Бұлтты бақылау.
№ 1 Практикалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ : Күн радиациясының қарқындылығы мен сіңген жылудың шамасын / сандық/ анықтау.
МАҚСАТЫ : Радиациялық баланстың құрамдас бөліктері мен жердегі әртүрлі денелердің жылу сіңірген ерекшеліктерімен танысу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : Күн радиациясының мына түсініктеріне анықтама бер:
а/ күннің тура радиациясы / S /.
б/ шашыранды радиация / Д /.
в/ жиынтық радиация / Q /.
г/ шағылған радиация / Ч /.
д/ жердің сәулеленуі / нұр шашуы/ /Еж /.
е/ Атмосфераның сәулеленуі /Еа /.
ж/ тиімді сәулелену / Ет/.
з/ қысқа толқынды радиация .
и/ ұзын толқынды радиация .
к/ күн тұрақтылығы / Sо/.
л/ жердің әрекеттегі қабаты / деятельный слой/ .
Егер актинометр бойынша күн радиациясының қарқындылығы минутына 1,10 кал/ см ², ал күннің биіктігі 35° болса, онда горизонтальды жер бетінің 1 см ² ауданына 1 минутта қанша Күн радиациясы түседі?
Перпендикулярлы бетке түсетін күннің тура радиациясының қарқындылығы минутына 1,3 кал/ см ² тең. Күннің горизонттан биіктігі 55° болғанда горизонтальды бетке келіп түсетін күн радиациясының қарқындылығын тап?
Тұнық атмосфера коэффициенті Р=0,70, күннің горизонттан биіктігі 30° горизонтальды бетке түсетін күн радиациясының қарқындылығын тап?
Күннің горизонттан биіктігі 30°, перпендикуляр бетке түсетін күн радиациясының қарқындылығы минутына 1,3 кал/ см ² болған жағдайдағы инсоляция қарқындылығын / S / анықта.
Күннің тура радиациясының мөлшері минутына 1,0 кал/ см², ал шашырынды радиациясының мөлшері тураның 10%, яғни Д=10%. Егер күннің биіктігі 50°, онда ылғалды қара топырақ қанша жылу сіңіреді?
Егер минутына шалғын шөпке қарқындылығы S= 1,18 кал/ см² радиация ағым түссе, онда шөп қанша жылу сіңіреді?
Төмендегі мәліметтер бойынша: күннің инсоляция қарқындылығы минутына 1,0 кал/ см², шашыранды радиация Д = 0,30 кал/ см², ал тиімді сәулелену мөлшері Ет = 0,10 кал/ см² кепкен шөппен төселген топырақ жамылғысының радиациялық балансын есептеп тап?
Мына мәліметтер бойынша: инсоляция қарқындылығы минутына 0,80 кал/ см², шашыранды радиация Д = 0,2 кал/ см², ал тиімді сәулелену мөлшері Ет = 0,1 кал/ см² тең, құрғақ құмның беткі қабатының радиациялық балансын есептеп тап?
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
Хромов С. Г. , Мамонтова Л.К. Метеорологический словарь. Л., Гидромет., 1974
Географический энциклопедический словарь. Понятия и термины. М., « Сов. энциклопедия», 1988
№1 кесте. Әртүрлі бұрыштардың синустарының мәні.
№2 кесте. Күннің горизонттан биіктігіне байланысты атмосфера массасының сандық шамасы.
№3 кесте. Әртүрлі жер бетінің альбедосы.
Лабораториялық жұмысқа арналған дәптер.
МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Радияциялық баланстың теңдігі R=S+Д – Ч + Еа – Еж ;
S- күннің тура радиациясы. Жердің Күнге дейінгі ара қашықтығы үлкен болғандықтан / 150 млн. км./ күннің тура радиациясы параллельді сәулу ағыны сияқты. Күннің тура радиациясының қарқындылығы минутына жер бетінің 1 см² келіп жететін энергияның мөлшерімен есептеледі де калориямен беріледі /кал/ см²/. Егер осы шаманың күннің горизонттан биіктік бұрышының синусына / һ / көбейтсе, онда вертикальды, тура күн радиациясының шамасы /S/: S= S·sin h шығады.
Күннің шашыранды радиациясы дегеніміз горизонтальды Жер бетіне атмосфера, бұлттар, шаң-тозаңдар және әртүрлі қоспалардың шашыратқанынан кейін келіп жететін күн радиациясының мөлшерін айтады. Сонымен қатар шашыранды радиация құрамына әртүрлі заттар ақылы шығарылған, мысалы таулар, ағаштар, құрылыс объектілері т.б радиация да енеді. Жиынтық радиациясы / Q /- горизонтальды жер бетіне келіп жететін тура және шашыранды радиацияның жалпы мөлшері; кейде оны инсоляция деп атайды: Q =S+Д; шағылған радиация /Ч/- жер бетінен шағылған радиация мөлшері Жердің сәулеленуі / нұр шашуы/ / Еж/ -Жердің әрекеттегі қабатынан жоғары атмосфераға бағыталған ұзын толқынды радиация.
Қарама-қарсы сәуле – атмосферадан жер бетіне бағытталған ұзын толқынды сәуле / Еа /
Тиімді сәулелену /Ет / - жер мен атмосфера сәулеленуінің айырмашылығы : Ет = Еа –Еж.
№1 кесте
Әртүрлі бұрыштардың синусының мәні / инсоляция шамасын есептеу үшін/
0°
|
5°
|
10°
|
15°
|
20°
|
25°
|
30°
|
35°
|
40°
|
45°
|
50°
|
55°
|
60°
|
65°
|
70°
|
75°
|
80°
|
85°
|
90°
|
0,00
|
0,09
|
0,17
|
0,26
|
0,34
|
0,42
|
0,50
|
0,57
|
0,64
|
0,71
|
0,77
|
0,82
|
0,87
|
0,91
|
,94
|
0,97
|
0,98
|
1,00
|
1,00
|
№2 кесте
Күннің горизонттан биіктігіне байланысты атмосфера массасының өзгеруі / Р = 760 млн. болғанда/
90°
|
80°
|
70°
|
60°
|
50°
|
40°
|
30°
|
20°
|
15°
|
10°
|
5°
|
0°
|
1,00
|
1,02
|
1,06
|
1,15
|
1,30
|
1,55
|
2,00
|
2,90
|
3,82
|
5,40
|
10,4
|
35,40
|
№3 кесте
Әртүрлі жер бетінің альбедосы
Жер беті
|
альбедо %
|
Жер беті
|
альбедо %
|
Жыртылған құрғақ жер
|
8-12
|
Бидай
|
10-15
|
Жыртылған ылғалды жер
|
5-7
|
Көк шөп
|
26
|
Құрғақ сазды топырақ
|
30
|
құрғақ шөп
|
19
|
Ылғалды саз
|
16
|
орман /қылқанды/
|
15
|
Ылғалды топырақ
|
5-10
|
Дәнді дақылдар
|
10-25
|
Қара топырақ
|
15
|
Шалғын
|
20-25
|
Ақшыл құм
|
35-40
|
Жаңа жауған қар
|
70-90
|
|
|
Күннің горизонттан биіктігі 5° болғанда су бетіне түсетін тура радиация
|
70-80
|
№ 3 Практикалық жұмыс.
Тақырыбы: Ауа ылғалдылығының көрсеткішін анықтау.
тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Конденсация процессі дегеніміз не?
Егер максимальді ылғал құрамы абсолюттік ылғалдылыққа тең болса, онда салыстырмалы ылғалдылық неге тең?
тапсырма. 1 кестені талдай отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
1,6 г/м3, 9,4 г/м3 абсолюттік ылғалдылықта ауа қандай температурада қанығады?
Ауаның абсолюттік ылғалдылығы 12,8 г/м3, 30,0 г/м3. Қандай температурада оның салыстырмалы ылғалдылығы 100 процентке тең?
Максимальды ылғал құрамы мөлшерінің ауа температурасына байланыстылығы
-
Температура 0С
|
-20
|
-15
|
-10
|
-5
|
0
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
Максимальды ылғал құрамы г/м3
|
1,1
|
1,6
|
2,4
|
3,4
|
4,9
|
6,8
|
9,4
|
12,8
|
17,3
|
23,1
|
30,0
|
3-тапсырма. Егер су буының парциалды қысымы (е) және ауаны қанықтыратын қанығу қысымы (Е) белгілі болса, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы неге тең?
А) е = 5,3мм, Е = 10,5мм.
Б ) е = 5,9мм, Е = 9,8мм.
В ) е = 16,6мм, Е = 20,8мм.
Г) е = 11,6мм, Е = 29,2мм.
4-тапсырма. Ауа +5 0С температурада және 6,3г/м5 абсолюттік ылғалдылықта 2100 м-ден 100 м-ге дейін биіктікте төмендейді, Төмен түскен ауаның температурасын, оның абсолюттік ылғалдылығын, максимальды ауа құрамын, салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңыздар.
5- тапсырма. Егер салыстырмалы ылғалдылық(f) және абсолюттік ылғалдылық(a) белгілі болса ауаны қанықтыратын қанығу қысымы неге тең?
А) f = 73%, а= 8,7мм.
Б ) f = 32%, а = 5,4мм.
В ) f = 92%, а = 9,9мм.
Г) f = 64%, а = 10,2мм.
Практикалық жұмыс.
ТАҚЫРЫБЫ : Желдің жылдамдығы мен бағытын, румб бойынша әртүрлі бағытта қайталанып отыруын анықтау.
МАҚСАТЫ : Анықтай білу:
Желдің жылдамдығы мен бағытын;
румб бойынша желдің әртүрлі бағытта қайталанып отыруын;
табиғи ортаның дамуында желдің маңызы мен ролін түсіндір.
МАЗМҰНЫ :
« Циклон», «Антициклон», « Барикалық градиент», «Жер айналымындағы ауытқу күші» терминдеріне анықтама бер.
Бофорт шкаласын пайдалана отырып / №1 кесте/ желдің жылдамдығы мен күшін анықта.
№1 суретті пайдалана отырып жел бағытына сипаттама бер, талдау жаса.
Жергілікті / бриздер, өзендер, таулы-аңғарлы және маусымдық/муссондар/ желдерге анықтама бер.
Кез-келген жердің табиғи жағдайының дамуындаағы желдің маңызын анықта.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
Географический энциклопедический словарь. Понятия и термины. М., 1988.
№1 кесте. Желдің жылдамдығы мен күшін анықтайтын Бофорт шкаласы.
№1 сурет. Жел бағыты.
№2 кесте. Жел румбысы.
МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:
Желдің бағыты горизонттың қай жағынан соқса сол бойынша анықталады. Мысалы, солтүстік жел- солтүстіктен оңтүстікке соғады, шығыс- шығыстан батысқа. Соғатын желдің бағытын нақтылы анықтау үшін горизонт жақтары румбқа бөлінген. Румбтар аталған горизонт жақтарының бас әрпімен белгіленеді / 2 кесте/. Желдің бағытын, күшін, жылдамдығын / жай көзбен / Бофорт шкаласымен анықтауға болады. / 1 кесте/.
Кез-келген жердің жел бағытын анықтау үшін /ай, жыл мезгілдері, бүкіл жыл/ бір нүктеден сегіз түзу сызық сызады. Көршілес орналасқан түзу сызықтар арасындағы бұрыш 45° болу керек. Әрбір жекеленген түзу сызық белгілі бір румбқа сәйкес келеді – С, О, Б, Ш т.б. Әрбір түзу сызыққа / румбқа/ осы нүктеде қайталанып отыратын жел бағытын белгілі бір масштаб бойынша түсіреді. Қай румбта қайталанып отыратын жел бағыты көп болса сол жел басым.
Жел бағытын бірнеше жылдық бақылаулардың орташа көрсеткіші арқылы да құруға болады, ол үшін орташа көрсеткішті процентпен белгілейді. Кез- келген уақыт аралығындағы барлық бақылауларды 100 % деп белгілейді.
№1 суретте 25 жыл аралығында / сәуір айы/ жел бағытының қайталануы көрсетілген, оның процентпен берілген сандық шамасы төмендегідей.
С-8 %
С-Ш- 10 %
Ш-18 %
О-Ш- 24 %
О-12 %
О-Б-12 %
Б-10 %
С-Б-3-6 %
Осы жағдайдағы басым жел оңтүстік-шығыс желдері, ал қайталануы сирек болатын солтүстік – батыс және солтүстік желдер.
№1 кесте
Желдің жылжамдығы мен күшін анықтайтын Бофорт шкаласы
Желдің әрекеті
|
Желдің күші / Бофорт балы /
|
Желдің жылдамдығы, м/с
|
Түтін жоғары тік, вертикальды көтеріледі. Ағаш жапырақтары қозғалмайды.
|
Штиль
0
|
0 - 0,5
|
Түтін қисайып көтеріледі, желдің бағытын көрсетеді. Жапырақтар қозғалмайды.
|
Тыныш
1
|
0,5 - 1
|
Жел соққанын сезінеміз. Флюгер жалауы қозғала бастайды.
|
Баяу
2
|
2 – 2
|
Жел жапырақтарды тербелтеді. Су беті қозғала бастайды.
|
Әлсіз
3
|
4 – 5
|
Ағаш бұтағы, тіпті оның жоғарғы бөлігі қисаяды, жерден шаң-тозаң, қағаз көтеріледі.
|
Қоңыржай
4
|
6 – 7
|
Ағаштың жұқа бұтақтары тербеледі, су бетінде толқындар пайда болады.
|
Самал жел
5
|
8 – 9
|
Ағаштың ірі бұтақтарының қозғалуы, су толқыны биіктігінің артуы.
|
Едәуір қатты
6
|
10 – 12
|
Желге қарсы жүрудің қиындауы, ағаш діңгегінің қозғалуы.
|
Қатты
7
|
13 – 15
|
Ірі ағаштардың қозғалуы, бұтақтардың сынуы.
|
Өте қатты
8
|
16 – 18
|
Ағаштардың сынуы, кейбір жеңіл ағаштардың қозғалуы.
|
Дауыл
9
|
19 – 21
|
Апатты өзгерістер
|
Қатты дауыл
10
|
22 – 25
|
Ірі ағаштардың тамырымен алынынп кетуі.
|
Өте қатты дауыл
11
|
25 – 29
|
Құрылыс объектіліеріндегі апатты өзгерістер.
|
Құйын
12
|
29 көп
|
Көріну шкаласы
Балл
|
Көріну қашықтығы
|
Балл
|
Көріну қашықтығы
|
0
|
50 м аз
|
5
|
2 – 4 км
|
1
|
50 – 200 м
|
6
|
4 – 10 км
|
2
|
200 – 500 м
|
7
|
10 – 20 км
|
3
|
500 – 1000 м
|
8
|
20 – 50 км
|
4
|
1 – 2 км
|
9
|
50 км көп
|
№2 кесте
Жел бағыты / румб/
Әріппен белгілеу
|
Румб атауы
|
Қазақша
|
Халықаралық
|
С
|
N
|
Солтүстік
/норд/
|
ССШ
|
NNE
|
солтүстік – солтүстік – шығыс
/норд- норд-ост /
|
СШ
|
NE
|
солтүстік – шығыс / норд – ост /
|
ШСШ
|
ENE
|
шығыс –солтүстік – шығыс
/ост –норд – ост /
|
Ш
|
E
|
шығыс
/ ост /
|
ШОШ
|
ESE
|
шығыс –оңтүстік- шығыс
/ ост – зюйд – ост /
|
ОШ
|
SE
|
оңтүстік –шығыс
/ зюйд – ост /
|
ООШ
|
SSE
|
оңтүстік – оңтүстік –шығыс
/зюйд –зюйд –ост /
|
О
|
S
|
оңтүстік
/ зюйд /
|
ООБ
|
SSW
|
оңтүстік –оңтүстік –батыс
/ зюйд – зюйд – вест /
|
ОБ
|
SW
|
оңтүстік – батыс
/ зюйд – вест /
|
БОБ
|
WSW
|
батыс –оңтүстік –батыс
/ вест – зюйд –вест /
|
Б
|
W
|
батыс
/ вест/
|
БСБ
|
WNW
|
батыс – солтүстік –батыс
/вест- норд – вест/
|
СБ
|
NW
|
солтүстік – батыс
/ норд – вест /
|
ССБ
|
NNW
|
солтүстік- солтүстік –батыс
/ норд –норд- вест /
|
Практикалық жұмыс.
ТАҚЫРЫБЫ : Жер бетіндегі географиялық белдеуле8р мен зоналар.
МАҚСАТЫ :18
Жер шар28ындағы географиялық белдеулер мен зоналардың пайда болу заңдылықтарын түсіндіре білу.
Географиялық қабаттың құрылымы туралы ұғымды тереңдете түсу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :
Дүние жүзі контур картасына жер шарының географиялық белдеулері мен зоналарын түсір.
Ендік бойынша географиялық белдеулер мен зоналардың шекараларының ауытқу себептерін түсіндір. Мына сұрақтарға жауап бер: а/ Географиялық белдеу, физгеографиялық белдеу, табиғи белдеу түсініктерінің арасында айырмашылық бар ма? б/ Жер шарындағы зоналдық пен азоналдықты қандай факторлар анықтайды? Құрлық бетіндегі зоналық неден байқалады? в/ Таулардағы биіктік белеулер қандай факторлардың нәтижесінде қалыптасады?
№1 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып Оңтүстік және Солтүстік жарты шардың географиялық белдеулерінің ауданының ара қатысын көрсететін щеңбер тәріздес диаграмма сызып, мына сұрақтарға жауап бер: а/ Жер шарында қандай географиялық белдеулер ең көп және ең аз ауданды алып жатыр, неге? б/ Жарты шарлар бойынша географиялық белдеулердің таралуында қандай заңдылық байқалады?
Әрбір географиялық белдеуге қанша градус барын есептеп, оны циклограммаға түсір, ол үшін шеткі нүктелерді щеңбердің ортасымен қосу керек. Мысалы: Арктикалық белдеу- 3 3,6%= 10,8%
№1 кесте
Жарты шар
|
Белдеу
|
Ауданы млн.км ²
|
Жердің жалпы ауданы %
|
Солтүстік
|
Арктикалық
|
14,45
|
3
|
|
Субарктикалық
|
17,62
|
3
|
|
Қоңыржай
|
53,22
|
10
|
|
Субтропиктік
|
39,72
|
8
|
|
Тропиктік
|
80,77
|
16
|
|
Субэкваторлық
|
38,65
|
7
|
Оңтүстік
|
Экваторлық
|
22,07
|
4
|
|
Субэкваторлық
|
30,11
|
6
|
|
Тропиктік
|
95,10
|
19
|
|
Субтропиктік
|
33,78
|
7
|
|
Қоңыржай
|
34,47
|
7
|
|
Субарктикалық
|
26,19
|
5
|
|
Антарктикалық
|
23,93
|
5
|
|
|
510,08
|
100
|
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
Дүние жүзі атласы.
Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.
Дүние жүзі контур картасы.
Лабораториялық жұмыс дәптері.
МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:
Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы ұқсас белдеулерді бір түспен беруге болады, бірақ шартты белгілерінде айырмашылық болсын.
Диаграмманы құрарда ауданның бір проценті қанша градусқа тең екендігін есептеп алу керек: 360°=100% х =360° =3,6 %
100 %
3. Әртүрлі белдеулер орналасқан / % / құрлықтардың қарым-қатынасын щеңбер тәріздес немесе столбикті диаграммаға түсіріп, тадау жаса.
СӨЖ тақырыбы
1. Жер беті мен атмосфераның жылу режимі: Жердің жылу балансы
Ауаның ылғалдылық сипаттамасы. Тұман. Бұлттар. Атмосфералық жауын-шашын.
Тұрақты желдер: олардың пайда болу себебі мен сипаттамасы
Циклондар мен антициклондар. Тропиктік циклонға сипаттама.
Жергілікті климат және микроклимат.
Ауа райы және оны болжау. Синоптикалық метеорология.
Атмосферадағы оптикалық және электрлік құбылыстар
Әдебиеттер тізімі:
Байшоланов С.С., Қожахметов Г.Н. Жалпы метеорология: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті,2005.
Моргунов В.К. Основы метеорологии, климатологии. Метеорологические приборы и методы наблюдений: Учебник.-Ростов-на Дону: - Фнеикс,2005.
Неклюкова Н.Л. Общее землеведение.-М.:-Просвещение,1967.
Виткевич В.И. Практические занятия по метеорологии.-М.:-1957.
Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1977.
6. Шубаев Л.П. . Общее землеведение.-М.:- Высшая школа,1969.
Метеорология климатология негіздерімен пәнінен өзін - өзі тексеру тест сұрақтары
1- нұсқа
1. Биіктеген сайын ауа тығыздығы қалай өзгереді?
A) бірігеді
B) жауап жоқ
C) кемиді
D) өзгермейді
E) артады
2. Атмосфераның ең үстіңгі қабаты
A)тропосфера
B)стратосфера
C) термосфера
D) экзосфера
E) мезосфера
3. Қаныққан ауадағы су буының қысымын қалай атаймыз?
A) қанығу қысымы
B) ылғалдылық тапшылығы
C) парциальді қысым
D) сыбағалы ылғалдылық
E) шық нүктесі
4. Салыстырмалы ылғалдылықтың өлшем бірлігі.
A) г/кг
B) г/м
C) %o
D) гПа
E) %
5. Конденсация процесі дегеніміз не?
А) ауа массаларының араласуы
В) су буының сұйық күйге көшуін
С) салқын ауаның қозғалуы
Д) ауаның адиабатты түрде жоғарылауы
Е) су буының қатты күйге көшуін
6. Бұлттар халықаралық классификация бойынша морфологиялық сыртқы белгілеріне байланысты неше пішінге бөлінеді?
А) 4
В) 10
С) 8
Д) 5
Е) 12
7. Абсолюттік ылғалдылықтың өлшем бірлігі.
А) %
В) г/кг
С) гПа
Д) %o
Е) г/м3
8. Сублимация процесін қалай түсінесің?
А) ауа массаларының араласуы
В) су буының сұйық күйге көшуін
С) салқын ауаның қозғалуы
Д) ауаның адиабатты түрде жоғарылауы
Е) су буының қатты күйге көшуін
9. Конвекция дегеніміз не?
А) жоғары бағытталған қарқынды ауа қозғалысы.
В) ауаның адиабатты түрде жоғарылауы
С) үнемі булану және конденсация процестері
Д) қату деңгейінің биіктіктері
Е) су қоймаларының жылу режимі
10. Жоғарғы қабат бұлттарына қандай бұлттарды жатқызамыз?
А) сулы бұлттар
В) будақ, будақ – жаңбыр
С) аралас бұлттар
Д) биік будақ, биік қатпарлы
Е) шарбы, шарбы – будақ, шарбы – қатпарлы
11. Аралас бұлттар деп қандай бұлттарды атаймыз?
А) мұз кристалдарынан тұратын
В) қатты дамыған бұйра бұлттар
С) салқындаған су тамшылары мен мұз кристалдарынан тұратын
Д) бұйра жіңішкелеу бұлттар
Е) су тамшыларынан тұратын.
12. Пайда болып қалыптасу жағдайына байланысты барлық бұлттар неше генетикалық топқа бөлінеді?
А) 2
В) 1
С) 5
Д) 6
Е) 8
13.Смог деп нені айтамыз.
А) тау беткейі тұманы
В) су буы бар екі ауа массаларының араласуы
С) шептік тұман
Д) шығу тегі антропогендік газды және қатты қоспалармен араласқан күшті тұман.
Е) салқын жер бетімен жылы ауа қозғалғанда пайда болатын тұман
14. Қатты жауын – шашынға қайсы жатады?
А) нөсерлі жаңбыр
В) жаңбыр
С) дымқыл жабысқақ қар
Д) сіркіреуік
Е) нөсерлі қар
15. Практикалық метеорологияда біздің елімізде және көптеген Европа мемлекеттерінде температураның өлшемін білу үшін қай ғалым шкаласы қолданылады.
А) Фаренгейт
В) Галилей
С) Цельсий
Д) Реомю
Е) Кельвин
16. Атмосферадағы электрлік құбылыстарға қай құбылыс жатады?
А) ымырт
В) кемпірқосақ
С) найзағай
Д) тұман
Е) жаңбыр
17. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
А) Флюгер
В) термометр
С) гигрометр
Д) барометр
Е) анемометр
18. Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал.
А) Флюгер
В) термометр
С) гигрометр
Д) барометр
Е) анемометр
19. Метеорология ғылымының зерттеу объектісі.
А) литосфера
В) гидросфера
С) атмосфера
Д) жер беті
Е) биосфера
20. Синоптикалық метеорология нені зерттейді?
А) әртүрлі физико – геометриялық аудандар климатының құрылу заңдарын
В) математикалық аппаратты кең қолданып атмосфера физикаларының теориясын
С) атмосфераның жоғарғы қабатындағы процестерді
Д) ауа – райын және оны болжау әдістерін
Е) атмосфералық процестер мен құбылыстың физикалық заңдарын
21. Аэрология ғылымы нені зерттейді?
А) әртүрлі физико – геометриялық аудандар климатының құрылу заңдарын
В) математикалық аппаратты кең қолданып атмосфера физикаларының теориясын
С) атмосфераның жоғарғы қабатындағы процестерді
Д) ауа – райын және оны болжау әдістерін
Е) атмосфералық процестер мен құбылыстың физикалық заңдарын
22. Атмосфераны ғылыми түрде зерттеу қай ғасырдан басталды?
А) XIX ғ.
В) XVIII ғ.
С) XVI ғ.
Д) XVII ғ.
Е) XV ғ.
23. Анемометр аспабын ойлап тапқан, найзағайдың пайда болу схемасын жасаған орыс ғалымы:
А) С. Тянь-Шаньский
В) М.В.Ломоносов
С) Л.С.Берг
Д) Ш.Уәлиханов
Е) В.П.Алисов
24. Ең алғашқы ғылыми метеорологиялық мекеме – Бас физикалық обсерватория қай жылы, қай жерде ашылды?
А) 1849 жылы Ресейде
В) 1902 жылы Алматыда
С) 1856 жылы Парижде
Д) 1835 жылы Лондонда
Е) 1852 жылы Москвада
25. ХХ ғасырда жеке ғылыми пән ретінде құрылған актинометрия нені зерттейді.
А) жел және оның бағытын
В) атмосфералық қысымды
С) атмосферадағы оптикалық құбылыстарды
Д) атмосферадағы сәулелі радиацияларды
Е) атмосфераның жоғарғы қабатын
26. Қазақстан ауа – райын алғаш зерттеген ғалым.
А) Б.П.Алисов
В) Л.С.Берг
С) Ш.Уәлиханов
Д) Л.В.Ломоносов
Е) С.Тянь-Шаньский
27. Атмосфералық жауын – шашындар қарқындылығына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?
А) ақ жауын
В) қатты, сұйық, аралас
С) шептік
Д) массаіші
Е) саябыр, орташа, қарқынды
28. Атмосферадағы оттегінің проценттік (пайыздық) құрамы:
А) 78 %
В) 0,03 %
С) 50 %
Д) 20 %
Е) 21 %
29. Стратосферадағы температураның жоғарылау себебі:
А) Көмірқышқыл газының жинақталуынан
В) Азоттың жинақталуынан
С) Су буының жинақталуынан
Д) Әр түрлі қоспалардың жинақталуынан
Е) Озон қабатының жұқаруынан
30. Бірдей қысымы бар жерлерді қосатын сызықтар:
А) Изотерма
В) Изобара
С) Циркуляция
Д) Горизонталь
Е) Сызықтар
31. Майда мұз кристалдарынан тұратын бұлттар:
А) Шарбы бұлттар
В) Будақ бұлттар
С) Қабат бұлттар
Д) Дұрыс жауап жоқ
Е) Будақ – жаңбыр бұлттар
32. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы:
А) Жұтылған радиация
В) Жиынтық радиация
С) Шашыранды радиация
Д) Шағылған радиация
Е) Тура радиация
33. Диаметрлік өлшем бойынша бірнеше мыңдаған шақырымға созылып жатқан төменгі атмосфералық қысымның ауданы:
А) Циклон
В) Атмосфералық фронт
С) Пассаттар
Д) Антициклон
Е) Штиль (Тымық)
34. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел:
А) Шығыс желдер
В) Бриз
С) Пассат
Д) Муссон
Е) Батыс желдер.
35. Фаренгейт шкаласының интервалы:
А) 1/180
В) 1/100
С) 1/120
Д) 1/90
Е) 1/80
36. Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі – бұл:
А) Экологиялық проблема
В) Шикізат проблемасы
С) Соғыс- бейбітшілік проблемас
Д) Азық- түлік проблемасы
Е) Энергетикалық проблема
37. Тәулік ішіндегі ең төмен ауа температурасы арасындағы айырмашылық:
А) Жылдық ауа температурасы
В) Бір күннің орташа температурасы
С) Бір күнгі ауа температурасы
Д) Тәулік табиғи ауа температурасы
Е) Өзгеру амплитудасы
38. Ауаның жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсіретін күші қалай аталады?
А) Жел
В) Температура
С) Атмосфералық қысым
Д) Күн радиациясы
Е) Атмосфералық ылғал
39. Атмосфералық жауын- шашындар синоптикалық пайда болу жағдайына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?
А) Ақ жауын, сіркіреуік, нөсер
В) Массаіші, шептік
С) Қатты, сұйық, аралас
Д) Тұманды
Е) Бұлтты
40. Ауаның ылғалдылығын қандай аспаптың көмегімен өлшейді?
А) флюгер
В) термометр
С) гигрометр
Д) барометр
Е) анемометр
41. Белгілі бір жердегі және белгілі бір кездегі немесе белгілі уақыт аралығындағы трофосфераның күйі:
А) климат
В) жел
С) қысым
Д) ылғал
Е) ауа райы
42. Күн радиациясы бұл:
А) күннен шығатын жарық пен жылу
В) тәулік ішіндегі ең төмен ауа температурасы арасындағы айырмашылық
C) тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел
D) жылдық жауын –шашынның булануға қатынасы
E) ауаның жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсіретін күші
43. Метеорологиялық өлшемдердің градиенті дегеніміз не?
А) Белгілі бір жердегі және белгілі бір кездегі немесе белгілі уақыт аралығындағы трофосфераның күйі
В) Вертикальдық бағытта бірлік биіктік немесе горизонтальді бағытта бірлік қашықтық сайын метерологиялық өлшемнің өзгеру мәні
С) Ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі
Д) Тәулік ішіндегі ең төмен ауа температурасы арасындағы айырмашылық
Е) Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел
44. Салқынырақ ауданнан жылы жерге басып кірген ауаны қалай атаймыз?
А) жылы ауа массасы
В) салқын ауа массасы
С) радиация
Д) қысым
Е) температура
45. Атмосферада қалқып ұшып жүретін аэрозольдар шығу тегіне қарай қандай екі топқа бөлінеді:
А) табиғи және антропогендік
В) салқын ауа массасы және жылы ауа массасы
С) радиация және циркуляция
Д) қысым мен температура
Е) еркін және байланған
46. Желдің жылдамдығын және күшін анықтайтын шкала:
А) Бофорт
В) Фаренгейт
С) Реомюр
Д) Цельсий
Е) Галилео
47. –350С – тан жоғары температураны өлшеу үшін қолданылатын термометр түрі
А) сұйық
В) сынапты
С) электрлік
Д) спиртті
Е) толуолды
48. Күн радиациясының ауадағы қоспалармен шашырауын қалай атаймыз?
А) биохимиялық шашырау
В) аэрозольдік шашырау
С) физикалық шашырау
Д) молекулалық шашырау
Е) химиялық шашырау
49. Мына жел түрлерінің қайсысы тұрақты желдерге жатады?
А) фендер
В) бриз
С) пассаттар
Д) тау- аңғарлық
Е) баролар
50. Орыс климатологы Б.П. Алисов Жер шарын неше климаттық белдеуге жіктеген?
А) 7 негізгі, 6 өтпелі
В) 2 негізгі, 1 өтпелі
С) 5 негізгі, 2 өтпелі
Д) 8 негізгі, 3 өтпелі
Е) 12 негізгі, 4 өтпелі
2- нұсқа
1. Күннің жерге тура түсетін сәулесін:
А) Жұтылған радиация
В) Жиынтық радиация
С) Шашыранды радиация
Д) Шағылған радиация
Е) Тура радиация
2. Климат түзуші негізгі факторлардың бірі:
А) атмосфера циркуляциясы
В) жер бедері
С) адам
Д) жануар
Е) өсімдік
3. Жылдық жауын –шашынның булануға қатынасы:
А) шық нүктесі
В) қанығу қысымы
С) ылғалдану коэффиценті
Д) ылғалдылық тапшылығы
Е) булану
4. Атмосферадағы су буы, шаң және бұлт күн радиациясын шашыратып таратқанда түзілетін радиация:
А) Жұтылған радиация
В) Жиынтық радиация
С) Шашыранды радиация
Д) Шағылған радиация
Е) Тура радиация
5. Ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі:
А) климат
В) жел
С) қысым
Д) ылғал
Е) ауа райы
6. Жыл ішінде өздерінің бағыттарын өзгертіп отыратын жел:
А) Шығыс желдер
В) Бриз
С) Пассат
Д) Муссон
Е) Батыс желдер.
7. Термикалық қасиетіне байланысты атмосфера неше негізгі сфералық қабаттарға бөлінеді?
А) 2
В) 5
С) 3
Д) 8
Е) 10
8. Күннің салмағы:
А) шамамен 1,99*1030 кг
В) шамамен 22*1020 кг
С) шамамен 5,56*1010 кг
Д) шамамен 2,1*1040 кг
Е) шамамен 3,1*1010кг
9. Жиынтық радиацияның жер бетіне шағылғанын қандай радиация деп атамыз?
А) Жұтылған радиация
В) Жиынтық радиация
С) Шашыранды радиация
Д) Шағылған радиация
Е) Тура радиация
10. Бұлттар құрылатын, жауын- шашындар жауатын, метеорологиялық құбылыстар байқалатын атмосфераның қабаты:
А) стратосфера
В) экзосфера
С) мезосфера
Д) тропосфера
Е) гидросфера
11.Жиынтық радиацияның жер бетіне сіңіп кеткенін қандай радиация деп атаймыз?
А) Жұтылған радиация
В) Жиынтық радиация
С) Шашыранды радиация
Д) Шағылған радиация
Е) Тура радиация
12. Метеорологиялық өлшемдердің градиенті дегеніміз не?
А) Белгілі бір жердегі және белгілі бір кездегі немесе белгілі уақыт аралығындағы трофосфераның күйі
В) Вертикальдық бағытта бірлік биіктік немесе горизонтальді бағытта бірлік қашықтық сайын метерологиялық өлшемнің өзгеру мәні
С) Ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі
Д) Тәулік ішіндегі ең төмен ауа температурасы арасындағы айырмашылық
Е) Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел
13. Салқынырақ ауданнан жылы жерге басып кірген ауаны қалай атаймыз?
А) жылы ауа массасы
В) салқын ауа массасы
С) радиация
Д) қысым
Е) температура
14. Термикалық классификация бойынша ауа массасы нешеге бөлінеді?
А) 2
В) 5
С) 3
Д) 8
Е) 10
15. Метерологиялық өлшемнің өзгеру мәні:
А) жылы ауа массасы
В) салқын ауа массасы
С) ылғалдану коэффиценті
Д) ылғалдылық тапшылығы
Е) метеорологиялық өлшем градиенті
16. Жылы ауадан салқын жерге басып кірген ауаны қалай атаймыз?
А) жылы ауа массасы
В) салқын ауа массасы
С) радиация
Д) қысым
Е) температура
17. Күн құрамындағы сутектің мөлшері:
А) 25%
В) 64%
С) 32%
Д) 82%
Е) 10%
18. Күн радиациясының газдар молекулаларының жиынтығымен шашырауын қалай атаймыз?
А) биохимиялық шашырау
В) органикалық шашырау
С) физикалық шашырау
Д) молекулалық шашырау
Е) химиялық шашырау
19. Атмосфераның жалпы салмағы:
А) 2,4* 1020т
В) 6,2*1015т
С) 3,2*1022т
Д) 5,27*1015т
Е) 1,52*1025т
20. Көмір қышқыл газының концентрациясын негізгі реттеуші не болып табылады?
А) құрлық
В) мұхит
С) жер асты сулары
Д) топырақ
Е) жер бедері
21. Ауадағы әртүрлі құрамды сұйық және қатты қоспалар қалай аталады?
А) атмосфера циркуляциясы
В) жер бедері
С) аэрозольдар
Д) молекулалар
Е) атомдар
22. Күн құрамындағы гелийдің мөлшері:
А) 25%
В) 64%
С) 32%
Д) 82%
Е) 10%
23. Жер бетінен биіктеген сайын ауа қысымы қалай өзгереді?
А) бірігеді
В) жауап жоқ
С) кемиді
Д) өзгермейді
Е) артады
24. Ауаның жылулық режимі немен сипатталады?
А) жылы ауа массасы
В) салқын ауа массасы
С) радиация
Д) қысым
Е) температура
25. Озонның маңызы:
А) жылы ауа массасы қалыптасады
В) салқын ауа массасы қалыптасады
С) радиация түзіледі
Д) органикалық әлемді ультракүлгін сәулелердің зиянды әрекетінен қорғайды
Е) температура өзгеріске ұшырайды
26. Атмосферада қалқып ұшып жүретін аэрозольдар шығу тегіне қарай қандай екі топқа бөлінеді:
А) табиғи және антропогендік
В) салқын ауа массасы және жылы ауа массасы
С) радиация және циркуляция
Д) қысым мен температура
Е) еркін және байланған
27. Желдің жылдамдығын және күшін анықтайтын шкала:
А) Бофорт
В) Фаренгейт
С) Реомюр
Д) Цельсий
Е) Галилео
28. –350С – тан жоғары температураны өлшеу үшін қолданылатын термометр түрі
А) сұйық
В) сынапты
С) электрлік
Д) спиртті
Е) толуолды
29. Цельсий шкаласының интервалы
А) 1/180
В) 1/100
С) 1/120
Д) 1/90
Е) 1/80
30. Су буының конденсация жүзеге асатын ауа температурасын қалай атаймыз?
А) шық нүктесі
В) қанығу қысымы
С) ылғалдану коэффиценті
Д) ылғалдылық тапшылығы
Е) булану
31. Практикалық метеорологияда біздің елімізде температураны өлшеуде қандай температуралық шкала қолданылады?
А) Бофорт
В) Фаренгейт
С) Реомюр
Д) Цельсий
Е) Галилео
32. Желдің бағытын өлшейтін құрал
А) Флюгер
В) термометр
С) гигрометр
Д) барометр
Е) анемометр
33. Мына жел түрлерінің қайсысы жергілікті желдерге жатады?
А) Шығыс желдер
В) Бриз
С) Пассат
Д) Муссон
Е) Батыс желдер
34. Орыс климатологы Б.П. Алисов Жер шарын неше климаттық белдеуге жіктеген?
А) 7 негізгі, 6 өтпелі
В) 2 негізгі, 1 өтпелі
С) 5 негізгі, 2 өтпелі
Д) 8 негізгі, 3 өтпелі
Е) 12 негізгі, 4 өтпелі
35. Сары теңіз бен Филиппин аралдар маңында қалыптасатын циклондар
А) тайфундар
В) цунами
С) вилли-вилли
Д) урагандар
Е) батыс желдер
36. Күн атмосферасының сыртқы қабаты:
А) атмосфера циркуляциясы
В) күн тәжі
С) аэрозольдар
Д) молекулалар
Е) атомдар
37. Географиялық құрылу жеріне байланысты ауа массалары негізгі неше түрге бөлінеді?
А) 5
В) 2
С) 6
Д) 4
Е) 8
38. Қысым қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
А) паскаль
В) г/м
С) км/м
Д) %
Е) м/с
39. Күн радиациясының ауадағы қоспалармен шашырауын қалай атаймыз?
А) биохимиялық шашырау
В) аэрозольдік шашырау
С) физикалық шашырау
Д) молекулалық шашырау
Е) химиялық шашырау
40. Мына жел түрлерінің қайсысы тұрақты желдерге жатады?
А) фендер
В) бриз
С) пассаттар
Д) тау- аңғарлық
Е) баролар
41. Желдің жылдамдығын қандай өлшем бірлікпен белгілейді?
А) паскаль
В) г/м
С) км/м
Д) %
Е) м/с
42. Қасиеттері әр түрлі ауа массалары шектескен аймақтарда өте кең алқапты қамтитын өтпелі зоналар:
А) циклондар
В) желдер
С) циркуляция
Д) атмосфералық фронттар
Е) температура
43. Фронттар ауа массаларының қозғалу сипатына қарай қандай түрлерге бөлінеді
А) ауыр және жеңіл
В) суық және жылы
С) табиғи және жасанды
Д) күшті және әлсіз
Е) терең және таяз
44. Бұлттар халықаралық классификация бойынша морфологиялық сыртқы белгілеріне байланысты неше пішінге бөлінеді?
А) 4
В) 10
С) 8
Д) 5
Е) 12
45. Абсолюттік ылғалдылықтың өлшем бірлігі.
А) %
В) г/кг
С) гПа
Д) %o
Е) г/м3
46. Сублимация процесін қалай түсінесің?
А) ауа массаларының араласуы
В) су буының сұйық күйге көшуін
С) салқын ауаның қозғалуы
Д) ауаның адиабатты түрде жоғарылауы
Е) су буының қатты күйге көшуін
47. Синоптикалық метеорология нені зерттейді?
А) әртүрлі физико – геометриялық аудандар климатының құрылу заңдарын
В) математикалық аппаратты кең қолданып атмосфера физикаларының теориясын
С) атмосфераның жоғарғы қабатындағы процестерді
Д) ауа – райын және оны болжау әдістерін
Е) атмосфералық процестер мен құбылыстың физикалық заңдарын
48. Атмосфераны ғылыми түрде зерттеу қай ғасырдан басталды?
А) XIX ғ.
В) XVIII ғ.
С) XVI ғ.
Д) XVII ғ.
Е) XV ғ.
49. Ең алғашқы ғылыми метеорологиялық мекеме – Бас физикалық обсерватория қай жылы, қай жерде ашылды?
А) 1849 жылы Ресейде
В) 1902 жылы Алматыда
С) 1856 жылы Парижде
Д) 1835 жылы Лондонда
Е) 1852 жылы Москвада
50. ХХ ғасырда жеке ғылыми пән ретінде құрылған актинометрия нені зерттейді.
А) жел және оның бағытын
В) атмосфералық қысымды
С) атмосферадағы оптикалық құбылыстарды
Д) атмосферадағы сәулелі радиацияларды
Е) атмосфераның жоғарғы қабатын
Достарыңызбен бөлісу: |