15 лекция. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі
Жоспары:
1.Тәрбиенің формалары мен әдістері туралы түсінік.
2.Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
3.Тәрбие түрлері, әдістері.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3. Педагогика ЖӘбиев, С.Бабаев, А.ҚҰдиярова Алматы, Дарын, 2004
4.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000
5.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Тәрбиенің формалары мен әдістері туралы түсінік. Мектеп пен манұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата алу қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н.Д.Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пән әлеуметтік тұқымқуалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоршаған өзара әрекеттестікте-болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзінде өзгертеді (К.Маркс); Бұл ретте әртүрлі іс-әрекеттіктің орны ерекше. Адаамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар. Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық процесте жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, сабақ т.б.) жатады.
«Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
-қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
-тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолдануы;
-таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурция т.б.)
-оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.)
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекеттерін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеттері. Әдіс-тәсіл деген ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар: шынайы педагогикалық процесте өзара-тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уақытта қалданылуына байланысты өз ерекшеліктері бар. Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) қолданылады. Әртүрлі іс-әрекетті қолданғанда ғана жеке тұлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-қатынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық танымдық-іс-әрекетін мұғалім мен оқушының ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу әдістері оқыту процесі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістеріде қолданылады.
Сабақ – оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогика технологияларының дамуы оқуы формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз-өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танысдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын көрсетуге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.
Жіктеу – арнайы белгілері арқылы қарастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжіриьелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
(Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерінде жете түсінеді).
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
-жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
-оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі - өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз-өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивті, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
-жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.
Осы қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағлұматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақатта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И.Шукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
-іс-әрекетті ұйымдастыру менқоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыруәдістері;
-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Тәрбие түрлері, әдістері. Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана алу да қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:
-қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
-оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;
-оқушылардың тәрбиелік деңейі;
-тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
-оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
-тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі.
Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әртүрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұқбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С.Макаренко).
16 лекция. Тәрбие әдістеріне сипаттама
Жоспары:
1.Сананы қалыптастыру әдістері.
2.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері.
3.Ынталандыру әдістері.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие оқушының тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттердіқалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі боған жағдайда ғана алға қойған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның саснасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.
Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі мектепте мысалы, бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса оқушыларға қажетті білімді жеткізудің басқа да жаңа және көркем тәсілдері кеңінен қолданылған. Қазіргі мектепте фқпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолдануда. Бұндай әдістердің нәтижесі өте аз. Тәжірибесі мол тәрбиешідер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұқбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Осы топтағы әдістердің әрқайсысының әзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясы бар. Сырттай оңай болып көрінгенімен, олардың әрқайсысы мұғалімнің жоғары білімін талап етеді. Олар жүйелі түрде, бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Сөз бен сезім арқылы әсер ету әдістерінің ең күрделілерін қарастырайық.
Этикалық тақырыптағы әңгіме, көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұндағы деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме – оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
Этикалық тақырыптағы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:
-әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;
-әңгіменің қызықты, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірмен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;
-әңгімені оқу барысында әңгіме-сұқбаттың жүргізілуі, оқушылардың әңгімені талдауға ат салысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;
-әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әғгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;
-мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.
Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әғгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спорттық жарыс) кірісіп кетсе,әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.
Күнделікті тәжірибе тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады. Бұл оқушыларға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңыздыбелгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктеменің әдіс-тәсілдері әртүрлі: төменгі сыныптарда «Былай істеу керек» деген сияқты тура пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде терң мотивация, белгілі ьір адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.
Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс т үрінде қолданылады.
Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса, кейде насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихаты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің беделіне, оның жеке қасиетеріне байланысты.
Санасы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.
Этикалық әңгіме-сұқбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бірізді талқылау түрі. Әңгіме-сұқбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Әңгіме-сұқбат теңдік пен ынтымақтастықтың негізінде құрылады. Этикалық әңгіме-сұқбаттың мақсаты – адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қорытындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру..5-8 сынып оқушылар тәрбиесінде әңгіме-сұқбаттың алар орны ерекше, өйткені баланың өзіндік ой-пікірлері, көзқарастары мен сенімдері осы жаста қалыптасады.
Этикалық әңгіме-сұқбатқа оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұқбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады. Жүргізуші (әдетте сынып жетекшісі) баяндама жасап, әңгіме-сұқбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әртүрлі көзқарастарды тыңдап, оқушыларға баяндамаларға баға беруді ұсынады. Әңгіме-сұқбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жүзеге асыра алатын шынайы пайдалы іспен аяқталуы оң нәтиже береді.
Эстетикалық әңгіме-сұқбаттың нәтижелі болуының шарттары:
-әңгіме-сұқбаттың мәселелік сипаттама болуы, яғни көзқарастар мен пікірлер таласы;
-әңгіме-сұқбат тақырыбының көкейкесті, оқушылар тілек-талаптарына сай болуы;
-әңгіме-сұқбат мазмұнының оқушылардың тәжірибесі мен жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-әңгіме-сұқбаттың оқушыларды өз ойын жеткізуге, басқалардың пікірін сайлауға, шыдамдылықпен әрі дөкейті түрде дұрыс көзқарасты қалыптастыруға үйрету;
-әңгіме-сұқбат лекцияға айналмауы керек (мұғалім ғана сөйлеп, оқушылар тыңдап отырады);
-әңгіме-сұқбаттың жағымды әрі жайлы ортада жүргізілуі; оған әңгіме-сұқбат жүргізетін бөлменің іші, дауыстың сенімділік ырғағы, оқушылардың жауабын ден қойып тыңдау, дұрыс жауаптарды мақтап, дұрыс еместігін сыпайы түрде түзету орындыайтылған әзіл-ысқақ, мазмұнның дұрыс таңдалып алуы жағдай жасайды.
Осындай алдын-ала дайындалған, (жоспардың, бағдарламалық) әңгіме-сұқбаттардан басқа ұжымдағы пайда болған қиыншылықтарға байланысты жоспардан тыс, ауық-ауық әңгіме-сұқбаттарда жүргізіледі. Әңгіме-сұқбаттың ерекше бір түрі әңгіме-экспромт, ол аяқасты пайда болған жағдайларға байланысты жүргізіледі. Жеке дара этикалық әңгіме-сұқбаттар (көбінесе тәрбиесі төмен оқушымен) жоғары білімділікті талап етеді. Жолдастарының алдында мұндай әңгіме-сұқбат өте қысқа болуы қажет, оқушының абыройы тапталмау керек. Мұндай әңгіме-сұқбатты сырласу ретінде жүргізу нәтижелі болады. Егер оқушы өз кінәсін түсінсе, әңгіме-сұқбаттың қажеті де жоқ. А.С.Макаренко мұндай амалды кейінге-қалдырған әңгіме-сұқбат деп атаған.
Айтыс – сананы, сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Айтыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әртүрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас. Айтыстар орта және жоғары сыныптарда адамгершілік, саяси, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.
Соңғы жылдары мектепте айтыстың, ізденістің мәселелерге жауап берудің пікір талас сияқты формасы кеңінен қолданылуда. Айтыстан ерекшелігі пікірталастарға оқушылар-топтары қатысады. Олар алдын-вла баяндамалар дайыендайды., онда өмірлік бар мәселені шешудің ең тиімді деген жобасы, оқушының тілегі бойынша жазылады. Пікірталастың жүргізушісі және командаларды бағалайтын қазылар алқасы сайланады. Пікіпталастың бір түрі «Болашақтың қаласы» телекөрермендерге кеңінен танымал. Мұндай пікірталас ойын ретінде жүргізіледі (үкімет, спикер).
Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың, жасөспірімдердің, жастардың қандай да бір үлгілерге еліктеуіне негізделген.Бұл – санасыз еліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға, ойын ретінде еліктеуден өмірде шынайы еліктеуге, сырттай еліктеуден іштей еліктеуге ұмтылу. әрбие процесінде қолданылатын үлгілер өте көп (ата-ана, үлкендер, жолдастары,әдеби шығармалардың, кино мен спектакльдердің қаһармандары). Беделді, білімді оқушылармен қарым-қатынасы демократиялық негізде құралған мұғалім де оқушыларға үлгі бола алады. Үлгі тәрбиенің барлық әдістерінде ( түсініктеме, әңгіме-сұқбат,айтыс) қолданылады.
Іс-әрекетті мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі – оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.
А.С.Макареко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз – ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл әрекет арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер апрқылы жүзеге асады., ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен жан –жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас басында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке, мінез-құлықтың белгілі ьір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдістерді қалыптастырады.
Бұл топтың басты әдістерінің түрі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д.Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында іәлгері жылжи алмайды.
Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуықажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жатығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивация мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланыста. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет.
Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығулар оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін жаттығуларды ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет.
Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетке дем беріп немесе тежеп, жекелік қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет, онда мұғалімнің оқушының ісі мен тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама талаптар ақыл-кеңес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.
Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады(ролдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу мен талап етуді қолданудың басты шарты оның шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай екі не үш талап қойылады.
Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуде қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады.
Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әртүрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау, кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс.
Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез-келген түрінде оқушы шешім қабылдай алу керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.
Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл тобы тәрбиенің басқа да амал-тәсілдерімен, түрлері мен әдістеріне байланысты.
Ынталандыру әдістері. Мадақтау мен жазалау – басты ынталандыру әдістері.
Мадақтауды оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану керек. Орынсыз және шамадан тыс мадақтаудың тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп. Мадақтауды қолдану талаптары:
-жетістіктермен қоса мінез-құлықтың мотивтерін де ескеру;
-мадақтау оқушыны басқа оқушыларға қарсы қоймау керек; белгілі бір жетістіктерге жеткен оқушылармен қоса, берілген тапсырмаларды орындауда еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау;
-оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, мадақтау жиі болиауы қажет;
-ұжымның пікірін ескеру;
-мадақтау әділ болуы қажет.
Жарыстар ынталандыру әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Оқушылар өз сыныптастары арасында, өзара жасырын қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Жарыстарды ұйымдастыру – оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет. Жарыстың мазмұны айтарлықтай қиын болып келеді. Мектеп тәжірибесінде көбінесе жарыстар оқу іс-әрекетінің нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың үй жұмысын жүйелі орындауын, ынта-ықыласын, сабақтағы ескертулердің аздығын, дәптерлердің тазалығын көрсеткіш ретінде алған орынды. Жастардың бағдарламаларын, шарттары мен көрсеткіштерін жасауға, оның нәтижелерін бағалауға оқушыларды да қарастыру қажет. Жарыстағы тартыстың адал әрі ашық болуын қадағалау қажет.
Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау – кеңінен танымал әрі өте қиын әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушыларды жазалаудың мақсаттылығы туралы әртүрлі қарама-қайшы пікірлер бар: жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін. Қазіргі мектептерде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адагершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдастары мен басқа ададар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.
Мектеп тәжірибесінде жазалаудың ескерту, ұялту, жиналысқа салу, белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты түрлері қолданылады, ал төтенше жағдайларда сабаққа қатыстырмау немесе тіпті мектептен шығару (педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де қолданылады. Жазалаудың қатаңдығы оқушының кінәсіна байланысты болу керек. Мұғалімнің қолданған жазасы дәйікті болып, ешбір ыза-кексіз немесе қудалаусыз қолдануы қажет. Ұжым атынан ұсынылған жазалаудың ықпалы артық болады. Жазалауда оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтап алу қажет. В.А.Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |