Температураны өлшеу
Термометр негізінен сынап резервуарынан тұратыны барлығымызға белгілі. Оған бірден ұласа капеляярлы трубка орналасқан. Аяғы бос болып келеді. Сынап тек қана резервуарда ғана емес, капелярлы трубкада да болады.кпелярлы бос болып келетін жағында ауа болмайды.Капелярлы трубка жанында әйнек бар.Оны сүтті әйнек деп атайды.Осы әйнекте бөлінулер орналасқан Ұзын қаралары әдетте бүтін градустарды, ал кішкентайлары ондықтарды көрсетіп 0,2-05 арасында белгіленеді.ал әрбір 5-10 аралығында сандар жазылады. Градустық бөлулер әртүрлі болады.Ол термотрдің бөлінуіне байланысты.
Термометрды толтыру үшін тек қана сынап емес, сонымен қатар спирт пен толуол қолданады. Оның қайнау және суу нүктелері келесідей.
Сұйықтық
|
Температура
|
сууы
|
қайнауы
|
Сынап
|
-38,9
|
356,9
|
Спирт
|
-117,3
|
78,5
|
толуол
|
-95,1
|
110,5
|
Осы таблица бойынша сынапты термометрі -38,9 градустан төмен көрсете алмайтынын байқаймыз. Ал одан төмен болса термометр істен шығып кетуі ықтимал. Төмен температураны өлшеу үшін спиртті немесе толуолды термометр болуы керек.
Психометрлі термометрлер. Ауаның темпетатурасын және ылғалдылығын өлшеу үшін қолданылады.Ұзындығы 39 см-ден 42 см-ге дейін барады. Диаметрі 9-12мм болады. Осы термомтреді станцияда психометрде қолданылады. Және психометрлік будкада, вертикальды тұрғыда қолданылады.
-36 градус төмен болатын жерлерде сынапты термометрлер емес, спиртті термометрлер қолданылады.
Максимльды термометр. Максимальды термометр өлшу үшін қолданылады. Бақылау уақыты ұзақ болған жағдайда қолданылады. Орналастырылғаннан кейін термометр резервуарын төмен қаратып қою керек.
Минимальды термометр максимальды термометрге керісінше қарама – қарсы болып келеді.минимальды термометр спирт немесе толуолмен толтырылады.
Термометрден белгіленген белгілерді алғанда 0,1 градусқа ьдейін дұрыс алу керек. Оны қарағанда көз деңгейі сынап тұрған жермен бірдей болып, шкаланың бөлінуі қара түспен көрсетілген. Санауды ондықтан бастаған жөн, содан бүтін градустарды бақылау керек.
Түзетулер. Әрбір термометрді алғанда онда сертификат немесе куәлігі болуы қажет.Себебі осы сертификат немесе куәлікте түзетулер болады. Мысалы психоиетрлік термометрде № 313985/1403 екінші кестеде берілген.
1 кесте
Температура
|
-10
|
0
|
+10
|
+20
|
+30
|
+40
|
+50
|
түзету
|
+0,2
|
+0,1
|
+0,1
|
-0,1
|
-0,1
|
-0,1
|
-0,0
|
2 кесте
Түзетулер
-10,0 -5,8 +0,2
-4,9 +12,9 +0,1
+12,6 +17,5 0,0
+17,6 +45,0 -0,1
+45,1 +50,0 0,0
Екінші кесте өте ыңғайлы көрсетілген. Түзетулерде көрсетілгендей еге 19,8 градус болса, оған -0,1 градус қосу керек. Яғни, қорытындысы 19,5-0,1=19,4.
Термометрді орналастыру.Термометрді орналастыру үшін күн сәулесі тікелей түспейтіндей жерден қою керек. Термометрлерді орналастыру үшін метеостанйияларда метереологиялық будка қолданылады. Оның ішкі размерлері; биіктігі 525 мм, ені 460 мм, тереңдігі 290 мм.
Ауаның ылғалдылығын өлшеу.
Жұмыс істеуге қажетті құралдар: гигрометр, кесте, термометр, метеорологиялық бутка, психометрлік кесте.
Гигрометр салыстырмалы ылғалдылықты анықтау үшін қажет. Ол адамның майланбаған шашынан жасалады, салыстырмалы ылғалдылықты ауысқанды өзінің ұзындығын өзгертеді.
Прибордың құрылысы: майсыз шаштың бір жағы жоғарыда орналасқан реттеуші винтке, екінші жағы төменде орналасқан блокқа бекітілген. Блокқа стрелка бекітіліп, оның шетінде шкала орналасқан. Ылғал көбейгенде шаш ұзарады, стрелканың шеті ылғалдылығы жоғары жаққа қарай қозғалады. Ал ылғалдылық азайғанда шаш қысқарады да стрелка аз бөлікке қарай қозгалады.
Айта кету керек ылғалдылық 0 – ден 10 %-ға дейін өзгергенде шаштың ұзаруы 4 есе үлкен болады да, 90%-дан 100 % өзгеруге қарағанда. Бұл дегеніміз салыстырмалы ылғалдылық жоғарылағын сайын шаштың сезімталдығы азаяды.
Гигрометрді орналастыру. Гигрометрді жер бетінен 2 метр биіктікте метеорологиялық буткеге орналастырады. Оны көлнңкеге орналастырады, өйткені күн сәулесі түссе температура жоғарылап шашты кептіріп жібереді де көрсеткіш дұрыс болмайды.
Бақылау. Гигометр бойынша ылғалдылықты өлшеу үшін, стрелканың шеті тиіп тұрған цифраларды қарап, стрелкаға тура қарау керек.
Шаш гигрометрдің ерекшеліктері мен кемшіліктері: шаш гигрометр тура көрсетуі 5 %-дан аспайды, бұл дегеніміз шаш гигрометр ылғалдылықты нақты көрсете алмайды. Сонымен бірге шаш өте мықты емес. Сондықтан басқа да заттарға ауыстыруға қадам жалғастырылған ылғалдылыққа сезімтал адамның шашынан басқа ештеңе табылмады.
Егер шаш көп уақыт өте құрғақ ауада тұрса өзінің сезімталдығын жояды. Ылғалдылығы төмне аймақтарда, мысалы, биік тауда, шөлді жерлерде гигрометрді қалташаға (футляр) салып қояды.
Атмосфералық қысымды өлшеу.
Ауа қысымын ауыл шаруашылығында келесі мақсаттар үшін өлшейді: жергілікті жерді барометрлік ниверлирлеу кезінде, жоспар құрғанда, экспедициялық жағдайларда және де жергілікті жердің көрсеткіштері бойынша ауа райын болжағанда қолданылады.
Кеселі (чашечный) барометр. Егер де бір жақ түбі бітеу, ұзындығы 80см болатын түтікті алып, оны сынаппен толтырып, саусағымызбен жауып тұрып төңкеріп, ашық тұрған жағын сынап толтырылған кесеге салсақ, (1-сурет) содан кейін саусағымызды алсақ, онда сынаптың бір бөлігі түтіктен кесеге төгіледі; түтіктегі сынаптың деңгейі ауаның қысымына байланысты белгілі бір биіктікте болады. Кеседегі сынаппен түтіктегі сынаптың арсындағы ара қашықтық деңгейі барометр биіктігі деп аталады. 1-суретте барометр биіктігі AB ара қашықтығына тең.
Түтіктегі және кеседегі сынап тынышықтық күйінде тұр. Ауа қысымының кеседегі сынаптың әрбір бірлігі түтік ішіндегі сынап бірлігіне тең екенін көрсетеді. Егерде бұндай теңдік болмпған жағдайда сынап түтіктен кесеге немесе керісінше құйылатын еді. Егер ауа қысымы жоғарыласа, онда сынап біртіндеп кескден түтікке құйылып, барометр биіктігі жоғарылайды. Егер ауа қысымы төмендесе, онда сынаптың бір бөлігі түтіктен кесеге құйылып, барометр биіктігі төмендейді. Сынаптың биіктігін өлшеу арқылы біз ауа қысымының көлемін анықтаймыз. Сынап барометрінің құрылысы осыған нгізделген.
Кеселі барометр құрылысы.(2-сурет) Бір жақ түбі бітеу шыңы ішінде сынабы бар барометрлік түтік (1) ішінде сынабы бар кесе қақпақшасына (2) бекітілген және футляр қызметін атқаратын металл түтікке (3) салынған. Түтіктің (3) жоғарғы жағына терезешелер жасалынған, сол арқылы сынаптың деңгейін тексеруге болады. Латунды түтікке миллиметрлік бөлінулер көрсетілген. Соған қарап барометр биіктігін тексеруге болады. Бөлінулер көлемі кеседегі сынаптың өзгеруін ескереді. Оныншы бөлшектің ең кіші бөліну шкаласын санау үшін жылжымалы нониус (4) бар, оны кремальера (5) көмегімен араластыруға болады. Латун түтігінің төменгі жағында сынап температурасын өлшеуге арналған термометр бар. Барометр кесесінде винт (6) бар. Егер де оны 2-3 рет бұраса, онда кекнің ішкі бөлігі сыртқы ауамен байланыста болады. Сонымен қатар винт кесеге шаңдар мен сыртқы ластанудан қорғайды.
Барометрді орнату. барометр агрометеорологтың кезекші бөлмесінде пештен, жылыту батареясынан, сыртқы есіктен, ашылмалы терезеден алыста орнатылады. Барометр ілінетін қабырға капитальды және есігі болмау керек. Барометрге күн сәулесі түспеуі керек. Барометр қабырғаға мықтап бекітілген арнайы шкафта орнатылады. Шкаф барометрді әр түрлі ластанудан және температураның күрт өзгеруінен қорғайды. Барометр шкафтың артына бұралған арнайы болтқа ілінеді. Барометр кесесі еденнен 70-75см биіктікте болуы қажет. Сынап анық көрінуі үшін шкафтың артқы қабырғасына ақ қағаз жабыстырылады. Түнгі уақытта барометр көрсеткішін бақылау үшін қол фонаригі немесе қуаты 25-40 ваттан аспайтын лампа қолданылады.
Барометр көрсеткішін есептеу. Барометрге жақындағаннан кейін, ең алдымен термометр көрсеткіштерін дәлдікпен 0,1° дейін есептеп алып, бақылау кітапшасына көрсеткішті есептеп, жазып қою қажет. Содан кейін сынаптың шыңыға жабысып қалмауы үшін барометрді бір-екі рет саусақпен қағып қою қажет және нониустың төмеңгі бөлігі және ползунканың төмеңгі бөлігінен өтетін көлденең беткей сынап менискінің жоғарғы нүктесіне тиетіндей етіп кремальердің көмегімен нониусты орнатады. Көздің ешқандай деңгейінде нониус пен менисктің жоғарғы нүктесінің арасында жарық болмауы керек.
Барометрді түзету. Барометрден алынған мәліметтерге үш өлшеулер енгізу қажет. Біріншісі, инструменттік түзету. Ол дұрыс емес приборға байланысты; ол дұрыс барометрдін көрсеткіштерімен сәйкестендіріледі.
Екінші түзету – ауырлық күштің таралуына байланысты. Әр түрлі ендіктерде ауырлық күшінің бірдей таралуына байланысты, бір ауа қысымы әр түрлі биіктіктегі сынап бағанасымен теңестіріледі; экваторда бұл сынап бағанасының көлемі полюстерден жоғары; экватордан полюске жылжыған уақытта ауырлық күші жоғарылайды; яғни, сынаптың биіктігі, теңескен ауа қысымы төмендейді. Сондықтан әр түрлі нүктедегі нәтижелерді салыстыру үшін бір ендік таңдап алынған. Барлық барометр көрсеткішін 45° ендікке келтіруге келіскен. 45° ендіктен аз станцияларға сынап бағанасын азайту керек, түзетүдің белгісі минуспен көрсетіледі; 45° ендіктен көп станцияларға сынап бағанасын жоғарлату қажет, түзету белгісі плюспен белгіленеді. Әрбір жергде ауырлық күші әр түрлі болғандықтан түзету міндетті болып келеді. Барометр көрсеткіштерін 45°ендікке түзету 1-кесте арқылы анықталады.
Үшінші түзету – температураға байланысты орындалады. Сынап пен шкаланың температурасы өзгергенде барометр көрсеткіштері де өзгереді. Барлық приборларда шкаланы дайындау үшін бір материал пайдаланылады. Ол - латунь. Сондықтан температураның көрсеткіштерін алдын ала есептеп дайын кесте құруға болады. Нәтижелерді салыстыру мақсатында барометр көрсеткіштерін тұрақты температураға келтіру қажет. Әдетте ол 0°C, түзету 2-кесте бойынша анықталады.
Метеорологиялық станция және барометрға нақты кесте құру үшін 0°С барометр көрсеткіштеріне инструменттік және ауырлық күш түзетуін енгізу керек. Егер де метеорологиялық станция теңіз деңгейінен 400м биіктікте орнласса, барометр көрсеткіштеріне теңіз деңгейі биіктігіне түзету енгізу қажет.
Қысымның әдеттік құбылмалығына мына түзету тең:
Теңіз деңгейінен станцияның биіктігі (м) түзету (мм)
400-ден 1000-ға дейін -0,1
>> 1000 >>1600 - 0,2
Қысымның миллиметрлік көрсеткішін миллибарға және керісінше аудару. Ауа қысымы миллиметр сынап бағанасымен немесе миллибар (мб) арқылы көрсетілуі мүмкін.(Ауа райы қысымы картасында мб-мен көрсетіледі ) 1 миллибарға 0,75 мб тең, 1миллиметрге 1,33 мб тең. Есептеуді жеңілдету үшін дайын кесте арқылы қысым көрсеткіштерін аударуға болады.(3 – 4 кесте)
Барометрлік ниверлирлеу. Барометр – Анероид.
Барометрлік нивелирлеу – жердегі бір нүктенің екінші нүктеден биіктігін, осы нүктелердегі ауа қысымының өзгеруіне байланысты анықтау. Ол нивелир мен рейканы қолдану ыңғайсыз болғанда пайдаланылады: а) рельефтің өзгеруіне байланысты, таудағы алыс емес ара қашықтық биіктіктері өзгергенде; б) үлкен ара қашықтықта биіктіктің өзгеруі кезінде; в) қысқа уақыттың ішінде белгілі бір жердің рельефін картаға түсіргенде; г) нивелирді қолдануға мүмкіндік болмаған табиғи жағдайларда, мысалы: мибатпақ, орманның сулы аймағында және т.б. осындай аймақтарда барометрлік нивелирлеу қолданылады және тасуға ыңғайлы анеройд приборын пайдаланады.
Барометр – анероидтың құрылысы.(3-сурет) Толқынды келген домалақ металл қорап (1); қораптан ауасы сорып алынған. Жоғарыда қораптың ортасына бағана бекітілген (2). Бағаның басына қатты серіппе бекітілген (3), ол қорапты созады. Оған сыртқы ауа қысымы қарсы тұрады, ол қорапты сығады. Нәтижесінде қозғалмалы тепе – теңдік қалыптасады. Егер де ауа қысымы жоғарыласа, ол серіппеден өтіп, қорапты қысады; егер де ауа қысымы әлсіресе, серіппе қорапты созады. Түпкі бөлігі қозғалмайтындықтан, қорапты сығу мен созу үстіндегі қабат есебінен жүреді.
Рычагтар көмегімен осы қозғалулар шкаланың үстіндегі тілшеге беріледі. Тілшеге қарай ауа қысымының көлемін көруге болады. Қораптың және төмеңгі бетінің толқынды бөлігі оларды эластикалық күйге келтіреді. Прибордың беткі бөлігінде доға тәрізді термометр орналасқан. Ол арқылы прибор температурасын анықтайды. Себебі температура өзгергенде серіппенің иілмелі қасиеті өзгереді. Серіппенің температурасы жоғары болған сайын, оның иілмелігі төмендейді. Серіппенің иілмелік қасиетін өтеу үшін, қорапты азотпен толтырады. Жоқары температурада азот серіппенің иілмелігнің әлсіреуін азайтады.
Анероидты түзету. Жоғарыда аталған компенсацияның жабдықтарға қарамастан толық компенсацияға, яғни анероид көрсеткіштерінің температура өзгерісіне қол жетпеді. Сондықтан әрбір анероидты әр түрлі температурада тексеруге және құралдың тексеру куәлігінде температуралық түзетуді жазуға тура келеді.
Температуралық түзетуден басқа, шкалаға түзету беріледі. Себебі барлық анероидтардың шкалалары стандарт бойынша жасалады, бірақ әр анеридта өз құралдық дәлсіздіктері болады. Сондықтан анероидты барлық шкала бойынша 10 мм ауа қысымы интервалымен тексеруге тура келеді; тексеру куәлігінде әр жеке бөлікке түзету беріледі, яғни шкалаға түзету кестесі беріледі.
Қораптың серпімді қасиеттері уақытқа байланысты ғана емес, сонымен бірге қысым едәуір өзгергенде де өзгергді. Төмен қысымға тап болғаннан кейін бұрыңғы қысымға әкелінген жаңа қорап өзінін бастапқы күйіне келе алмайды. Бұның себебі қорап пен серіппнің гизтерезисі болып табылады. Қысым өзгерісіне қшыраған анероид, бұл қайталана бергенде азырақ гистерезиске ие болады. Қорап пен серіппенің гисиерезисін есепке алу үшін қосымша түзету деген ұғым енгізіледі. Осылайша әр анероид үшін үш түрлі түзету болады.
Желдің бағыты мен жылдамдығын анықтау. Атмосфералық жауын-шашын мен булануды өлшеу.
Аненометр желдің жылдамдығын өлшеу үшін қызмет етеді. Шеңбердің жоғарғы жағына сым орнатылған. Әр сымның ұшында чашка орнатылған. Оның иілген жағы бір жаққа жарты бөлігі келесі жаққа қарайды. Шеңбердің келесі жағында винт, ол тиісті есептеуішпен байланысады. Шеңбер айналғанда әр есептеуіште үш тілше болады, үлкен тілі 0 ден 100 дейін, кіші тілдер жүз мың айналымды көрсетеді.
Есептеушті қосу үшін белгілі қашықтықтан ортаға екі жіп байлайды екі сақинаға кигізеді. Бір жіпті тартса, арретир жоғары ауысады, есептеуішті қосады, келесі жіпті тартса арректир төмен түседі есептеуішті өшіреді.
Желдің жылдамдығын анықтау үшін қазықты керекті ұзындыққа анемометрді бұрайды. Анемометр айналып тұрған бөлігін желдің жылдамдығын өлшеу мөлшеріне қойылады.
Жел анемометр чашкаларын басады иілген жағын. Иілген беті айналғанда желмен қозоғалады, сондықтан айналғанда крестовина қысымы әлсірейді.
Алғашында есептегіш 1236-ны көрсетеді, соңында 1825-1236=589 айналым немесе 5,9 айналым 1 секундта. Тексеру куәлік секундына желдің жылдамдығын 6,4 м/сек-ке тең.
Қол анемометр ерекшілігі автордың зерттелгені, анемометр дұрыс көрсеткіш болады, желдің бағыты көлденең крестовина бетінен сәйкес келсе жел крестовинаның тік бұрышынан соқса крестовина бірдей жылдамдықта өз айналуын азайтады, қате көрсеткіштер көрсетеді. Егер бұрыш жел бағытымен крестовина бетінен (300) болса, көрсеткіш мөлшерімен келеді. Егер бұрыш 730 кресттвина желде айналмай қалады, градус жоғарлап кетсе қарсы жаққа айналып кетеді өрсеткішті азайтады.
Тумбтар таблицасы
Атауы
|
Шартты белгілер
|
(вб) белгіленуі
|
орысша
|
халықаралық
|
солтүстік
Солт.-солт.шығыс
Солтүстік-шығыс
Шығыс-солтүстік шығыс
Шығыс
Шығыс-оңтүст.шығ
Оңтүст.шығ
Оңтүст.оңтүст.-шығыс
Оңтүст.
Оңтүст.Оңтүст. бат.
Оңтүст.бат.
Бат.оңтүст. Бат.
Бат.
Бат.солт.бат.
Солт.бат.
Солт.Солт.бат.
|
С
ССВ
СВ
ВСВ
В
ВЮB
ЮB
ЮЮB
Ю
ЮЮЗ
ЮЗ
ЗЮЗ
З
ЗСЗ
СЗ
ССЗ
|
N
NNE
NE
ENE
E
ESE
SE
SSE
S
SSW
SW
WSW
W
WNW
NW
NNW
|
0 н/се 300
22,5
45
67,5
90
112,5
135
157,5
180
202,5
225
247,5
270
292,5
315
337,5
|
Вильд Флюгердің құрылымы орнатылуы. Желдің бағыты мен жылдамдығын Вильд Флюгер арқылы анықтауға болады. Бір жағы жабық темір түтікге бір ұшымен тік ось киілген еркін айнала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |