Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облыстық білім басқармасы



бет6/20
Дата22.11.2019
өлшемі1,15 Mb.
#52271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 лекция Педагогика


Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Жеке тұлғаның дүниетанымы – ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды-жігерлік сипаттарын топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігіне деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.

Л.И.Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы – біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелілік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.

Б.Г.Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз-өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер «мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін-өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекеттінің мақсатымен, құндылық бағыттарымен тығыз байланысты».

Құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларын тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ, өзіндік «Мен» деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлғаның дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелілік саласының бірлігі мен арақатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет, құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекетінің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық, тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

Психологтар «құндылық» ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден,өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, коллективтің) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Құндылық бағыттар адамның мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны «заттандыруға», яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А.Н.Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің объектісін танымайды, ал ол қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Құндылық бағыттары субъектінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағыттарын әлеуметтік-эстетикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрерінің интеграциясы, факторы болып табылады.

Теориялық-таным ретінде құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге дегн когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол – сананың ішіндегі құндылық «бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. Үшіншіден, санадағы құндылық – объективті шынайы заттақ білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттың арасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады (А.А.Микешина).

Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-сүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар - өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз-өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.



Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдері. Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен актегорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс – материаның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; мүмкіндік пен толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика – таным негізі, ақиқат критериі. Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.

Анатикалық-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте, арман-мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл сананың әртүрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді, ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсаты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. «Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшлығымен, көмегімен қалыптастыру қажет. Түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну – оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі» (М.Н.Скаткин).

Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекеттің психологиялық мазмұны – іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, блімдерді меңгеру болып табылады.

Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарын биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесі, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.

Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.



Адамгершілік тәрбиесі

Жоспары:

1.Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру – мектептің басты мәселесі.

2.Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны.

3.Мораль – оқушылардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру және оларда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру процесі ретінде.



Қолданылатын әдебиеттер:

1. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру – мектептің басты мәселесі. Адамгершілік тәрбиесі –тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы азаматтық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасын айқындайтын мінез-құлықтың нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль лат тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Ал адамгершілік дегеніміз – жағымды мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті атаймыз.

Адамгершілік жиынтығы – борыш болып табылады (Парыз). Яғни:

-адамның - адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;

-ата-аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата-аналары алдындағы борышы;

-жеке адамның ұжым алдындағы , ұжымның жеке адам алдындағы борышы т.с.с.

Адамгершілік борыш идеясы - бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарды бұзу – жамандықтың басталатын межесінен аттау екенін сезінуі қажет.

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады. Бізге мәлім, бұрынғы өткен 5 әлеуметтік-экономикалық формацияларда адамгершіліктің мақсат-міндеттері, мазмұны бірдей болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылыс кезінде адамгершілік тәрбиесі сол қоғамның мақсатына сай қарапайым түрде болса, ал өзінен кейінгі өткен құл иленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарда таптық сипатта болды.

Таптық қоғамда әр дәуірдегі үстем таптар шығарған өз моралы, өз мінез-құлық ережелерінің тізбесі болды. Бір мінез-құлық ережелері - қанаушы тап адамдарына арналса, екіншісі – қаналушы тап адамдарына арналған. Тіпті буржуазия елдерінің мектептерінде бұл ережелер ерекше сабақ ретінде оқытылған. Соған сәйкес құл иленуші қоғамында құлдвардан тіл алғыштық пен бой ұсынушылықты талап етті. Құлдардың жалпы мінез-құлқына деген ережелерін дін белгіледі. Діни моральдық бұл кодексі – құдайдың халыққа жіберген өсиеті ретінде уағыздалды.

Мінез-құлықтағы мұндай ерекшелік феодалистік, капиталистік қоғамда да сақталып қалды. Ол үстем таптар арқылы насихатталып отырды. Себебі, мұндай ерекшелік олардың еңбекші қауымды құлдық психологиядан шығармай ұстауына тиімді болды.

Таптық қоғамның жанашырлары, соның ішінде идеалистік сипаттағы психология «адамда туа біткен адамгершілік» туралы бірқатар теорияларды дамытты. Идеалистік бағыттағы бұл теориялар діни және буржуазиялық кодекстермен, ескіден мұра болып қалған, қолданылып жүрген тұрмыстық әдеттермен қабысып, ұштасып, үйлесіп отырды.

Марксизм-ленинизм классиктері адамгершілік теориясын жеке адам және қоғам туралы ғылымдардан бөліп қарамайды, керісінше, оның ажырамас бөлігі деп есептеді. Адамгершіліктің пайда болуы және ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К.Маркс пен Энгельс болды.

К.Маркс пен Ф.Энгельс өздерінің ғылыми еңбектерінде социалистік қоғам адамына қатысты мынадай адамгершілік сапа қасиеттерін тәрбиелеуді ұсынды:

-социалистік отанды шын жүректнен сүю;

-дүние жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру;

-социалистік гуманизм, шын мәніндегі коллективизм.

Бұндай көзқараста тәрбиелеу ұстанымының негізгі идеясы болды.

Кеңестік тәрбие теориясының негізгі саласы жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін беру проблемасымен ұлы педагогтар Н.К.Крупсая, А.С.Макареко, В.А.Сухомлинский т.б. шұғылданды.

Н.К.Крупская өз еңбектерінде социализм орнату ісінде жас ұрпақты коммунистік адамгершілік рухында тәрбиелеуде кеңес мектептерінің ең негізгі міндеттері деп санап, адамгершілік тәрбиесінің міндетін, мазмұнын ашып берді. Онда кеңес мектебі, оқушылардың патриотизм, гуманизм, интернационализм, коллективизм, тәртіптілік , қоғам мүлкіне ұқыптылық секілді социалистік мораль қасиеттерін тәрбиелеуге тиіс деп есептеді.

Социалистік қоғам тұсында коммунистік моральдың 3 түрі болды.

1.Ұжымдық мораль

Бұған тән қасиет: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген қағидаға негізделген. Ол өзімшілдік, менменшілдік, пайдакүнемшілдікпен үйлеспейді. Мұндай көзқараста жеке адамдардың мүдделерін үйлесімді ұштастыруды көздейді.

2.Гуманистік мораль.

Ол адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынастарға негізделген, яғни жолдастық, ынтымақтастық, өзара көмек қатынастарын, ізгілік , қарапайымдылық, кішіпейілділік қасиеттерінің жиынтығы болды.

Белсенді, қаракетшіл (предпримательство) мораль.

Бұл еңбек адамын шығармашылық жаңа жетістіктерге, ұжымдық және бүкіл елдің өміріне ынта-ықыласпен араласуды көздейді.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны. Адамгершілік тәрбиесінәң негізі қандай болмақ?

1.Өзекті міндеті - әрбір адам баласы өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат-міндеттеріне, адамгершілік қасиеттерінің тұтастығына сай тәрбиелеуді қамтамасыз ету.

2.Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу.

3.Жас ұрпақта Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту.

4.Ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері:

1.Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру.

2.Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу.

3.Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету.

4.Адамгершілік нормаларын ауытқуға жол бермеу.

Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке дайындаумен тығыз байланысты. Ол – баланың мектепке барған алғашқы күнінен басталады. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындаудан басталады. Оқу бала үшін- еңбек, қоршаған ортаны танып білу, жаңа ғылыми білімдерді игеру адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралдары болып табылады.

Орыс ағартушысы Н.Г.Чернышевский адамгершіліктің маңызды бір саласы адамның өмір сүру шарты, адамның пайдалы істері мен әрекеті – еңбек деп есептегені жоғарыда айтқанымызға дәлел болмақ. Ол жасөспірімдерге, болашақ қоғам қайраткерлеріне, шынайы халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік т.б.

Патриотизм Н.Г.Чернышевскийдің тұжырымдауынша, адамгершіліктің басқа да бір саласы гуманизмен тығыз байланысты. Ортақ іске қызмет ету үнемі адамгершілікті керек етеді дей отыра, ол гуманизмді теріс ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам айналысындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сеніммен қарауы, қайырымды болуды, зиянды әрекеттерге қарсы шығуы, адам баласының мұң-мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бәріне келіспес, мейірімсіз күресжүргізе білуі тиіс – дегенкөзқарастары адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына негіз болады.

Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдермен ұғымдар, адамшылық мінез-құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптасты. Мектеп жағдайында бұл жұмысты ұстаздар он бір жыл бойына жүйелі түрде жүргізеді. Адамгершілік қасиеттер – жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырумен тікелей байланысты. Оның талаптары негізінен оқушыларға арналған ережелерде баяндалған. Оларкүнделікті өмірде өтіп жатады. Себебі, олардың адамгершілік қызметі қоғамның талаптарымен, қоғам және баланы ңтікелей өзінің өмір сүруі, тіршілігімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда баланың дербес белсенді әрекетінің маңыздылығын да естен шығармау керек.

Қайсы бір адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың сана-сезімімен мінез-құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адамгершілік тәрбиесінің әртүрлі ұйымдастыру формалары мен амал –тәсілдері қолданылады. Оларға адамгершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.

Ұйымдастыру формалары деп баланың оқу әрекеті мен оқудан тыс тәрбие жұмыстарын айтамыз. Оқу әрекеті – оқыту процесінде жүргізіледі. Сабақ үстінде оқу пәндері мазмұнының адамгершілік бағытын қамтамасыз ету болып табылады. Кітап – дүниеге ашылған есік, олай болса бала кітапты оқи отыра табиғат, қоғам, адам жайындағы заңдылықтардың қыр-сырын танып, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаспен олардың еңбектері жайлы көзқарасын орнықтырад, қоғамдық мінез-құлық нормаларымен таныстырады, моральдық қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Адамгершілік туралы ұғымдарын түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесін бойларына сіңіреді.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан, ұлттық бейненің озық, өнегі дәстүрлерін жас жеткіншектер бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру қоғамымызда аса маңызды міндеттердің біріне айналғаны даусыз. К.Д.Ушинскийдің: «Тәрбие халықтық илтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген идеясын дамыта отырып Н.А.Добролюбов: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың ішінде болып табылады., халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді. Сондықтан мектеп адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін халықпен, оның өмірімен өте тығыз байланыста болуы тиіс, халықтан нәр және әсер алып отыруы тиіс» - деген. Адамгершілік тәрбиесіне көзқарасында олұлттық тәлім-тәрбиенің оның іргетасы болатындығын дәлелдейді.

Адам баласы бойындағы асыл қасиеттері мен жағымсыз қасиеттері жөніндегі күні кешегі данакөз қариялар, ақылман ата-бабаларымыздың бізге қалдырған өсиет-өнегесін көлденең тартсақ, бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ содан тағылым, тәрбие алсын дегеніміз дағы – деген тағы бір ойымыз адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық тәрбиенің маңыздылығын тағы бір айғақтайды.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы – демекші, оны ұрпақ тәрбиесіндегі қалыптастыруда қазақ халқында негізінен эпостық жырлар мен фольклорлық шығармаларының, соның ішінде ауыз әдебиетінің орны ерекше болған. Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатына пайдалануда игі істер атқарып жатқаны бұл мәселеде оның мәні мен маңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күмән туғызбайды.

Еңбек тәрбиесі

Жоспары:

1.Еңбек тәрбиесінің қызметі.

2.Еңбек тәрбиесінің мәні және кәсіптік бағдар беру жүйесі.

3.Оқушылардың еңбек әрекетінің негізгі түрлері.



Қолданылатын әдебиеттер:

1. Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000

3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000

4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977

Еңбек тәрбиесінің қызметі. Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі – тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. «Адамды адам еткен, еңбек « - демекші, «еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады. Бұл әрине адамның тұлғалық дамуының табиғи заңдылығы. Ол сонымен бірге оқушылардың адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің үйлесімді дамуына да жағдай туғызады. Тұлғаның дамуында оқу мен еңбектің байланысын орнықтыру, оның барлық қабілетін жандандырады, адамгершілік-ізгі қасиеттері мен дене күштерін қалыптастырады. Сондықтан да мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға дағдыландыру.

Ол үшін оның міндеттеріне:

1.Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндеттілігін оның сенімі мен манасына орнықтыру.

2.Еңбек етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу.

3.Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапаларымен қаруландыру, тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.

4.Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру, ол үшін олардың талап-тілектері мен белгілі бір мамандыққа бейімділігін ескере отыра, болашақ мамандықты таңдауларына жағдай жасап, көмектесу т.б.

Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық-тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі Н.К.Крупская мен М.И.Калининнің теориялық еңбектерінде айрықша аталып, кеңес мектептеріндегі еңбек тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берілді.

А.С.Макаренко В.А.Сухомлинскийдің көпжылдық практикалық жұмыстары оқушылардың еңбегін коммунистік тәрбиенің негізгі факторына айналдырды.

А.С.Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің практикалық әрекетінде балаларды еңбектің барлық түріне қатыстырды және ауыл шаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен жабдықталған өндірістік еңбекке араластырды. Оның бұл жетістігін жаңа жағдайда В.А.Сухомлинский шығармашылықпен дамытып, жетілдірді. Оған:

-оқушылардың әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру және мектептегі оқудың бірінші күнінен оларды халық игілігі үшін белсенді еңбек етуге үйрету;

-оқушыларға еңбексүйгіштік қасиеттерін дамытып және азаматтық тұрғыдан жетілген етіп тәрбиелеу;

-оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауғажәне сынып, мектеп ұжымы мен өз ауылына пайда келтірубарысында белсенді еңбек етуге дайындау мәселелері.

Сондықтан да осы жүйеде оқушыларда қоғам пайдасына қажетті еңбек етуге тұрақты сенімдерін қалыптастыру – еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағыттың негізгі бір міндеті ретінде қарастырылды.

Осы бағытта ол еңбек тәрбиесінің психологиялық тұрғыдан дайындаудың да маңызы ерекше. Оның негізіне қоғамға пайда келтіру үшін оларда еңбек етуге деген қызығушылығын қалыптастыру, еңбек ету қабілеттері мен қажеттілігін дамыту тұрақты еріктілік қасиеттерін тәрбиелеу. Мұнсыз адамның еңбек әрекетін нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.

Еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе құрып, мынадай міндеттерді шешеді:

1) еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсінуі;

2) нәтижелі еңбек ету әрекетін қажетсінетін түрткі тудыру;

3) еңбек біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.

Көптеген кеңес педагогтары мен психологтары П.Р.Атутов, М.Н.Скаткин, С.М.Шабалов, С.Г.Шаповаленкот.б. еңбек тәрбиесіне қатысты өздерінің зерттеулерін жүргізді. Олардың айтуынша, адам баласы тегіне тартып дайын күйіндегі бірде бір қабілеттер, бірде бір адамгершілік және еріктілік қасиеттерге ие болмайды., осылардың бәрі іс-әрекет барысында және басқа ададармен қарым-қатынаста тәрбиеленеді., дамиды, қалыптасады және жетіледі Сондықтан адамның дамуында негізгі фактор – еңбек әрекеті болатындығына назар аударады, себебі, Ф.Энельстің айтуынша «қарым-қатынас қажеттілігі еңбектің арқасында пайда болған».

Мектептегі еңбекке оқыту мен тәрбиелеу мәселесінің қажеттіліггі, оларды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, зерттеуге үлкен мән беруге ықпал етеді. Бұл мәселе турасында Я.А.Коменский , Дж.Локк, И.Г.Песталоции, А.Дистервек, К.Д.Ушинский және т.б. еңбектерінде көптеген құнды идеялар айтқан.

Еңбек тәрбиесінің әртүрлі аспектілері бойынша П.Р.Атутов, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, К.А.Иванов, И.С.Марьенко, В.А.Сухомлинский, А.А.Шибанов, М.У.Пискунов зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соған сәйкес педагогикада тұлғаның дамуы мен оның адамгершілік қалыптасуында еңбек тәрбиесінің қызметі егжей-тегжей қарастырылған. Жекелеп қарастыратын болсақ, негізінен олар мыналар:



1.Еңбек – практикалық өндірістік әрекет ретінде адамның дене құрылысының дамуына жағымды әсер етеді.Физиологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, дене жұмысының қозғалыс және бұлшық ет жаттығуларымен тікелей байланысы, таза ауада болу, бәрі де адамның денсаулығы мен күш-қайратын шынықтырады., оның өмірлік жігерін, қайратын шыңдайды, ақыл-ой қабілетін жандандырады. Кезінде Л.Н.Толстой былай деген:

«Қозғалыссыз және дене еңбегңнсіз ақыл-оймен бас көтермей жұмыс істеу, барып тұрған қасірет. Бір күн ішінде мен аяғыммен жүрмей, қолыммен жұмыс істемейінше, кешкілік ешнәрсеге жарамай қаламын: оқи алмай, жаза алмай, тіпті басқаларды ықыласпен тыңдай алмаймын, басым айналып, көзімде белгісіз жұлдыздар пайда болады(көзім қарауытады) және түн ұйқысыз өтеді». Осындай ойды К.Д.Ушинскийде айтқан.

2.Еңбек – адамның ақыл-ой қабілетін, оның зеректігін, шығармашылық тапқырлығын дамытады. Қазіргі өндірістегі жұмыс адам баласынан терең білімді және кең көлемде техникалық дайындықты, жаңа технологияны тез меңгеру біліктілігін, еңбек тәсілдерін жетілдіру және өнертапқыштық қабілеттің болуын талап етеді.

3.Еңбектің – тұлғаның адамгершілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше. Көптеген педагогтар еңбек әрекетін оқушылардың азаматтық санасының дамуымен, патриоттық сезімдерімен және өздерінің қоғам алдындағы борыштарын түсінуімен байланыстырды. Әрбір тәрбиеленуші еңбек ұжымының мүшесі болуға дайындалады. Азамат ретінде оның маңызы және құндылығы, оның еңбек ете білк біліктілігіь және өзіне, адамдарға әкелетін пайдасына байланысты болады. Бұған қосымша, адамның еңбек процесіне даярлығы және жалпы қоғамдық істерге өзінің қосқан үлесіне байланысты оның материалдық жағдайы жақсарады. Соған сәйкес К.Д.Ушинский: «Нағыз тәрбие, егер де ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақытқа тәрбиелеу емес, өмір еңбегіне даярлау қажеттігіне» баса назар аударады.

4.Еңбектің маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым-қатынасты, ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. А.С.Макаренко: «Тек коллективтік еңбекке қатысу адамға басқа адамдармен дұрыс адамгершілік қарым-қатынас жасауға – барлық еңбекшілерге туыстық махаббат пен достыққа, жалқауларға, еңбектен қашатын адамдарға ашулануға және кінәлауға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетеді.

Сонымен бірге ол былай дейді: «Біз табиғатынан барлық адамдар еңбекке қатысты дағдыларын шамамен біркелкі меңгеретінін жақсы білеміз, бірақ та өмірде кейбіреуі жақсы жұмыс жасай біледі, басқасы – жаман , кейбіреуі тек ең қарапайым еңбекке қабілетті болса, басқасы – анағұрлым күрделі еңбекке және солай болғандықтан анағұрлым бағалыға. Мұндай әртүрлі еңбек сапасы адамға тумысынан берілмейді, олар өзінің өмірінде, әсіресе жастық шағынан тәрбиеленеді».



5.Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анықтауға және мамандығын дұрыс таңдауға әсер етеді. Оқудың тәрбиелік маңызы көпқырлы болғаныменде, ол негізінен ақыл-ой әрекетімен байланысты болып, тұлғаның көбінесе интеллектік жұмысқа қызығушылығын қалыптастырады. Соған қарамастан оқушылардың көпшілігі мектепті бітіргеннен кейін өз өмірлерін материалдық өндіріспен ұштастырады. Олардың кәсіби бағытын жүзеге асыру үшін, бұл мақсатта қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырудың әр түрін кең қолдану қажет, оларға өндіріс әрекетінің әртүрлі саласында өздерінің күш-қайратын және қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік беру керек. Мұның бәрі оқушылардың ақыл-ой тәрбиесінде, адамгершіліктерін қалыптастыруда және олардың жан-жақты дамуында еңбек тәрбиесінің үлкен қызмет атқаратынын көрсетеді. Осы орайда К.Д.Ушинскийдің: «тәрбие адамның тек ақылын ғана дамытуды және оған белгілі бір мөлшерде мағлұмат беруді міндеттемейді, сонымен бірге оның өмірінде лайықты, бақытты бола алатын онда дұрыстап еңбек етуді аңсауды тәрбиелеу қажет», - деген ойы ерекше маңызға ие.

Еңбек адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандырады, дене және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық және интеллектуалдық әрекеті.

Адамның еңбегі арқасында бүтіндей заттық және рухани игіліктер жасалынады.; еңбек процесінде адам баласының өзі жетіледі, оның тұлғасы қалыптасады. Сондықтан мектептегі еңбек тәрбиесі оқушылардың еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын тұруы жағдайына бағытталады. Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және экономикалық даму жағдайы өндіруші тұлғаға жоғары талап қояды: еңбекке қарым-қатынасын - негізгі қоғамдық міндетке айналдыру; кез келген жұмыс түріне жауапкершілікпен қарауы – еңбекті және оның нәтижесін қадірлеуі, үнемі белсенділік таныт, еңбекте бесенділік таныту және оған шығармашылық қарым-қатынас жасауы; өзінің ақыл-ой және дене күшінің толыққанды пәрменді жұмыс істеуіне ішкі қажеттілігінің болуы; еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға ынталы болуы; еңбекке қарым-қатынасы - тұлғаның саналы және өмірлік негізгі қажеттілігіне айналуы.

Адам баласында еңбекке саналы көзқарас оларда еңбектің қоғамға және жеке басына тигізер пайдасына, маңызына жете түсіну арқасында пайда болады.

Адам баласындағы еңбекке саналы көзқарас, сонымен бірге жұмысшы абыройын жоғары ұстау, оған адалдығы мен мақтанышы, еңбектегі жеңісіне әсерлі қуанышы, оның нәтижесіне рахат күй кешу секілді ь жоғары сезімдік көңіл-күймен байланысты да болады.

Олай болса еңбек – қоғамның материалдық және рухани байлығының негізгі көз, адам баласының қасиетті борышы, тұлға дамуының ірге тасы. Сондықтан, дұрыс ұйымдастырылған еңбек тәрбиес, оқушылардың тікелей қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбекке қатысуы, тұлғаның азаматтық, моральдық және интеллектуалдық қалыптасуының, сонвмен бірге дене бітімінің дамуының нәтижелі факторы болады. Мектеп бітірушілер болашақта қандай салада еңбек етпесін, олар үшін еңбекке қатысты біліктілігі мен шыныққандығы бірінші кезекте қажет болады. Сондықтан да мектептегі еңбек тәрбиесі жылдар бойы педагогиканың аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы, негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Мектептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне еңбекке оқыту және оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті жатады.

Оқушыларды еңбек процесіне қажетті жалпы, политехникалық және арнаулы білімдермен, біліктілік пен дағды мәселелерімен қаруландыру еңбекке оқытудың негізгі педагогикалық міндеттерінің бірі болып санлады.

Мұғалімнің еңбекке баулу сабағын өткізудегі көздейтін басты мақсаты – ең алдымен оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу. Бұл үшін оқушылардың:

-еңбек материалдары мен құралдарын жұмыс үстелінде дұрыс орналастырып, жұмыс бітісімен оларды өз орындарына қайта қою;

-жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық-гигиеналық талаптарын орындау;

-өзінің жұмыс орнын тиімді пайдаланып, жұмысқа бөлінген уақытын үнемдеп пайдалану дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару. Сол арқылы оқушылар әрекетін әсем бұйымдар жасауға бағыттай отырып, еңбек сүйгіштікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландырады.

Кейбір еңбек пәнінің мұғалімдері көбінесе теориялық еңбекке онша көңіл бөлмей, тек бұйым жасаумен, яғни оның техникалық орындалуымен ғана қанағаттанады. Сөйтіп, политехникалық білім негіздерін меңгеруге жағдай жасалмайды. Ол үшін, оқушылардың:

-еңбек материалының қасиетін біліп, өз жұмыстарына қолдана алуы;

-еңбек құрал-саймандары мен бұрын алған теориялық білімді ұштастыра отыра пайдалану.

Сол үшін де оқушылардың бұрынғы білетіндерін іс жүзіне тиімді қолдана алуы политехникалық білім берудің басты нысанасы болуы тиіс. Сөйтіп, олар техника тілін бірте-бірте меңгере отырып, түрлі бұйымдарды жасай білуге, өзі жасаған жұмыстарды қорытып, талдай білуге үйренеді.

Мектеп жағдайында оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру көбінесе олардың оқу жұмыстарымен байланысты. 1-сыныптан бастап оқушылар оқуға қатысты әртүрлі көрнекіліктерді дайындаумен шұғылданады: кестелер, суреттер, диаграммалар, қарапайым заттардың үлгілері (модельдері), ал орта және жоғары сыныптарда стенділерді жасайды.

Табиғаттану және ботаника сабақтарында олар мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскелерінде, жылыжайларда және бақшаларда жұмыс істейді, гүлдерді өсіреді т.с.с.

Еңбек тәрбиесі мен оқуда бастауыш сыныптарында қол еңбегімен айналысу және жоғары сыныптарда оқу-өндірістік практика маңызды рөл атқарады.

Еңбек тәрбиесінде сурет сабағында атқаратын қызметі де ерекше. Себебі, еңбек сабағының өн бойы сурет. Мәселен, қыздармен атқарылатын жұмыстың барлығы дәлдік, талғампаздықты қажет етеді. Құрақ құрау, түскиіз тігу, ұлттық бұйымдарды сәнді етіп шығару, бояуларды үйлестіру, сәйкестендіру тәсілдерін тура табу шеберлікті қажет етеді. Ою-өрнекті материалға түсіру үшін оның суретін салу қажет. Сызусыз ою-өрнек болмайды. Бұл еңбек пен суреттің өзара тығыз байланысын көрсетеді.

Сонымен бірге еңбек пен сурет басқа да пәндермен байланысты болып келеді. Айталық, ою-өрнекті дәл сызу үшін математика мен геометрияны білу керек. Қолөнер бұйымдарына қолданылатын түрлі –түсті бояу – химия пәні. Ал ши және талмен жұмыс, атакәсіп немесехалық педагогикасымен тығыз байланыста болып келеді.

Өнердің құпиясы көп. Қолөнері жайлы айтар болсақ, ою-өрнектің әрқайсысы адамның ойын, қиялын білдіреді. Ертеде, әсіресе қыздар оюмен хат жазған екен деседі. Қалай десек те, жат жұртқа кеткен қыз төркініне кестелеп орамал жоралғысын беріп жібереді екен. Мұндай әдіс қыздың сүйген жігітіне деген көңіл күйін білдіреді. Сондықтан, мектеп қабырғасында әрбір жасөспірім өз тарихын бес саусақтай жетік білуі қажет. Бұдан біз еңбек сабағының тарих пәнімен байланысын көреміз. Ал, тарихқа барар жол – Ана тілі. Айналып келгенде, еңбек пен сурет сабағының байланысы – атакәсіпте жатыр.

Ал, ұлдарға келсек, еңбек сабағының міндеттерін үй жиһаздарын, мысалы, сандық, кебеже, адалбақан секілді тұрмыстық заттарын шығару барысында атқаруға болады.

Оқушылардың еңбек әрекетіндегі қоғамдық пайдалы еңбектері үлкен маңызға ие болып, өзінің мазмұны мен формасы жағынан жан-жақты болып келеді. Сондықтан ол қоғамдық маңызына орай үш түрге жіктеледі:

1.Мектеп ұжымының пайдасына негізделген қоғамдық пайдалы еңбек. Бұған өзіне-өзі қызмет ету жұмыстарын жатқызамыз.

2.Республика көлеміндеөткізілетін жастардың қоғамдық негізде ұйымдастырылған қозғалыстары.

3.Өндірісте жұмыс істеу. Ауылшауашылығына көмектесу.

Жоғарыда аталған қоғамдық пайдалы еңбек оқушыларды тәрбиелеуде өзінің ерекшеліктері, басымдылығы мен қиыншылығы тұрғысынан әртүрлі болып келеді. Бұл жұмыстың түрі негізінен орта және жоғары сынып оқушыларымен атқарылады.

Оқушыларда осындай жұмыс түрлерін атқару барысында еңбекке қатысты біліктіліктері мен дағдылары тәрбиеленді, сонымен бірге еңбек процестерін меңгереді, оны ұйымдастыру және оған дайындық жұмыстарын атқаруды үйренеді.

Еңбек тәрбиесі дегеніміз оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру және оның әр түрімен ынталандыру процесі, атқарып отырған жұмыстарына оларда шынайы жағымды қарым-қатынастарын орнату, жоғары нәтижеге жетуге деген белсенділіктері мен шығармашылықтарын ояту.

Әрине еңбекке жағымды қарым-қатынасты орнату белгілі бір еңбек процесіне қатысты білім, біліктілік иен дағдысыз мүмкін емес. Осы тұрғыда еңбекке оқыту белгілі бір еңбек әрекетіне қатысты практикалық тәсілджерді меңгертуге, біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруге бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс ретінде қарастырылады.

Қазіргі кезде еңбек тәрбиесінде маңызды қарама-қайшылық туындап отыр. Ондағы себеп, оның мектеп жағдайында қызмет ету өрісінің тарылуы.

Дегенмен де елдегі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі, жеке меншіктің әртүрлі формасын енгізу, көптеген маңызды заңдарды қабылдау оқушылардың еңбек тәрбиесінің мәні мен бағытын түбегейлі өзгертеді, өмірге жаңа көзқараспен қарау және еңбектің формасын түрлендіруді міндеттейді.

Еңбек баланың сүйікті ісіне айналуы үшін, оның нәтижесін және қуанышын бастан кешіруі тиіс. Сондықтан еңбекке оқыту барысында оқушыларды шамасына және жасына шақ келетін практикалық істерге қатыстырып, еңбектің нәтижесін көру мүмкіншілігін және өзінің абыройын жоғары ұстау сезімін тудыруы негізінде құру орынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет