28
Сурет 16- Болат құбырлар үшін фитингтер
Болат құбырларға арналған бұрандалы фитингтерді жалғау бұранданың
(ішкі немесе сыртқы) есебінен құбырларды дәнекерлеуді қолданбай қосуға
мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда,
бұрандалы фитингтердің құрылымы құбырды оңай бөлшектеуге мүмкіндік
береді.
Бұрандалы фитингтердің конфигурациясы әртүрлі болуы мүмкін:
муфталар,
өткелдер, бітеуіштер, бұрыштар және т.б. әдетте бұрандалы
фитингтер диаметрі 50 мм дейін құбыр үшін қолданылады.
Тот баспайтын болаттан жасалған құбырларға арналған фитингтер тура
(диаметрі бірдей құбырларды қосу үшін) және редукционды (әртүрлі
диаметрлі құбырларды қосу үшін) болуы мүмкін. Қосылыс түрі бойынша тот
баспайтын болаттан жасалған гофрленген құбырларға арналған фитингтер
қысқыш фитингтерге жатады.
Қысқыш фитингтер негізінен полипропилен немесе металлопластиканы
біріктіру үшін пайдаланылады, ал болат құбырларды біріктіру үшін уақытша
шара ретінде қолданылады, себебі олар жеткілікті механикалық беріктікке ие
емес.
Болат құбырларға арналған бұрандалы қосылыс түрі
бар шойын
фитингтерді пайдалану кезінде қосылыстың герметикалылығы арнайы
тығыздағыш материалдарды (мысалы, сантехникалық зығыр немесе ФУМ
таспа) пайдалану есебінен қол жеткізіледі.
Болат құбырларды жалғауға арналған компрессиялық фитингтер
болаттан,
шойыннан, мыстан, жезден жасалады. Компрессиялық
фитингтердің әрекет ету принципі қысқыш гайканың ажыратқыш кілтімен
қатайтылған кезде, құбырдың тығыздағыш сақинамен қысылады және
нәтижесінде түйісуді герметизациялау.
29
Бұрандалы құбырлар келесі ретпен қосылады:
құбырларды кесу,
бұранданы кесу немесе домалату, тығыздағыш материалды таңдау және
төсеу, біріктіріп жинау (Сур.17).
Сурет 17- Бұрандалы құбырлардың жалғануы
Құрылымы бойынша болаттан жасалған құбырларға арналған қысқыш
фитинг полиэтиленнен жасалған құбырларға
арналған компрессиялық
фитингке ұқсас, онда резеңке төсем жабынды гайкамен басылады, осылайша
герметикалық қосылысты қамтамасыз етеді. Ұқсас қысқышты бөлшек бір
немесе екі сақинамен жабдықталған. Бұл сақиналарды жасайтын материалдар
әртүрлі, бірақ олар жүйедегі діріл мен қысымға төтеп беру үшін жеткілікті
берік болуы керек.
Бұранданың алғашқы орамдарын туралауды жеңілдету үшін құбырдың
сыртында фасканы алып тастайды.
Бұранданы қолмен, бұранда кескіш тұтқа (клуппа)
немесе плашкамен
кеседі. Бұл ретте құбырды бекітетін қысқыш құрылғыдан және тұтқалармен
бұрылатын
плашкамен
плашка
ұстағыштан
тұратын
құрылғы
пайдаланылады. Зауыттық жағдайда бұранданы тангенциальды бұранда
кескіштерге арналған станоктарында ойып-кеседі.
Құбырларға
арналған
қолмен
кескіш
тұтқа
(
клуппа
)
- әдеттегі
сантехниктер құралы. Олар пәтердегі және саяжайдағы, жертөледегі немесе
құдықтағы құбырды монтаждау немесе жөндеу кезінде жаңасын кесуге
немесе бар бұранданы кесуге болады.
Классикалық плашкадан
айырмашылығы, клупп бұл жұмысты ыңғайсыз және қиын жерлерде
орындауға мүмкіндік береді. (Сур.18).
30
Сурет 18- Қолмен кескіш тұтқа (клуппа)
Достарыңызбен бөлісу: