ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.10.2019
өлшемі468,36 Kb.
#50341
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
EliseevaKAZ [SHARED]


5.2 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ 

МАМАНДАРЫНЫҢ ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТУІ 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  әрбір 

маманының  жеке-дамытушылық  жұмысының  басты  мақсаты  -    баланың 

құрдастарымен  бір  сыныпта  оқуға  және  өз  мүмкіндіктеріне  сәйкес  оқу 

бағдарламасын  меңгеруге  көмектесу  үшін  барлық  мүмкіндіктерді  жасау.

мамандардың міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы,  

соның  ішінде  қысқартылған  (бейімделген)  білім  беру  бағдарламасын 

меңгерту үшін  зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-коммуникативтік және жеке 

дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес нормативтік) қамтамасыз ету. 

психологпен,  логопедпен,  әлеуметтік  педагогпен  жеке  бағдарламалар 

жасаған  кезде,  психологиялық-педагогикалық  жұмыстың  жалпы 

принциптерінен  (жас  және  жеке  ерекшеліктерін  есепке  алу,  іс-әрекеттік 

тәсіл және т. б.) басқа, келесі принциптерді  ұстану қажет:

1)  сыныптағы  оқу  қиындықтарын  жеңуге  жеке-дамыту  жұмысының 

бағыттылығы.  логопед  ең  алдымен  оқу  пәндері  бойынша  бағдарламаны 

меңгеруге  кедергі  келтіретін  сөйлеу  дамуының  бұзылыстарын  түзейді. 

психолог  мектеп  дағдыларын  меңгеруге  кедергі  келтіретін  психикалық 


34

функцияларының  дамуы  бойынша  жұмыс  істейді:  жазу,  оқу  немесе  есеп 

және т. б. арнайы педагогтың міндеттері мектеп бағдарламасының қандай 

да бір бөлімдерін меңгерудегі проблемаларды  толықтыру, оқушыны  күрделі 

оқу  материалдарын  меңгеруге  дайындау,  оқу  қызметінің  құрылымдық 

компоненттерін қалыптастыру болады. 

2)  тұлғалық  бағдар  және  жеке  тәсіл:  баланы  тек  проблемалары  мен 

бұзылымдарына    қарай  емес,  сонымен  қатар  өзінің  қажеттіліктері  мен 

уәждері, сондай-ақ даму үшін жеке ресурстары бар белсенді тұлға ретінде 

қабылдау. мамандардың міндеті-баланың қажеттілігін ескеру және оқыту 

қиындықтарын жеңу мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. бағдарламаны 

жасау  кезінде  баланың  әлсіз  жақтарын  ғана  емес,  сонымен  қатар  күшті 

жақтарын да ескеру, оның мүдделері мен қызығушылықтарына сүйену. 

бұл приниципті  іске асыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет:

-  бағдарламаның оқушы үшін қол жетімділігі; оның міндеттері баланың 

жақын даму аймағы ескеріле отырып қойылуы тиіс;

- оқу мен мінез-құлықтың қиындықтарын жеңуге ғана емес, оларды ту-

дыратын себептерге де бағдарлануы;

3) әлеуметтік, коммуникативтік бағыттылығы баламен жұмыс істеудің 

негізгі тәсілі ретінде; күнделікті өмірде қалыптасқан дағдыларды пайдалану 

қажеттілігін сезінгенде жағдайлар құру, жаттығулар, белсенділікті ұсыну:  

білім алу, ойында, қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік әрекеттесуде;

4) баламен жұмыс істеу бағыттары мен әдістерінің дербес таңдалуына 

қарамастан, түрлі профельдегі мамандар мен сынып мұғалімінің жұмыстағы 

мақсаттарының,  тәсілдерінің,  талаптарының  сабақтастығы  мен  бірлігі. 

психологтың,  логопедтің  немесе  арнайы  педагогтың  кәсіби  әдістерінің  

барлығы баланы оқытудың нақты қиындықтарын жеңуге бағытталуы тиіс;

5) ата-аналарды дамыту жұмысына белсенді тарту. Осы принциптерді  

іске асыру үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:

-  өмірдің  түрлі  салаларында  баланың  әлеуетін,  күшті  жақтарын  және 

проблемаларын жақсы түсіну үшін ата-аналардың пікірін есепке алу;

-  балаға  көмек  көрсету  бағдарламаларын  әзірлеу  үшін  ата-аналармен 

әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту;

-  дамыту  жұмысының  бағдарламасын  әзірлеу  кезінде  ата-аналардың 

сұранымын есепке алу;

- ата-аналарды үй жағдайында мамандардың ұсыныстарын орындауға 

(үй тапсырмалары) ата-аналардың мүмкіндіктері мен ресурстарына сүйене 

отырып және отбасы туралы мәліметті біле отырып тарту.

әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен 

мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және 

пайдалануды көздейді. әрбір маман жеке зерттеу негізінде  қандай бағыттар 

бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға бола-

тынын өзі шешеді. маман психологиялық-педагогикалық жұмыстың адек-


35

ватты әдістерін таңдау,  баламен өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету 

үшін заманауи және инновациялық психологиялық-педагогикалық техно-

логияларын  (арнайы және баламалы әдістерді) білуі және жақсы меңгеруі 

тиіс.  Олардың  кейбіреулері  әдістемелік  нұсқаулықтың    әдеби  көздері 

тізімінде ұсынылған, онда әр түрлі мамандарға арналған оқу-әдістемелік 

әдебиет көрсетілген [25-32].

5.3 ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚЫСҚАРТУДЫ ОРЫНДАУҒА, 

ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН  

ҰСЫНЫСТАР

Оқу  пәні  бойынша  қысқартылған  /  жеке  бағдарлама  оқу  тоқсанына 

құрылады, оның нәтижелері бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама 

жасалады.  Оқушының    оқу  материалын  қандай  қарқынмен  игере  ала-

тынын  алдын  ала  болжау  қиын,  бұл  жоспарланғанның  ішінде    ең  үлкен 

қиындықтарды  тудырады.  сондықтан  білім  беру  үдерісі  барысын-

да  бағдарламаны  түзету  қажеттілігі  туындауы  мүмкін.  бағдарламаны 

уақытылы түзету үшін үнемі оқушының жетістіктерін бақылау қажет. Ол 

үшін мұғалім мен қолдау көрсету мамандары қол жеткізген жетістіктерді 

критериалды бағалауды іске асырады [13].

мжмбс-да белгіленген көлемде және оның сыныпта оқу қарқынына 

сәйкес оқушы оқу пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтарға тап болған 

жағдайда оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеу) талап етіледі.

жеке оқу бағдарламаларын жасау пмпк ұсыныстарына сәйкес жүзеге 

асырылады:

  "жеке  оқу  жоспары  және  жеке  оқу  бағдарламалары  бойын-

ша  оқыту».  жалпы  сынып  жағдайында  зияты  зақымдалған  оқушы  үшін 

жеке оқу бағдарламасы жасалады.Оқу жоспарын дараландыру оқушының 

қатысуы  міндетті болмайтын оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра 

немесе шет тілі) айқындаудан тұрады.

Қысқартылған/  жеке  оқу  бағдарламасын  сынып  мұғалімі  арнайы  педагогпен  бірге 

педагогикалық  диагностика  (бағалау)  негізінде  және  пән  бойынша  үлгілік  оқу 

бағдарламасының мазмұнын ескере отырып, ақыл-ойы кем оқушыларға арналған мжмбс 

/ үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жасайды.

 

Қысқартылған  /  жеке  оқу  бағдарламасының  мәтінінде  күтілетін 



нәтижелер (оқушының дағдылары мен шеберлігі) түрінде тұжырымдалған 

типтік  оқу  бағдарламасының  бөлімдері  бойынша  оқу  мақсаттары  және 

осы оқушы үшін неғұрлым тиімді оқыту әдістері мен тәсілдері көрсетіледі 

(қосымша-г).  топтық  талқылау  барысында  оқушының  мүмкіндіктерін 

психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерінің негізінде  оқытудың 

мақсаты мен әдістері анықталады.



36

педагогикалық  диагностиканы  өткізу  кезінде  педагогтар  оқу  пәні 

шеңберінде  оқушы  өз  бетінше  білетін  (өзекті  деңгей)  дағдыларды  және 

қалыптастыру  сатысында  тұрған  дағдыларды  (жақын  даму  аймағы) 

айқындауы тиіс.

ең жақын даму аймағын анықтау критериясы оқушының оқу тапсырма-

сын табысты орындау, белгілі бір іскерлікті немесе дағдыларды (мысалы, 

арифметикалық  тапсырманы  шешу,  шаманы  өлшеу  және  нәтижені  жазу) 

іске асыру үшін мұғалімнің көмегін пайдалану қабілеті болып табылады. 

Оқушыға көмек ретінде мұғалім қолдануы мүмкін: жетекші сұрақтарды, 

көрнекі түрде ұсынылған алгоритм, иллюстрациялық материалды, пәндік 

қызметті, үлгіні, жұмыстың орындалуын көрсете алады.

Қажеттіліктерді бағалауды жүргізу кезінде бұрын оқыған оқу материа-

лы  туралы  білімдеріндегі  немесе  мектеп  бағдарламаларын  меңгеру  үшін 

базалық  болып  табылатын  дағдылардағы  бар  "проблемаларға"  назар  ау-

дару қажет. Олар оқу материалын меңгерудегі қиындықтарға себеп болуы 

мүмкін, оларды толықтыру қажет. бұл дағдыларды қалыптастыру мақсаты 

оқушы бағдарламасына енгізілуі тиіс.

педагогикалық диагностиканы өткізу кезінде оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына 

(мотивация, өзін-өзі ұйымдастыру, жоспарлау, оқу іс-әрекеттерін орындау және бақылау), 

жұмыс қабілеттілігіне, қызмет қарқынына және оқушының оқу материалын жақсы түсінуге 

көмектесетін  оқу  жұмысының  формаларына  (жазбаша,  ауызша,  практикалық  әрекетке, 

иллюстрациялық материалға және т.б. сүйеніп) назар аудару қажет, өйткені бұл оқушы үшін 

ең қолайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін, оның қызметін сабақта ұйымдастыру тәсілдерін 

таңдауға негіз болады.

 

Диагностикалау  ретінде  оқу  пәнінің  бөлімін,  тақырыбын  анықтау 



шеңберінде  оқу  мақсаттарына  сәйкес  тапсырмалар  мен  жаттығуларды 

қолдану. нұсқаулық нақты, қысқа, кезеңді болуы қажет. тестті қолданбаған 

жөн.    Оқушы  бағдарламалық  материалды  меңгеруде  емес,  тапсырманы 

орындау шарттарын саналы түсінуде қиындықтары туындап, қате жіберуі 

мүмкін.  педагогикалық диагностиканы мұғалім сабақта, ал арнайы педа-

гог жеке сабақтарда жүргізеді.

педагогикалық  диагностиканың  нәтижесі  оқушының  меңгерген  білім 

деңгейі мен көмек көрсету мазмұнын анықтау үшін тіркеледі (оқу мәнінің 

тақырыбы  мен  бөлімі  бойынша  жетістік  картасы).    Оқушыда  алдыңғы 

тоқсанның немесе тіпті сыныптың бағдарламасына сәйкес келетін жақын 

даму аймағы мен дағдыларды меңгеру деңгейі анықталуы мүмкін. кез кел-

ген  жағдайда  педагогикалық  диагностиканың  нәтижелері  –  оқушы  үшін 

бағдарламаның мазмұнын анықтау үшін бастапқы нүкте.

Оқу  бағдарламасын  қысқарту  кезінде  жтД-мен  оқитын  оқушы 

үшін  міндетті  болмайтын  оқу  мақсаттары  (шеберлігі  мен  дағдылары) 

анықталады, олар осы тоқсанда оның бағдарламасына енгізілмейді.  ебҚ 



37

бар  оқушы  үшін  міндетті  және  міндетті  емес  критерийлерін      анықтау 

мақсаты болып (іскерліктер мен дағдыларды) - оқу пәні шеңберінде негізгі 

білім мен дағдыларды меңгеруде алға жылжуы үшін олардың қажеттілігі 

болып табылады.  

мысалы,  ебҚ  бар  білім  алушы  үшін  1-сыныпты  математика  курсын-

да  "алгебра  элементтері"  бөлімін    оқу  мақсаттары  (дағдылары)  міндетті 

емес: 1.2.1.2 әріптің берілген мәнінде әріптік өрнектің мәнін бір әрекетке 

табу;  1.2.1.3  қосу  мен  азайту  арасындағы  байланыстың  әріптік  теңдігі 

түрінде  ұсыну  және  қолдану:  а+b=с,  c–a=b,  c-B=a;  1.2.2.2  теңдеулерді 

іріктеу  тәсілімен  және  қосу  мен  азайту  байланысы  негізінде  шешу;  "ло-

гика элементтері" деген 4-бөлімнен: 1.4.1.1 Диаграмманың көмегімен екі 

жиындарды біріктіру және жиын бөлігін жою; "математикалық модельдеу" 

5-бөлімінен»: 1.5.2.5 қол астындағы материалдардың көмегімен деректерді 

жинауды, жүйелендіруді, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды 

құрастыру/аяқтау.

жоғарыда көрсетілген оқу материалын алып тастау сандарды нөмірлеу 

білімін, 20 шегіндегі  қосу және азайту есептеуіш тәсілдері 1-сыныптағы 

математика  курсының  негізі  болып  табылатын  арифметикалық  есептерді 

шешу  тәсілдерін  меңгеруге  кедергі  болмайды.  Қысқартылған  бағдарлама 

аясында  оқушы  меңгерген  1-сыныптың  математика  курсының  негізгі 

ұғымдары екінші сыныптағы келесі бөлімдерді одан әрі оқуға мүмкіндік 

береді:  100  дейінгі  сандардың  нөмірленуі,  олармен  арифметикалық 

әрекеттер, арифметикалық есептер, шамалар және геометриялық матери-

алдар. 

ебҚ бар  оқушы үшін оқу материалының көлемін азайту негізгі білім 



мен  дағдыларды  қалыптастыруға  көп  уақыт  бөлуге,  оқушының  жұмыс 

қабілеттілігі мен оқу мотивациясын  сақтауға мүмкіндік береді. 

пән  бойынша  жеке  бағдарлама  құру  барысында  (зияты  зақымдалған 

оқушы  үшін)  оқу  бағдарламасының  әрбір  бөлімінде  оқушының  "жақын 

даму  аймағында"  жатқан  білім  мен  дағдыларға  қатысты  оқу  мақсаттары 

мен мазмұны жағынан  жақындатылған дағдылар айқындалады.

жеке  бағдарламалар  бойынша  жалпы  сыныпта  негізгі  жалпы  білім 

беретін пәндерді (математика, ана тілі және оқу) оқыту арнайы педагогпен 

жеке сабақтарда оқумен ұштастыра отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

Оқушыны  қысқартылған  немесе  жеке  бағдарлама  бойынша  оқыту 

мұғалімнің сыныптағы жеке тәсілімен үйлеседі, оның қарқындылығы мен 

сипаты оқушының мүмкіндіктерінің өзгеруінен кейін үнемі өзгеріп отыра-

ды.  жеке  тәсіл  оқушы  үшін  қысқартылған/жеке  бағдарлама  шеңберінде 

оқу тапсырмасының көлемі мен күрделілігін өзгертуден, оқу тапсырмасын 

кезеңімен  орындаудан  байқалуы    мүмкін;    тапсырманы  иллюстрацияға, 

алгоритмдік нұсқамаға, үлгіге, деректер кестесіне сүйеніп, шоттарды, каль-

куляторды пайдалана отырып, ереже мәтініне сүйеніп орындау мүмкіндігі.


38

Оқушы  сабақ  тақырыбына  сәйкес  келмейтін  тапсырманы  өзінің  жеке 

бағдарламасы  бойынша    орындайды.  бұл  тапсырманы  сабақта  сынып 

мұғалімі дайындайды және ұсынады. Ол үшін мұғалімге арнайы педагогтың 

кеңесі қажет. сондықтан бұл педагогтар автономды емес, ынтымақтастықта 

жұмыс істейді.

жетістіктерді бағалау қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберінде 

жүзеге  асырылады.  бағдарламаның  әрбір  мақсаты  үшін  бақылау-

диагностикалық тапсырмалар іріктеледі.

 


39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1  стратегический  план  развития  Республики  казахстан  до  2025  года 

(указ президента Республики казахстан от 15 февраля 2018 года, № 636)

2 Открытое досье по инклюзивному образованию. ЮнескО, 2003

3  «Равенство  и  инклюзивный  подход  в  образовании.  Руководство  по 

подготовке,  пересмотру  и  оценке  планирования  в  секторе  образования» 

(совместный  продукт  инициативы  Организации  Объединенных  наций  в 

области образования и др. международных организаций - 2010г.

4 саламанская декларация «О принципах политики и практической дея-

тельности в сфере образования лиц с особыми потребностями» 1995 г.

5 закон Рк «Об образовании».

6 типовые правила приема на обучение в организации образования, реа-

лизующие  общеобразовательные  учебные  программы  начального,  основ-

ного среднего и общего среднего образования. приказ мОн Рк от 12 октя-

бря 2018 г № 564.

7  типовые  правила  деятельности  организаций  среднего  образования 

(начального, основного среднего, общего среднего)/ приказ мОн Рк от 30 

октября 2018 г., № 595.

8  типовые  учебные  планы  начального  образования  для  учащихся  с 

ограниченными возможностями. приказ мОн Рк от24 ноября 2017 года, 

№ 592.

9 типовые учебные планы (обновленного содержания) основного сред-



него образования для учащихся с ограниченными возможностями. приказ 

мОн Рк № от 18 августа 2017 г, №422.

10 типовые правила деятельности видов специальных организаций об-

разования. приказ мОн Рк от 14 февраля 2017 года, № 66.

11  типовые  учебные  программы  для  обучающихся  с  ограниченными 

возможностями 0-4 классов уровня начального образования по обновлен-

ному содержанию. приказ мОн Рк от 27 июля 2017 года № 352

12  типовые  учебные  программы  для  обучающихся  с  ограниченными 

возможностями  5-10  классов  уровня  основного  среднего  образования  по 

обновленному содержанию. приказ мОн Рк от 20 сентября 2018 года, № 

469.

13  методические  рекомендации  по  системе  критериального  оценива-



ния учебных достижений детей с ограниченными возможностями. астана, 

2015 г.


14методика педагогической диагностики (текущего контроля) учебных 

достижений младших школьников с задержкой психического развития. ме-

тодические рекомендации. алматы, 2018.


40

15  типовые  правила  проведения  текущего  контроля  успеваемости, 

промежуточной и итоговой аттестации обучающихся. приказ мОн Рк от 

18.03.2008 г №125.

16 «Об утверждении видов и форм документов об образовании государ-

ственного образца и правила их выдачи», приказ мОн Рк от 28 января 

2015 года № 39.

17 пособие по совершенствованию инклюзивной практики в образова-

нии (перевод с английского).  белград, 2012.

18 государственный общеобязательный стандарт образования (началь-

ного,  основного  среднего,  среднего)  утвержден  постановлением  прави-

тельства Республики казахстан   от 23 августа 2012 года № 1080

19.  перечень компенсаторных, технических и вспомогательных средств. 

утвержден министерством труда и социальной защиты населения Рк от 18 

ноября 2004 года, № 264-11.

20 нормы оснащения оборудованием и мебелью организаций дошколь-

ного, среднего образования, а также специальных организаций образова-

ния. приказ мОн Рк от 22 января 2016 года, № 70.

 21 прием документов и зачисление в организации образования неза-

висимо от ведомственной подчиненности для обучения по общеобразова-

тельным программам начального, основного среднего, общего среднего об-

разования. стандарт государственной услуги. приказ мОн Рк от 8 апреля 

2015 г № 179

22  психолого-педагогическое  сопровождение  и  оказание  поддержки 

учащимся с особыми образовательными потребностями в школах на крат-

косрочной, среднесрочной и долгосрочной основе. методические рекомен-

дации. наО, астана, 2015 г.

 23 елисеева и.г., Чумакова О.Ф. профессиональное сопровождение пе-

дагогов общеобразовательных школ, реализующих инклюзивную практику. 

методические рекомендации. алматы, 2015 г

24 айдарбекова а.а. создание социально гуманной среды в организа-

циях общего образования. алматы, 2015.

25. технология нейропсихологической коррекции трудностей   школьно-

го   обучения: методические рекомендации / сост.  а.к.ерсарина, г.к.кудай-

бергенова, к.б.Досыбаева, т.н. алмазова. – алматы 2015

26.  Cиротюк  а.л.нейропсихологическое  и  психофизиологическое  со-

провождение обучения. – м.: тЦ сфера,2003.

27 нейропсихологическая диагностика и коррекция в детском возрасте: 

учебное пособие для высших учебных заведений // а.В. семенович. – м.: 

издательский центр «академия», 2002.

28 практическая нейропсихология. помощь неуспевающему школьни-

ку. под ред. ж.м.глозман. – м., 2009.

29 безруких м.м. проблемные дети. м., 2000.


41

30 письмо и чтение: трудности обучения и коррекции / под ред. О.б.

иншаковой.м.,2003.

31  Организация  деятельности  логопедического  пункта.  методические 

рекомендации/сост. ерсарина а.к. – алматы: ннпЦ кп, 2017г.

32  ефименкова  л.н.,  мисаренко  г.г.  Организация  и  методы  корекци-

онной работы логопеда на школьном логопункте: пособие для логопеда. 

- москва,1991г.

 


42

ҚОСЫМША-А.

 ерекше білім алу қажеттілігін бағалауды жүргізу және оқушыға 

педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің мазмұнын анықтау үшін 

мұғалім мен маманға арналған құжаттың үлгісі



1-форма. №....ЖОМ-нің  ерекше білім алу қажеттілігі бар 

оқушыларды тіркеу журналы 

О-ның ажт 

туған жылы

мектепке 

барған жылы

сынып:


жалпы/

арнайы/


психологиялық-

педагогикалық 

қолдау көрсету 

кабинеті  (% оқу 

уақыты).

Ұсыныстар 

пмпк/

ппкк


Оқушы туралы 

ақпарат 


(ппкк-нің 

қорытындысы: 

қиындықтың сипаты 

және ұсыныстар. 

Оқыту бағдарламасы: 

(бейімдеу, жеке) бала 

туралы ақпараттық 

статистикалық 

мәлімет және т.б.

ескерту


 

 

 



 

 


43

1а -форма

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған

Сауалнама 

Құрметті, ата-аналар ұсынылатын сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз. 

бұл мектеп мамандары мен мұғалімдердің балаларға оқытуды ұйымдастыру 

мен  көмек  көрсетуді  жақсартуға  септігін  тигізеді.  мінез-құлықтың 

(дамудың) бірде-бір белгісін өткізбей, крест қою немесе ұсынылған төрт 

жауаптың  бірін  сызу  қажет.  егер  маңызды  деп  санасаңыз,  бала  туралы 

қосымша ақпарат жазыңыз.

1.Сіз  өз  балаңыздың  дені  сау,  мықты,  шыдамды,  мектеп 

жүктемелерімен күресуге қабілетті деп санайсыз ба?

           1)   иа                                              3)  иа дегеннен гөрі жоқ

           2) жоқ дегеннен гөрі иа  

  4)  жоқ



2.  Сіз  оның  есту,  көруі  қалыпты  деңгейде  дамығанына  сенімдісіз 

бе? (егер ауытқушылық бар болса, онда есту, көру немесе сөйлеу тілін 

белгілеңіз)

           1)   иа                                            3)  иа дегеннен гөрі жоқ

           2) жоқ дегеннен гөрі иа              4)  жоқ

Қосымша  ақпарат  (Денсаулығында  қандай  ауытқушылық  бар 

қысқаша):

3. Сізді уайымдататындай мінез-құлқында қандай да бір ауытқу бар 

ма: қимылының шектеулігі немесе тежелуі, уайымға бейім, ашушан-

дық,  шулы,  ыстықты  көтере  алмау,  жылауық,  негізсіз  қорқыныш 

және т.б.?

           1)   иа                                            3)  иа дегеннен гөрі жоқ

           2) жоқ дегеннен гөрі иа              4)  жоқ

Қосымша ақпарат: (қандай белгілер қысқаша)



4. Сөйлеуді түсінуде немесе өз сөйлеу тілінде қиындықтар бар ма: 

дыбыстарды,  сөздерді  дұрыс  айтпайды,  сөйлемдерді  құра  алмайды, 

қайта айта алмайды (керегінің астын сызу керек).

           1)   иа                                             3)  иа дегеннен гөрі жоқ

           2) жоқ дегеннен гөрі иа  

 4)  жоқ


5.    Бала  өлеңдерді,  ертегілерді  немесе  әңгімелерді,  ауызша  тап-

сырмаларды,  әріптерді  немесе  сандарды  жақсы  есте  сақтай  ала 

ма?(қажеттісінің астын сызу: өлеңдер немесе әріптер)

           1)   иа                                             3)  иа дегеннен гөрі жоқ

           2) жоқ дегеннен гөрі иа  

 4)  жоқ


6. Оқуды тыңдағанда, сурет салғанда, теледидарды көргенде бала 

ынталы және мұқият бола ала ма?

44

           1)   иа                                              3)  иа дегеннен гөрі жоқ

           2) жоқ дегеннен гөрі иа  

  4)  жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет