс-әрекеттерін этикалық талапқа сай ұйымдастыруға жағдай туғызады.
Сонымен бірге, осы саладағы мәдне құндылықтарды оқушылар бойына сіңіруде мектеп кітапханасының парасатты қызметі ерекше.Дұрыс ұйымдастырылған кітапхана жұмысы - тәрбие мектебі боп есептеледі.
Дене тәрбиесі
Жоспары:
1.Дене тәрбиесі – жеке тұлғаның жан-жақты дамуындағы фактор.
2.Дене тәрбиесінің мәні және оның мазмұны.
3.Сабақ процесіндегі дене тәрбиесі.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогика Ю.К.Бабанский Москва, Просвещение,1983
2.Педагогика Б.Т.Лихачев М., Прометей Юрат, 1988
3.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Дене тәрбиесі – жеке тұлғаның жан-жақты дамуындағы фактор. Дене тәрбиесі – тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. «Дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл-әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен еркі-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды».
Қандайда бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ жастарының денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қоғам, жоғары қарқынмен дамыған өндіріс дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте жоғары қарқынмен жұмыс істей алатын жасөспірімді қажет етеді. Адамның ширақтығы неғұрлым басым болса, соғұрлым атқаратын жұмысы тиімді болады. Сондықтан әрбір ұстаз шәкірттерін денсаулығы мықты , көңілді, дене бітімі жақсы дамыған тұлға ретінде көргісі келеді.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.
Дененің дамуы – адам дене күштерін нығайту және жетілдірудің сапалық өзгеруін қамтиды. Мұндай көзқараста ол тек дене тәрбиесінің бір ғана нәтижесі ретінде көрініс береді.
Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо-физиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да фқпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау.
Ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихымен танысу, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар алу.
Осы бағытта дене тәрбиесі оқушылардың белсенді танымдық және дене, сонымен бірге денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көпжақты процесс. Сондықтан да дененің саулығы адамның кез келген әрекетпен нәтижелі айналысуына зор ықпал етеді., соның ішінде, әсіресе ақыл-ойдың дамуына әсері мол. Адам баласының өмірі мен атқаратын қызметтерінің сипаты олардың дене күштерінің даму жағдайларына маңызды ықпал етері сөзсіз. Бұл, әсіресе баланың жоғары деңгейде жалпы білім және кәсіби даярлығында көптеген мағлұматтар алумен байланысты оның миындажәне интеллектуалдық күшінде жүктеменің артуымен көрінісбереді. Сонымен қатар қала жағдайында пәтерлердің бүкіл керек-жарағымен толық қамтылуы, тіпті жақын қашықтыққа үнемі автокөлік пайдалануы, көгілдір экран мен компьютер алдында үнемі қозғалыссыз ұзақ отыруы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіәнің, денеге түсетін жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан дене тәрбиесі мәселесі дәуірлеген машиналы және автоматтандырылған жүйе жағдайында жоғары маңызға ие болуы тиіс.
Бұған қосымша, оқушылардың шамамен алғанда 85 пайызында жүрек, өкпе және т.б. ішкі ағза мүшелерінің ауыруы, сонымен бірге есту, көру қабілеттерінің төмендеуі, жүйке жүйелерінің ауыру салдарынан оқуда нашар үлгерім жағдайларындаболуына да себепші болады. Баланың есте сақтау қабілеті, зеректілігі, ынталылығы джа оның жалпы денсаулығы мен дене күштерінің жағдайына байланысты.
Дене тәрбиесінің мәні және оның мазмұны. «Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің дамуы көп жағдайда адамның денсаулық жағдайымен айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырылады. ...Нарықтық экономикажағдайында адамның жеке басының саулығы, оның дене күшінің мығымдылығы оның жеке басының ерекше құндылығы болып саналады. Сондықтан спорт әрбір адам үшін өмірдегі қажетті құндылық болып есептеледі.
Олай болса, адамның денесінің дамуы ақыл-ой әрекетінің, еңбекке қабілетінің, үлгерім сапасының дамуына жағдай тудырады.
«Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен табиғи байланыста болып, тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамытуда маңызды міндеттерді атқарады».
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен де тікелей байланысты. Оның барысында баланың дене бітімі, қимыл-қозғалысына қатысты эстетикалық талғамы, бағалауы, көзқарасы қалыптасып дамиды. Дене жаттығулары қимыл-қозғалыстағы әсемдікті көре, бағалай білуге үйретеді және онда үйлесімділіктің болуына тәрбиелейді.
Сонымен қатар ден шынықтыру және спортпен шұғылдану ағзаның жалпы нығаюына көмектесіп, бұлшық ет, тыныс алу жолдары және жүйке тамырларын дамытады, барлық ішкі мүшелердің жұмысын жақсартады және қан алмасу процесін күшейтеді.
Дене тәрбиесі барысында әртүрлі дене жаттығуларын оны шынықтыру процесімен бірлікте тиімді пайдалану ағзаның бірқалыпты жетілуін қамтамасыз етеді., балалардың суық тию және тұмаурату жағдайын және кейбір жұқпалы ауыруға тап болуын едәуір азайтады.
Белсенді қимыл-қозғалыс балалардың жүрек қан тамырының дұрыс жетіліп дамуына күшті ықпал етеді.
Арнаулы дене жаттығулары жүрек бұлшық етінің жұмыс істеу күшін арттырады, қан тамырлары қабырғасының тым созылғыш , икемді болып келуіне ықпал етеді. Нәтижесінде жүрек өнімді жұмыс істеп, бір мезгілде күш қуаты жоғары болады.
Дене тәрбиесінің ықпалы әсіресе жүйке жүйесінің қызметін шынықтыру мен жетілдіруде маңызы ерекше. Орталық жүйке жүйесімен әртүрлі дене мүшелерінің арасындағы жүйкелік күштердің өтуін тездетеді, жүйке процестерінің қызметін жандандырып, тұрақтандырады.
Сондықтан оқушылардың денсаулығын шынықтыру педагогикалық ұжымның үнемі назарында болып, қамқорлығынаайналуы тиіс. Сло үшін де әрбір мұғалім дене тәрбиесінің мүмкіншілігін жете білуі міндетті және оны тәрбие процесінде жан-жақты пайдалануы қажет.
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.
Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:
-денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты боуын қамтамасыз ету;
-ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
-дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшандылық) қалыптастыру;
-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
-дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі, қайсарлығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);
-ден және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
-дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т.с.с.
-ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
Еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту - мемлекет алдында тұрған ең жауапты міндеттердің бірі. Дене тәрбиесінің мазмұны құрамында баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету де едәуір маңызды орын алады. Әрине, бұл міндет, ең алдымен, отбасында ата-аналардың бақылауымен жүзеге асады. Мектеп жағдайында мұғалімдер жеке бас және қоғамдық гигиеналық ережелерді сақтау қажеттілігін түсіндіріледі, практикалық кеңестер береді, осы бағытта олардың әрекеттерін ұйымдастырады. Сонымен бірге олар мектеп оқушыларын күн сайын дене жаттығуын жасауға, дене шынықтыру және спортпнен жүйелі айналысуға үйретеді, салауатты өмір салтын сақтауға және денсаулыққа зиян келтіретін басқадай зиянды әдеттермен күрес жүргізуді насихаттайды.
Бұған қосымша дене тәрбиесінің мазмұнында оқушыларды дене шынықтыру спорт жайындағы білімдер жүйесімен қаруландыруды да көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеңейтеді, олардағы жалпы мәдениетті дамытады.
Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог әрі дәрігер П.Ф.Лесгафт болды. Ол адам денесінің жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынды.
Бүгінде баланың дене тәрбиесімен жүйелі айналысуы мектепке дейінгі кезеңде балабақшада және дайындық бөлімінде басталады.
Сабақ процесіндегі дене тәрбиесі. Мектепте дене шынықтыру сабағы - міндетті пән. Себебі, мектептегі дене шынықтыру сабағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттерін нақтылы жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Таза ауада жаттығулар жүргізгенде осы аймаққа сәйкес жылылық режімдерін сақтау қажет. Ауа-райы жағдайына қарай қажетті материалдар және сабақ түрлері таңдалады. Даладағы ойын кездерінде балалардың киімдері оларды қыс кезінде тоңудан, жаз кезінде ыстықтан қорғауы қажет және қимыл кезінде денені қыспауы тиіс.
Егер қозғалмалы ойын дене тәрбиесінде балалардың ағзасына айрықша әсер ететінін ескерсек, онда жеке тұлға тәрбиелеуде оның маңызы ерекше. Бұл әрине оның денесінің шынығуына, ой қабілетінің дамуына, эстетикалық және еңбеккетәрбиеленуіне осы ойындар арқылы көмегін тигізеді. Сонымен бірге оларда жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік қабілеттерін, батылдық, жігерлік, алғырлық, шығармашылық қасиеттерін тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал болып есептелінеді.
Ойындарды дене тәрбиесіне тигізер ықпалына сәйкес шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
1)Ептілікке баулуға арналған ойындар.
2)Жылдамдыққа баулуға арналған ойындар.
3)Күштілікке баулуға арналған ойындар.
4)Төзімділікке баулуға арналған ойындар.
5)Ырғақтылыққа баулуға арналған ойындар.
Сабақтан және мектептен тыс әртүрлі тәрбие жұмыстары да дене шынықтыру пәніне маңызды қосымша болып табылады. Оқушылардың свнвптан немесе мектептен тыс дене тәрбиесі дене шынықтыру сабақтарының жалғасы ретінде бірнеше міндеттерді шешеді: оқушылардың жалпы дене және спорттық даярлығын дамыту; спортқа қызығушылықтарын дамыту; өз бетінше дене шынықтыру жаттығуларын жасау және түрлі спорт ойындары мен үйірмелеріне қатысу талпыныстарын тәрбиелеу.
Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін барлық факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай тудырады.
Мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары, факультативтік курстар, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары, сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі мен спортттық іс-шаралар жатады.
Білім беру саласында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылылардың жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді. Оның міндеті қимыл-қозғлыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру; осының барысында оқушылар әрбір қимыл-қозғалыстың жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, оның элементтері жайында түсініктерін қалыптастыру. Оған ден шынықтыру жаттығулары, сапта тұру, сапта жүру, жеңіл атлетика бойынша – жүгіру, секіру, турникке тартылу, диск лақтыру; баскетбол, валейбол, футбол, теннис, хоккей ойнау т.с.с. спорттық ойындар түрлері кіреді.
Мектептің немесе жергілікті жерлердің жағдайына байланысты суда жүзу, шаңғы мен коньки тебу секілді джене шынықтыру – сауықтыру жаттығулары да кіреді.
Музыкамен қозғалыс жаттығулары. Музыкамен қозғалыс жаттығуларының түрлері көп. Оларды музыканың сүйемелдеуімен, музыка ырғағының әуендеріне сай қимыл қозғалысын қалыптастырады. Көбінесе музыка мен қимыл қозғалысын дене тәрбиесі сабағының біртұтас ажырамас бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Музыканың сүйемелдеуімен хореографиялық немесе спорт залдпрында ырғақты жаттығулармен аэробика, шейпинг т.б. жаттығуларды жүргізуге болады. Музыканың жалпы баланың тек қана шынығуына ғана емес, сонымен бірге олардың физиологиясына да тигізер әсері мол.
Тұлғаның дене күштерінің толық дамуында сабақтар барысында оқушылардың күн режімін дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Сондықтан дене тәрбиесін ұйымдастыру және басқару жүйесінде дене шынықтыру жұмыстарымен бірге сабақта және үлкен үзілістерде дене шынықтыру минөттары, үзілістері, қозғалыстары, ойындарын, гимнастиканы жүйелі ұйымдастырып отырудың педагогикалық-физиологиялық маңызы ерекше. Оқушылардың ақыл-ойының жұмыс істеу қабілетін қалыпты жағдайда ұстау, олардың шаршап-шалдығуын болдырмау, сабаққа ынтасын, белсенділігін арттыру мақсатында олардың қызметі ерекше. Сол үшін де мектептегі әрбір мұғалімнен олардың маңызы мен ерек шеліктерін жақсы түсініп, ұйымдастыру тәсілдерін жете меңгеруі және оны қолдану жағдайын үнемі жетік білу дағдысын меңгеру талап етіледі.
Шынықтыру минөты. Шынықтыру минөттары сыныпта сабақ жүргізіп тұрған мұғалімнің немесе жаттығулар жүргізуге арнайы даярлықтан өткен оқушының ұйымдастыруымен жүргізіледі және ол 1-2 минөттан аспауы тиіс. Оны өткізу мерзімін мұғалім сабақ беру барысында өзі белгілейді.Сабақ беруші мұғалімнің пәрменімен сынып кезекшісі сынып терезесін немесе желдеткішті ашады, оқушылар сабақтарын доғарып,белдерін босатып, омырау түймелерін ағытады да дене қимыл қозғалыстарына көшеді.
Шынығу минөттары партада отырып немесе парта жанында тұрып өткізуге болады. Ол үшін қимыл қозғалыс кезінде оқушылар бір-біріне кедергі келтірмейтіндей орналасуы тиіс. Мұндай жаттығуларға қолды көтеріп түсіру, саусақтарды жазып бүгу, мұрын арқылы терең дем алу, аяқтың ұшына тұрып белді созу, кезек-кезек аяқты көтеру т.б. жатқызуға болады. Олардың белгілі бір түрін дене тәрбиесі мұғалімі ұсынуы мүмкін.
Шынықтыру үзілісі. Шынықтыру үзілістері сабақтың әрбір 35-45 минөттан кейін оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылады. Үзілістің құрамында әр түрлі қимыл қозғалыс ойындары болады, бірақ та олар балаларды қызбалыққа апармауытиіс. Оны өткізу таза ауада, ал бос уақыттарда жақсы желдетілген бөлмелерде өткізуге болады.
Гимнастика оқушылардың сабақтар барысында дене күштерінің белсенділігін арттырып, оқу әрекетінің эмоционалдық көңіл-күйлерін арттыруда үлкен ықпал етеді. Негізінен ол кешенді дене жаттығулары түрінде сабақ алдында 10-15 минөт мөлшерінде жүргізіледі. Оны дене шынықтыру мұғалімі, болмаса кезекші мұғалім, белсенді оқушылар тобы ұйымдастырады.
Оқушылардың денсаулығын нығайту және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуде дене шынықтыру сабақтарымен қатар сыныптан тыс дене тәрбиесінің атқаратын қызметтері де ерекше. Оның негізгі міндеттері оқушыларды дене тәрбиесі жұмыстары мен спорттың әр түрімен айналысуға кең көлемде қатыстыру. Сонымен бірге осы бағыттаоларда ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау, олардың жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру, спортқа қызығушылығын ояту, дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу. Сондықтан дене тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыстарының жүйесі оқыту процесінде атқарылған спорттық ойындар түрлерінің мазмұнымен тығыз байланыста болуы керек. Дегенмен де оқушылардың спортпен кең көлемде айналысуы ме нқызығушылығын арттырып, қажеттілігін орындауда дене шынықтыру сабағына қарағанда оның мүмкіншіліктері әлдеқайда мол болады.
Біздің елде дене шынықтыру және спорт жұмыстарына айрықша маңыз беруде мектептен тыс спорттық мекемелер де ерекше қызмет атқарады. Сондықтан оқушылардың сабақтан, оқудан тыс кездерінде дене шынықтыру жұмыстарымен үнемі кең түрде айналысуына және спорттың бір түрімен шұғылдануға мемлекет тарапынан кең қолдау көрсетіледі. Осы бағытта балалардың спорт мектептері болашақ спортшыларды арнаулы даярлау жұмыстары жүйесінде алғашқы кезең болып табылады.
Тұлғаның денсаулығын шыңдау және спорттық біліктілігін арттыруда туристік жор ықтар оқушылардың денелерін шынықтыру, төзімділік, тапқырлық қасиеттерге баулуда дене тәрбиесі жүйесіндегі орны ерекше. Бұған қосымша ұжым болып жасаған туристік жорықтар оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда: өзара ауызбірлікке, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеудің маңызды құралы.
Қорыта айтқанда, оқушылардың дене тәрбиесінің нәтижесін арттыруда оқу және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарының көптеген құралдары мен амал-тәсілдерін кеңінен пайдалану ықпалын оның педагогикалық міндеттерін іс жүзінде шешуде ықпалы және мүмкіншіліктері зор.
Достарыңызбен бөлісу: |