Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы


Субъектінің әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде



бет3/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Субъектінің әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екнін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. етеді.

Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендер) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес,жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

Адамның белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталды. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертабыс, жаңашылықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналды.

Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінің ашылуына осының бәрі баланың дамуының нәтижелігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы.

Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күш.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланаң қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.

Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі,қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететінфакторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын-ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы.

Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И.Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін «жөнді универсалды уақыты» керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.


Тақырып-4. Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесінде екерілуі

Жоспары:

1.Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.

2.Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері.

3.Жоғары сынып оқушылары балаларға психологиялық сипаттама.

4.Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процессте ескерілуі.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003

2.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000

3.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

4.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

Бастауыш сынып жасындағы балалардың ерекшелігі мен дамуы. Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсаты тәрбие белгісі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезенде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдерінде мінез-құлқы ерекшеленеді.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктері мен сипаттары айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып,18 килограммнан 36 килограммға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жастан үлкен адамның миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызында тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жан байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым- ену тәжірбиесі арқылы бірте-бірте дамиды. қатынастарының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.

Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларын құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине,ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс.Балаға оның енді “үлкен”екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте, бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа .

Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі – танып білуге деген белсенділігі. Балалның құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнап жүріп тәжірбиеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады.

Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған обьектісінен ұзын уақыт бойы назарын алмайды, Бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да , мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадауы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, онда ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.

Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де атайды /Балалар, альбомдарыңды ашыңдар.Қызыл қарындашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы бұрышына, міне, мына жерге дөңгелек сызыңдар және т.б.

Бастауыш сынып жасындағы бала белгісі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады.

Әртүрлі оқиғалар, “өлеңдер” ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін.

Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердың сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып,сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап,соған сәйкес сұрақтар беруге беруге диалог құруға шамасы болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға,пайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.

Тіл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны,қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған тәжірбиесіне қатысты болады.

Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайдан құралады.Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесі укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуыда мүмкін.

Бұл жастағы балаларда бірте-бірте оған тән; мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған балада бас ауруы пайда болады,құсады басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес, сондықтан, да оған дұрыс көңіл бөле білу керек. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қалдым дегендіктен емес, негізінен ата-аналар үшін, әсіресе анасы үшін алаңдағандықтан туындайды, мысалы, баласы үшін олардың мұңға батып қайғы қасиетке қалуы оны қатты алаңдатады. Ата-аналар баланың көзінше өз алаңдаушылық-тарын, күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың бойында өз ата-анасы үшін алаңдаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы жағдайларын ойлап, бала үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп бәріне ата-ананың өздері себеп болады. Өздеріне өздері онша сезімді емес ата-аналар баланың үнемі өз қастарында болуды қалайды. Олардың саналы түрде баладан айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табандылыққа деген ынтасын жояды.

Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады.Басы ауырып тұрғанына немесе басқада нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыру мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл-күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады. Баланы тыңдап отырғаннан да, оны мектепке баруға достық ниетпен қалайда көндірген дұрыс.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл-ой, интелектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді.Мұндай мінез-құлық жүйкеге күш түсуінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды орындауда қатты қиналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру өте қиын. Мұндай балалар әдетте ата-аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.

Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте –бірте ата-аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата-аналарымен қарым – қатынасы, отбасының құрылымы және ата-аналардың өзара қарым-қатынасы балаға қатты ықпал етеді, алайда сыртқы әлеуметтік ортамен араласының кеңейуіне байланысты енді оларға үйден тыс жердегі ықпал етуі күшейе бастайды.

Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы- педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М. Юсупов былай дейді: “педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлім кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынаста да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдердің жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вервальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге ь сараңдығы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан сайын қашықтатпақ ”.

Үлкендердің баламен әр түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзін ақылды екендігімен сенім артса, басқа бір жағдайларда өзінің керексіз немесе қателігін мойындайды. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.

Мектеп оқушыларының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3 жастан 6жасқа дейінгі аралықтағы қарым-қатынастары негізінен ата-аналардың бақылауында болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым-қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі.

Бастауыш сынып жасы –бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктермен: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әр қайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балалар ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.



Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып табылады. Баланың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Жүрек көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздықтан тез шаршайтын болады.

Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі дамуы ағзаның барлық қызыметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым- қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.

Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдылықпен қарайды, жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.

Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативтік мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық –топтық болып табылады.

Жасөспірімдерді өмір отбасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың , мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка -адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімдердің тыңдайтын музикасына қатты көңіл бөлу керек.

Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды, ғылым мен мәдениеттің әр түрлі саласы мен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.

Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімнің досы- ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол - жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері, және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалардың арасынан, ер балалардың арасында қыз балалардың арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.

Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.

Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланының жетілуіне көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастары болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.



Жоғарғы сынып жасындағы балалардың сипаттамасы. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста(15-17) адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызыметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен-бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп аталынады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.

Балалық ес ейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын норма мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты

10 жастағы бала салмақты, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайтын, сенгіш ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпта салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасында да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыққа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы.

Осының барлығы жасөспірімнің жан дүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгендегі мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзін-өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.

Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.

Жоғары сынып оқушылары “Неге” деген., сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді, және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызыметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды.Пәннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлауды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтар іздеуге құштар.

Жастық шақтағы маңызды песихологиялық процесс-өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік “Меннің” бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз- өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу- бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толтырарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды бастан кешіру деген сөз.

Жыныстық жетілу -өтпелі кезеңнің ең өтпелі процесі. Жастық шақтың сексуалдығын зерттеу үш басты бағыттан тұрады:

Жыныстық мінез-құлық, яғни, жыныстық қатынастардың пайда болуы және жүзеге асырылуындағы қылықтары; психосексуалдық жағдайы және бағыт-бағдары, яғни, адамдардың жыныс мәселесіне, жыныстық моралдың нормаларына қатысты.

Жастық шақ- жеке тұлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғарғы сыныптардағылардың бірдан көзге тиетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тәнқұштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.

Бұл кезеңде тәрбиенің маңызды қызыметі оқушының өз мамандығын таңдауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.

Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымның негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызыметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарысы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет