Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы



бет2/14
Дата11.05.2022
өлшемі53,8 Kb.
#142306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Аннотация

В своем научном проекте ученик полностью охватил и исследовал качество молока. Умеет находить сведения и данные. В этом исследовании доказано фактами определения показателей качества молока.


Проблема здорового питания особенно актуальна в настоящее время, так как изменился образ жизни современного человека, экология и качество потребляемой пищи. Поэтому считаю, что эта работа важна и актуальна.

Руководитель: учитель химии Н. Исканова


Annotation
In his research project, the student fully covered and investigated the quality of milk. Can find information and data. In this study, it is proved by the facts of determining the quality of milk.
The problem of healthy nutrition is particularly relevant at the present time, as the lifestyle of modern people, the environment and the quality of food consumed have changed. Therefore, I believe that this work is important and relevant.

Head: chemistry teacher N. Isconova




Кіріспе

Бір күні әдеттегідей мен мектептен үйге оралдым да тамақтану үшін ас үйге барып тоңазытқышты аштым. Онда сүттің екі түрі тұр екен: үйдікі және дүкендікі. Менің алдымда келесі сұрақ туындады: қайсысын таңдау керек? Көп адамдар мұндай сауалмен жиі кездеседі, себебі сүт тұтыну бойынша - үшінші өнім.


Бәрімізге белгілі, сүт - ең құнды және пайдалы өнім, міне, сондықтан да мені оның пайдалы және дәмдік сапасы неге байланысты екенін қызықтырды. Осылайша маған сүттің құрамына көз салу туралы ой келді.
Қазақ халқы үшін сүттің алатын орны ерекше. Халқымызда сүт ақтықты, тазалықты білдіреді. Сондықтан да «Сүттен ақ, судан таза» дейді. Сүттің құндылығын, қадір-қасиетін ата-бабамыз бұрыннан білген. «Ақты баспа, обал болады» деп қадірлеген. Тіпті, үйге кірген жыланның басына сүт құйып шығарған. Күні бүгінге дейін сүтті азық ретінде пайдаланамыз және сүт қосылған тағамдардың әртүрін жасауды жылдан-жылға жетілдірудеміз. Осы тақырыпта іздену барысында сиыр сүтінің құрамы және құнарлылығы туралы білдім. Сондай-ақ сүттің адам денсаулығына тигізетін пайдасын зерттеп қарастыру арқылы жұмысымның маңыздылығын аштым.
Сондықтан менің зерттеуімнің тақырыбы "Сүттің сапасын зерттеу" болды. Соңғы уақытта адамның тамақтануы туралы ғылым қарқынды дамып келеді, осы салада көптеген мақалалар, ғылыми және танымал кітаптар пайда болады. Дегенмен, практикада теориялық негізделген ұсыныстар әрдайым қолданылмайды және қоғамдық және жеке тамақтану кезінде көптеген қателіктер жіберіледі. Салауатты тамақтану проблемасы әсіресе қазіргі уақытта маңызды болып табылады, өйткені қазіргі адамның өмір салты, экология және тұтынылатын тағам сапасы өзгерді.
Жұмыстың мақсаты - тұрғындардың сүт тұтыну саласындағы дәмдік басымдықтарын зерттеу және негізгі сапа параметрлері бойынша сүтті зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Білу мақсаттарымен әлеуметтік сауалнама жүргізу:
* Тұрғындар сүтті қалай жиі пайдаланады?
* Тұрғындар қандай сүтті пайдаланады?
2. Органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жиі қолданылатын сүттің бірнеше түрін талдау.
Мен сиыр сүтін зерттеуге алдым. Жоғарыда айтылғандай, адамдар дүкен немесе үй сүтін тұтынғанда жиі таңдауға тап болады. Осынің негізінде бірнеше гипотезаны ұсынуға болады:
─ Адамдар үй сүтін артық көреді, өйткені оны дүкендікінен дәмді деп санайды.
─ Адамдар үй сүтін таңдайды, бұл ретте оны пайдалы деп санайды, яғни дүкен сүтіне қарағанда ақуыздардың ең көп мөлшерін болжайды.
─ Дүкен сүтін артық көреді, себебі оны таза деп санайды.
─ Дүкеннің сүтін сатып алады, өйткені ол ұзақ сақталады.
Бұл жұмыста әдеби, зертханалық, әлеуметтік сауалнама әдісі қолданылды. В. И. Астафурова, И. И. Грандберг, К. К. Горбатов, И. М. Ващенко, К. Н. Ланге, М. П. Меркулова және т. б. еңбектеріне, сонымен қатар интернет ресурстарына сүйенілді. Жұмыс барысында сүттің құрамы, сүттің сапасын талдау тәсілдері, тұрғындардың сүтке деген қажеттілігі, жиі қолданылатын сүт түрі туралы ақпарат жиналып, талданды. Зерттеу барысында титрлеу сияқты талдау әдісі және біздің зертханада өткізуге болатын сүттің сапасын талдаудың басқа да әдістері зерттелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет