ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата21.10.2019
өлшемі468,36 Kb.
#50341
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
EliseevaKAZ [SHARED]


1

ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі 

тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ ОРталығы 

еРекШе білім беРуге Қажеттілігі баР балалаРға 

жалпы білім беРу мектебінДе псиХОлОгиЯлыҚ-

пеДагОгикалыҚ ҚОлДау кӨРсету  

әдістемелік нұсқаулық

алматы 2019



3

 

МАЗМҰНЫ

кіРіспе........ .................................................................................................................. 5

1. инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері................................7

2. Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді қамтамасыз 

ететін нормативті-құқықтық құжаттар.................................…............................……10

3. ерекше білім алу қажеттілігі...................…………………………...........…...........11

3.1 ерекше білім алу қажеттілігін анықтау. ерекше білім алуды қажет 

ететін балалар тобы...................………………….........................................................11

3.2 ерекше білім алу қажеттілігінің сипаты.…….......................................................13

3.3 ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды бағалау……….........................23

4. мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау (көмек) 

көрсетуді ұйымдастыру.…………………………………............................................ 25

 5.ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушыларға   психологиялық-педагогикалық 

қолдау көрсету мазмұнын анықтау (командалық тәсіл) ........................................... 29

5.1. пмпк-ның қорытындысы негізінде ерекше білім алу қажеттілігін бағалау

 және мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету 

бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері....................................................... 29

5.2 психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының  оқушыға  

көмек көрсетуі...........................................………..…………….................................. 33

5.3 Оқу бағдарламаларын қысқартуды орындауға, жеке оқу 

бағдарламаларын жасауға ұсыныстар...................….................................................. 35

ҚОлДанылған әДебиеттеР.........................………............................................39

ҚОсымШа-а. ерекше білім алу қажеттілігін бағалауды жүргізу және 

оқушыға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің мазмұнын анықтау 

үшін мұғалім мен маманға арналған құжаттың үлгісі............................................... 42

ҚОсымШа-б. Оқытудағы қиындықтар түрлері (себептері)......……..................... 70

ҚОсымШа-В.  ебҚ бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық 

қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының үлгісі ……...............................................72 

ҚОсымШа-г. ебҚ бар оқушылары үшін математика оқу пәні мысалында 

қысқартылған және жеке оқу бағдарламаларының үлгілері......................................85


4

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім 

беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету  

АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

ерекше білім беруге  қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ебҚ)  - 

даму  ерекшеліктеріне,  мінез-құлық  және  эмоциялық  проблемалары-

на,  орталық  факторларына  (әлеуметтік,  психологиялық,  экономикалық, 

лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты 

немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);

ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім 

алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;

білім алу үшін арнайы жағдайлар - ерекше білім берілуіне қажеттілігі 

бар  адамдардың  (балалардың)  оларсыз  жалпы  білім  беретін  оқу  және 

білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруі  мүмкін  болмайтын,  арнайы  оқу 

бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, 

тыныс-тіршілігін,  сондай-ақ  медициналық,  әлеуметтік  және  өзге  де 

көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;

психологиялық- педагогикалық  қолдау - педагогтар мен мамандардың 

жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері 

мен  қажеттіліктеріне  сәйкес  табысты  оқуы  мен  дамуы  үшін  әлеуметтік-

психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады;

арнайы  кабинет  -  ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға 

мамандарының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған 

топтық  және  жеке  сабақтарды  жүргізуі  үшін  жабдықталған  бөлме  

(сыныптық бөлме);

Қысқартылған оқу бағдарламасы  - оқушының жеке мүмкіндіктерін еске-

ре отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде 

құрылған оқу бағдарламасы;

жеке  оқу  бағдарламасы  -  зияты  зақымдалған  оқушының  жекелік  

мүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған оқу бағдарламасы;

ҚР мжмбс  -  Қазақстан  Республикасының    мемлекеттік  жалпыға 

міндетті білім беру стандарты;

пмпк  - психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес;

ппҚҚ - психологиялық-педагогикалық  қолдау қызметі;

ЭыДҰ - экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;      

бҰҰ - бірккен ұлттар ұйымы;

тжкб - техникалық және  кәсіби білім;

пптк - психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

нтгс - назар тапшылығы және гипербелсенділік синдромы;

асб - аутистік спектрдің бұзылуы.


5

КІРІСПЕ

көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік 

талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз 

білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының 

заңнамаларында  балаларды  қорғау  аясындағы  халықаралық  құжаттарға 

сәйкес  мынандай  ұғым  енгізілген:    ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері 



бар  балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері 

ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы. 

білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  елімізде 

2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан 

Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 1.1  та-

рауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға 

жетуді болжайды: 

-  инклюзивті  білім  беруді  психологиялық-педагогикалық  қолдаумен 

қамтамасыз  етуді,  жұмыс  біліктілігі  бойынша  сұранысқа  ие  арнайы 

кабинеттерін,  орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  құруды,  сондай-ақ  педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыруды;

- ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін  білім берудің 

барлық  деңгейлеріне  қол  жетімділікті  қамтамасыз  ету,  жан  басына 

шаққандағы  қаржыландыру  шеңберінде  қаржыландырудың  жоғары 

нормативі  қарастырылған,  оларды  оқыту  үшін  мемлекеттік  тапсырыс 

ұлғайтылған. 

Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар 

тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету  әдістемесімен 

қамтамасыз  етудің  қажеттілігін  көрсетеді,  оның  негізгі  және  маңызды 

аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта  ұсынылған.

Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (ЭыДҰ)  елдері 

оқушыларда оқуға қиындық туғызатын,  соның салдарынан – ерекше білім 

беру қажеттіліктерінің пайда болу  себептерінің үш тобын ұсынады:

- баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері;

- мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары;

-  өмірдің  қолайсыз  жағдайлары  (әлеуметтік,  психологиялық, 

экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар).

Қазіргі 

уақытта 


Қазақстанда 

оқушылардың 

дамуындағы 

ауытқушылықтың  салдарынан  туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері 

тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңестің  қорытындысы  мен 



6

ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2% 

- ы білім алады. Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге 

байланысты оқуда қиындықтары бар  мектеп оқушылары, ұйымдастыру-

әдістемелік  мәселелердің  дайындалмағаны  себебінен  балаларға  қажетті 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетпейтін  жалпы  білім  беру 

мектептерінде оқиды. 

әдістемелік  нұсқаулықтың  мақсаты  -    ҚР  жалпы  білім  беру  мектеп-

теріндегі  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  оқушыларға  психологиялық-

педагогикалық  қолдау  көрсетудің  ұйымдастырушылық  және  әдістемелік 

негіздерінің мәнін ашу.

әдістемелік нұсқаулықтың міндеті: 

-  жалпы  білім  берудің  инклюзивтік  қағидасының  негізгі  мазмұнын 

ашу;


- ҚР жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 

сапалы  білім  алуына  жағдай  жасауды  заңнамалық  тұрғыда  қамтамасыз 

ететін отандық нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру;

- оқушылардың оқудағы қиындықтардың себептерін және соның салда-

рынан пайда болатын ерекше білім беру қажеттіліктерін сипаттау;

-  оқушының  ерекше  білім  алу  қажеттілігін  анықтау  және  бағалау 

алгоритмін сипаттау, оқу процесі барысында психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың мазмұны мен тәсілдерін анықтау;

-  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  білім  алушыларға  арналған 

жеке және қысқартылған оқу бағдарламасын құруға ұсыныстар беру.

әдістемелік нұсқаулықтар  мектептердің басшыларына, мұғалімдеріне 

және  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсететін  мамандары-

на  (психологтарға,  логопедтерге,  арнайы  педагогтарға,  әлеуметтік 

педагогтарға),  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім 

беруді  дамытуға  мүдделі  мектеп  қауымдастығының  барлық  мүшелеріне 

арналған. 

әдістемелік  нұсқаулық  материалдары  инклюзивті  білім  беруді  дамы-

ту  бойынша  мектептің  ұйымдастыру-әдістемелік  жұмысының  алғашқы 

қадамдарын  қамтамасыз  ету  мақсатында  құрастырылған,  алайда  ерекше 

білім  беру  қажеттілігі  бар  балаларды  жалпы  білім  беру  үдерісіне  қосу 

бойынша  мектеп  жұмысының  барлық  аспектілерін  қарастырылмайды. 

әрине,  Қазақстанда  инклюзивті  білім  беру  тәжірибесінің  дамуына  қарай 

қосымша нормативтік-құқықтық, ұйымдастыру-әдістемелік және басқа да 

мәселелерді  шешу  қажеттілігі  туындайды.  жалпы  білім  беру  процесінің 

барлық  қатысушыларына  (әкімшіліктер,  мұғалімдер,  ата-аналар  мен 

мамандардың)  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту 

және  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  әдістемелерін  одан 

әрі  жетілдіруге  мүмкіндік  берген  белсенділіктері  мен  ұсыныстары  үшін 

алғысымызды білдіреміз. 


7

1 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ 

ҰҒЫМДАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

"инклюзивті  білім  беру"  ұғымы  білім  беру  адамның  негізгі 

құқықтарының бірі болатын және де ол  әділ қоғамның негізін құрайтын 

тұжырымнан  қалыптасқан.  барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе 

проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы [2].

әлемдік  қоғамдастық  барлық  адамдардың  нәсілдік,  этникалық, 

жыныстық,  дене,  психикалық  және  басқа  да  айырмашылықтарына 

қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, бҰҰ-

ның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі 

ұғымдарын бекітті.

«инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл 

қоятын,  оқушының  білім  алуындағы  әртүрлі  қажеттіліктері  мен  алу-

ан  түрлілігін  есепке  ала  отырып,  сапалы  білім  беруді  қамтамасыз  етуге 

бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі» [2].

әлемдік заманауи қоғамдастықта  жаңа мәдени норма қалыптастыру-  

адам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның 

даралану құқығын, сонымен  бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір 

өзгешелігін,  білім  алу  ортасындағы    ерекшеліктерін  есепке  алу  және 

мойындау. сондықтан да  инклюзивті білім беру оқушының  оқу процесі  

барысындағы  әртүрлі  қажеттіліктері  мен  мүмкіндіктерін,  алуан  түрлі 

ерекшеліктерін мойындаудан басталады. 

жоғарыда  талданған  пікірлердің  негізінде  көптеген  мемлекеттер-

де  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балалардың  қажеттіліктерін 

бағалаудың және оқыту барысында қолдауды ұйымдастырудың әлеуметтік-

педагогикалық  моделі  қалыптасты.  ал,  ол  біздің  еліміздегі  білім  бе-

ру  жүйесінде  осы  күнге  дейін  сақталып  келген  медициналық  және 

дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді.

1-кесте. ерекше білім беруге қажеттілігі  бар  балаларға қолдау 

көрсету және бағалау моделі

беҚ бар балаларға қолдау көрсетумен 

бағалаудың клиникалық-дефектологиялық  

моделі


беҚ бар балаларға қолдау көрсетумен 

бағалаудың әлеуметтік-білім беру моделі

«білім  алуындағы  қиындықтар  мен  про-

блемалар  баланың  бойында  қалыптасқан  

және  ол  мына  ұғымдарға  негізделген: 

«мүгедек,  қабілетсіз,  ауытқушылығы  бар» 

бағалау –медициналық, ал білім беру-түзету 

тұрғысына бағытталған [3].

«білім алуында ерекше қажеттілікке мұқтаж 

бала қиындыққа бейім сондықтан да белгілі 

бір тосқауылдарға тәуелді. бағалау- адамның 

қажеттілігі,  ал  білім  беру-  білім  алуға 

қолдау көрсету қоршаған ортаға бейімдеуге 

бағытталған [3].



8

біздің білім беру жүйесінде білім беруді басқару органдарынан, пмпк-

дан бастап әрбір жалпы білім беру мектебіне дейін ең алдымен білім берудегі 

медициналық үлгіден (тәсілден) әлеуметтік үлгіге көшу қажет. ерекше білім 

беру қажеттілігі бар оқушылардың сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз 

етуді болжайтын әлеуметтік-білім беру моделін енгізу -  жалпы білім беру 

жүйесіндегі  өзгерістерді    талап  етеді.    бұл  барлық  оқушыларды  дискри-

минациясыз  және  кемсітусіз  білім  алуда  тең  құқығы  мен  мүмкіндіктерін  

қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін икемді жүйе болуы керек.  

Қазақстан  халықаралық  құқықтық  актілермен  қатар  бҰҰ-ның 

"мүгедектердің  құқықтары  туралы"  (2016  жылы)  және  "білім  беру 

саласындағы  дискриманцияға  қарсы  күрес  туралы"  (2017  жылы)  кон-

венцияларын  ратификациялай  отырып,  әрбір  азаматтың  қандай  да  бір 

кемсітушіліксіз  сапалы  білім  алу  құқығын  қамтамасыз  етудің  саяси 

еркіндігін көрсетеді. 

конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан барлық деңгейде 

(мектепке  дейінгі,  мектеп,  тжкб  ұйымдарында,  жоғары  оқу  орындарын-

да)  инклюзивті  білім  беруді  қамтамасыз  етуге  міндеттенеді.бұл  ретте 

инклюзивті  білім  беру  жеке  алынған  нәрсе  емес  екенін  түсіну  маңызды, 

инклюзия бүкіл білім беру жүйесінің принципі болып табылады.

мектеп оқу процесінде қандай да бір себептердің салдарынан оқу ба-

рысында  қиындықтарға  тап  болған  балалар  бар  екендігін  және  олардың 

нәтижесі  ретінде  –  қанағаттандырылуы  қажет  ерекше  білім  беру 

қажеттіліктер бар екенін  қабылдауы тиіс.



Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйенің өзгеруін болжайды

Ол  барлық  балалар  әртүрлі  екенін  мойындайды,  ал  мектептер  мен  білім  беру  жүйесі 

барлық  оқушылардың  жеке  қажеттіліктеріне  бейімделуі  тиіс.  ..  инклюзивтілік  барлығын 

бірдей етуге ұмтылуды білдірмейді. Оның негізгі компоненті-икемділік, балалардың түрлі 

жылдамдықпен оқитынын тану, ал мұғалімдерге оқыту процесінің икемділігін қолдау үшін 

арнайы дағдылар қажет.

көп жағдайда балаларға жақсы, түсінікті, қолжетімді оқыту қажет. бұл өз кезегінде баланың 

жеке қажеттіліктеріне, қабілеттері мен даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлі әдістерді 

пайдалануды көздейді.(«барлығы үшін мектептер. арнайы білім алу қажеттілігі бар бала-

ларды білім беруге қосу». «спасите детей» қоры лондон, 2002 ж) 

         

ерекше  білім  беру  қажеттілігі  -  бұл  әр  оқушының  оқуы  табысты  бо-

луын  қамтамасыз  ету  мақсатында  психологиялық-педагогикалық 

әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету 

қажеттілігі.

жалпы  білім  беруді  дамыту  инклюзивтілік  принципті  негізге  ала 

отырып,  білім  берудегі  құндылықты  бағдарлардың  өзгеруін  болжайды. 

инклюзивті  білім  берудің  негізгі  құндылықтары  оқу  үдерісінің  барлық 

қатысушыларына төмендегілерді мәлімдейді:


9

- мүмкіндіктердің  алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ре-

сурстар ретінде қарастыру. мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру 

және  оқытудың  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін  қоғамдағы  толе-

рантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің  ресурстары. бір оқушының 

қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда 

әкеледі; 

-  оқу  үдерісін  оқуда  жоғары  жетістіктері  бар  оқушыларға  ғана  емес, 

барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру;

- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (ло-

гопед,  арнайы  педагог,  психолог,  жеке  көмекші)  ғана  емес,  барлық  білім 

беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім 

тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;

-  оқу  процесінде  оқушыға  көмек  көрсету  мәселелерін  командалық 

тәсілмен шешу;

-  оқушыларға  қолдау  көрсетуді  ұйымдастыру  кезінде  "кемсітуден" 

бас  тарту.  көмек  "инклюзивті  білім  алушы",  "ерекше",  "дағдарысты", 

"инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық 

құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. кемсіту дисриминацияның 

көрінісі болып табылады.

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мек-

теп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары 

мен қызметтерін  жасауы керек  [4]. 

сапалы  білім  алудың    жағдайларына  халықаралық  қауымдастық 

төмендегілерді жатқызады:

-    оқушылардың  алауан  түрлі  мүмкіндіктерін  қабылдай  алатын 

мұғалім;  

- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;

- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын 

ұйымдастыру,  оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;

- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;

- мамандардың көмегі;

-  жеке  сабақтарды  жүргізу  үшін  техникалық  құралдармен,  оқу-

әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

- ерекше білім беру қажеттіліктерін  барлық деңгейде (орталық, аудан, 

мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.



10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ 

БЕРУДІҢ  НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫ

Қазақстан  Республикасы  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік 

саясатының қағидалары  ретінде басқалармен бірге мыналар белгіленеді:  

- барлығының сапалы білім алуындағы құқықтарының теңдігі;

-  әр  адамның  интеллектуалдық  дамуын,  психофизиологиялық  және 

жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар үшін  барлық деңгейдегі 

білімнің қолжетімділігі [5, 1-тарау, 3-бап].

    ҚР  білім беру аясындағы заңнамасында бекітілген: 

-  баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып 

ата-аналардың  білім  беру  ұйымдарын  таңдау  және  өз  балаларын  оқыту 

мен  тәрбиелеу  мәселелері  бойынша    психологиялық-медициналық-

педагогикалық кеңесінің көмегін алу  құқығы;  [5, 6-т, 49-б];

- баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар  баланың  

өз  тұрғылықты  жеріндегі  мектепте  білім  алу  құқығы  [5,  5-т,    26-б,  2-б]. 

Қызмет  көрсететін  ауданда  тұратын  балаға  тиісті  білім  беру  ұйымына 

қабылдануына тыйым салынбауы қажет [6];

- білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім 

беру  ұйымының  шешімі    бойынша  баланың  жеке  оқу  жоспары  немесе 

қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы [5-т. 6-б. 47; 

4];


- білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың 

(балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті 

атқарушы билік органдарының жауапкершілігі [5, 2 тарау, 6 бап. п 21-5)].

Осы жауапкершілік шеңберінде  елдің барлық  аймақтарындағы  жалпы 

білім беру мектептерінде  психологиялық-педагогикалық (арнайы педагог, 

логопед, психолог, тәрбиеші) қолдау көрсететін мамандарға штаттық бірлік 

енгізіліп жатыр.  білім беру процесінде оқушыларға қолдау көрсету үшін 

қоғамдық қауымдастық пен жеке меншік қорлар көмегімен материалдық-

техникалық жағдайлар құрылып жатыр. 

Орта білім беру ұйымдар қызметінің типтік ережесі білім алуында ерек-

ше  қажеттілігі  бар  балаларды  білім  беру  процесіне  қосудың  нұсқаларын 

қарастырады: жалпы немесе арнайы сынып (ауытқушылық түріне қарай). 

Оқушылардың жалпы сыныпта оқуы жалпы білім беру немесе жекелік оқу 

бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады.  жалпы немесе арнайы сынып-

та оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагог-

тармен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жекелік 

немесе  топтық сабақтар өткізу қарастырылады [7, Қосымша. 2, п. 25].


11

арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар 

балалар үшін) ҚР  білім және ғылым министрлігі бекіткен  тиісті типтегі ар-

найы оқу жоспары мен бағдарламалар  негізінде жүргізіледі [8; 9 -12]. 

Оқытудың  нәтижесін  бағалау  критериалды  бағалау  негізінде  жүзеге 

асырылады.  Қысқартылған немесе жекеленген бағдарламаның мазмұнына 

бағдарлай  отырып,  яғни  оқушының  мүмкіндіктері  ескеріле  отырып,  

бағалау критерийлері өзгеруі мүмкін.  ерекше білім беру қажеттілігі бар 

оқушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жекеленген тап-

сырмаларды қолдануға міндетті. ерекше білім беру қажеттілігі бар бала-

ларды және жеке оқу бағдарламасымен оқитын балаларды аттестациялау 

мәселесі  оқушының  жеке  ерекшеліктеріне  сәйкес    педагогикалық  кеңес 

арқылы шешіледі [13].

Формативті  бағалау  кері  байланысты  және  оқу  материалдарын 

меңгерудегі жеке қиындықтарына жылдам әрекет  етуді қамтамасыз етеді 

[13-15]. 

ерекше  білім  беруге    қажеттілігі  бар      білім  алушылар  мектепті 

тәмамдаған кезде мемлекеттік үлгідегі аттестатқа ие болады [16]. 



3 ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет